Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тақырыбы: Инулин және инулинді өсімдіктер





Жоспары:

1.Бәрпі. Жоңғар бәрпісі.Қаракөл бәрпісі.

2.Талас бәрпісі.Дәрі бәрпі.

3.Қаракөл бәрпісі.

Лекция мақсаты: Инулин және инулинді өсімдіктермен таныстыру.

Лекция мәтіні:

Инулин — жоғары молекулалы суда еритін полисахарид. Крахмал сияқты инулин де қор затына жатады. Бірақ ол табиғатта крахмалға қарағанда аз таралған, өсімдіктердің тек қана кейбір тұқымдастарында, жер асты органдарында кездеседі. Мысалы ретінде күрделігүлділер тұқымдасын айтуға болады (бақбақ тамыры, цикорий тамыры, топинамбур түйнегі, қара андыз тамыры). Инулин молекуласы 34- 35 b-D-фруктофураноза қалдығынан құралған. Оның соңғы тізбегі а-D- глюкопираноза қалдығымен бітеді. Өсімдіктердегі инулинге басқа да инулидтер ілесіп бірге жүреді, олардың тізбегінде 10-12 b-D-фруктофураноза қалдығы болады. Сондықтан инулидтердің моле- кулалық массасы инулинге қарағанда әлдеқайда аз және суда жақсы ериді. Инулин мен инулидтер иод ерітіндісімен әрекеттеспейді. Өнеркәсіп масштабында фруктозаны цикорий тамырындағы және топинамбур түйнегіндегі инулиннен гидролиз арқылы алады.

Топинамбур. 1) Солтүстік Америкада өсірілетін түбір тамырлы өсімдік. Құрамында фосфор мол. Шикілей немесе қайнатып езгілеп немесе үстіне пияз, сарымсақ, петрушка және т.б. татымдықтар қосып жеуге болады. XX ғасырдың 60-жылдарынан бастап француз және халықаралық асханалар мәзіріне ресми түрде кірген (топинамбур езбесі немесе иерусалим езбесі, салат, қуырылған топинамбур, аля Морне және т.б.); 2) тамыр-жемісті, жеуге жарайтын түбірі бар, күнбағыс тұқымдасы, күрделігүлділер тұқымдасына жататын шөптесін өсімдік. Түбірінде қанттың мөлшері көп. Топинамбур түйнектерін ірі өскіндер жапқан, ұзынша цилиндр тәрізді немесе ұршық тәрізді формалы, сары, ақ, қызғылт немесе күлгін түсті; жұмсағы ақ, шырынды, тәтті. Топинамбурда 20% инулин, 1,5—3% азотты заттар, 2—5% сахароза бар. (Топинамбурды малға жем ретінде, спирт, инулин алу үшін және қуырып тағам ретінде қолданылады.

Инсулин ХХІ ғасыр дертіне айналған қант диабеті ауруының таптырмас емдік заты ретінде бүгінгі күні дүние жүзі ғалымдарының назарын аударып отырған маңызды биологиялық полимер. Осы кездегі химиктердің биологиялық активті заттарды зерттеуге деген қызығушылығы артуда. Қызығушылық тудырып отырған қосылыстардың бір өкілі – инулин өзінің ерекше қасиеттерінің болуымен ерекшеленеді. Инулиннің ерекше қасиеттері оны практикалық және теориялық жағынан құнды етеді. Топинамбур мен георгинді биологиялық активті заттар қоры. Құрамындағы макро және микроэлементтерден басқа белок, аминқышқылары, флавоноид, илегіш заттар, пектинді заттар, қанттардың мөлшеріне байланысты көптеген бәсекелес өсімдіктерін басып озады. Ал инулин – медицинада сусамыр, семіздік, т.б. адам денсаулығына кері әсерін тигізетін ауруларға ағзаның иммундық процестерін, энергия мен зат алмасуын күшейту үшін таптырмайтын табиғи полимер болып табылады.

• Түйнегінде темір, кремний, калий, витамин С кездеседі. Тазартылған бір тостақ топинамбурдің құрамында 20% темір, 20 % калий, 17% магний болады.

• • Топинамбурдегі микроэлементтер комплексі жүрек пен тамыр нығайтады.

• • Темірдің көптігіне байланысты анемияда қолданылады.

• • Қан қысымын реттейді.

• • Дисбактериоз кезінде ішек микрофлорасын реттейді.

• Бауырды қорғайды.

• • Топинамбур - салмақты азайтатын таптырмайтын құрал


Қолданылуы

• Іш қатуды емдеуге қолданылады.
• Қандағы қанттың мөлшерін азайтады.

• Топинамбурдың шырыны — кәдімгі қанттың альтернативасы болып табылады.

• • Суыққа қарсы қасиеті болғандықтан, ішек- қарын трактын емдеуде қолданылады.

• Гастрит, колит и жараны емдейді, зақымдалған ұлпалардың жазылуына көмектеседі.

• Қыжылдануда қолданады.

• • Өт айдайтын құрал ретінде.

• • Косметологияда терінің тонусын көтеруге және жасартуға

• Топинамбур – глюкозаны «залалсыздандырып» және көздің көруін жақсартады.

• Бұл дақылды үнемі қолдану арқылы көздің көру қабілетін арттырады.

Топинамбур жемістерінде жалпы қант мөлшері 20,2-40,2% болса, георгинде 26,1%.

Белок мөлшері топинамбурда 11,5-19,78%, ал георгинде 10,30%. Суда еритін пектинді заттар топинамбурда 0,99-2,25%, георгинде 2,78%. Суда ерімейтін пектинді заттар топинамбурда 2,59-3,0% болса, георгинде 3,70%. Флавоноид мөлшері топинамбурда 1,3-2,1% болса, георгинде 0,11%. Илегіш заттардың мөлшері топинамбурда 4,9-6,0%, георгинде 4,0%.Топинамбурдың экстракциялау дәрежесі суда 42-50%, георгинде- 44,59% болса, экстракциялау дәрежесі топинамбурда спиртте 19-28 %, георгинде – 30%. С дәруменінің мөлшері (мг/%) топинамбур жемістерінде 3,88-4,85 %, георгин түйнегінде 4,36% болса, қышқылдылығы 2,6-10% аралығында. Шикізаттардың судағы экстракциялау дәрежесі спиртпен салыстырғанда 2 еседей көп. Олай болса, тиімді экстрагент-су. Топинамбур мен георгин С дәруменіне, пектинді заттарға, илегіш заттар, флавоноидқа, белокқа бай. Қант диабетін, гипертонияны, инсультты емдеу

Жемістерін, жапырағы мен балғын-жас сабақшаларын тазалап жуып, майдалап турағаннан соң өсімдік майын құйып салат жегендей жеу керек. Осы құрамды кез келген басқада салаттарға қоссада болады. Балғын, жас жемістерін 1-2 талдан ашқарынға күнде жеп тұрған дұрыс.Балғын немесе кептірілген жемістерінен компот жасап күніне 1 литрден аптасына 2-3 рет ішкен дұрыс. 1-2 литр суға екі балғын жеміс немесе 2 ас қасық кептірілген жеміс үгіндісі. Балғын жемісті 10-15 минут қайнату керекте, құрғағын бір сағаттай қайнатқан дұрыс. Ыстық немесе суық күйінде іше беруге болады. Егер диабет болмаса бал немесе шекер қосуға болады. Тұнба қан қысымын төмендетіп, қандағы қант мөлшерін түсіреді. Гемоглобинді көбейтіп ұйқы безінің жұмысын жақсартады.

Улы өсімдік деп құрамындағы заттарының бір түйірі немесе ұсақ бөлшегі адам немесе хайуан организміне түссе, оның қалыпты жұмысын бүлдіріп, ауру туғызатын өсімдіктерді айтады. Мұндай өзгерісті улану деп атайды. Уланудың зардабы ауыр болуы мүмкін, кейде ол өлімге әкеп соғады. Алғашқы адамдардың өзі өсімдіктердің әр түрлі қасиеттерін біле бастаған. Себебі, табиғатпен жекпе-жекке шыққан алғашқы адамның көзіне алғаш көрінген өсімдік. Бір өсімдік жеуге жараса, екіншісі жарамайды, ал үшінші біреулері уландырып өлтіріп жібереді. Осылай көп жыл бойы өмірін құрбандыққа шалу арқылы адам улы өсімдіктерді өз пайдасына жұмсауды үйрене берді.

Өсімдікте удың жиналуына топырақтың құрамы мен ауа райының жағдайы үлкен әсер етеді. Өсімдік өскен жерінде оңтүстікке қаншалықты жақындаған сайын, соншалықты улылығыда арта түседі. У өсімдіктің барлық бөлігіне бі р келкі жинақталмайды. Бір өсімдікте у тамырына көп жиналса, екінші өсімдікте тұқымында, ал үшінші біреулері сабағында, жапырағында, гүлінде және жемісінде көп болады. Өсімдіктің даму фазасының әр түрлі кезеңінде у әр түрлі мөлшерде жиналатыны да болады. Бір түрде у гүлдеу кезінде көп жиналса, басқаларыда гүлдегенге дейін немесе жемісі піскенн кезде молайады. Кептірілген өсімдіктерден гөрі жас, жаңа жұлынған өсімдіктер қауіптілеу. Кептірілген өсімдік жас кезіндегіге қарағанда улылығын әжептеуір жоғалтады. Бірақ кейбір өсімдіктерді кептіргеннің өзінде улылығы баяу тарайды. Мұндай өсімдік кепкеннен кейінде қауіпті.

Өсімдіктің улылығы құрамындағы әртүрлі химиялық заттарға байланысты. Ол заттар алкоголойдтар, гликозиттер, органикалық қышқылдар жатады. Алкоголойдтар өсімдікте тұз түрінде кездеседі. Гликозиттер құрамында қант, аглркон болады. Бұл заттар негізінен жүрекке әсер етеді. Сондай - ақ гликозиттерде су мен қосылып сабын көпіршігі сияқты көпіршігі сияқты көпіршік жасайтын сапонин, ауыжды уылдыратын илік заттар, ауыздағы дәм жүйкелерін қоздыратын ащы заттар да болады. Органикалық қышқылдардан Өсімдік құрамында синиль, қымыздық филик, т. б.қышқылдар бар. Кейде улы қасиеті өте күшті сүт шырындары және шайыр сияқты әлі толық зертелмеген күрделі қосылыстар да табылады.

Улы өсімдіктер мен уланып қалу негізінде оны пайдалы және зиянсыз өсімдіктерден айыра алмаудан шығады. Жеуге жарамды өсімдік орнына шатастырып улы өсімдіктің тамырын жеп уланып қалған оқиғалар кездесіп тұрады. Улы өсімдіктерді өздігінен емделуге немесе балгерлердің айтуымен пайдаланып бақытсыздық жағдайға ұшырайтында бар. Бадам, лало, көкнәр сияқты кейбір өсімдіктердің ауамен бөліп шығаратын заттары да адамға улы әсер етеді.

Енді өзі улы, әрі өте әсем шипалық қасиеті өте күшті және азайып кетуіне байланысты кейбір түрлері табиғат қорғаудың одақтық “Қызыл кітабына”жазылған өсімдіктің бір туысына тоқталйық. Ол сарғалдақтар (лютиковые) тұқымдасына жататын бәрпі ( борец). Бұл туысқа жататын түрлер табиғатта СССР – дің Европалық бөлігінде, Сібірде, Орта Азияда, және Қазақстанда кездеседі. Қазақстанда 14 –түрі өседі. Туыс ішіндегі түрлерінің тік немесе оралып өсетін сабақтары бар шөптесін өсімдіктер. Бір гүлдегі күрделі күлтелерінің пішіндері мен көлемдері бір – бірімен ұқсамайды, гүл арқылы ойша сызық жүргізгенде теңдейбөлікке бөлінбейді. Сондықтан Бәрпі гүлін дұрыс емес немесе зигоморфты гүлдер тобына жатқызады. Жеке күлтелері түрін өзгертіп балшырын жинайтын шырындыққа (нектаринк) айналып кеткен.

Бәрпінің латынша аты аконит. Ертедегі Грециядағы Геркаль қаласындағы кеме тоқтайтын айлақтың атымен қойылыпты. Ол жерде ашық әдемі гүлді өсімдіктер өскен көрінеді. Улылық қасиетіне байланысты орыстар бәрпіні қасқыр өлімі (вольчя смерт), қасқыр тамыр (волчий корень), темір дулыға (железный шлем), улы патша (царь – зелье) деп те атайды. Ал қазақта халы қ арасында бәрпіні “уқорғасын” дейді. Оның мәні өлім әкелетін мылтықтың қорғасын оғына теңегені болса керек.

Бәрпіні түйнегі, тұқымдары арқылы көбйтуге болады. Жер аты түйнегін күзде бөліп алып бірден өсіретін жерге отырғызады. Бұл әдіспен көктемде көбейту көбіне жақсы нәтиже бермейді. Жаңадан жиналған тұқымдарын жартылай көлеңкелеген жерге себу керек. Өркендерінің биіктігі 100 – 150 сантиметрге жетеді. Жапырақтары ірі бес бөлімді, немесе бес тілімді, пішіні көбіне қаздың табанына ұқсайды. Бұл суыққа төзімді, күй таңдамайтын өсімдік, қандай топырақ болсада өсе береді. Тек суы аса көп топырақта өсе алмайды. Әсемдік мақсатында жалғызданда топтанда өсіруге болады.

Медицинада бәрпі шипалық өсімдік ретінде жоғары бағаланады. Бәрпінің түйнегінде 0,18-3 процент жер үсті бөлімінде 0,2 процент алколойдтар бар. Бұл алколойдтар екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа - құрамында меллйкаконлтин бар аконитин жатады. Бұл улылығы өте күшті топ. Екінші – улылығы одан әлсіздеу - атизиндер алколойдтары. Барлық улы түрлеріндегі негізгі алколойд аконитин заты. Бәрпінің кейбір түрлері балшырынды өсі мдік ретінде пайлалы (С. Г. Минков, 1974.) бұл мақсатта ақезу бәрпі (борец белоустный) деген түрі қолданылады. Бұл биіктігі 70 - 200 сантиметірге жететін көп жылдық өсімдік. Гүлі қара көк күлтесінің ішкі жағы ақ. Орталық Қазақстанда, Алтайда, Тянь – Шянь тауларындағы ориандарда, оман алаңдарында өседі. Гүлдеріне бал жинаған аралар жаздың ыстық кезінде келеді, қалған жағдайда олардың уланып, өліп қалатыны бай қалады. Өсімдіктің барлық бөлі мі улы десекте, тозаңы мен балшырыны барлық кезде улы болмайды.

Жоңғар бәрпісі (Борец джунгарский). Бұл түрді кейде “Ыстықкөл тамыры” (Исиккульскийкорень) деп те атайды. Тарбағатай Қырғыз Алатауының ормандарындағы биік өсетін шөптер мен биік тау жайылымдарында және бұталардың арасында өседі. Іле Алатауында Алматы қаласының айналасында көп кездеседі. Бұл ұзындығы 60 – 100 сантиметрге жететін сымбатты өсімдік. Саусақ тілімді жапырағының сырты жалтыр. Ұзынды ғы 20 сантиметрге жететін жіңішке цилиндір тәрізді гүлшоғырына диаметірі 3,5 – 4 см жеке ірі гүлдері бар. Топыраққа терең кетпей, көлбеуорналасқан тамыр сабақтарында ірі конус тәрізді түйнектері бекиді. Өсімді ктің барлық бөлігі улы. Қолдан тамыры тұқымы арқылы оңай көбейтуге болады. Көшеті 2 – 3 жылдан кейін гүлдейді. “Қызыл кітабына енген”

Қаракөл бәрпісі (борец каракольский) Бұл түр Шығыс Тянь-Шяньда, Солтүстік-Шығыс Тянь – Шянь мен Жоңғар Алатауының орман және биік тау орман шалғындарында кездеседі. Мұның жоңғар бәрпісінен айырмашылығы онша көп емес. Жапырақтары жіңішке тілімді және жоңғар бәрпісіне қарағанда ұсақтау көп гүлі бар. Тамыры және тұқымдары арқылы қолдан оңай көбейтуге болады. Бақтарда көп жылдық әсем гүлдермен бірге өсірсе әлгілермен жақсы үйлесім табады. “Қызыл кітабына енген”.

Талас бәрпісі ( борес таласский ). Одақтық “қызыл кітапқа” жазылған. Ол түрлерден айырмасы бар. Жапырақтары бес бөлімді. ОЛ бөлімдер жапырақ алақанының түбіне дейін тілімделу арқылы бір бірінен айырлады да, сына тәрізді үшкірленген, үшкірлеу тілімді жеке жапырашаларына бөлінеді. Гүлдері көгілдір түт\сті. Батыс Тянь – Шяньның аршалы жоталарында кездеседі. Өркеннің биіктігі 80 – 180 см жететін көп жылдық өсімдік Июнь – июль айларында гүлдейді.

Дәрі бәрпі (борец противоядный). Бұл бәрпі туысының басқа түрлерінен биохимиялық жағынан ерекше түр. Ол қасиеті жағынан жоғарыда айтылған улы түрлерге қарама – қарсы. Бұл түрдің құрамында болатын алколойдтардың уланған адамдардың уын қайтаратын қасиеті бар, тіпті өз туысы жоңғар және қаракөл бәпісінен уланған жағдайда да адамның уын таратып жібереді. Табиғатта Тарбағатай және Жоңғар Алатауында, республиканың солтүстігінде, солтүстік шығысында және Алтайда кездеседі. Биіктігі 100см дейін жететін көп жылдық өсімдік. Сары гүлдерінің жасылдау жіңішке жолақтары бар. Жұп түйнектерінің пішіні жұмыртқа тәрізді немесе сопақша, ұзындығы 2-5, көлденеңі 1,5-2см жетеді. Түйнектері арқылы өсіргенде жаңа жерде жақсы өсіп кетеді, жыл сайын әдемі гүл береді. Тұқымы арқылы өсірсе 2-3 жылда гүлдейді.

Бәрпімен уланған адамның белгісі мынадай болады. Адам организміне бәрпі түскеннен кейін жүрегі айнып құсқысы келеді, іші ауырады. Жүрегі қыжылдайды, алдымен ерні мен тілі, одан соң аяқ қолы тырысып, сіңір тартылып қалады. Басы айналып ауырады, тынысы тарылады, адам әлсірейді, аузынан көбік ағып, көзі шарасынан шыға бастайды. Ақырында адам көруден, естуден қалып сандырақтайды да өледі.

Бәрпімен уланған адамға қандай көмек көрсетуге болады? Уланудың алғашқы белгісі білінісімен немесе организмге уланудың кеткені анық белгілі болса бірден дәрігер шақырып адамның өзі жақын емханаға баруы керек. Уланған адамға дәрігердің келуін алғашқы көмек беру әсресе, дәрігер алыс болған жағдайда өте қажет. Организмдегі уды шығару үшін адамның құсқысы келе бастағанда оған бірнеше стакан жылы суға тұз қосып ішкізіп, құсуын жалғастырады. Іштегі удың қанға тарап кетпеуі үшін 250 грамм суға немесе 0,5 литр сүтке 2-3 жұмыртқа белогын араластырып береді. Ол іштегі уды қоршап алып, оның еріп қарынның басқа бөлігіне және қанға таралуын баяулатады. Бұдан 20-30 минут өткен соң қайтадан әлгі әдіспен құстыруға тырысады. Үйдегі ауаны таза ұстаған жөн. Ең негізгі уланбас үшін улы өсімдіктен пайдалы өсімдікті айыра білу керек.

Пектинді заттар

Пектин заттары деп а-D-галактурон қышқылының полимерінен тұратын полисахаридті айтады. Табиғи пектин заттарында полигалактурон қышқылдарымен бірге галактандар және арабандар ілесіп жүреді. Оларда полигалактурон қышқылының мөлшері 83-90%-ке жетеді. Пектин заттарының салыстырмалы молекулалық массасы 200000-ға жетеді. Пектин заттары өсімдіктердің клетка қабықтарында және клетка аралық ортақ пластинкасында жиналады, бірақ, аз жиналады (5%-тен аспайды). Клетка қабықтарындағы және клетка аралық ортақ пластинкалардағы пектин заттары суда ерімейді, өйткені, олар целлюлозамен немесе белоктармен байланысуы мүмкін. Жемістер мен көкөністер піскен кезде протопектин пектинге айналады. Бұл процесс пектолитикалық ферменттер арқылы жүреді.

Пектинді заттар Қантты ламинария
Таllиm Lаminаrіае - ламинария қабаттары.
Lаminаrіа sассһаrіnа J - қантты ламинария.
Lamіnагіасеае - ламинария тұқымдастары.

Сипаттамасы:
Қоңыр түсті ірі теңіз балдыры, қабаттары ені әр түрлі таспа төрізді пластинкалардан тұрады. Таспалардың ұзындығы 1-ден 10 метрге дейін болады. Төменгі бөлігі қалындығы 1 см, ұзындығы 1 м-ге дейін "діңгекшеге" ауысады. Қабаттар тасты грунтқа ризоидтары арқылы бекиді.
Таралуы:
Жапон теңізінің Курил аралдарында, Сахалиннің оңтүстік аудандарында, солтүстік теңіздерде тараған.
Химиялық құрамы:
Негізгі құрамдық бөлігі полисахарид альгин қышқылы, оның мөлшері 30%, 20%-ға дейін маннит, белоктық заттар 9% болады. Ламинария құрамында көптеген витаминдер: каротиноидтар, В6 В12, С, Д бар. Минералды заттардың ішінде йод әжептеуір мөлшерде - 2,7 - 3% болады, сонымен қатар бром, калий, натрий, магний кездеседі.


Дайындалуы және шикізат сипаттамасы:
Ламинария қабаттарын маусым айынан қыркүйек айына дейін жинайды. Жаңадан жиналған балдырлар йодқа бай болады. Қыста балдыр құрамында йод аз болады. Ламинария қабаттары тығыз, терісі қалың, бырысқан. Пластиналар кесектері, пластина шеттері тегіс. Ламинария қабаттарының түсі сарғыштүстен жасыл-қоңыр түске дейін болады, өзіне тән иісі бар, дәмі тұздылау.
Қолданылуы:
Ламинария ұнтағын зоб және атеросклерозды емдеуде қолданады.

Пектин заттары піскен жемістердің және көкөністердің шырындарында жиналады. Бұл шырындардан оларды спирт арқылы тұнбаға түсіріп алуға болады. Ал, өнеркәсіп мөлшерінде пектин заттарын қызылшадан (оның жұмсақ тканінде 25%-ке дейін лектин жиналады), алмадан, лимоннан алады.

Пектин заттарына қант немесе қышқыл қосса, онда олар қоюланып сілікпеге (студень) айналады. Бұл процесс пектиндерге тән қасиет. Пектин заттары көптеп жеміс-жидектерде, көкөністерде және дәрілік өсімдіктерде жиналады. Оларға мысалы ретінде мүкжидекті (клюква), қаражидекті (черника), көкжидекті (голубика), итбүлдіргенді (брусника), қара қарақатты (черная смородина), дәрілік жалбызтікенді (алтей лекарственный), жалаң мияны (солодка голая) келтіруге болады. Пектин заттарын фармацияда қосымша зат ретінде бірталай дәрі дайындағанда пайдаланады (эмульсияларда- эмульгатор ретінде, байланыстырғыш зат ретінде). Пектин заттары ауыр металдарды және организмде түзілетін улы заттарды (токсиндерді) нейтралдап, оларды сыртқа шығарады. Сондықтан оларды медицинада адам уланғанда антидоттық дәрі ретінде қолданады. Пектин заттары тамақ өнеркәсібінде де кондитер бұйымдарын (пастилла, мармелад, шоколадтық конфеттер, жұмсақ тәтті тоқаштар және т. б.) дайындағанда кең қолданады.

 

Date: 2016-11-17; view: 1563; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию