Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Микешин кемпіршөбі (Acantholimon mikeshinii Lincz.).





Статусы. 1 (Е) сирек кездесетін эндемді түр.

Морфологиясы. Ұсақ бұта 5 - 25 см биіктікте және диаметрі10 - 20 см. Тығыз жастық тәрізді. Жапырақтары көкшіл, көкшіл жасыл, жалпақ сызықты, қатты, ұзындығы 2 - 3 (4,5)см, ені 1 - 2 (2,5)мм, ұзын үшкірленген қырлары кірпікшелі бүдір. Гүлсабағының ұзындығы 8 - 15 (22) см. Қарапайым қысқа түкті, жапырақтардан әлде қайда ұзын. Гүлдері сирек 4 - 8 санды. Масақтары 2 - 3 гүлді ұзындығы 10 - 12 мм, жалаңаш гүластылары бар. Гүлтабаны ойысты ұзындығы 10 мм. Түтігі 6 - 7 мм. Гүлдері қызғылт түсті.

Экологиясы. Ксерофит. Үстірттердің тасты беткейлерінде теңіз деңгейінен 1000 метр биіктікте өседі. Гүлдеу кезеңі маусым - шілде, тамыз айында жеміс береді. Дақылдары арқылы көбейеді.

Біздің анықтағанымыз: Талас Алатауының орталық белдеуінде кездеседі

(Иірсу, Ақсу, Талдыбұлақ және Жетімсай сайлары), ал Қаратау жотасында Теріскей беткейінің (Қазанбұлақ, Керегежайған, Келіншектау, Аюлысай, Майлықара шатқалдары) жоғарғы белдеулерінде (1850-2000 м теңіз деңгейінен биіктікте) кездеседі. Күлтесі үшкір, қатты, тікен тәрізді[35].

Тасты, топырақ аралас тасты, ашық беткейлерде өседі. Биіктігі 10-18 см. Мамыр айының соңында, маусымда гүлдейді.

Альберт қызғалдағы (Tulipa albertii. Regel)

Leiostemones секциясынан. Онша биік емес өсімдік, 12 – 20 см ұзындықта, жерге жақын өседі. Пиязшығы 2 – 3 см диаметрлі, қатпарлы, қара бура түстес, ішкі жағынан қалың жүнді болып келеді. Сабағы жуан, сизо жіберілген еөбнесе жоғарғы бөлігі антоционды боялған. Жапырақтары жақын, кең, қысқа, бұйралы, өтесизді, ашық, төменгі жапырақтары кең элипс тәрізді, сабақтан топыраққа дейін тұрады. Гүлі біреу қысқа, қызғылт сары, түбі қара және кең сары сызаттармен әр гүлдің жапырақшалары боялған. Түсі өте тартымды, бір түсті сарыдан және қызыл арқалы сары мен сары түбімен, қою қызыл мен күлгін қызыл арқасы және қара түбімен өзгеріп отырады. Гүлдің жапырақшалары 4 – 6 см ұзындықта, сыртқысы кең, ромб тәрізді, сыртқа қарай қатты майысқан болып келеді, негізінен арты сизо-күлгін сызықтармен шеттері қызыл сары түспен боялған. Ішкі жағы қалың, майысқан, жылтыр, қызғылт сары, ортасында қара күлгін дақтары бар, ерекше тартымды, жоғарғы жағы негізгі бояулы, шет жағы сарғыштанады. Тычинкалық жіптері мен тозаңдары сары, тозаңы жіпшелерден ұзынырақ. 2 n- 24. Балқаш пен Тянь – Шань жоталарында, таулы жерлерінде өседі. Сәуір айының ортасында гүлдейді. Бірінші мәдениетке 1877 жылы Э.Регел енгізген. Декоративті сапасы бойынша қызғалдақ түрінің ең күштісі. Грунтта тұрақты. Вегетативті көбеймейді.







Date: 2016-11-17; view: 525; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию