Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Шайырлар (камедтер) және шайырлы өсімдіктер





Полисахаридтердің бұл тобына суда еріп, жабысқақ, желімді ерітінділер түзетін углеводтар жатады Шайырлар өсімдіктің зақымдалған жерінен өз бетімен шығып, өсімдікті көп буланудан, микроорганизмдерден және т. б. қолайсыз жағдайлардан қорғап тұрады Оларды өсімдіктен бізбен тесіп те алуға болады. Алғашқы шыққан шайыр жұмсақ, желім сияқты болып, кейіннен, ол ауада бірге-бірте қатайып, әртүрлі пішінді аморфты денеге айналады. Шайырлар дәмсіз, бірақ кейбіреулерінің қышқылтым немесе тәттілеу дәмі болады. Олардың балқу, қайнау немесе қатаю температурасы болмайды. Шайырлар спиртте, эфирде, хлороформда және басқа да органикалық еріткіштерде ерімейді. Бұл қасиет шайырларға тән қасиет болып есептеледі және олар осы қасиеттерімен қарағай шайырларынан (смолалар) және каучуктерден айырмашылықта болады.

 

Трагакант астрагалы

 

Gummі Тгаgасаntһае - трагакант шайыры

Аstragаlus Тгаgасаntһае - трагакант астрагалы

ҒаЬасеае - бұршақтар тұқымдасы, бобовые

Сипаттамасы:
Биіктігі 1 м, сирегірек 1,5-2 м болатын, қалың бұтақталған, тікенді бүталар. Жапырақтары күрделі, қос қауырсынды, ұштары тікенді, жапырақшалары өте майда, ортаңғы сағақтары тікенекті.
Гүлдері бірнешеуден жапырақтардың қойнына орналасқан, бозғылт-сары түсті болады, гүл тостағаншасы түкті болады. Жемісі бір тұқымды, ашылмайтын, қалың түкті бұршақ.

Таралуы:
Батыс және Орта Азияның, Кавказдың таулы аудандарында өседі. Гуммитрагакантты жинаудың әлемдік орталықтары болып Иран мен Турция болып табылады.

Дайындалуы:
Гуммитрагакантты табиғи аққанын жинау және жасанды түрде ағызу арқылы дайындайды. Жиналган шайырды түсі бойынша сүрыптайды. Жоғарғы сорт-түссіз мөлдір немесе ақ таспалар және техникалық сорттар-саргыш, сары және қоңыр түсті.

Химиялық күрамы:
Химиялық түрғыдан алғанда гуммитрагакант - қышқыл полисахарид. Оның құрамына Д-галактурон қышқылы, Д -галактопираноза, Д -фукоза, Д-арабофураноза, Д-ксилопираноза кіреді.

Қолданылуы:
Трагакант фармацевтикалық практикада эмульсияларды, таблеткаларды өндіргенде қолданылады.

 

Date: 2016-11-17; view: 1090; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию