Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Дәріс №1. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің жариялануы. ҚР сыртқы саясатының қалыптасуының негізгі факторлары.





1980 жылдардың аяғында Кеңестік әміршіл-әкімшілік жүйе терең дағдарысқа ұшырады. 1991 жылғы тамыз төңкерісінен кейін Әлемдегі алып мемлекет КСРО-ның ыдырау процесі жедел басталып кетті. 1991 жылғы 16-желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы қабылданды. Онда Қазақстан Республикасы-тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет екендігі, ол өз территориясында өкімет билігін толық иеленетіндігі, өзінің ішкі және сыртқы саясатын дербес белгілеп, жүргізетіндігі, Қазақстан Республикасының территориясы қазіргі шекараларында біртұтас бөлінбейтін және қол сұғуға болмайтын территория болып табылатындығы, Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігі мен территориялық тұтастығын қорғау мақсатында өзінің Қарулы Күштерін құруға хақылы екендігін атап көрсетті. Сонымен ол дүниежүзілік қоғамдастыққа және экономикаға дербес енуге мүмкіндік алды. Қазақстанның Тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш болып мұхиттың арғы жағында жатқан Америка Құрама Штаттары мойындады, екінші болып айдаһардай айбарлы Қытай, сонан соң Ұлыбритания мойындады. Оның артынан Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және Иран Ислам мемлекеті мойындады. Иран - Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мұсылман мемлекеті. Әлем картасында жаңа тәуелсіз мемлекет пайда болды. 1991 жылдың соңында небары бірнеше аптаның ішінде әлемнің көптеген беделді елдері Қазақ елінің тәуелсіздігін мойындап, дипломатиялық қатынастар басталды.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін егемен мемлекет ретінде халықаралық аренаға шықты. 1992 жылы 2 наурызда Қазақстан БҰҰ-на кірді. Сонымен қоса Халықаралық валюта қорына, Халықаралық реконструкция және даму банкісіне, Дүниежүзілік банктің, Халықаралық даму ассоциациясының, Инвестицияға кепілдік беретін көп-жақты агенттіктің, Инвестициялық таластарды шешу жөніндегі халықаралық орталықтың, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мүшесі болды.

Алғашқы жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шет елдерде мекемелерінің жоқтығын ескере отырып, әлемдік аренада тәуелсіз Қазақстанның толық ауқымдағы таныстырылу рәсімі Президенттің және үкімет делегацияларының шет елдерге ресми сапарларын ұйымдастыру арқылы жүзеге асы­рылды. Тәуелсіздіктің тек алғашқы екі жылында ғана Қазақстан Президенті әлемнің 19 еліне рес­ми сапар жасады, халықаралық 11 басқосуға қатысты. Осы қатарда әлемнің жетекші елдеріне-Австрияға, Ұлыбританияға, АҚШ-қа, ГФР-ге, Францияға, Жапонияға, сондай-ақ Үндістанға, Пәкістанға, Қытайға және басқа елдерге спармен бару стратегиялық әріптестікті орна­ту тұрғысынан неғұрлым маңызды оқиғалар болды. Тәуелсіз Қазақстанның қалып-тасып нығаюында сыртқы саясат маңызды рөл атқарады. Республика­мыз тәуелсіздік алғаннан кейін мем­лекет басшылығы алдында сыртқы саяси қызметті жүзеге асыратын толыққанды дипломатиялық қызмет құрудың күрделі міндеті тұрды.

Кеңестік дәуірде Қазақ КСР-інде Сыртқы істер министрлігі болғанымен бұл саяси ведомство қызметкерлерінің саны аз және оның өкілеттігі мен функциялары шектеулі болатын. Қазақ КСР Сыртқы істер министрлігі дипломатиядан алыс қызметпен шұғылданатын. Халықаралық қатынастар саласының білгір мамандары саусақпен санарлықтай ғана еді. Қазақстанның дербес сыртқы саясат жүргізуді айқындайтын тұжырымдамасы да, шетелдерде дипломатиялық мекемелері де болған жоқ. Сыртқы саяси қызметтегі дәстүріміз тым жұтаң болды.

