Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Дәріс №5. Қазақстан Республикасы және халықаралық ұйымдар.





Қазақстан көптеген халықаралық ұйымдардың мүшесі болып табылады, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ), Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық Ұйымы (ЕҚЫҰ), Халықаралық Валюта Қоры (ХВҚ), Дүниежүзілік банк (ДҚДБ), Европалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ), Азиялық даму банкі (АДБ), Ислам Конференциясы Ұйымы (ИКҰ), Ауғанстанды, Әзербайжанды, Орталық Азия елдерін, Иранды, Пакистанды және Түркияны біріктіретін Экономикалық ынтымақтастық ұйымы (ЭЫҰ). 1992 жылы Қазақстан Алматыда өз өкілдігі бар Европа Одағымен (ЕО) техникалық ынтымақтастық туралы келісім жасады. 1995 жылы Қазақстан НАТО «Бейбітшілік үшін серіктестік» Бағдарламасына қосылды.
Қазақстан Республикасы халықаралық құқық принциптері мен нормаларын құрметтейтін мемлекеттер арасында ынтымақтастық және тату көршілік қарым-қатынастар, олардың теңдігі мен бір бірінің ішкі істеріне араласпау, халықаралық дауларды бейбітшілік жолымен шешу саясатын жүргізеді.

Қазақстан өз еркімен ядролық қарудан бас тартқан әлемдегі бірінші мемлекет болып табылады. Мемлекет Басшысының өкіміне сәйкес 1991 ж. Семей ядролық сынақ алаңы жабылды, 1992 ж. Қазақстан аумағында тұрған ядролық қаруды бөлшектеу туралы Лиссабон хаттамасына қол қойылды. 1993 жылдың желтоқсанында Қазақстан парламенті ядролық қаруды таратпау туралы Шартты бекітті. 1994 ж. Ресей, АҚШ және Ұлыбритания тарапынан Қазақстан қауіпсіздігіне кепілдеме беру туралы Будапешт меморандумына қол қойылды. Сондай кепілдемелер Франция мен Қытай Халық Республикасынан да алынды. 1996 жылы Қазақстан толық қамтылатын ядролық сынақтарға тыйым салу туралы Шартқа қатысушы, 1999 жылы Женевада қарусыздану бойынша Конференцияның толық құқылы мүшесі болды. Қазақстан Республикасы бірқатар аймақтық ұйымдардың мүшесі және маңызды халықаралық бастамалардың ұйытқысы болып табылады.

Қалыптасқан геосаяси өмір болмысын және әлемдегі геосаяси күштердің қатарындағы өзінің орнын байсалды бағалай келіп, Қазақстан ТМД, сондай-ақ бүкіл әлем шеңберінде әр түрлі интеграциялық топтардың жұмысына белсенді түрде қатысуда, осы арқылы ол әлемнің ғаламдық проблемаларын шешуге өз үлесін қосып қана қоймай, сонымен бірге ұлттық мүдделерін шешуге жол ашады.
1992 жылы 2-наурызда Қазақстанның БҰҰ-ға кіруі өзінің маңызы жағынан тарихи акция болды. Қазақстан БҰҰ-ға әлемдік қоғамдастықтың қатардағы жаңа мүшесі ретінде ғана емес, сонымен бірге қазіргі заманның ең бір өзекті халықаралық проблемалары бойынша белсенді позиция ұстанатын, ядролық қарусыздану жолындағы қозғалыстың алғы шебінде тұрған мемлекет ретінде енді.
Әлемдік саяси проблемаларға Қазақстанның тепе-теңдік сақтаған және шынайы көзқарасы БҰҰ БА-ның күн тәртібіндегі өткір мәселелер бойынша дауыс берген кезде осы халықаралық форумда оң бағаланып жүр.

Біздің еліміз ЕҚЫҰ-ның, Парламентаралық Одақ пен Экономикалық Ынтымақтастық ұйымының мүшесі болғандықтан осы бірлестіктердің БҰҰ мен ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған Бас Ассамблея қабылдайтын қарарлардың тең авторы болып табылады.
БҰҰ-дағы біздің мемлекетіміздің ұстанымы БҰҰ қарапайым мәселелердің бүкіл кешені бойынша Қазақстанның мүдделерін ескерудің негізінде қалыптасады. Бұл орайда экономика, экология, әлеуметтік даму, халықаралық құқықты прогрессивті дамыту, адам құқығын сақтау саласында, ұйымдасқан қылмыс пен есірткі бизнесіне қарсы күрес саласында БҰҰ мен өзара іс-қимылды нығайтуға айырықша көңіл бөлінде. Экономикалық Ынтымақтастық ұйымы 1985 жылы құрылды. 1992 жылғы қарашада жаңа жеті мемлекет, оның ішінде Қазақстан ЭЫҰ құрамына кіргеннен кейін аталған бірлестіктің қызметі елеулі түрді жанданды. ЭЫҰ-ның негізгі міндеті – мүше елдердің үздіксіз әлеуметтік- экономикалық дамуы үшін, аймақ мемлекеттері экономикасының шаруашылық байланыстарының әлемдік жүйесіне дәйекті түрде және бірте-бірте кірігуі үшін жағдай жасау болып табылады.
Біздің еліміздің қазіргі заманғы әлемнің жетекші қаржылық және экономикалық институттарымен өзара іс-қимылы Қазақстанның тұрақты экономикалық өсімінің маңызды шарттарының бірі болып табылады. Осындай құрылымдардың қызметіне Қазақатнның қатысуы әлемдік рынокта оның позициясын нығайтуға, сыртқы берешек проблемаларын реттеу және ішкі ақша айналымын тұрақтандыру үшін енгізуге қаржылық ресурстар тартудың перспективасын жақсартады.

Азияда өзара іс-әрекеттер және сенім шаралары бойынша мәжіліс 1992 жылы БҰҰ БА 47-Сессиясында Н.Назарбаев ұйытқы болған Азияда өзара іс-әрекеттер және сенім шаралары бойынша мәжіліс (АӨСШМ) Қазақстанның өте маңызды бастамасы болып табылады.
Бұл бастаманың мәні Азия құрлығында превентивтік дипломатияның тиімді механизмін жасауда, әлемнің басқа аймақтарда мұндай механизм әлі қалыптаспаған.
Қазіргі уақытта 16 мемлекет АӨСШМ мүшесі және 10 бақылаушы болып табылады ( Анықтама: Қазақстаннан басқа АӨСШМ мүшесі болып табылатын мемлекеттер: Ауғанстан, Әзербайжан, Египет, Индия, Иран, Израиль, Қытай, Қырғызстан, Монғолия, Пакистан, Палестина, Ресей, Тәжікстан, Түркия және Өзбекстан. Бақылаушы мемлекеттер: Австралия, Вьетнам, Индонезия, Корея, Ливан, Малайзия, АҚШ, Тайланд, Украина, Жапония ). АӨСШМ үдерісін бірқатар халықаралық ұйымдар қолдайды – БҰҰ, ЕҚЫҰ, Араб мемлекеттерінің лигасы, Орталық Азиялық ынтымақтастық ұйымы. Азиядағы өзара іс-әрекеттер және сенім шаралары бойынша мәжіліс Қазақстан мемлекетінің аймақтық қана емес, одан да кең әлемдік маңызы бар ірі халықаралық бастамаларды көтеріп қана қоймай жүзеге асыруға да қабілетті екенін көрсетті. Жұмыс барысында Алматы Актісі, терроризмге қарсы күрес және өркениеттердің диалогы бойынша декларация, АӨСШМ сенім шараларының Каталогы және ұйым Процедурасының Ережелері сыяқты маңызды ұйымдастыру құжаттары қабылданды.

Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың евразия идеясының тағы бір дәлелі бұрын болған Кедендік Одақ негізінде 2000 жылдың қазанында Евразиялық Экономикалық Қауымдастық (ЕврАзЭҚ) өмірге келді. Оған Қазақстаннан басқа Ресей, Белорусь, Қырғызстан және Тәжікстан кіреді. Қатысушы мемлекеттер арасында интеграциялық үдерістерді дамыту, бірегей экономикалық, құқықтық, әлеуметтік-мәдени кеңістік құру ұйымның негізгі міндеті болып табылады. (Бүгінгі күнде ЕврАзЭҚ интеграциялық өзара іс-әрекеттер жүйелі және қисынды жолға түсуде.

Қазақстан Республикасы Солтүстік-Атлантикалық Келісімінің ұйымымен (НАТО) өзара қатынастарын қарастыра отырып, біз XXI ғасырдың шегіндегі НАТО саясаты мен стратегиясына қысқаша тоқталып кеткен жон. Бұл ұйыммен қарым - қатынасындағы Қазақстан саясатына адекватты түрде баға беруге мүмкіндік береді.

НАТО - ның саяси жағының құрылуы Солтүстік- Атлантикалық одақ қызметіндегі екі негізгі принципі бар докторинасына негізделеді. Олардың біріншісі - «қорғаныс» - әскери потенциалын арттыру және оны қажеттілік жағдайында ғана қолдануды білдіреді. Екіншісі-«диалог», «күш позициясынан» шиеленісушілікті жеңілдетуге қарастырылған. Бұл докторина жаңа шарттарда жаңа принциппен «ынтымақтастықпен» толықтырылды. Бұны іске асыруда Ресей және ТМД елдерімен қарым - қатынас нығайтуға үлкен көңіл болінеді. Қазақстан мен НАТО қатынасы хатшысы М.Вернердің Алматыға келіп, ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Брюссельде НАТО - ның штаб – пәтерінде

ЮНЕСКО-ның Бас директоры К.Мацуураның Назарбаевқа жазған арнайы хатынан. 03.01.2002 ж.

1993 ж. болған сұхбаттарынан басталды.

1992 ж. Қазақстан Солтүстік атлант кеңесінің ынтымақтастық қатынастағы мүшесі болды (ССБС) 1997 ж. солтүстік атлант әріптестігіне кірді (СЕАП).

1994 ж. 27 мамырында Қазақстан «Әлем үшін серіктестік» шеңберіндегі құжатына қол қойып, бүған қатысушы бағдарламаның 19-ші мемлекеті болды. Бұл бағдарлама өте маңызды және қазіргі қауіпсіздікті құрудың ажырамас бөлігі болады. Қазақстанның ынтымақтастығы «Бейбітшілік үшін әріптестік» бағдарламасының шеңберінде НАТО-мен ықпалдастықтың кең көлемін қамтиды, оған сондай-ақ азаматтық төтенше жоспарлау, дағдарысқа қарсы реттеушілік, қарулы күштерге және қорғаныс қүрылымдарына демократиялық бақылау жасау, қорғаныс саясаты жэне стратегиясы, әскери оқулар және әскери білім жэне т.б. енеді.

1996 ж. НАТО-ның штаб-пәтерінде, Брюсселде Қазақстан мен НАТО арасындағы қауіпсіздік туралы қарулы күштерінің мәртебесі туралы, құпия ақпараттармен алмасу мен сақтау туралы әскери жаттығу кезіндегі келісімдер туралы құжаттарға және т.б. қол қойылды.

1996 ж. ҚРПИМ серіктестігі үйлестіру тобы бойынша Г.Монс (Бельгия) ҚРофисі ашылды. Тіркелген топ офицерлердің қызметі ұлттық кадрлардыдайындауға жәрдемдесу әскери мамандар сұрағы, әскери жоғары жаттығуларды Орталық Азия аумағында жыл сайын өткізу іс-шаралары болып табылады.

Жалпы алғанда Қазақстан мен НАТО арасындағы ынтымақтастық бүтіндей алғанда (ИИП) серіктестік жекелеген бағдарламасымен келісілген СЕАП/ПИМ көлемінде жүзеге асуда. ҚР ИПП Қорғаныс саласы негізгі мазмұны аяқасты оқиғалар мен азапты жағдайлардан сақтау мәселелерінде бұл ынтымақтастықтың маңызы зор (мысалы, 90% айтылған салалардың шараларына келеді).

Осы ынтымақтастық кезінде 200 қазақстандық офицерлер әр-түрлі іс-шараларға қатынасты. Олар-курстарға, семинарлар мен кездесулерге, НАТО-ның мүше елдерінің және серіктес елдерінің де өткізген іс-шараларына қатынасты. 1995 ж. бастап ҚР қарулы күштерінің офицерлері ПИМ бағдарламасы жаттығуларының бақылаушысы ретінде қатынасты; ҚР Қарулы Күштерінің Академиясының курсанттары НАТО-ның бейбіт сүйгіш «Cooperative Nugget-97» жаттығуларына қатысты.

1997 - 1998 жж. маусымында екі мәрте ПИМ көлемінде қазақстан американ «Баланс кайак-97»-Медициналық көмек және бейбіт сүйгішоперациялар негізінде жаттығулар өткізілді. 1997 ж. ҚР Бас штабының 7офицері, әр түрлі мөлшердегі штабтың 15 офицері, ӘӘК-ның 20 офицері жәнеӘК-ның ҚР бас штабынан бейбіт сүйгіш жаттығуларына қатынасты.

Қазіргі кезде Қазақстанда бейбіт сүйгіш Қазақстан батальонын құру (Қазбат) белсенді түрде жүргізілуде. 1997 ж. алғаш рет өз аумағында Қазақстан және Өзбекстан жерінде ірі масштабты «Орталыққазбат-97» атты жаттығу өтті. Оған

Байзакова К.И. Сотрудничество Республики Казахстан со структурами Европейской безопасности. //Казахстан-Спектр 2003 г, №2. С.54

ҚР әскери қызметкерлік, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан Республикасы, АҚШ қатысты және ПИМ бағдарламасын жасауға қатысқан серіктестер: Ресей, Түркия, Грузия, Балтық батальоны жэне т.б. қатынасты.

Қазақстан мен НАТО ынтымақтастығының басқа бағыты төтенше жағдай мен дағдарыстан шығуға бағытталған. ҚР төтенше жағдай агенттігі (АЧС) белсенді түрде НАТО Комитеті мен серіктес елдер өткізген іс-шараларға да қатысуда. Аризона штатының Ұлттық гвардиясы мен АКДІ Федеральді Агенттігі мен байланыс тұрақты дамуда. 1999 ж. Алматыда халықаралық семинар өтті. Сел жүру және жер сілкіну мәселелері басты орынға қойылды. Бүған НАТО, БҰҰ, ТМД мемлекет аралық кеңесі Қызыл крест және қызыл жарты ай өкілдері қатысты. НАТО-ның бас хатшысы Х.Солан Алматыға 1997 ж. ғылым жэне экология салаларын дамыту бағытын анықтау үшін сапармен келді. 1999 ж. 23-25 сәуірде Вашингтонда НАТО Саммитінің мерекелік іс-шарасы өтті, оған НАТО-ның мүше елдерінің үкіметі және мемлекет басшылары қатынасты, Венгрия, Польша, Чехия және СЕАП мүше елдері. Самитте ҚР Президенті сөйлеген сөзінде ҚР НАТО мен ынтымақтастық байланысты әрі нақты жэне әлемде бейбітшілікті сақтау, Еуропаатлант кеңістігінде тұрақтылықты-мықты сақтаудың маңызы зор екендігін айтып өтті. 2003 – 2004 жылдары НАТО Бас хатшысының көмекшілері Г.Альтенбург және Ж.Фурне, Директораттардың басшылары Я.Сконежка және Ф.Боланд, НАТО-ның Халықаралық әскери штабы басшысының көмекшісі, генерал-майор Ф.Яниз, сондай-ақ бейтарап сарапшы топтары Қазақстанға сапар жасаған болатын. 2005 жылдың наурыз және қазан айларында, 2006 жылдың шілде және қыркүйек айларында НАТО Бас хатшысының Орта Азиядағы және Кавказдағы Арнайы өкілі Р.Симмонстың ресми сапарлары болды. 2005 жылдың наурыз айында Қауіпсіздікті азаматтық өлшеу жөніндегі комитетінің төрағасы М.Клэпхемонның жетекшілегімен ЕАЛГО-ның Парламенттік ассамблеясының (НАТО ПА) делегациясы Қазақстан Республикасына сапары болды. 2006жылғы қазан айында ҚР Сыртқы істер министрі Қ.Тоқаевтың Брюссельқаласына сапар барысында оның НАТО-ның Бас хатшысы Яап де Хооп Схеффермен кездесуі өтті. Қазақстан мен НАТО арасыңдағы екі жақты
ынтымақтастық дамуы, сондай-ақ аймақтық және халықаралық кауіпсіздік мәселелері талқыланды.

2004 жылдың қазан айында Алматы қаласында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың НАТО-ның Бас хатшысы Яап де Хооп Схеффермен болған кездесуі барысында күш-жігерді біріктіру және терроризммен, экстремизммен, есірткенің заңсыз айналымымен, сондай-ақ қару-жарақ контрабандасына қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықты орнату жөнінде маңызды уағдаластықтарға қол жеткізілді. Осы бағыттағы бірлескен жұмыс 2006 жылғы 31 қаңтарда ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Б.Сембинов басқарған қазақстандық делегациясының бірқатар консультациялар мен келіссөздерінен кейін қабылданған Қазақстан және НАТО арасындағы Әріптестік іс-қимылы жөніндегі жеке жоспардың (ӘІЖЖ) шеңберінде іске асырылады.

ӘІЖЖ-нің қабылдануы Қазақстанның НАТО-мен өзара қарым-қатынастарын сапалы жаңа деңгейге шығарады жэне Солтүстік Атлантикалық альянсімен халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің ең өзекті мәселелері жөнінде жан жақты сұхбатты тереңдетуді жәрдемдесуге бағытталған.

2006 жылы ӘІЖЖ жүзеге асыру аясында Қазақстан мен НАТО сарапшыларының жұмыс кездесулері болып өтті.

Альянспен сұхбатты нығайту үдерісіндегі маңызды оқиға Қазақтан Республикасы Парламентінің НАТО-ның Парламенттік Ассамблеясындағы (НАТО ПА) бақылаушы мәртебесін алуы болып табылады. Тиісті шешімді ҚР Парламентінің қос палатасының төрағалары жасаған өтініштерінен кейін 2004 жылғы 15 қарашада Парламенттік Ассамблеясының Тұрақты комитеті мәжілісінде қабылдаған болатын.

2000 ж. 27 маусымда Брюссельде соңынан 2000 ж. 4 шілде Астанада ҚР Президенті Н.Назарбаев пен НАТО-ның Бас хатшысы Дж.Робертсонмен кездесу өтті. НАТО мен ҚР арасындағы ынтымақтастық, соның ішінде ПИМ көлеміндегі мәселелер қарастырылған.

Қазақстан ПИМ мен ынтымақтастықты кеңейтіп, бірінші орынды әскери құрылыс және мамандар даярлау туралы мәселелерге мэн берді. Қазақстан қосымша РАКР қатысуға дайын екендігін, сонымен бірге Қазбат бөлімдерін даярлап, жетілдіруге көңіл бөліп отыр. Семей, Арал жэне құбырлар қауіпсіздігі проблемалары ең басты көңіл бөлетін, «Ғылым бейбітшілік үшін» атты бағдарламаның маңызы зор екендігі көрсетілген.

Осылайша Солтүстік атлант блогы біздің республикаға халықаралық терроризммен есірткі бизнесімен күресті дамытуда бірге жұмыстар атқаруды өз қызығушылығының арттыруда. Орталық Азия аймағының қауіпсіздігі НАТО-ны да алаңдатады. НАТО және Қазақстан ғылыми линияда (арнада), төтенше азаматтық жоспарлау арасында ынтымақтасады. Қазақстан стихиялық қауіпі, апат, жер сілкініс, су тасқыны бар жоғары қауіпті аймақта тұрғандықтан ірі қалаларды қорғау мәселелерімен ынтымақтасу үшін нақты негіздер бар. Солтүстік атлант одағы радиологиялық жағдайға байланысты, Саржал ауданы мен Семей сынақ алаңдары, сонымен бірге Арал теңізін тотенше азаматтық жоспарлау арасында ынтымақтасады. Қазақстан стихиялық қауіпі, апат, жер сілкініс, су тасқыны бар жоғары қауіпті аймақта тұрғандықтан ірі қалаларды қорғау мәселелерімен ынтымақтасу үшін нақты негіздер бар. Солтүстік атлант одағы радиологиялық жағдайға байланысты, Саржал ауданы мен Семей сынақ алаңдары, сонымен бірге Арал теңізін қалпына келтіруге қолдау корсетуге даярлықтарын білдіреді.

Практикалық тұрғыда біз НАТО/СЕАП-пен ынтымақтастықтың төмендегідей бағыттарына айрықша назар аударуды ұсынамыз, олар:

• Терроршылдыққа, ұйымдасқан қылмысқа және есірткі бизнесіне қарсы мәселелері бойынша ақпарат алмасу;

• Қазақстанда НАТО-ның Ақпараттық орталығын ашу;

• Терроршылдыққа қарсы бөлімшелердің басшылары деңгейіндегі қызметті, ақпарат пен тәжірибе алмасуды ұйлестіруге жауапты СЕАП органын құру;

• Жаппай қырып-жоятын қарудың, әдеттегі қару-жарақтың, қосарланған мақсаттағы материалдардың контрабандасын болдырмауға бағытталған шекаралық қауіпсіздік инфрақұрылымын нығайту;

• Экспорттық бақылау жасау мен шекаралық қауіпсіздік саласындағы заңдық базаны жетілдіру.

Жоғарыда айтылған жағдайлар қазіргі уақытта Қазақстан мен НАТО-ның қарым-қатынасында серпінділікпен және өзара пайдалы негізде дамып келеді.

Сондай-ақ, «Бейбітшілік үшін әріптестік» бағдарламасының шеңберінде төтенше азаматтық жоспарлаудың саласындағы ынтымақтастық дамуда. НАТО-ның әріптестері мен қатысушылары мамандандырылған құрылымдарының төтенше жағдайларды алдын алу және жоюдың ұлттық жүйесін жетілдіру, өртпен күресу, техногендік және табиғи апаттардың салдарын жою, азаматтық қорғаныс, босқындармен жұмыс істеу саласындағы тәжірибелері ерекше қызығушылық тудырады.

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы
Қазақстан өз мемлекеттігін қалыптастырудың бастапқы сатысында Орталық Азияның бірқатар басқа мемлекеттеріндей күрделі экономикалық және әлеуметтік проблемаларға тап болып қана қоймай шекара мәселелерін, атап айтқанда,бұрынғы Кеңес Одағы ондаған жылдар бойы осындай өте маңызды проблеманы шеше алмағандықтан, Қытаймен шекара мәселесін шешу қажеттілігіне тап болғанын атап айту керек. Оны шешу үшін бір ғана мүмкіндік жолы таңдалды - өзара мүдделерді ескеру негізінде келіссөз жүргізу жолымен даулы мәселелерді бейбіт түрде ретке келтіру. Соның нәтижесінде 1996 жылы «Шанхай бестігі» ұйымы құрылды, оған Қазақстаннан басқа Ресей, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан кірді.
«Шанхай бестігі» шеңберінде атқарылған жұмыс нәтижесінде жүздеген жылдар шешімін таппай тұрған шекара мәселелерін реттеуге, евразиялық кеністіктегі жағдайларды айтарлықтай сауықтыруға, аймақта өзара сенімді, тұрақтылықты және қауіпсіздікті күшейтуге қол жеткізілді.

Шекаралық проблемаларды және шекара бойындағы сенімділік шараларын ретке келтіру бойынша бастапқы міндеттерді шешкеннен кейін «Шанхай бестігінің» мүшелері аймақтық қауіпсіздік, діни экстремизммен және халықаралық терроризммен күрес, сондай-ақ экономикалық ынтымақтастық бағытында бірте - бірте бірлесіп іс-әрекеттер жасау аумағын кеңейтті. 2001 жылы «бестікке» Өзбекстан қосылғаннан кейін ұйым Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) болып аталды. Жалпы алғанда, 1996-дан осы уақытқа дейінгі кезеңде ШЫҰ мүше-мемлекеттер басшыларының кездесіулері барысында оған кіретін елдерді жақындастыруға және ұйымды институционализациялауға ықпал ететін бірқатар маңызды құжаттар қабылданды. 2002 жылдың маусымында Санкт-Петербургтағы ШЫҰ Саммитінде негізге алынатын құжат - ШЫҚ Хартиясы қабылданды.
Экономикалық реформаларды қаржыландыру, ұлттық экономиканың жекелеген салаларын дамыту жөніндегі арнайы жобаларды іске асыруға арналған заемдар мен несиелерді алу көзқарасы тұрғысынан Қазақстан Халықаралық Валюта қоры, Дүниежүзілік банк, Еуропалық Қайта құру және Даму банкі, Азиялық Даму банкі, Ислам Даму банкі сияқты халықаралық ұйымдармен ынтымақтастыққа басымдықты рөл береді.

Негізгі әдебиеттер: 1, 3, 8, 9, 10, 14, 15, 18, 19, 22, 25, 29, 30.

Қосымша әдебиеттер: 35, 36, 37, 38, 40, 42, 43, 44, 45, 46, 49, 52.

Дәріс №6.

Date: 2016-11-17; view: 3383; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию