Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Дәріс №3. Қазақстанның халықаралық қатынастардың субъектісі ретінде халықаралық аренаға шығуы.





Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алғаннан кейін егемен мемлекет ретінде халықаралық аренаға шықты. 1992 жылы 2 наурызда Қазақстан БҰҰ-на кірді. Сонымен қоса Халықаралық валюта қорына, Халықаралық реконструкция және даму банкісіне, Дүниежүзілік банктің, Халықаралық даму ассоциациясының, Инвестицияға кепілдік беретін көп-жақты агенттіктің, Инвестициялық таластарды шешу жөніндегі халықаралық орталықтың, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мүшесі болды.

Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты, сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймақтық біртұтастығын құрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап, біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты.

Көптеген себептерге байланысты Орталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие.

Себебі Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында ipi трансұлттық корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие.

Қазақстан Республикасы Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең ipi мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің мемлекет аймақтағы көшбасшылыққа ие. Осы ретте еліміздің болашақта даму мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек. Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруға бағытталып отыр. Бұл тұрғыда 2006-2007 жылдары аталмыш мемлекеттермен және аймақтармен екі жақты байланыс едәуір алға басты.

Ел мүддeciнe қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың басшылығымен Вашингтон, Мәскеу, Брюссель, Лондон, Тегеран, және т.б. мемлекеттердің астаналарына ресми сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде.Осылайша мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары мен көршілес ТМД мемлекеттepi арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады.

Қытай. Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 3 қаңтарда орнатылған.

Бүгінгі таңда Қазақстан-Қытай қатынастары қол жеткізілген келісімдерді жүйелі негізде жүзеге асырумен ерекшеленеді. ҚР мен ҚХР арасындағы стратегиялық әріптестіктің ұзақ мерзімді әрі тұрақты дамуын Стратегиялық әріптестікті орнату және дамыту туралы бірлескен декларациясы (2005 жылғы 4 шілде), Тату көршілік, достық пен ынтымақтастық туралы шарт (2002 жылғы 23 желтоқсан), 2003-2008 жылдардағы ынтымақтастық бағдарламасы (2003 жылғы 3 маусым) және Ынтымақтастық комитеті (2004 жылғы 2 шілдеде құрылған) қамтамасыз етуде.

Екі жақты ынтымақтастықтың негізгі саяси жетістіктерінің ішінде Қытайдың Қазақстанға қауіпсіздік саласында кепілдік беруін (1995 жылғы ақпан), шекара мәселесінің толық шешілуін, трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылуын (2001 жылғы 12 қыркүйек) атап өтуғе болады.

Қазақстан мен Қытай. Шанхай ынтымақтастық ұйымының шеңберінде берік байланыстар орнатқан. Қытай Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары бойынша. кеңесті шақыру процесін қолдайды.

Бүгінгі таңда екі жақты қатынастардың барлық бағыттарын ілгерілетуде сауда-экономикалық ынтымақтастық жетекші рөл ойнайды. Қытай Әлемнің ірі сауда державалары ішінде Қазақстанды Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшелігіне қабылдау туралы екі жақты келіссөздерді ең бірінші болып аяқтады.

Қазіргі кезде Қазақстан ҚХР-дың сыртқы саудасында өзара тауар айналымының көлемі жағынан Орталық Азия және Шығыс Европа елдері ішінде Ресейден кейінгі екінші орынды берік ұстауда. 2005 жылы екі жақты сауданың көлемі 51 пайызға өсіп, 6,8.1 млрд. долларға жетті, Алға қойылған мақсат - осы көрсеткішті 2010 жылға дейін 10 млрд. долларға жеткізу.

Жақында қолданысқа енгізілген Атасу-Алашанькоу мұнай құбыры маңызды стратегиялық мағынаға ие, ол Қазақстанға мұнай экспортының бағыттарын әртараптандыруға мүмкіндік берумен қатар, ҚР-дың транзиттік әлеуетін де толығырақ пайдалануға жол ашады.

Екі жақты ынтымақтастықтың көлік саласы да қарқынды дамуда. Достық-Алашанькоу теміржол өткелімен өтетін жүк айналымы 2005 жылы 20 пайызға өсіп, 11 млн. тоннаға жетті. 2006 жылы бұл көрсеткішті 14 млн, тоннаға жеткізу жоспарланған.

Бүгінгі таңда екі ел арасындағы ынтымақтастық жаңа сапалы белеске көтеріліп, шикізаттан тыс салалардағы әрекеттестікке бағыт алуда. 2005 жылғы шілдеде қол қойылған ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі мен. ҚХР Ақпараттық өнеркәсіп министрлігі арасындағы. ынтымақтастық туралы меморандум және «Қазнұртел» компаниясы мен Қытайдың даму банкі арасындағы СБМА450 жүйесін құру жобасын несиелеу туралы келісім бүл саладағы маңызды оқиға болды. Сонымен қатар, ҚР-да жылу электрстанциясы мен Қазақстан-Қытай электрэнергия өткізу жолдарын салу бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыруға бағытталған жұмыстар жүргізілуде. Қытайлық тарап Мойнақ ГЭС-ін салу жобасына белсенді қатысуда.

Трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау жөніңдегі бірлескен комиссия шеңберінде ынтымақтастықтың құқықтық базасын нығайту жұмыстары жалғасуда. Бұл жұмыстың нәтижесінде трансшекаралық өзендердегі табиғи апаттар кезінде тараптарға өзара жедел хабарлау туралы келісімге қол қойылды (2005 жылғы шілде).

Мәдени-гуманитарлық саладағы байланыстардың маңызды оқиғаларының арасында Абайдың 150 жылдығын тойлауға байланысты Пекинде өткізілген салтанатты іс-шараларды (1995 жыл), Қазақстанның Қытайдағы Мәдениет күндерін (2001 жыл), Қытайдың Қазақстандағы Мәдениет күндерін (2002 жыл), Алматыда ұйымдастырылған Қытайдың ғылыми-техникалық көрмесін (2002 жыл), Алматының Шанхайдағы мәдениет күндерін (2004 жыл), Шанхайдың Алматыдағы мәдениет күндерін (2005 жыл) атап өтуге болады. Екі тарап 2006 жылы Қазақстанда Қытайдың мәдениет күндерін, ал 2007 жылы Қытайда Қазақстанның мәдениет күндерін өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Қазіргі кезде екі елде мәдени орталықтар, бірлескен технопарк құру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Қазақстан және Қытай арасындагы үкіметаралық келісімнің негізінде жыл сайын студенттер алмасу жүзеге асырылуда, Екі ел жоғары оқу орындары арасында тікелей байланыс орнатылды. Қазіргі кезде Қытайға әртүрлі оқу арналарымен келіп, білім алып жатқан қазақстандық студенттердің жалпы саны 500-ден асты.

Жапония. 1991 жылдың 28 желтоқсанында Жапония Қазақстанның тәуелсіздігін мойындады.

1992 жылдың 26 қаңтарында дипломатиялық қатынастар орнатылды. 1997 жылдың ақпан айынан бастап Токиода Қазақстанның Елшілігі ашылды. Жапония Елшілігі Қазақстанда 1993 жылдан бастап ашылды.

Президент Н.Ә.Назарбаевтың 1994 жылдың 6-7 сәуір айында және 1999 жылдың 5-8 желтоқсан айында Жапонияға жасаған сапары екі жақты қатынастардың негізі болды. Бірінші сапары аясында Кеңес Одағы мен Жапония арасындағы келісімдерді мойындау туралы ноталар алмасылып бірлескен мәлімдеме жасалды. Екінші сапар барысында достастық, серіктестік және ынтымақтастық туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойылды.

Орта Азия елдерімен ынтымақтастықты тереңдету мақсатында Жапонияның Премьер-министрі Р.Хашимото 1997 жылы «Жібек жолы дипломатиясы» атты Жапонияның сыртқы саясат тұжырымдамасын белгілеп, Орта Азиямен саяси диалог, экономикалық ынтымақтастық және аймақта бейбітшілікті нығайту сияқты үш басым бағытты бекітті.

2002 жылдың желтоқсан айында ҚР Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қ.Тоқаевтың Жапонияға мемлекеттік сапары жүзеге асты. Сапар барысында Жапония тарапынан адам ресурстарын дамыту, әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту және экологиялық проблемаларды шешу жағынан көмек көрсететініні жөнінде келісімге қол жеткізді.

2004 жылдың тамыз айында Жапонияның Сыртқы істер министрі Й.Кавагучидің Қазақстанға сапары кезінде жаңа келісімдерге қол жеткізілді.
Сыртқы саясат ведомство басшылары барлық салада өзара ықпалдастықты нығайту, Қазақстанға Жапонияның тікелей инвестициясын еліміздің экономикасына құю секілді мәселелер бойынша уағдаласты.

Осы сапар аясында жапон тарапының ынтасымен Орталық Азия елдерімен интеграцияға ықпал ету және аймақтағы елдермен екі жақты қатынастарды дамыту мақсатында «Орталық Азия+Жапония» диалогының бірінші министрлер кездесуі өтті. Сонымен қатар, Токионың Орта Азияға деген қызығушылығы энергетикалық бәсекелестігімен де айқынданады. «Орталық Азия+Жапония» диалогының екінші министрлер кездесуі ү.ж. 5 маусымда Токио да өтті.

2005 жылдың 13-16 маусымда ҚР Премьер-министрі Д.Ахметовтың ЭКСПО-2005 көрмесі аясында сапары іске асырылды.

Халықаралық кауіпсіздік мәселелері бойынша елдеріміздің ұстанымдары ортақ және жақын. Жапония Қазақстанның Ядролық қаруды таратпау туралы келісімге кіргенін қолдады және Астананың халықаралық және аймақтық ұйымдарға кіру секілді интеграциялық ынтасын оң бағалайды. Қазақстан Республикасы Жапонияның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне кіру жөніндегі ұстанымын қолдайды.

Жапониямен экономикалық ынтымақтастық Жапонияның Дамуға ресми көмек (ДРК) бағдарламасы аясында дамуда. Жапонияның Қазақстанға көрсеткен бүгінге дейін ДРК көлемі 102,1 млрд. иенді (шамамен 1 млрд. долл.), оның ішінде ұзақ мерзімді несиесі - 88,8 млрд. иенді (шамамен 880 млрд. долл.), техникалық ынтымақтастық бойынша – 8,7 млрд. иенді (шамамен 87 млрд. долл.) және гуманитарлық көмек - 496 млрд. иенді (шамамен 46 млрд. долл.) құрады. Жапонияның халықаралық ынтамақтастық банкі арқылы келесі жобаларды іске асыруға несие болінді:

- темір жол транспортын жақсарту

- Ертіс өзенінің үстінен өтетін көпір құрылысы

- Астана халықаралық әуежайының реконструкциясы

- Батыс Қазақстан облысының транспорттық желісінің реконструкциясы

- Астана қаласының су құбырларын жақсарту.

Сауда айналымының статистикалық көрсеткіші өсуде. 2005 жылы екі ел арасындағы сауда айналымы 513,5 млн. долларға жетіп, оның ішінде экспорт -178,5 млн. доллар, импорт - 335 млн. долларды құрады. Экспортқа шығарылатын басты заттар - ферросплавтар, мырыш, сирек кездесетін металлдар, ал Жапониядан автомобильдер, оған қосалқы бөлшектер, электрожабдықтар мен техника импортталады.

Сауда-экономикалық қатынастарды дамыту мақсатында 1993 жылдан бастап Қазақстан-Жапония және Жапония-Қазақстан экономикалық комитеттері құрылған. 2006 жылдың 2 мамырында Астана қаласында аталмыш комитеттердің 8-ші отырысы өтті. Жапонияның мұнай компаниялары келесі энергетикалық жобаларға қатысуда.

· Каспий теңізінің қазақстандық бөлігін игеру жобалары

· Геологиялық барлау жобасы

· Орал теплоэнергетикалық станциясын модернизациялау жобасы.

Жапон Үкіметі Қазақстанға Жапонияның халықаралық ынтымақтастық

агенттігі арқылы 500 мың доллар көлемінде қайтарылымсыз мәдени гранттар берді.

Жапония Семей аймағы бойынша БҰҰ резолюциясының тең авторы болып, 1999 жылы Семей ядролық полигоны туралы халықаралық конференцияның Токиода өтуіне ықпал етті.

1998 жылдан бастап Қазақстан территориясындағы ядролық сынақ апаттарын бірлесіп зерттелуде.

2000 жылы Токиолық «Тама» зоопаркіне Қазақстандық барс сыйға тартылды. 2002 жылы Астана қаласының жедел жәрдемін қолдау жобасын іске асыру мақсатында Жапония Үкіметі 454 млн. иен көлемінде грант бөлді.Токиода және Жапонияның басқа да қалаларында қазақстандық әртістер мен музыканттар өз өнерлерін көрсетіп тұрады.

Үндістан. Дипломатиялық қатынастар 1992 ж. 22 ақпанда орнатылды. 1993 ж. қарашада Қазақстан Республикасының Елшілігі Делиде ашылды. Үндістандағы ҚР Елшісі Қайрат Ермекұлы Омаров (2004 ж., қыркүйек). 1992 ж. мамырда Үндістан Республикасының Елшілігі Алматыда ашылды. Қазақстандағы ҮР Елшісі Ашок Кумар Мукерджи (2005 ж., ақпан). Астанада ҮР Елшілігінің өкілдігі жұмыс істеуде.

1992 ж. ақпанда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Үндістанға бірінші ресми сапары барысында Мемлекетаралық қатынастардың негізгі қағидалары мен бағыттары жөнінде декларацияға, Дипломатиялық қатынастарды орнату жөнінде протоколға, сауда-экономика, ғылым және технология, мәдениет, өнер, білім, ақпарат және спорт салаларында қарым-қатынастар жөніндегі келісім шарттарға қол қойылды.

Премьер-министрдің (1993 ж. мамыр) және Үндістан Вице-президентінің (1996 ж. қыркүйек) Қазақстанга ресми сапарлар барысында техникалық ынтымақтастық, мәдени алмасу, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, өнеркәсіптік және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық бірлескен комиссия (ҮБК) құру жөнінде келісімдерге қол қойылды.

1999 ж. желтоқсанда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев екінші мәрте ресмисапармен Үндістанда болды. Қосалқы салықты болдырмау конвенциясына, Ынталандыру және өзара инвестицияларды қорғау жөніндегі келісім шартқа, Қазақстанның Үндістандағы және Үндістанның Қазақстандағы мәдени
күндерін өткізу жөніндегі өзара түсіністік меморандумына қол қойылды.

2002 ж. 11-15 ақпанда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Үндістанға ресми сапары өтті. Сапардың қорытындылары бойынша Қазақстан-Үндістан бірлескен декларациясына қол қойылды. Сонымен қатар сапар барысында ҮБК кезекті 4-ші мәжілісі өткізілді.

2002 ж. шілдеде Үндістан Республикасының Премьер-министрі А.Б.Ваджпаи Қазақстан Республикасында ресми сапармен болды, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) бірінші мәжілісіне қатысты.

Үндістан АӨСІПК үрдісіне қатысады және оны қолдайды. 2004 жылғы 22 қазанда АӨСІПК министрлік кездесуіне ҮР Сыртқы істер министрі Н.Сингх қатысты. Алматыда 2006 ж. 17 маусымда өткен АӨІСШК 2-ші Саммитіне ҮР Мұнай және табиғи газ министрі М.Деора қатысты.

Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, өнеркәсіптік және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық бірлескен комиссия (ҮБК) әртүрлі салаларда екі жақты ынтымақтастықты дамытып, тереңдетудің маңызды құралына айналды. Осыған дейін аталған Комиссияның бес отырысы өткізілді. 2006 ж. бастап Қазақстан тарапынан ҮБК тең төрағасы – Энергетика және минералдық ресурстар министрі Бізмүхамбетов, ал үнді тарапынан - Мұнай және табиғи газ министрі М.Деора.

2005 ж. тауар айналымы 120 млн. АҚШ долларына жеткен (2004 ж. - 96,5 млн), оның ішінде қазақ экспорта екі есеге өсіп, 19,5 млн. АҚШ долларын қүрады (2004 ж. - 10,5 млн. доллар), ал осы мерзімдегі импорт 100,5 млн. долларға тең (2004 ж. - 86 млн. доллар).

Қазақстан Үндістанға тұз, күкірт, әк пен цемент, былғары шикізаты мен қара металдарды экспортқа жібереді, және кофе, шай, темекі, органикалық химиялық қоспалар, дәрі-дәрмектер, пластмасса және одан шыққан заттарды, каучук, резеңкеден жасалған жабдықтар мен механикалық жабдықтарды және электр машиналарын импорттайды. Қазақстан экономикасына тартылған үнді инвестициялар көлемі 13,2 млн. АҚШ долларын құрайды.

Үндістанда Қазақстанның «Фирма «ТВЛ» және «Казстройсервис» компаниялары жұмыс істейді.

Қазақстанда «NIIT», «3-і Infotech», «Larsen and Тоubго», «Mittal Steel», «ONGC Videsh», «Punjab national Bank» және т.б. компаниялар жұмыс істеп отыр.

Қазақстан-Үндістан үкіметаралық комиссия шеңберінде екі жақты Ғылым және технология жөніндегі кіші комитет әрекет етеді. Осыдан дейін оның үш отырысы өтті.

Қазақстандық мамандар ҮР техникалық және экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы (ІТЕС) бойынша алдыңғы қатарлы үнді жоғарғы оқу орындарында менеджмент, экономика, қаржы, ауылшаруашылығы, өнеркәсіп, энергетика, су ресурстарын басқару, БАҚ және компьютер технологиясы салаларында білім алып, біліктілігін жоғарылатуда.

Екі мемлекет арасында сарапшылар топтарының қарым-қатынастары дамып келеді. ҚР Президенті жанындағы Қорғаныс зерттеулері институты мен Үндістан - Орталық Азия қоры (ҮОАФ) арасында өзара түсіністік меморандумына қол қойылды. ҚазҰУ-де Халықаралық департаменті Дж.Неру атындағы университеттің Орта Азияны зерттеу орталығы мен ҮОАФ-пен озара түсіністік меморандумын жасасты.

Корея. Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 28 қаңтарда орнатылды. Қазақстанның Сеулдегі Елшілігі 1996 жылы ашылды. Қазақстан Республикасының Кореядағы Елшісі Д.Бақышев (2006 жыл, маусым).

Оңтүстік Кореяның Алматыдағы Елшілігі 1993 жылы ашылды. Еліпі Ким Иль Су ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевқа сенім грамотасын 2005 жылғы қыркүйекте тапсырды.

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Корея. Республикасында 1995 және 2003 жылдары екі рет сапармен болды. 2004 жылы Президент Ho My Хён Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді.

Парламентаралық ынтымақтаетықты қосқандағы жоғары деңгейде делегациялар алмасуы белсенді отуде. ҚР Парламенті палаталарының төрағалары мен Ұлттық Ассамблея спикерлері ұдайы сапар алмасуда.

Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесінің мүше-мемлекеттері басшыларының екінші саммиті барысында Сеул аталған форумның толыққанды мүшесі мәртебесіне ие болды.

Екі жақты қатынастардың құқықтық негізі кеңеюде.

2005 жылы екі жақты сауда айналымы - 514 млн. доллар, экспорт - 242 млн. доллар, Оңтүстік Кореядан түскен импорт 272 млн. долларды құраған. Қазақстандық экспорттың негізгі түрлері пшкізат материалдары болып табылады. Импорт құрамында электроника, машина жасау саласы өнімдері мен құрал-жабдықтар басым.

Соңғы 12 жыл ішінде Оңтүстік Корея Қазақстан экономикасына 2млрд. доллардан аса инвестиция салды. Қазақстанда корей капиталының қатысуымен 110 компания тіркелген. Экономикалық өзара қарым-қатынастың дамуында сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық бойынша үкіметаралық комиссиясы маңызды рөл атқаруда.

2005 жылы Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі бойынша екі жақты келіссөздер сәтті аяқталды.

Қазақстан мен Корея арасындағы энергетика және минералды ресурстар саласындағы ынтымақтастық қарқынды дамуда. ҚР-дағы кен орындарын зерттеу бойынша корей Консорциумының құрамына 5 компания кіреді.

2005 жылғы желтоқсанда Каннам университетінде Қазақтың Мемлекеттік Үлттық Әл-Фараби атындағы университетімен Қызылорда. Мемлекеттік Қорқыт Ата атындағы университетінің қолғабысымен «Қазақстантану» бөлімі ашылды.

Корея Республикасьшда Қазақстанның 3 мыңнан астам азаматы уақытша тұруда. Олардын көбісі шағын және орта кәсіпорындарда жұмыс істейді. Кореяда қазақстандық 35 студент дәріс алуда.

Сингапур. Қазақстан Республикасы мен Сингапур Республикасы арасындагы дипломатиялық қатынастар 1993 жылы 30 наурызда орнатылды.

1991 жылы Алматы қаласына Сингапур Үкіметінің аға министрі Ли Куан Ю сапармен келіп қайтты. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Сингапурға 1996 ж. 29-31 мамыр күндері және 2003 ж. 6-10 қараша күндері екі ресми сапар шекті. 1994, 1996 және 2004 жылдары Қазақстан Республикасының Сыртқы істер Министрі Қ.К.Тоқаев Сингапурда жұмыс сапарымен болды.

2003 ж. маусымында және 2006 ж. маусымында Сингапур Республикасының Сыртқы істер министрі Дж. Ёо Қазақстанда жұмыс сапарымен болды.

2003 ж. қараша айында Сингапур Республикасында Қазақстан Республикасының Дипломатиялық миссиясы ашылды.

Сингапур Республикасының Қазақстандағы Елшісі (резиденциясы Сингапурде) - Сим Чеок Лим (1999 ж. наурыз айынан).

ҚР-ның Сингапурдағы Сенімді өкілі - Ә.Тұрсынов (2004 ж. шілде айынан).

Сингапур Республикасының Қазақстандағы Құрметті Консулы - «Халық банкі» АҚ-ның басқарма төрагасы Г.Марченко (2006 ж. маусым айынан).

Тараптар өзара сыртқы саяси бастамаларды қолдайды. 2006 ж. 17 маусымда Алматы қаласында өткен АӨСШК екінші саммитіне Сингапурдың Қазақстан Республикасындағы Елшісі Сим Чеок Лим қатысты. Қазақстан Республикасының делегациясы Сингапур Үкіметі бастаушы болып келген Азиялық Диалог - Таяу Шығыс инаугурациялық саммитіне (Сингапур, 2005 ж. 21-22 маусым) қатысты.

Сингапур Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының ДСҰ-га және ОШАМҚ-ның аумақтық қауіпсіздік жөніндегі Форумына сұранымына жалпы оң қарайды.

Халықаралық өзекті мәселелер бойынша екі елдің ұстанымдары жақын.

ҚР Статистикалық агенттігінің мәліметі бойынша 2005 жылы Қазақстан мен Сингапур арасындағы тауар айналымының көлемі 34,4 млн, АҚШ долларын құрады. 2004 ж. жылға қарағанда (18,6 млн. АҚШ. доллары), бұл көрсеткіш 84,9 пайызга асып түскен.

Екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың дамуына ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Сингапурға 2003 ж. сапары тың серпін берді. Сапар қорытындысында біздің елімізде бірнеше сингапурлық компаниялар өз қызметін бастады («Кеппел Оффшор энд Марин», «Джуронг Консалтэнтс», т.б.), «Қазақстан Инжиниринг» ҰК және «Сингапур Текнолоджис Инжиниринг» компаниялар тобының арасында «Каз-СТ Инжиниринг Бастау» бірлескен кәсіпорны ашылды.

Сингапурдың «Ди-Эс Мультимедиа» компанйясы, ҚР Ұлттық инновациялық қоры және қазақстандық «Глотур» компаниясы арасында Қазақстанда телевизорлар және басқа телеаппаратура шыгару бірлескен кәсіпорнын ашу жөнінде келісілді. ҚР ККМ және «Сингапур Текнолоджис Инжиниринг» компаниясы арасында Астанада батыста шыгарылган әуе кемелеріне қызмет ету сервистік орталығын щру жөнінде келіссөздер жүргізіліп жатыр. «Темасек Холдингз» корпорациясы және Сингапур Үкіметінің инвестициялық корпорациясы, «Сингапурдың «Чанги» әуежайы» кәсіпорны, «Сингапур Телеком», «Сингапур Эйрлайнс Карго» және «Кримсон Лоджик» компанияларымен әртүрлі жобалар жүргізілуде.

2003-2005 жылдар арасында Қазақстанға Сингапурдың 3 сауда миссиясы ұйымдастырылған болатын. Осы мезгіл. ішінде Қазақстан Республикасының министрліктері және мекеме басшылары басқарған делегацияларының бірнеше сапарлары өткізілді.

Қазіргі уақытта біздің елімізде 30-дан аса сингапурлік және қазақстан-сингапур бірлескен компаниялары тіркелген.

Қазіргі уақытта тараптар арасында Қазақстан Республикасы Үкіметі және Сингапур Республикасы Үкіметі арасында әуе қатынасы туралы келісім (ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 1996 ж. 29-31 мамырдағы Сингапурге сапары кезінде қол қойылған) және ҚР Индустрия және сауда министрлігі және CP Индустрия және сауда министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы келісім (ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 2003 ж. 6-10 қарашадағы Сингапурге сапары барысында қол қойылған) бар.

2005 ж. тамыз айында Қазақстан Рсепубликасының Сауда Палатасы және Сингапурдың бизнес-федерациясы арасында өзара түсіністік Меморандумына қол қойылды.

Малайзия. Қазақстан мен Малайзия арасындағы диломатиялық қатынастар 1992 жылдың 12 наурызында орнатылды.

1996 жылдан бері Куала-Лумпур қаласында Қазақстан Республикасының Елшілігі өз қызметін атқаруда.

Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Елшісі Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді (2004 жыл, қыркүйек).

Малайзияның Елшілігі Қазақстанда 1996 жылдың желтоқсан айында ашылды.

Малайзияның Қазақстандағы Елшісі Тан Тай Хин (2004 жыл, маусым).

1992 жылдың наурыз айында Қазақстанға Малайзияның Сыртқы істер министрі Абдұлла Ахмад Бадауи сапармен келген болатын (қазіргі таңда Премьер-министр).

1996 жылғы 25-29 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Малайзияға ресми сапары болып өтті. Сапардың нәтижесінде екі ел арасындағы сауда ынтымақтастық туралы; инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы; экономикалық, ғылыми және техникалық ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімдерге қол қойылды.

1996 жылдың 18-20 шілдеде Малайзияның Премьер-министрі М.Мохамад Қазақстанға сапар шекті. Сапардың нәтижесі бойынша әуе жолдары туралы және Ұлттық Банктер арасындағы ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылуымен қатар Бірлескен мәлімдеме қабылданды.

2003 жылғы 11-14 қыркүйекте Малайзияның жоғарғы басшысы Янг ди-Пертуан Агонг XII Туанку Саид Сираджуддин Қазақстанда мемлекеттік сапармен болды. Малайзия королі мемлекет басшылығымен келіссөздер өткізді. Королге Еуразиялық Ұлттық Л.Н.Гумилев атындағы университетінің құрметті профессоры атағы берілді. Сапардың нәтижесінде тараптар Бірлескен коммюнике қабылдады.

Негізгі әдебиеттер: 1, 3, 8, 9, 10, 14, 15, 18, 19, 22, 25, 29, 30.

Қосымша әдебиеттер: 29, 31, 33, 35, 36, 37, 38, 40, 42, 43, 44, 45, 46, 49, 52, 56.

Дәріс №4. Қазақстан Республикасының ислам әлемі және түрік тілдес елдері халықаралық ұйымдарымен ынтымақтастығы.

Түркия мен Қазақстан арасындағы ресми байланыс 1990 жылдың желтоқсанында орнатылды. Мәдениет министрі Намык Кемал Зейбек пен Қазақ мемлекеттік мәдениет комитеті арасында екі ел арасында білім беру жүйесінде, ғылыми жобалар жасау, мамандар мен ғалымдармен тәжірибе алмасу, ортақ мәдени шаралар жүргізу ісі жөнінде келісімге қол қойылды. Бұл келісім ұзақ уақыт бойы үзіліп қалған мәдени байланысты қайта жандандырды. 1991 жылдың 31 қаңтарында Қазақ мемлекеттік мәдениет комитетінің басшысының Түркияға келуі және осы жылдың 14 ақпанында Денсаулық министрінің ынтымақтастық келісімге қол қоюы екі ел арасындағы мәдени қатынастарды нығайта түсті. Қазақстан тәуелсіздік алмастан бұрын Түркияның мемлекет басшысы Тұрғыт Өзалдың 15 наурызда Қазақстанға ресми сапары және «Қазақ Совет Социалистік Республикасы мен Түркия Республикасының қарым-қатынасы туралы» келісімшартқа отыруы қазақ-түрік қарым-қатынастарының достық бағытта одан әрі дамуына, нығая түсуіне алып келді. Бұл келісімшарт екі ел арасындағы мәдени байланыстардың кеңеюіне және елшіліктер ашуына жол ашты. Тұрғыт Өзалдың бұл сапары түрік қоғамына Қазақстанды жаңа қырынан танытуға жол ашты. Түркияның мерзімді басылымдары Қазақстан мен Түркияның арасындағы болашақтағы байланыстар туралы ашық жазып, Қазақстан президенті Н.Ә. Назарбаевтың Түркияға ресми түрде шақырылғандығы басылды. Негізінде бұл кездесуде Тұрғыт Өзал Нұрсұлтан Назарбаевпен Түркияның нарықтық экономикаға өтудегі тәжірибелері, тұрақты валюта курсын бекітудегі ұсыныстарымен бөлісіп, болашақтағы түрік кәсіпкерлері үшін Қазақстанның лайықты инвестиция шарттарын қамтамасыз ету мәселелері жөнінде сұхбаттасты. Тұрғыт Өзал журналистерге берген сұхбатында Түркия мен Қазақстан арасындағы байланыстар одан әрі нығая түсетіндігін айтты. «Тержуман» газеті Тұрғыт Өзалдың Қазақстан мен Әзірбайжанға келесі сапарға барудағы ниеті осы екі мемлекет халықтары мен Түркия арасында тарихи қатынастардан туындаған тілек деп тұжырымдады. Газеттің былай тұжырымдауы Қазақстан Сыртқы істер министрі Ақмарал Арыстанбекованың «Өзалдың бұл сапарының Қазақстан мен Түркия халықтары арасындағы қаты-настардың дамуы тұрғысынан тарихи мәні бар және екі жақты қатынастар барлық салада дамитын кезеңге аяқ бастық» деуі мен Қазақстан Мәдениет министрі Қанат Саудабаевтың «Тіліміз, дініміз, мәдениетіміз, тарихымыз бір. Біраз уақыт олардан ажырап қалдық, енді қайтадан қауышамыз» деген сөздеріне назар аударғандықтан болды. Президент сапарына қатысқан тілшілер де алған әсерлерін оқырмандармен бөлісті. 1991 жылы 25 қыркүйегінде Н. Назарбаев Түркияға ресми сапармен келді. Түркия президенті Тұрғыт Өзал Қазақстан президентін әуежайдан тікелей өзі қарсы алуы екі елдің арасындағы достықтың нышаны болды. Соңғы жылдар аралығында да Қазақстан мен Түркия арасындағы саяси және сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық қарым-қатынас жоғары деңгейде дамып келеді. ҚР Президенті Н. Назарбаевтың 2009 жылғы 21-23 қазандағы Түркияға ресми сапары барысында Қазақстан мен Түркия арасындағы Стратегиялық әріптестік туралы шартқа қол қойылды. Мәжіліс Төрағасы Қазақстан-түрік қатынастары сапалық жаңа мазмұнға ие болғандығын және Қазақстан мен Түркия арасындағы Стратегиялық әріптестік туралы шарттың жасалуы екі жақты ынты-мақтастықты дамытуда жаңа кезең болып табылатынын атап өтті. Қазақстан мен Түркияның халықаралық мәселелерде де көзқарастары бір жерден шығып келеді. Екі елдің стратегиялық ынтымақтастығы жаңадан құрылған Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық Кеңесі (Түркі Кеңесі), АӨСШК, ТМЫК, ЕҚЫҰ, БҰҰ, ЭЫҰ, ИКҰ шеңберлеріндегі белсенді ықпалдастық елдеріміз арасындағы қарым-қатынастар ауқымын кеңейтуге негіз бо-лып отыр. Бұл біздің халықтарымыздың тарихи, мәдени, діни-этникалық жақындығымен қатар, мемлекеттеріміздің мұсылман және түркі әлемдеріндегі жоғары беделі, аймақтық және әлемдік саясат үрдістеріндегі атқарып отырған маңызды рөлдеріне байланысты.

2010 жылы Қазақстан түркі тілдес және мұсылман елдері арасында бірінші болып ЕҚЫҰ-ға төрағалық етті және осы беделді ұйымның Саммитін өткізді. Қазақстан Реапубликасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша 2010 жылы Астана қаласында Түркі Академиясы - түркі өркениетінің тарихы мен мәдениетін зерттеумен айналысатын халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы ашылғаны мәлім. Жұмысының алғашқы жылын тәмәмдайын деп отырған Академия, келешекте, халықтарымыздың интеллектуалды тұрғыда жақындасуына, тарих са-ласындағы тәжірибемен және мамандармен алмасу үрдістерін үйлестіруге бағытталған. Осы орайда, Қазақстан, барлық тараптарды түркология саласындағы туындылар, ғылыми еңбектер және басқа да материалдардан тұратын Академия қорын жасақтауда белсенді қадамдарға шақырады. Мәжіліс Төрағасы: «2010 жылғы 7 желтоқсанда Елордамыз-да Түркітілдес мемлекеттер Ақсақалдар Кеңесінің бірінші отырысы өтті. 2012 жылы Астана Түркі әлемінің елордасы деп белгіленіп отыр. Мұның бәрі осыдан 20 жыл бұрын үш ұйықтасақ та түсімізге кірмейтін жайт еді. Бұл - Кеңес одағы құрамындағы түркі тілдес республикалардың егемендік алуының нәтижесі. Және де біздің бауырларымыз Түрік мемлекетінің КСРО құрамынан шығып, тәуелсіздігін алған түркі тілдес мемлекеттерге достық, бауыр-ластық қол ұшын беруінің нәтижесі»,- деп ойын қорытты. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы экономикалық дағдарыс кезінде де түрік іскерлер Қазақстан экономикасының аяқтан тік тұрып кетуіне елеулі үлес қосты. Бүгінде Қазақстанда мыңнан астам түрік компаниялары жұмыс істейді. Сонымен бірге, Түркия Республикасы Қазақстанға инвестиция салған елдердің алғашқы бестігіне кіреді. Қазба байлықтарға ғана инвес-тиция салушы өзге мемлекеттерге қарағанда түрік инвесторла-ры экономиканың барлық салаларына инвестиция салуымен ерекшеленеді. Соңғы жылдары қазақ кәсіпкерлері де қарап қалмай Түркия экономикасына инвестиция құя бастады. 2012 жылғы екі елдің жылдық тауар айналымы 4 млрд астам АҚШ долларын құрады. Мемлекет басшылары алдағы уақытта бұл көрсеткішті еселей түсуді жоспарлап отыр. Қазақстан басшысы елдің тәуелсіздікті ала салысымен Түркістан қаласынан Университет ашуға жарлыққа қол қойған еді.

1991 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев пен Түркия Республикасының Премьер министрі С. Демирелдің екі жақты келісімінің арқасында Түркістан Университетінің аты Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университеті болып өзгертіліп, қайта құрылды. Бұндағы мақсат күллі түркі әлемінің темірқазығы саналатын Түркістаннан университет ашу арқылы түркі халықтарының интеграциясын арттыру болатын. Бүгінде аталмыш оқу орнында 30-ға тарта түркі тектес елдердің ұл-қыздары оқып білім алады. 1992 жылдан бері елімізде қазақ-түрік лицейлері жұмыс істеп келеді. Бұл лицейлер орта оқу орындарына білім берудің соңғы жетілген технологиясымен жұмыс істеуімен ерекшеленеді. Бүгінге дейін еліміздегі халықаралық олимпиада жүлдегерлері санының 70 пайызы осы лицей түлектерінің еншісінде. Бұдан басқа Алматыда Сүлеймен Демирел атындағы университет және Шет тілі және іскерлік карьерасы университеті жұмыс істейді. Түркі халықтарының мәдени ықпалдастығын арттыру мақсатында 1993 жылы Алматыда алты бірдей түрік мемлекетінің басшылары (Түрік Республикасы, Қазақстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Әзірбайжан және Өзбекстанның) «ТҮРКСОЙ» ұйымын құруға шешім қабылдаған болатын. Алайда, сол жылдардағы саяси, экономикалық себептерге байланысты бұл ұйым көздеген мақсатқа сай жұмыс істей алмады. Дегенмен, біртіндеп ТҮРКСОЙ-дың аясы кеңіп, бұл ұйымға Татарстан, Башкұртстан, Солтүстік Кипр, Хакасия, Гагауз, Тыва мемлекеттері мүше болды. Әсіресе, соңғы екі-үш жылда ТҮРКСОЙ-дың бойына қан жүгіріп, көптеген мәдени игі шаралардың ойдағыдай атқарылуына мұрындық болды. Штаб-пәтері Анкарада орналасқан аталмыш ұйымның жұмысын одан ары қарай жетілдіруде Қазақстан мен Түркия мемлекеттерінің алатын орны ерекше.

Иран. Қазақстан мен Иран арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 29 қаңтарда орнатылды.

Қазақстанның Иран Ислам Республикасындағы (ИИР) Елшілігі 1993 жылдан бері жүмыс істейді.

Қазақстанның ИИР-дағы Елшісі Е.Өтембаев (2006 жыл, сәуір).

Иранның Қазақстан Республикасындағы Елшілігі 1992 жылы ашылды. ҚР-дағы Иран Елшісі Р.Мехманпараст (2005 жыл, мамыр).

Екі жақты қатынастардың негізін қалаған бірқатар ресми кездесулер жүзеге асырылды: ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Иранға сапарлары (1992 ж. қараша, 1996 ж. мамыр, 1999 ж. қазан), ИИР Президенті А.Хашеми Рафсанджанидің Қазақстанга сапары (1993 ж. қазан), ИИР Президент! М.Хатамидің Алматыда өткен Экономикалық ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысуы (1998 ж. мамыр), Президент М.Хатамидің Қазақстанға сапары (2002 ж. сәуір), ИИР-дің Бірінші Вице-Президенті Х.Хабибидің Алматыдағы Еуразия экономикалық саммитінің жұмысына (2000, 2002 жылдар), ИИР-дің Бірінші Вице-Президенті Р.Арефтің Шанхай ынтымақтастығы ұйымына қатысушы елдер басшыларының Астанадағы саммитіне қатысуы (2005 ж.), ИИР-дің Сыртқы істер министрі М.Моттакидің Қазақстанға сапары (2006 ж, қаңтар), ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Н.Әбіқаев және Сыртқы істер министрі Қ.Тоқаевтың Иранға сапары (2006 ж, маусым).

Қазақстан және Иран арасындағы тауар айналымының көлемі 2005 жылға 900,9 млн. АҚШ. долларын құрады. Оның 886,1 млн. АҚШ доллары - экспорт, 14,8 млн. АКШ доллары - импорт.

Өзара сапарлар барысында қол қойылған 60-тан астам мемлекетаралық, үкіметаралық және ведомствоаралық келісімдер мен құжаттар екі жақты қатынастар дамуының негізін қалады.

Сауд Арабиясы Корольдігі. Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Корольдігі (САК) арасындағы дипломатиялық қатынастар 1994 жылғы 30 сәуірде орнатылды.

1996 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясындағы Елшілігі ашылды, 1997 жылдың наурыз айында Алматыда Сауд Арабиясының Елшілігі ашылды.

ҚР мен САК арасында өзара тиімді ынтымақтастықтың негізі ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1994 жылы Корольдікке ресми сапары барысында қаланды.

Екі ел басшыларының арасындағы достық қатынастардың одан әрі нығаюына ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2004 жылдың 2-6 наурыз кезеңінде өткен екінші ресми сапары өз септігін тигізді.

Сауд Арабиясына ҚР Әділет министрі О.Жұмабеков (2004 ж.), ҚР Парламент Сенатының делегациясы (2004 ж., 2006 ж.), ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары (2005 ж.), ҚР Парламент Сенатының төрағасы Н.Әбіқаевтың (2006 жылдың маусымы) сапарлары болды.

Қазақстанға Сауд Арабиясы Премьер-Министрінің екінші орынбасары, Қорғаныс және авиация министрі, Бас инспектор ханзада Сұлтан бен Абдел Азиз (2000 ж.), САК Әділет министрі Шейх Абдалла Әл әш-Шейх (2002 ж.) және САК Сауда-өнеркәсіп палаталары кеңесінің төрағасы бастаған сауд кәсіпкерлерінің делегациясы сапар жасады.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-сауд үкіметаралық комиссиясының екі отырысы болды: біріншісі - 1999 жылы қазанда Астана қаласында, екіншісі - 2004 жылы наурызда Рияд қаласында.

Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Корольдігі арасындағы тауар айналымының көлемі 2005 жылы 1 млн. 953,5 мың АҚШ долл. құрады, соның ішінде экспорт - 428,6 мың долл., импорт – 1 млн. 524,9 мың долл.

Қазақстан-сауд қатынастарының құқықтық базасы 9 құжатқа негізделген.

Біріккен Араб Әмірліктері. Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасында дипломатиялық байланыс 1992 жылы 1 қыркүйекте орнатылды. ҚР-ның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі А.Мусинов (2006 жыл, маусым). БАӘ-нің Елшілігі 2005 жылғы қазаннан Астанада жұмыс істей бастады. БАӘ-нің ҚР-дағы Елшісі Ибрахи Хасан Сейф бен Рабех.

Екі жақты қарым-қатынастардың негізі ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне 1.998, 2000, 2004 және 2005 жылдардағы санарлары, сондай-ақ Абу-Дабидің Тақ мұрагері Шейх Халифа бен Заид Әл Нахаянның (2004 жылдың қараша айынан БАӘ-нің Президенті) 2002 жылғы сапары кезінде қаланды.

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Абу-Дабиге (2006 жылдың 13-19 ақпаны) сапары барысында тараптар «Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы Іс-әрекет жоспарына» қол қойды. Іс-әрекет жоспары алюминий, фармацевтикалық зауыттар, мұнай химиялық кешен, медициналық орталық салу, алтын өндіру өнеркәсібін, Қазақтанда көлік тораптарын жэне Астананың инфра құрылымдарын дамытуды көздейді. Өткен аралықта екі ел арасында әр деңгейдегі өзара сапарлар болып өтті. Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы тауар айналым 2005 жылы 50 млн. 282,7мың АКДІ долларын құрады. Оның ішінде экспорт 20 млн. 176,7 мың доллар болса, импорт 30 млн 105,7 мың долларға жеткен.

2004 жылдың 11-13 желтоқсан аралығында Абу-Дабиде ҚР Премьер-министрінің орынбасары А.Есімов пен БАӘ-нің Премьер-министрінің орынбасары, Сыртқы істер жөніндегі мемлекеттік министр Шейх Хамдан бен Заид Әл Нахаянның төрағалық етуімен Үкіметаралық қазақ-әмірліктер комиссиясының бірінші отырысы болды. Отырыстың қорытындысы бойынша тиісті Хаттамаға қол қойылды.

Қазақстан-Әмірліктер қарым-қатынастарының шарт-құқықтық негізін 3 екіжақты құжаттар құрайды.

Негізгі әдебиеттер: 1, 3, 8, 9, 10, 14, 15, 18, 19, 22, 25, 29, 30.

Қосымша әдебиеттер: 29, 31, 33, 35, 36, 37, 38, 40, 42, 43, 44, 45, 46, 49, 52, 56.

Date: 2016-11-17; view: 1305; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию