Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Патогенезі, клиникалық көріністері және асқынулары
Залалданған балықпен адамның ет қоректі жануарлардың ішегіне түскен метацеркарийлер өзін қоршаған қабықтардан босанады, сосын жалпы өт және ұйқы безі жолдарымен өт қабына, бауырға, ұйқы безіне өтеді,онда 2 жұмадан кейін ересек дәрежесіне жетеді, ал 1 айдан кейін жұмыртқалай бастайды. Описторхоз патогенезі, негізінде, адам организміне гельминттердің, олардың метаболиттері мен жұмыртқалардың аллергиялық, механикалық, токсикалық, рефлекторлық әсер етумен байланысты. Осының нәтижесінде өт жолдарының, қарынның және аш ішектің жұмысымен секрециясы бұзылады, қосымша инфекциялардың белсенділігі күшейіп, холангит дамиды, рак ауруының қозуына жағдай туады. Н.Д. Ющук жасаған клиникалық жіктеуге сәйкес мындай түрлерге бөлінеді: 1. Екінші латенттік описторхоз: жедел, созылмалы, қалдық, аралас описторхоз; ауырлығы бойынша-жеңіл, орташа, ауыр түрлері; аурудың жағдайы бойынша-компенсация, субкомпенсация,декомпенсация сатылары; Алғашқы сатысында жедел аллергоз,температураның көтерілуі,бас, бұлшықет және буындардың ауруы, қышитын тері бөртпелері байқалады. Соңғы сатысында, созылмалы- оң жақ қабырғаның асты ауруы, бауыр мен өт қабының үлкеюі, өт және ұйқы без жолдарының зақымдалуының күрделі белгілері, нерв жүйесінің бұзылуы орын алады. Байқалатын асқынулар- іріңді холангит, өт жолдарының жарылуы, өт перитониті, ұйқы безінің жедел қабынуы, бауырдың бастапқы ісігі.Иммунды тапшылық жиі дамиды, ол созылмалы іш сүзегі қоздырғышының тасымалдаушылығын қалыптастырады. Описторхоздың негізгі патогенетикалық факторлары: 1. Гельминт мекендейтін жерде тіндер мен мүшелердің механикалық бұзылыстары; 2. Описторхоздың антигендерімен ағзаның сенсибилизациясы мен ағза тіндерінің өзіндік қасиеттерінің төмендеуі; 3.Гельминттің тіршілік ету қасиеттерінің токсикалық әсері; 4.Тіндермен мен ағзалардың интерорецепторларына нейродистрофикалық әсері; 5. Иммундық жүйені қалыпты режимі қызметінің бұзылуы.
Date: 2016-07-05; view: 450; Нарушение авторских прав |