Тәуелсіздіктің алғашқы ай­ларында Қазақстанды санау­лы мемлекеттер ғана таныды. Әлем мемлекеттерінің бірқатары Қазақстанды КСРО шеңберінен жаңа шыққан, болашақтағы дамуының бағыт-бағдары белгісіз, қуатты ядролық қаруы бар, алдағы уақытта мемлекет болып қалу-қалмауы белгісіз мұсылман елі ретінде қабылдады. Сондықтан республиканың сыртқы саяса­тын тездетіп қалыптастырмайтын болса халықаралық деңгейдегі мүдделерімізге орасан нұқсан келуі мүмкіндігі белгілі болды.

Жаңа еңсе көтерген еліміздің сын сағаттағы сыртқы саяси ахуа­лын Президент Н.Ә. Назарбаев: «Тәуелсіздік алған алғашқы жылда­ры бәрі де оңай көрінетін. Әсіресе сыртқы саясатымыздың келешегі еш күмән туғызбайтын. Егемендігімізді жарияласақ болды, күллі әлем есігін алдымыздан айқара ашып салады деп ойлайтынбыз. Бүгін көзіміз жетіп отыр: бәрі өздігінен бола салмайды екен; жеңіл ештеңе жоқ екен»,- деп еске алады.

Тәуелсіз елдің сыртқы сая­си ведомствосын қайта құру Пре­зидент Н.Ә.Назарбаевтың тікелей басшылығымен жүргізілді. Осы жолда «Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясы», халықаралық құқық, Қазақстан Республикасының заңдары т.б. құжаттар зерттеліп сараланды.

Қысқа мерзімде сыртқы сая­сат ведомствосының заңнамалық құжаттары жасалды. 1992 жылы 2 шілдеде «Қазақстан Республи­касы Сыртқы істер министрлігі туралы», «Қазақстан Республика­сы елшілігі туралы», «Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті уәкілінің негізгі міндеттері мен құқықтары туралы» Президенттің Жарлығы шықты. Осы құжаттарға сәйкес 1992 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Коллегиясы туралы Ереже қабылданды. Министрлікте басшылық қызметкерлерден және тәжірибелі дипломаттардан кеңесші рөл атқаратын 17 адамнан тұратын Коллегия құрылады.

Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Сыртқы істер министрі болып Төлеутай Сүлейменов тағайындалды. Осы уақыттың қарсаңында сыртқы саяси ведомствоның құрамы небәрі 17 адам болатын. Министрлік басшылығы алдымен Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағыттары туралы Тұжырымдама жасады. Қазақстан Республикасының сырт-қы саясатының тұжырымдамасын әзірлеуде Мемлекеттік хатшы Әбіш Кекілбаев, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Марат Тәжин, Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі Алтынбек Сәрсенбаев елеулі көмек көрсетеді. Осы құжат министрліктің 1992-1993 жылдардағы қызметінің негізіне алынды.

Сыртқы істер министрлігі Парламенттің тиісті комитеттерінің басшылары Жабайхан Әбділдинмен және Шәріп Омаровпен өзара тығыз іс-қимыл жасап жұмыс істеді. Осы бірлескен жұмыстың маңызды бір нәтижесі Қазақстан тарихында тұңғыш рет «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Заңының қабылдануы болды.

Сыртқы істер министрлігі құрылымдық жағынан орталық ап­парат және шетелдік өкілдіктер болып бөлінді. Құрылымға сәйкес министрдің тиісті орынбасарла­ры жетекшілік ететін департа­менттер мен басқармалар, ерекше тапсырмалар жөніндегі елшілер тобы құрылды. Бұл бөлімшелер министрлік қызметінің белгілі бір бағыттары үшін, соның ішінде ТМД шеңберіндегі өзара іс-қимылдар, шет мемлекеттермен екі жақты ынтымақтастық, жалпы еуропалық ынтымақтастық, көп жақты ынтымақтастық, халықаралық-құқықтық мәселелер, консулдық және хаттамалық тұрғыдан қамтамасыз ету, кадрлар, қаржылық, шаруашы-лық қызмет көрсету, сондай-ақ шетелдік дипломатиялық корпус, т.б. үшін жауап беретін болды.

1992 жылдың алғашқы айлары Қазақстанның жас дипломатиясының басшылық буынының жасақталуы сияқты оқиғамен бай­ланысты болды. С. Құрманғожин министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Министрдің орынбасарлары С.Батыршаұлы Таяу және Орта Шығыс басқармасына және халықаралық-экономикалық байланыстар жұмысын үйлестіру, Қ. Тоқаев Азия басқармасы және баспа, ақпарат, халықаралық ұйымдармен байланыс жұмыстарын үйлестірумен айналысты. Министр-ліктегі Америка және Еуропа басқармасына В.Х. Ғизатов, Азия басқармасына Х.Р. Омаров, Таяу және Орта Шығыс басқармасына Н.Ж. Дәненов, ТМД басқармасына И.М. Аманғалиев жетекшілік етті. Б.К Нұрғалиев, Б.Ш. Тұрарбеков, А.Е. Қожақов, А.О. Шәкіров министрдің бұйрықтарымен тиісті бөлімшелердің басшылары етіп тағайындалды.

Сонымен 1991-1992 жылда­ры Қазақстан дипломатиясы өзінің қалыптасуының алғашқы кезеңін бастан өткізді. Елбасының тікелей араласуымен және қадағалауымен Сыртқы істер министрлігін қалыптастырудың құқықтық, әлеуметтік-саяси және ұймдастыру-кадр мәселелері оң шешімін тапты. Тәуелсіздіктің басында қазақ дипломатиясының алдында ұлттық экономиканың көтерілуіне жан-жақты ықпал ету инвестициялар тарту, елдің экспортын ұлғайтудың жолдарынр қарастыру, сауда-экономикалық қатынастарды дамыту сияқты бірқатар маңызды мәселелер тұрған болса, қазірде аталған бағыттарда айтарлықтай жұмыстар атқарылды. Енді бүгінгінгі күннің талаптарына сай халықаралық қауіпсіздіісгі нығайтуға, әлемдегі экономикалық қатынастарды жетіддіруге, тұтастай алғанда, ғаламдық деңгейдегі проблемаларды оң шешуге үлес қосу басты мақсат болып қалып отыр. Қазақстан әлемдік қоғамдастықта өзіндік алар орны бар ел екенін соңғы 24 жыл бедерінде айқын көрсетті. Қазақ елінін саясаттағы бағыты да, географиялық орналасуы да, жер байлығы да дүние жүзіндегі мемлекеттерді бізбен ынтымақтасуға ынталандырды.

Қазақстан Республикасымен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан елдердің саны 120-ға жетті. Елімізде 68 шетел елшіліктері мен дипломатиялық миссиялары жұмыс істейді. Резиденциялары Қазақстаннан тыс жерде шоғырланғанымен, елімізде тіркелген елшілер саны - 37. Ал Қазақстан Республикасының шетелдерде 47 елшілігі мен дипломатиялық миссиялары және консулдық өкілдіктері тіркелген. Еліміз мүше болып кіретін халықаралық ұйымдардың саны 67-ге жетті.

Негізгі әдебиеттер: 1, 3, 8, 9, 10, 14, 15, 18, 19, 22, 25, 29, 30.

Қосымша әдебиеттер: 31, 33, 35, 36, 37, 38, 40, 42, 43, 44, 45, 46, 49, 52, 56.

Date: 2016-11-17; view: 990; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию