Главная
Случайная страница
Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
сімдіктердің экологиялық жағдайларға байланысты экологиялық нысандары
1. Өсімдіктердің әр түрлі факторларға байланысты экологиялық топтары.
2.Жарыққа, ылғалдылыққа, топыраққа байланысты экологиялық топтары.
3. Өсімдіктердің тіршілік формалары.
4. Экологиялық факторлар.
Дәріс мақсаты: Өсімдіктердің тіршілік формаларына және экологиялық топтарға жіктелулеріме таныстыру.
Тақырыпқа қатысты сұрақтар:
- Экологиялық топтар
- Экологиялық факторлар
- Тіршілік формалар
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер):
Өсімдіктердің әр түрлі факторларға байланысты экологияоық топтар. Жарыққа, ылғалдылыққа, топыраққа байланысты экологиялық топтар. Галофиттер, гигрофиттер, гидрофиттер, мезофиттер, ксерофиттер, мезоксерофиттер, т.б. Өсімдіктердің тіршілік формалары. Раункиердің классификациясы. Фанерофиттер, криптофиттер, гемикриптофиттер, террофиттерр, т.б. Экологиялық факторлар. Биотикалық факторлар. Абиотикалық факторлар.
Сыртқы ортаның қаңдайда-бір факторына бейімделген, формалар түзуде маңызды роль атқаратын өсімдіктерді экологиялық топтарға бөледі. Ылғалдыққа байланысты өсімдіктерді мынадай экологиялық топтарға бөледі. Ксерофиттер деп ылғалдың көп мөлшерде жетіспейтін (тұрақты немесе уақытша) жерлерінде өмір сүретін өсімдіктерді айтады. Ксерофиттерге судың булануын азайтатын әртүрлі бейімделушіліктер тән — кутикуласы мен сыртқы эпидермисінің қабықшасының қалың болуы, түктерінің қалың болуы, устьица аппараттарының ойыстау жерде орналасуы, ұлпаларының ұсақ клеткалы болып келуі, клетка қабықшаларының сүректенуі, жапырақтарының шиыршықталып қалуы, жапырақтарының редукцияға ұшырауы және т.б. Кейбір өсімдіктердің тамырлары мен жапырақтары көп мөлшерде су жинайды (суккуленттер), жақсы жетілген тамыр системасын түзеді. Мезофиттер деп ылғалдығы жеткілікті, өрі бірқалыпты болып келетін жерлерде өмір сүретін өсімдіктерді айтады. Гидрофиттер деп суда өсетін өсімдіктерді айтады. Олардың біреулері толығымен, ал кейбіреулері жартылай суға батып тұрады. Олар не судың түбіне бекініп өседі, не болмаса суда еркін жүзіп жүреді. Олардың оргаңдарының сыртқы беті үлкен, жапырақтары жіңішке, кутикуласы жоқ, клетка аралық қуыстары үлкен, ауамен толтырылған, түтіктері нашар жетілген болады. Гигрофиттер деп, ауаның ылғалдығы жоғары болатьш жерлерде өсетін өсімдіктерді айтады. Олардьщ судың булануын шектеуге арналған бейімделушілігі болмайды. Эпидермисінің клеткаларының қабықшалары жұқа, кутикуласы жұқа, устьица аппараттары жапырақ тақтасының бетіңде бірыңғай орналасқан, клеткалары үлкен, борпылдап бос жатады. Жарыққа қатынасына байланысты көлеңке сүйгіш өсімдіктер деген экологиялық топты бөледі. Бұл топқа жататын өсімдіктер барлық уақытта көлеңкелі жерде өседі.Бұлар негізінен орманның төменгі ярусын құрайтын көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Олардың сабақтары жіңішке, ұзын, арқаулық лпалары жетілмеген, хлорофиллдері аз болады. Бір өсімдіктің бөрікбасының деңгейінде жарык, сүйгіш және көлеңке сүйгіш жапырақтар деп бөледі. Жарық сүйгіш жапырақтардың көптеген белгілері ксерофиттерге сәйкес келеді. Ойткені ашық күнде, барлық уақытта осімдіктерге жарық көп түседі де оны қыздырады, нәтижесіңде судың булануы күшейеді. Көлеңкелі жердегі жапырақтардың белгілері көп жағдайда гигрофиттердің белгілерімен сөйкес келеді. Жаңбырлы тропикалық ормаңдардың, көлеңке шамадан тыс көп түсетін жерлерінде, оркендердің негізгі бөлігін үстінгі ярусқа, күннің көзіне алып шығатын, осімдіктердің ерекше тіршілік формалары- лианалар мен эпифиттер қалыптасады. Лианалар деп ағаштарға өрмелеп тез осетін өсімдіктерді айтады. Олар қатты сүйенішті пайдаланып күннің көзіне қарай жылжиды. Эпифиттер деп жердің бетінен коп жоғары жердегі ағаштардың діңдеріне қоныстанатын шоптесін өсімдіктерді айтады. Олар оз бетімен қоректенеді. Су ағзадағы зат алмасуда және жалпы ағзаның қызметтерін дұрыс атқаруын қамтамасыз етеді. Жасушалардағы судың құрамы шамамен 70%. Ылғал көбінесе климаттық, құрылықтың температуралық белдеулеріне, табиғат белдемелеріне байланысты болады. Кей бір жағдайда ылғал шектеулі фактор рөлін атқарады. Ылғалдың жетіспеуі өсімдіктерді өнімді төмендетіп жібереді. Әсіресе шөл, шөлейтті белдеулерде ылғал жетпейді. Ал орман мен батпақты жерлерде керісінше әсер байқалады. Ылғалдың әсеріне байланысты өсімдіктердің экологиялық топтары төмендегідей жіктеледі. Гидрофиттер – суды мол қажет ететін, ылғалды ортада өсетін өсімдіктер. Мысалы: қамыс, қоға, күріш, тұғиық т.б. Ксерофиттер – шөл, шөлейт, дала сияқты ылғал тапшы аймақтардың өсімдіктері. Олар қатты ыстыққа және сусыздыққа төзімді болады. Мысалы: сексеуіл, жүзген, жусан, қылша, теріскен, селеу, күйреуік т.б. Мезофиттер – ылғалдылығы орташа, жеткілікті аймақтарда өседі. Жапырақтары ашық әрі ірі болып келеді. Мысалы: қайың, алмұрт, шалғындардағы өсімдіктер. Суккулентті – ксерофиттерден де ылғалы тапшы аймақтың өсімдіктері. Олардың жапырақтары немесе сабақтары ішінде су жинап, етжеңді болып келеді. Мысалы: кактус, алоэ т.б. Гидрофиттер – судың ішінде өсетін өсімдіктер. Мысалы: элодея, балдырлар т.б. Су көптеген ағзалардың тіршілік ететін ортасы болып табылады. Су ағзалары мекен ететін су қабатына және тіршілік ету түріне байланысты келесі экологиялық топтарға бөлінген: Планктон – негізінен су ағынымен пассивті түрде орын ауыстыратын ағзалар. Планктонда фитопланктон (бір жасушалы балдырлар) мен зоопланктон (бір жасушалы қарапайымдылар) ажыратылады. Нектон – судың орта қабатында белсенді түрде қозғалып тіршілік ететін ағзалар. Оларға балықтар, басаяқты былқылдақ денелілер, тасбақалар, киттәрізділер жатады. Бентос – судың түбін және топырақта тіршілік ететін су ағзалары. Оларды фитобентос (бекініп өсетін балдырлар және жоғары сатыдағы өсімдіктер) және зообентос (шаянтәрізділер, былқылдақ денелілер, теңіз жұлдыздары, т.б.) деп бөледі. Перифитон – су өсімдіктерінің сабақтарына және жапырақтарына жабысып тіршіліе ететіндер.Ылғалдың жануарлар тіршілігінде маңызы зор. Жануарларға ылғал жетіспегенде, олар әр түрлі бейімделеді. Мысалы: түйе өркешінің майынан метаболиттік су алады, сарышұнақтар ұйқыға кетеді т.с.с. Ал өсімдіктер жапырақтары транспирациясының азайтады, сексеуіл тамырларын тереңге жібереді т.с.с. Биотикалық факторлар. Тірі ағзалардың бір-біріне (популяциядағы даралар арасындағы, популяциялар арасындағы қарым-қатынастар) әсер етуі. Биотикалық факторлар: селбесу (симбиоз және протокооперация), мутуализм, комменсализм, түріше және түраралық бәсекелестік, паразиттік, жыртқышты, аменсализм, нейтрализм. Биотикалық факторлар ағзалар арқылы ғана емес, табиғи орта арқылы да тікелей немесе жанама әсер ете алады. Өсімдіктердің бір-бірімен және тіршілік орта жағдайымен әрекеті. Популяциядағы өсімдіктердің өздігінен азаюына әкелетін, бір түрге жататын өсімдіетердің арасындағы бәсекелестік; арамшөп өсімдіктері мен мәдени өсімдіктер арасындағы жарық, ылғалға т.с.с. бәсекелестік пайда болады. өсімдіктер атмосфераның газдық құрамын сақтайды, өйткені оттегі-фотосинтез нәтижесі. Жануарлар мен өсімдіктердің бір-біріне әсері. Шөпқоректі жануарлар өсімдікпен қоректене отырып, олардың өсуін тежейді. Бал арасы жабайы аралар өсімдіктерді тозандандырады және шырынмен қоректенеді. Кейбір өсімдіктер өзінің жемісін және тұқымын жануарлар арқылы таратады (жаңғақты тиіндер т.с.с.), жәндік қоректі өсімдіктерді жәндікпен қоректенеді (шыбынжұт, шылқылдақ). Жануарлардың бір-бірімен және тіршілік ортасымен қатынасы. Бір немесе бірнеше түрге жататын ағзалар тіршілік ресурстары үшін өзара бәсекелестікке түсуі мүмкін. Кейбір жағдайда қоректік факторларға ғана емес, басқа да (мінез-құлық, мекен ететін ортасы үшін т.б.) ресурстардың жетуспеуіне байланысты бәсекелестік тууы мүмкін. Саңырауқұлақтар, бактериялар, вирустардың өсімдіктермен, жануарлармен және тіршілік ортасымен әрекеті. Симбиотикалық бактериялар өсімдіктермен және қоректік элементтермен қамтамасыз етеді. Ауру тұғызатын микроорганизмдер, өсімдіктер мен жануарлар организімінде паразиттік өмір сүретіндер оны өлімге әкеп соқтыруы мүмкін. Топырақ бактериясы мен саңырауқұлақтар топырақты құнарландырып, экожүйедегі заттар айналымын қамтамысыз етеді.
Антропогендік факторлар Адамның ағзаларға тікелей әсер ететін немесе ағзалардың тіршілік ортасын өзгеруіне әкеліп соғатын әрекеттері. Оң әсері. Қоршаған ортаны жаңарту: ағаштар, гүлдер, шөптер өсіру; өсімдіктердің жаңа сорттарын, жануарлардың тиімді қолтұқымдарын шығару; табиғи территорияларды (қорықтар, ұлттық парктер, қорықшалар) сақтау. Кері әсері. Орман-тоғай ағаштарын аяусыз кесу, батпақты жерлерді қарқынды кептіру, өндіріс құрылыстарын салу, табиғи ортаға өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды тастау, табиғи ресурстарды үздіксіз алу (мұнай, көмір, газ т.с.с.); жануарларды жаппай қыру, аңшылық, өсімдіктерді басу, дәрілік өсімдіктерді, саңырау құлақтарды жаппай жинау т.с.с. Ортаның ағзаға әсер етуші жекеленген бөліктері мен құрылымы – экологиялық факторлар деп аталады. Экологиялық факторлар табиғаты жағынан және ағзаға әсер ету әрекеттері жағынан әртүрлі болады. Абиотикалық факторлар- табиғаттың өлі элементтері: температура, жарық, радиоактивті сәулену, қысым, ауаның ылғалдылығы, судың құрамындағы тұздар, жел, ағымдар, жергілікті жер релефтары және т.б. Биотикалық факторлар – бұл тірі денелердің бір – біріне тигізетін әсерлері. Антропикалық факторлар – адамның табиғат компоненттеріне әсер еткен іс-әрекеті (оңды немесе теріс әсерлер). Тірі ағзаларға экологиялық факторлардың әсер етуші жалпы заңдылықтары: 1.Оптимум Заңы. 2.Әсер етуші фактордың түрлі функцияларға әсерінің бір жақты болмауы. 3.Өзгергіштік, вариабелділік және түрдің жеке даралардың орта факторларының әрекетіне жауап қайтару реакциясының әр түрлі болуы. 4.Әсер етуші әр факторларға түрлер әр түрлі жолдармен бір – бірімен байланыссыз, өз бетінше бейімделуі. 5.Жеке түрлердің экологиялық спекторы төмендемейді. Әр түрдің өзіндік экологиялық мүмкіншіліктері бар. 6. Факторлардың өзара байланысы. 7. Факторларды шектеу ережелері. Негізгі абиотикалық факторды және ағзаның оған адаптациялануын қарастырайық. Жарық. Күн сәулелерінің спекторының әртүрлі бөліктеріндегі сәулелену ағзаға әртүрлі жағдайда әсер етеді: Көрінетін жарық өсімдіктерге оларда жүретін фотосинтез процесі үшін қажет.Түрлерді жарықсүйгіш (Фотофилдер) және көлеңкесүйгіш (фотофобтар) деп бөледі. Ұзынтолқынды ультрокүлгін сәулелерге (УКС) өте белсенділік тән. Олардың көп мөлшері қауыпті, ал аз мөлшерде көптеген түрлерге - өте қажет.Олар өте күшті бактерицидті әсер етеді, антирахиттік дәрумен Д түрінде қабылданады, терінің күюін (терінің қорғаныштық реакциясы) қамтамасыз етсе, инфрақызыл түсті ұзындығы 750 нм.-ге жететін ұзын толқындар ағзаны жылулықпен қамтиды. Жасыл өсімдіктер өміріндегі жарықтың ролі: 1).Хлорофиллдің пайда болуы (фотосинтез) 2).Лептесіктердің жұмысын қалыптастырады (газ алмасу және транспирация), ферменттердің белсенділігін арттырады,ақуыз және нуклеин қышқылдарының биосинтезін жақсартады. 3).Жасушаның бөлінуі мен созылуына, өсуіне және өсімдіктің дамуына әсер етеді, жемісберу мен гүлдеу мезгілдерін анықтайды, сонымен бірге өсімдіктердің формасының қалыптасуына да әсер етеді. Жарыққа байланысты болатын экологиялық топтар: 1.Жарық сүйгіштер (жарықтағы) – гелиофиттер. 2.Көлеңке сүйгіштер (көлеңкедегілер) – сциофиттер. 3.Көлдеңкеге төзімділер – факультативті гелиофиттер. Жануарлар үшін жарық кеңістікте бағытты бақылауға, көруге ғана қажет. Температура. Тіршілік үшін қажетті температура мөлшері 0-дан басталып, +50°С –қа дейінгі температура аралықтары, осы температура аралықтары ақуыздың нормадағы құрылысы және қалыптасуы жүреді. Бірақ кейбір ағзалар осы мөлшерден тыс температура мөлшерінде де тіршілік ете алады: 1.Криофилдер –суықты қажет ететін түрлер. 2.термофилдер – керісінше, жоғары температураны қажет етуші түрлер. Өсімдіктердің температураға адаптациялануы: Төменгі температураға: 1.Суыққа төзімсіздер. 2.Аязға төзімсіздер.3.Мұзға төзімділер (аязға төзімділер). Жоғарғы температураға: 1.Салқынға төзімділер. 2.Ыстыққа төзімді эукариоттар. 3.Ыстыққа төзімді прокариоттар. Жануарлардың температураға адаптациялануы: 1.Химиялық терморегуляция. 2.Физикалық терморегуляция. 3.Ағзалардың өзін -өзі көрсетуі.
Өзін-өзі бақылау үшін тапсырмалар:
- Ылғалдылыққа байланысты өсімдіктердің экологиялық топтары?
- Раункиер бойынша өсімдіктердің тіршілік формаларын ата.
- Экологиялық факторлардың классификациясы.
Әдебиеттер: [1],[2], [4-10]
Date: 2016-11-17; view: 1440; Нарушение авторских прав Понравилась страница? Лайкни для друзей: |
|
|