Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Инфекционные болезни. . 22 жастағы әйел, емхана дәрігеріне ауыруының 3 ші күні ауызының құрғауына





 

!22 жастағы әйел, емхана дәрігеріне ауыруының 3 ші күні ауызының құрғауына, заттардың екі еселеніп көрінуіне, көру қабілетінің нашарлауына, жутынудың қиындауына, қақалуына, жалпы әлсіздікке шағымданып келді. 3 күн бұрын қонақта салат, кәуап, үйде жасалған консервіленген шұжық жеген. Келесі күні әлсіздік, ауызының құрғауы, эпигастрии аймағында ауырсыну, 2 рет құсу болған. Көз алдында “тор”, заттардың екі еселеніп көрінуі, жұтынудың қиындауы, даусының қарлығуы пайда болғанын байқаған. Қарап тексергенде: есі анық, екі қабақта птоз, мидриаз. Сұйық тағамды жұтуы қиындаған, тамағында жайсыздық сезінеді.

Ең ықтимал диагноз?

*+Ботулизм

*Мидың ісігі

*Гипертониялық криз

*Тағамдық токсикоинфекция

*Ми қан айналымының жедел бұзылысы

!28 жастағы ер адам, ауруының 2-ші күні терапевт дәрігеріне қаралған. Шағымдары: іштің толғақ тәрізді ауруы, жүрек айну, бастың ауруы, тәулігіне 10 рет сүйық нәжіс болуына, тенезмдер, жалған шақырулар. Қарап тексергенде: дене қызуы - 38,0°С, АҚҚ 90/60 мм с.бағ, пульс -110 рет/мин. Іштің пальпациясы кезінде: іштің сол жақ мықын бөлігінде ауырсыну, сигма тәрізді ішектің спазмы байқалады. Үлкен дәреті шырышпен қан аралас, нәжізсіз. ЖҚА: эр.-4,0х1012 /л, НЬ -145 г/л, лейк.-11,4x109/л, э – 1%, п– 6%, с – 75%, л – 18%, м - 5. ЭТЖ – 17мм/с.

Қай диагноз ең ықтимал болады?

*Тырысқақ

*Салмонеллез

*+Жедел дизентерия

*Тағамдық токсикоинфекция

*Жедел гастроэнтероколит

!Жасөспірім 17 жаста учаскелік терапевтке ауыруының 5-ші күні мынандай шағымдармен келген: тамақтың ауруына, жұтыну кезінде күшейуіне, бас ауру, жүрек айну, айқын әлсіздік, буындардағы ауыру сезіміне, зәрінің қоңыр түсті болып өзгеруіне. Қарап тексергенде: дене қызуы 38,5° С. Тері жабындылары, склерасы сарғыштанған, мойын˗жақ астық лимфа түйіндері пальпацияланады, аңқасы – қызарып, бадамша бездері ұлғайған, лакуналары іріңді жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, оң жақ қабырға астының ауру сезімі, бауыр қабырға доғасынан 2,0-2,5см шыққан, консистенциясы тығыз.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал болады?

*Листериоз

*Иерсиниоз

*Лептоспироз

*Вирусный гепатит

*+Жұқпалы мононуклеоз

!17 жастағы жасөспірім емханадағы дәрігер-инфекционистке қаралды. Әлсіздікке, дене температурасының жоғарлауына, тәбеттің төмендеуіне, құсуға шағымданады. Бүгін, ауыруының 8 күнінде терісіндегі және склерасындағы сарғаюды байқаған, жалпы жағдайы жақсарып, тәбеті ашылған. Жағдайы қанағаттанарлық. Тері жабындылары және көзге көрінетін шырышты қабаттары аздап сарғайған. Іші жұмсақ, оң жақ қабырға асты ауру сезімді. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 2,0 см-ге төмен анықталады. Зәр түсі қоңыр, нәжісі түссізденген. Қанның биохимиялық анализі: АЛТ - 460 ммоль/л, АСТ - 254 ммоль/л, жалпы билирубин - 65.0 ммоль/л, тікелей - 52 ммоль/л. ИФА: a-HAVIgМ оң. Амбулаторлық ем тағайындалған.

Қандай ем шарасы базистік терапия құрамына кіреді?

*Серотерапия

*Антибиотикотерапия

*Вирусқа қарсы терапия

*+Оральді дезинтоксикация

*Өт айдайтын препараттарды қабылдау


!Ер адам бірнеше жылдан бері емханада «Созылмалы вирусты гепатит С» диагнозымен есепте тұрады.

Қандай синдром созылмалы HСV-инфекциясының бауырдан тыс көріністеріне жатады?

*Калькулезді холецистит

*Криглер-Найяр синдромы

*+Аутоиммунды тиреоидит

*Өкпе туберкулезі

*Өт шығу жолдары дискинезия

!35 жастағы ер адам, бастың қатты ауыруына, дене қызуының жоғарылауына, ұйқының бұзылуына, тәбеттің жоғалуына шағымданып учәсткелік дәрігерді үйіне шақыртты. Анамнезде: ауру бір апта бұрын әлсіздік, субфебрильді қызба, бас ауруының біртіндеп өршуінен басталған. Кеше дене қызуы 39,0-40,0ºС-қа дейін жоғарылап, 3 рет іші өткен. Қарап тексергенде: әлсіз, тежелген. Тері жабындылары бозғылт, іш аймағында – бірең-сараң қызғылт түсті бөртпе элементтері көрінеді. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 1,5 см-ге төмен анықталады. Жүрек тондары бәсеңдеген. Пульсі – 78 рет/мин. ҚҚ 110/70 мм с.б. Тілі құрғақ, сұр-қоңыр жабындымен жабылған. Іші кепкен.

Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?

*Ку-қызбасы

*+Іш сүзегі

*Кенелік бөртпе сүзегі

*Эпидемиялық бөртпе сүзегі

*Солтүстік Азияның кенелік сүзегі

!32 жастағы ер адам Ақбұлақ ауылындағы амбулатория дәрігеріне қаралған. Шағымдары: дене қызуының 39ºС-қа жоғарылауы, ірі буындарының ауыру сезімі, тершеңдік. Анамнезде: Бір ай бойы ауырады – кейде ыстық сезінген (температурасын өлшемеген), айқын тершеңдік мазалаған. Сүт фермасында жүргізуші болып жұмыс істейді. Қарап тексергенде: тері жабындылары ылғалды, қолтық асты, шап лимфа түйіндері үлкейген. Бауырының төменгі шекарасы қабырға доғасынан 1,5 см-ге төмен анықталады. Буындары өзгермеген. Гиперемия мен жергілікті ыстық жоқ.

Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?

*Безгек

*+Бруцеллез

*Иерсиниоз

*Іш сүзегі

*Ку-қызбасы

!20 жастағы ер адам, 25-ші маусымда емханаға айқын қалтыраудан басталатын және тершеңдікпен аяқталатын, дене қызуының ұстама тәрізді 39-40ºС-қа дейін жоғарылауына шағымданып келген. Дәрігерге келген күні науқастың дене қызуы – 36,9ºС. Тері жабындылары бозғылт, маса шағуының іздері көрінеді. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 1,5 см-ге төмен анықталады. Анамнезінде: қазіргі кезде жұмыс істемейді. Бір ай бұрын Ауғанстанда ұлтаралық парызын орындағын әскери бөлімінен оралған.


Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?

*Грипп

*+Безгек

*Лептоспироз

*Ку-қызбасы

*Кенелік бөртпе сүзегі

!23 жастағы ер адам емханаға әлсіздікке, дене салмағының төмендеуіне, 20 күн бойы дене қызуының 37,3°С-қа дейін жоғарылауына шағымданып келді. Қарап тексергенде: ауыз қуысында кандидоз, полилимфаденопатия. Анамнезінен: соңғы жылдары пневмониямен, белдемелі герпеспен ауырған. Бір жыл бұрын жыныстық жолдасын өгерткен, пассивті гомосексуалист. Дәрігер науқаста АИВ-инфекциясы бар екеніне күдіктенді.

Науқаста аурудың қандай клиникалық сатын болжамдайсын (ДДҰ жіктелуі бойынш*:

*I (бірінші)

*II (екінші)

*+III (үшінші)

*IV (төртінші)

*Терминальді

!42 жастағы ер адам, Маңғыстау облысының тұрғыны. Дәрігерді үйіне мынандай шағымдармен шақыртты. Дене қызуының 39°-40°С-қа жоғарылауы, қалтырау, бүкіл денесінің қақсап ауруы, қатты бастың ауруы, оң жақ кеудесінің ауруына, құрғақ жөтел мазалайтындығын айтты. Ауру жедел, кеше кешкісін басталған. 3-күн бұрын түйе союға қатысып, қолын жарақаттап алған. Қарап тексергенде: науқастың жағдайы ауыр. Тыныс алу жиілігі минутына – 30 рет. Пульсі – 140 рет/мин., АҚҚ-90/60 мм с.б. Өкпесінің оң жағында жайылған құрғақ сырылдар. Гемограммада: лейкоциттер –32 х109/л, т/я нейтроф.-14%, с/т нейтроф – 82%, лимф. – 2%, мон. -2%. Күні бойы кіші дәретке бармаған.

Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?

*+Оба

*Грипп

*Бруцеллез

*Пастереллез

*Ку-қызбасы

!Суретте көрсетілген біріншілік терілік аффект қай жұқпалы ауруға тән?

 

*Оба

*Листериоз

*Туляремия

*Пастереллез

*+Сібір жарасы

!36 жастағы ер адам тоқтаусыз құсу, іштің өтуі, шөлдеу шағымдарымен үйіне емханадан дәрігер шақырған. Қарап тексергенде: дене қызуы – 36,0°С, әлсіз. АҚҚ – 80/60 мм с.б. тамыр соғысы минутына – 105 рет. Даусы қарлыққан. Тері тургоры төмендеген. Іші кіріңкі, ауырмайды. Үлкен дәреті сұйық, күріш қайнатпасы тәрізді, иіссіз.

Науқаста қандай асқыну дамуы ықтимал?


*+Гиповолемиялық шок

*Ішек өтімсіздігі

*Инфекциялық-токсикалық шок

*Бүйректің жедел жетіспеушілігі

*Мезентериальді тамырлардың тромбозы

!44 жастағы әйел ауруының 4-ші күні терапевтке келесі шағымдармен келді: ауызының құрғауына, көру қабілетінің нашарлауына, тыныс алудың қиындауына. 4 күн бұрын қонақта бұқтырылған саңырауқұлақ жеген. Қарап тексергенде: есі анық, екі жақты птоз, мидриаз, страбизм. Дауысы қарлыққан. Жүрек тондары бәсеңдеген, пульс -118 рет/мин, ҚҚ- 90/60мм с.б. Өкпеде - төменгі бөлігінде тыныс әлсіреген, бірең-сараң майда көпіршікті сырылдар естіледі. Іші аздап желденген, ішек перистальтикасы әлсіреген.

Қандай ем ең әсерлі болып табылады?

*Пробиотиктер

*+Серотерапия

*Симптоматикалық терапия

*Антибактериальді терапия

*Дезинтоксикациалық терапия

!25 жастағы ер адам емханаға дәрігер қаралуына келді. Ауырғанына 5 күн болған, дене қызуы 39о C˗ға дейін көтеріліп, бастың маңдай аймағының, параорбитальді аймақта, тамағының ауру сезімі, мұрынның бітелуі, буындары мен бұлшықеттері сырқырауы мазалаған. Қарап тексергенде: беті ісініп, қызарған, склераның қан тамырлары инъекцияланған, құрғақ жөтел, ентігу, тахикардия байқалады. Өкпенің төменгі бөлігінде тынысы әлсіреген, құрғақ сырылдар естіледі. Жүректің соғу жиілігі минутына -92 рет, тыныс алу жиілігі-24 рет, АҚҚ-100/60 мм с.б. Гемограммада: лейкоциттер- 13,5х 109 /л, Hb -120 г/л, эритр.-3,38х 1012/л, тром.-225х109/л, т/я-6%, с/я-76%, мон.-8%, лимф-10%, ЭТЖ-15 мм/с.

Науқаста қандай асқыну дамыған болуы мүмкін?

*Өкпенің ісінуі

*+Пневмония

*Жедел бронхит

*Жүрек жеткіліксіздігі

*Тыныс алу жеткіліксіздігі

!50 - жастағы ер адам емханаға дәрігер қаралуына келді. 3 күн аралығында қалтырау, бастың ауруы, сол жақ балтыр мен табанның ісінуі, қызару және ауру сезімі анықталды. 40 жасында бет тілмесімен ауырған. Қарап тексергенде: дене қызуы 39,6°С-қа жоғарлаған, пульсі 130 рет/мин., АҚҚ 110/70 мм с.б. Сол жақ балтыр мен табан аймағында шекарасы айқын, тері жабындысы қызарған, сыртқы және артқы бөлігінде бірнеше бір-бірімен қосылған ішінде сарғыш және қоңыр түсті сұйықтығы бар көпіршіктер айқындалады.

Төмендегі диагноздардың қайсысы ең ықтимал болуы мүмкін?

*Біріншілік тілме, эритематозды-буллезды түрі

*Қайталамалы тілме, эритематозды-буллезды түрі

*Біріншілік тілме, буллезды-геморрагиялық түрі

*+Қайталамалы тілме, буллезды-геморрагиялық түрі

*Рецидивтелген тілме, эритематозды-буллезді түрі

!26 жастағы әйел емханаға дәрігерге қаралуға келді. Жүктілігі 20-21 апта, акушерлік анамнезі күрделі (2-рет жүктілігі өздігінен үзілген). Кольпит, сукөптілік анықталуда. ЖҚА – нормоцитоз. Қынаптан алынған жағындыда – лейкоциттер саны 15-16 к\а. ИФА - листериозді а\г IgG оң. ТГАР – листериозға қарсы антиденелер титрі 1:100. Қынаптан алынған шырышты бактериологиялық тәсілмен зерттегенде – L.monocytogenes бөлінген. Дәрігер листериоз деген диагнозды қойған.

Диагноз қоюға ықпал еткен ең негізгі мәліметтер қандай?

*Акушерлік анамнез мәліметтері

*ИФА листериозді а\г IgG оң болуы

*+L.monocytogenes қынап шырышынан анықтау

*Қынап жағындысында қабынуға тән өзгерістердін болуы

*ТГАР листериозға қарсы антиденелер титрінің 1:100 болуы

!32 жастағы әйел, ауырғанына 8 күн болғанда емханадағы дәрігерге келіп қаралды. Ең бірінші күнінен бастап әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, дене қызуының 38-38,5°С-қа дейін көтерілуі мазалаған, тамағы ауырып, іші өткен. Келесі күні склерасы сарғайып, зәрі қоюланған. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы 38,5°С. Барлық топтағы лимфа түйіндері бүршақ тәрізді болып қолға білінеді. Ауызжұтқыншақта – жұтқыншақтың артқы қабырғасы қызарған, бадамша бездері ұлғаймаған, жабындылары жоқ. Денесінің терісінде дақты-папулезді бөртпе анықталады. Бауыры қабырға доғасынан 1,5-2 см, төмен пальпацияланады, пальпациялағанда аздап ауырсыну сезімі анықталады.

Қандай диагноз ең ықтимал болып табылады:

*+Иерсиниоз

*Лептоспироз

*Жедел вирусты гепатит

*Инфекциялық мононуклеоз

*Созылмалы вирусты гепатит

!15 жастағы мектеп оқушысы, ауырғанына 5 күн болғанда емханаға келді. Дене қызуының 38.80С дейін көтерілуіне, тамағының аздап ауруына шағымданады. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, склерасы субиктериялық, мойынарты лимфа түйіндері пальпация кезінде ауыру сезімі байқалады. Науқаста гепатоспленомегалия, ангина анықталады. ЖҚА аздаған лейкоцитоз, нейтропения, моноцитоз, лимфоцитоз, атипті мононуклеарлар, СОЭ 10 мм/сағ.

Қандай зерттеу әдісі осы ауруда ең тиімді?

*+ИФА

*Бюрне сынамасы

*Райт реакциясы

*Видаль реакциясы

*Провачек риккетсияларымен КБР

!Жұқпалы аурулар ауруханасының қабылдау бөліміне 32 жасар ер адам келді: жалпы әлсіздікке, жүрек айнуына, құсуға, тәбетінің нашарлауына, зәр түсінің қоңырлануына шағымданып түсті. 2 аптадан бері ауырады, 2 ай бұрын асқазан жарасының қан кетуіне байланысты операция жасалынып, қан құйылған. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Тері жабындылары және көрінетін шырышты қабаттары аздап сарғайған. Тілі ақ жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, оң қабырға асты сезімтал. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 2,0 см-ге төмен анықталады, консистенциясы тығыз.

Қандай ем патогенетикалық мақсатпен тағайындалады?

*Регидратациялық терапия

*Дегидратациялық терапия

*+Дезинтоксикацилық терапия

*Қабынуға қарсы терапия

*Иммунитет күшйтуші терапия

!32 жастағы ер адам учәскелік дәрігерге дене қызуының 38,7ºС-қа дейін жоғарылауына, ірі буындарының ауыру сезіміне, тершеңдікке шағымданып келген. Анамнезде: 2 ай бойы ауырады – кешкі уақытта ыстық сезінген (температурасын өлшемеген), айқын тершеңдік мазалайды, жүдеген. Сүт фермасында жүргізуші болып жұмыс істейді. Ақбұлақ ауылының тұрғыны. Қарап тексергенде: тері жабындылары ылғалды, қолтық асты, шап лимфа түйіндерй үлкейген. Бауырының төменгі шекарасы қабырға доғасынан 2,0 см-ге төмен анықталады. Буындар өзгермеген. Гиперемия мен жергілікті ыстық жоқ.

Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?

*+Жедел бруцеллез

*Жеделдеу бруцеллез

*Біріншілік-латентты бруцеллез

*Біріншілік-созылмалы бруцеллез

*Екіншілік-созылмалы бруцеллез

{Дұрыс жауап}= A

 

!Ер адам 20 жаста, аурудың 5-ші күні емхана дәрігеріне мынандай шағымдармен келді: дөрекі жөтел, жарықтан қорқу, әлсіздік, денесінде бөртпелердің пайда болуына, жоғары қызбаға. Денесіндегі бөртпелер аурудың 4ші күнінде бетінде пайда болған, содан кейін мойынға, бүкіл денесіне жайылған. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, температура390С, склерит, коньюктивит, ауыз-жұтқыншақ шырышты қабатында - “ұнтақ жармасы ” тәрізді энантема; бетінде, денесінде жайылған, кейбір жерлерде бір-бірімен қосылған дақты-папуллезді бөртпелер анықталды.

Ең ықтимал диагноз:

*Жәншау

*Қызамық

*+Қызылша

*Иерсиниоз

*Желшешек

!Менингококты инфекцияның қай түріне жедел бүйрек үсті жетіспеушілігінің (Уотерхаузен -Фридериксен синдромының) дамуы мүмкін?

*Менингитке

*+Менингококкемияда

*Менингоэнцефалитте

*Жедел назофарингитте

*Менингококктасымалдушылық

!Жұқпалы аурудың ықтимал жағдайын анықтау үшін, негізгі мәліметті топты көрсетіңіз:

*Эпизоотологиялық мәлімет

*+Эпидемиологиялық мәлімет

*Клинико-лабораторлық тест

*Аурудың клиникалық көрінісі

*Лабораторлы-этиологиялық тексеру

!36 жастағы ер адам қайталамалы құсу, іштің өтуі шағымдармен ауыл ауруханасына жеткізілді. Қарап тексергенде: дене қызуы – 36,0°С, әлсіз, шөлдеу мазалайды. АҚҚ – 80/60 мм с.б. Пульс минутына 105 рет. Даусы қарлыққан. Тері тургоры төмендеген. Пальпация кезінде іші аурмайды. Үлкен дәреті сұйық, күріш қайнатпасы тәрізді, иіссіз.

Ауруханаға дейінгі кезеңде бірінші кезекте қандай ем қолданылуы тиіс?

*Гормонотерапия

*Десенсибилизация

*Антибиотиктер қабылдау

*+Т/і тұзды ерітінділер құю

*Осмотикалық диуретиктер салу

!Бруцеллездің инфекциялық белсенділігін сипаттайтын белгі:

*Бастың ауруы, ұйқысыздық, бастың айналуы.

*Әлсіздік, жайсыздық, тез шаршағыштық

*Тәбетінің төмендеуі, жүректің айнуы,

*+Қызба, бауырдың ұлғаюы, микрополиаденит,

*Буындарда және бұлшық етте ауырсыну.

!Науқаста төмендегі белгілердің қайсы байқалғанда ВИЧ инфекциясына зерттеу жүргізіледі?

*Екі апта бойы субфебрилитет және шап лимфаденит

*+Микрополиаденит, субфебрилитет, бір ай көлемінде диарея, ддене салмағының төмендеуі.

*Микрополиаденит, субфебрилитет, орхоэпидимит

*Микрополиаденит, субфебрилитет, бір апта көлемінде полиартрит

*Микрополиаденит, субфебрилитет, бауырдың, көкбауырдың ұлғаюы, полиартралгия

!Қыз бала 2 жаста, салмағы 12 кг, денетемпературасы 37,50С. Жалпы қауіп белгілері жоқ. Жөтел 3 күн бойы мазалайды. ТАЖ 48 рет минутына. Кеуде клеткасының ішке кірігуі, стридор, астмоидты тыныс жоқ.БЖАИЖ бағдарламасы бойынша «жөтел» мәселесін жіктеңіз.

*Ауыр пневмония және өте ауыр ауру

*+Пневмония

*Пневмония жоқ, жөтел не суық тию

*Пневмония жоқ, астмоидты тыныс

*Мүмкін бактериальды инфекция

!Емханаға 25 жастағы әйел адам дене температурасының 37,8 көтерілуіне, тәбетінің төмендеуіне, тамағының ауырсынуына шағымданып келді. Эпид. анамнез: жұқпалы аурулармен қатынаста болмаған.Объективті: терісі таза, бозғылт. Аранда – тілшеде, таңдай доғасында қызыл шеңбермен қоршалған везикулезді элементтер. Жақ асты, алдыңғы және артқы мойын лимфа түйіндері үлкейген. Ағзалар бойынша патология жоқ. Дұрыс диагноз қойыңыз,

*Лакунарлық баспа

*ЖРВИ, жедел бронхит

*Фолекулярлы баспа

*+энтеровируст ы инфекция, герпангина

*аран дифтериясы

!Науқас Н 26жаста, аңшы, сырқатының 17-ші күні учаскелік дәрігерге келесі шағымдармен келді: басының шамалы ауырсынуы, дене қызуының 38,5°C жоғарлауы, тәбетінің төмендеуі, кешкі уақытта қалтырау, тершеңдік, миалгиялар, қолы мен аяқтарының ірі буындарының ұшпалы ауырсынуы. Ауылдық мекенде тұрады., малярия мен бруцеллезге эндемиялық болып табылады. Жағдайы қанағаттанарлық. Дене қызуы 37,7°C. Тері жамбындысы жоғары ылғалдылықта, микрополиаденит. Өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары тұйық, пульс 112 рет минутына..АҚҚ 110/70 мм с.б. Тілі жабынмен жабылған. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры мен көкбауыры пальпацияланады. Бұл науқаста қандай терапия негізгі болып табылады және неліктен?

*Дезинтоксикациялық, өйткені патогенезінде интоксикация негізгі болып табылады.

*+Антибактериальды (этиотропты), себебі патогенезінде бактеремия.

*Қабынуға қарсы, себебі патогенезінде серозды қабыну

*Иммуннореттеушіокорригирующая, себебі патогенезінде екіншілік имммунодефицит

*Антигистаминді, себебі патогенезінде жедел типтегі жоғары сезімталдық.

!Науқаста келесі клиникалық көріністер: 10күн ішінде тұрақты түрде қызба, айқын бас ауруы, ұйқының бұзылуы, қозғыштық, сөзшеңдік, сырқатының екінші аптасында тежелген. Кеуде қуысының бүиір беткейінде көбірек оргналасқан көп мөлшерде розеолезді петехияльды бөртпе. Киари-Авцын, Говоров-Годелье симптомдары оң. Бауыры мен көкбауырының ұлғаюы. Диагнозды нақтылайтын арнайы оң нәтиже қайсы?

*Қанды бактериологиялық стерильділікке тексеру.

*Қанды қараңғы көру алаңында тексеру.

*Үлкен тамшы түрінде қанды зерттеу

*+Серологиялық реакциялар (РПГА,РСК).

*Жұп сарысу әдісімен серологиялық реакция.

!Тұмау кезінде антибиотиктерді тағайындауға көрсеткіш:.

*400С дейін дене қызуының көтерілуі, айқын интоксикация.

*Қызбаның үш күнге дейін созылуы.

*+екіншілік инфекцияның қосылуы.

*гриптің акатаральді түрі.

*Қарт адамдардағы грипп

!Науқас Н., 18 жаста, балабақшада тәрбиеші, дәрігерге келесі шағымдармен келді: перианальды қышуға, әсіресе түнде, ұйқысының бұзылуы, басының акуруына, тітіркенгіштікке, тәбетінің төмендеуіне, іштің ауырсынуына, шырышты сұйық нәжіске, соңғы 3-4 күнде жыныс мүшелерінің маңайында қышу, ашу сезімі мазалайды. Сіздің диагнозыңыз?

*Аскаридоз.

*+Энтеробиоз.

*Описторхоз

*Тениоз.

*Тениаринхоз.

!Бала 9 айда, жедел ауырған. Ауруы дене температурасының 38,60С жоғарылауынан басталған, динамикада мұрын бітелуі қосылған. Түскен кездегі шағымдары: дене температурасы 39,50С, селқос, тері жабындылары бозғылт, периоральды цианоз. Беті ісінген. Жұтқыншақтың артқы қабырғасы болбыр, түйіршіктелген. Конъюктивасы гиперемияланған. Өкпесінде қатқыл тыныс, ұсақ және орташа көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Жөтелі жиі, ылғалды. ТАЖ 58 рет минутына. Бауыры қабырға доғасынан 3 см төмен. ЖҚА: НВ 120 г\л, Эритроцит 3,5 * 10 12 лейкоцит-12,8x109/л, Э-2%, т-5%, С- 5%, Л-32%, М-6%, ЭТЖ-18 мм/сағ. Сіздің болжам диагнозыңыз

*Қызылша

*Риновирусты инфекция

*+Аденовирусты инфекция

*Респираторно-синцитиальды инфекция//

*Тұмау

!Науқас Ж, 67 жаста, енжарлыққа, жара аймағы бұлшық еттерінің кернеп тартылуына шағымданып жанұялық дәрігерлік амбулаторияға келді. Бақшада жұмыс істеп жүргенде оң аяғының табанын терең жарақаттанған соң 12 күннен кейін ауырған. 2 күннен кейін аузын ашу және тамақты шайнау қиындаған, жұтынғанда ауырсыну пайда болған. Одан кейін бет бұлшық еттері қатайып, кеудесінде қысу сезімі пайда болған. Болжам диагнозыңыз.

*Құтыру

*+Сіреспе

*Кене энцефалиті

*Жара ботулизмі

*Менингит

!Поликлиниканың дәрігеріне науқас келді. Шағымдары: әлсіздік, көз алдында қосарлану, бір реттік құсу, көз алдында «тұман», «тор» елестері. Науқастың ауырғанына бір күн болды. Оның алдында саңырауқұлақ қосылған көкөніісті үй консервісін жеді.Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Есі анық Дене қызуы 36,8°C. Даусы қатты, екі жақтан шамалы птоз, мидриаз, анизокория.Өкпесінде везикулярлы тыныс, жүрек тондары қатты, пульс 76 р/мин. АҚҚ110/60мм с. Б. Тілі ылғалды, жұтынуы еркін. Іші жұмсақ. Дәреті қалыпты. Науқасқа қандай терапия негізгі боып табылады және неліктен?

*Этиотропты, өйткені патогенезінде негізі фактор бактеремия болғандықтан.

*+Серотерапия (спецификалық сарысуды енгізу), өйткені патогенезінде негізі фактор экзотоксин болғандықтан.

*Дезинтоксикациялық, өйткені патогенезінде негізі фактор эндотоксин болғандықтан.

*Қабынуға қарсы, өйткені патогенезінде серозды қабыну негізгі болғандықтан.

*Десенсебилизирлеуші, өйткені ГНТ дамуда.

!12 айлық бала, сұйық нәжіске, қайталамалы құсуға, тамақтан бас тартуға шағымданады. Қарау кезінде: ұйқышыл, тері қатпары баяу жазылады, көзі кіртиген, сұйықтық іше алмайды.Жағдайын жіктеңіз және ем тағайындаңыз.

*Диарея. Шамалы сусыздану. Бжоспары 4-сағат ішінде

*Диарея. Шамалы сусыздану. Б жоспары 6-сағат ішінде

*+Диарея. Ауыр сусыздану. В жоспары 3-сағат ішінде

*Диарея. Ауыр сусыздану. В жоспары 6-сағат ішінде

*Диарея. Шамалы сусыздану. А жоспары. Сұйық нәжістен кейін регидрон

!Жұқпалы ауру анықталған жағдайда шұғыл хабарлама қандай мерзімде жіберілуі керек?

*тезарада

*+12 сағатта

*1 тәулікте

*2 тәулікте

*7 тәулікте

!Жұқпалы ауруға күдіктенгенде СЭС-на қандай құжат жіберіледі?

*+Шұғыл хабарлама

*Тіркеу журналы

*Ауру тарихы

*Санэпидбарлау картасы

*Заттық түбіртек

!Инфекциялық стационардың қабылдау бөлмесіне бір уақытта: вирусты гепатит, іш сүзегі, күл ауруы, тағамнан улану жұқпасы диагноздарымен төрт науқас түседі. Қабылдау бөлмесінде науқастарды қабылдауда қандай құжатнама қолданылады?

*Эпидемиологиялық тексеру картасы, ауру тарихы, шұғыл хабарлама

*Уақытша еңбек қабілетін жоғалту парағы, ауру тарихы, шұғыл хабарлама

*Ауру тарихын тіркеу журналы, шұғыл хабарлама

*Аса қауіпті жұқпаларды тіркеу журналы, ауру тарихы, шұғыл хабарлама

*+Науқастарды тіркеу журналы, ауру тарихы, шұғыл хабарлама

!Науқаста ішек жұқпасы анықталған, бірақ ол ауруханаға жатудан бас тартуда. Науқастан қандай мәліметтерді нақтылау қажет?

*+Жұмыс сипаты жөнінде

*Тұрғылықты орнының емханаға жақындығын

*Науқастың білімін

*Науқастың ішек жұқпалардың эпидемиологиясын білуін

*Науқастың туыстарының бар-жоқтығын

!Белгілер жиынтығы жедел басталған, іштегі ауырсыну болмаған жағдайда тәулігіне 7-10 рет іш өткен, нәжісі көп мөлшерде сұйық, патологиялық қоспаларсыз, дененің қалыпты қызуында алдыңғы жүрек айнусыз тәулігіне 5-6 рет лоқсу тән болады:

Мүмкін болатын диагнозы кандай?

*Дизентерия

*Эшерихиоз

*+тырысқақ

*Жалған туберкулез

*ішек иерсиниозы

!антропонозды жұқпалар жағдайында эпидемиялық ошақтағы медициналық бақылауды:

*тек науқасқа үйінде күтім жасайтын тұлғаларға

*+науқаспен қатынамқа түскен тұлғалардың барлығыа

*тек коммуналдық пәтердегі науқастың отбасы мүшелеріне

*тек науқастанғандармен бірге тұратын кішкентай балаларға

*декретивті топқа жатқызылған тұлғаларға орнатылады

!Жұқпалы науқас туралы шұғыл хабарламаны жіберу керек?

*денсаулық сақтау басқармасына

*аудандық зертханаға

*дезинфекциялық бекетке

*+санэпидбақылаудың өңірлік орталығына

*өңірлік ЕПМ басшысына

!Белгілердің келесі жиынтығы: жедел басталу, дене қызуы қалыпты, тәулігіне 7-10 рет, жиі, сұйық, патологиялық қоспаларсыз нәжіс, іште ауырсыну жоқ, жүрек айнусыз лоқсу – қандай ауруға тән:

*дизентерияға

*эшерихиозға

*+тырысқаққа

*жалған туберкулезге

*ішек иерсиниозына

!Келесі белгілер жиынтығы қандай ауруға тән: аурудың басталуы біртіндеп, бас ауруы, ұйқының бұзылуы, дененің қызуы 39-40°С-қа дейін көтерілгені анықталған (5 күн ішінд*, сылбырлық, тері жабынының бозаруы, іштегі көп емес розеола бөртпесі. Тамыр соғысы минутына 82 (дене қызуы 39,5°С болған кезд*, іші кепкен, бауыр мен талақ үлкейген, Падалка белгісі оң.

*Кене бөртпе сүзегі

*Эпидемиялық бөртпе сүзек

*+Іш сүзегі

*Безгек

*Жіті сарып

!Науқас С., 35 жаста, клиникаға аурудың 10-күні ауыр жағдайда түсті. Дене қызуы 39, 4°С. Шағымы: әлсіздік, бас ауруы, тәбеттің болмауы, ұйқының нашарлығы, іштің кебуіне. Тексеру кезінде: тері жабынының бозаруы, іштің терісінде бірен-саран розеолалар, ЖЖЖ минутына 68, АҚҚ 95/60 мм сын.бағ., тілінің түбірінде ақ түсті жамылғысы бар, бауыр мен талақ ұлғайған. Санасы сақталған.

Диагнозды дәлелдеу үшін қандай зерттеулер тағайындаған жөн?

*Жалпы қан талдауы

*+Өтті ортаға қанды себу

*Қан мен несепте диастаздарды анықтау

*Бауыр мен талақтың УДЗ-і

*Қанның биохимиялық талдауы

!Іш сүзегі диагнозымен науқастың ауыруыдың 19-күні қатты әлсіздік, бас айналу, құлақтағы шу пайда болған, дене қызуы 35,5оС, өңі солғын, тамыр соғысы әлсіз, минутына 120 рет, нәжісі қара.

Науқаста қандай асқыну дамыған?

*Ішектің өтімсіздігі

*+Ішектегі қан кету

*Ішек перфорациясы

*Ішек пенентрациясы

*Перитонит

!Науқас жуылмаған алмаларды жегеннен кейін кейін ауруының 2-ші күні түсті. Жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы 38,7оС. Сол жақ мықын аймағында толғақ тәріздес ауырсынулар бар. Сигма жиырылған, пальпацияда ауырсынады. Дәреті аз мөлшерде, тәулігіне 6-7 рет.

Мейлінше ықтимал диагнозы қандай?

*Сальмонеллез

*Амебиаз

*Тағамдық улану

*Эшерихиоз

*+Жедел дизентерия

!Науқас 43 жаста. Шағымы: дене температурасының 38,60 С дейін көтерілуі, әлсіздік, жүрек айну, көп мөлшерде құсу, ішінің кіндік бөлімінің ауруы, жиі сұйық, көп мөлшерде жасыл түсті, сасық иісті нәжіс болды. Ауруды шикі жұмыртқа жеумен байланыстырады. Қандай диагноз қойылады:

*дизентерия

*холера

*+сальмонеллез

*эшерихиоз

* амебиаз

!Қандай гельминтозда гипербилирубинемия байқалады?

*трихинеллез

*+описторхоз

*тениоз

*энтеробиоз

*гименолепидоз

!Науқас 30 жаста. Ауру кенеттен басталды. Дене температурасы 40ºС дейін жоғарылауы, жүрек айнуынсыз құсу, бастың және көз аймағының қатты ауруы. Бұлшықеттер мен буындардың ауруы, құрғақ жөтел және көкірек аймағының ауруына шағымданды. Объективті қарағанда, тері жамылғыларының қызаруы, конъюктивит, склерит, жұтқыншақтың артқы қабырғаларының гиперемиясы байқалды, өкпеде визикулярлы тыныс. Ұжымда ЖРВИ аурулар бар. Болжам диагноз қандай:

*Парагрипп.

*+Грипп.

*Паратиф В.

*РС-инфекция.

*Аденовирустық инфекциясы.

!32 жасар науқас жұқпалы ауруханаға түскенде бірінші тәулігінде қатты бас ауруы, құсу, температураның 41ºС көтерілуі. Эпид. анамнезінде тәрбиеші болып жұмыс істейді. Объективті қарау кезінде есін біледі, бірақ көзі жұмылған, сұрақтарға дұрыс бірақ қиындықпен жауап береді. Терінің сырты таза, түсі сұр, склералар инъекцирленген. Аңқада салыстырмалы гиперемиясы бар. Екі жақтың Кернинг симптомы және желке бұлшықетінің ригидтілік байқалады. Қандағы көрсеткіштер: лейкоциттер 20*109/л, П-16%, С-74%, Л-10%, ЭТЖ-42 мм\ч. Алғашқыда қандай емді тағайындау қажет:

*+Пенициллин,преднизолон,маннитол

*Диклофенак,супрастин,ципрофлоксоцин

*Бисептол,фуросемид,лоперамид

*Пенициллин,гентамицин,димедрол

*Цефазолин,левомицитин,манитол

!Науқас 26 жаста, лоқсу сезіміне, көп құсуға, жиі сұйық, аз мөлшерде, қан аралас үлкен дәретке, ішінің төменгі бөлігінің ауырсынуына шағымданып келді. Ауруын қайнамаған суды ішумен байланыстырады. Болжам диагноз қандай?

*Сальмонеллез

*+Дизентерия

*Холера

*Иерсиниоз

*Эшерихиоз

!42 жастағы науқас жұқпалы аурулар ауруханасына көп рет фонтан тәрізді құсуға, күріш қайнатпасы сипатты жиі сұйық үлкен дәретке шағымданып жатқызылды. Қарағанда терісі мен көрінетін кілегейлі қабаттары құрғақ. Терісінің тургоры төмендеген. Дене температурасы 35,30С. Дене температурасының төмендеуі себебі қандай:

*Дегидратация, метаболиттік ацидоз, гипокалиемия

*Аденилциклазаның активациясы, электролиттер мен судың секрециясының жоғарылауы

*Дегидратация, гипокалиемия, ацидоз

*+Гемодинамика бұзылысы, дегидратация

*Дегидратация, гиповолемия, шумақтық фильтрацияның төмендеуі

!АИТВ (адам иммунды тапшылық вирусы)-мен залалданған кезде қай белгі ең ерте пайда болады?

*Ас қорыту жүйенің зақымдалуы

*+Лимфатикалық жүйенің зақымдалуы

*Тыныс алу жүйенің зақымдалуы

*Шеткі нерв жүйенің зақымдалуы

*Жүрек қан тамыр жүйенің зақымдалуы

!Доғашықтардың, таңдай кілігей қабатының гиперемиясы, цианозы, бірен-саран петехиялар. Қай ауруға осы арандағы белгілер тән?

*Аденовирусты инфекция

*Энтеровирусты инфекция

*Парагрипп

*+Грипп

*Риновирусты инфекция

!40 жастағы науқас, диагнозы «Вирусты гепатит В», сарғаю сатысының 10-шы күнінде қорқынышты түс көруіне, бастың айналуына, бір жаққа «түсіп кету» сезіміне шағымданады.

Объективті: уақыт және кеңістік ориентациясы бұзылған, саусақ ұштарының треморы, ауызынан «бауыр иісі» шығады, склерасы мен тері қабаты интенсивті сарғайған, бауырдың консистенциясы жұмсақ, эластикалық.

Аурудың ағымын бағалаңыз.

*Вирусты гепатит В, ауыр ағымы

*Жедел бауыр энцелофалопатиясы, IV дәреже

*Жедел бауыр энцелофалопатиясы, III дәреже

*Жедел бауыр энцелофалопатиясы, II дәреже

*+Жедел бауыр энцелофалопатиясы, I дәреже

!20 жасар науқастың шағымдары: көп мөлшерлі, сулы, «күріш қайнатпасы» тәріздес жиі нәжіс, көп реттік құсу, бұлшық еттердің әлсіздігі, шөлдеу, ауыз құрғауы, бұлшықеттердің құрысуы. Дене қызуы қалыпты. Тері қабаты құрғақ, тургоры төмен, ауз қуысының кілегей қабаты құрғақ, дауыстың қарлығып шығуы байқалады.

Науқастың жағдайы сусызданудың қай дәрежесіне сәйкес?

*0 дәрежесіне

*I дәрежесіне

*+II дәрежесіне

*III дәрежесіне

*IV дәрежесіне

!17 жасар ер бала, аудандық ауруханаға терапевт дәрігерге келесі шағымдармен келді: дене қызуы көтерілген, қалтырау, тершеңдік. Ауырғанына 2 ай болған, қалтырау, кешкі уақытта дене қызуы 39°С дейін көтерілуі байқалған, түнгі уақытта тершеңдік, тізе буындарының ауырсынуы болған. Жанүйясында науқастар жоқ. Объективті: t 36,3°С, жалпы жағдайы қанағаттанарлық, жақ асты және қолтық асты лимфатүйіндері ұлғайған. Гепатомегалия, спленомегалия. Сіздің болжам диагнозыңыз?

*Иерсиниоз

*Cозылмалы бруцеллёз, локомоторлы түрі, активтілігі 1

*Cозылмалы бруцеллёз, локомоторлы түрі, активтілігі 2

*Жеделдеу (баяу) бруцеллёз

*+Жедел бруцеллёз

!32 жасар ер адам, азық-түлік қоймасының жұмысшысы, инфекциялық ауруханаға келіп түсті. Шағымдары: дене қызуы 39°С, қалтырау, тершеңдік, бастың ауырсынуы, бұлшық еттердің, буындардың, іштің ауырсынуы. Ауырғанына 6 күн болған.

Объективті: беті, мойыны қызарған, склерит. Аяқ-қол, дене тері қабаттарында, әсіресе аяқ-қол бүгілісінде шоғарланған ұсақ, нүктелі қызыл түсті бөртпелер байқалады. Тілі «таңқұрай» тәрізді, іші бос, жұмсақ, оң жақ мықын аймағының ауырсынуы бар, бауыр 2 см қабырға астынан шығып тұр. Сіздің болжам диагнозыңыз.

*+Псевдотуберкулёз

*Жәншау (Скарлатин*

*Лептоспироз

*Қызылша

*Листериоз

!35 жастағы әйел адам келесі шағымдармен аудандық ауруханаға келді: 40°С-дейін дене қызыуның көтерілуі, әлсіздік, бастың ауруы. Ауырғанына 3 күн болған.

Эпиданамнезі бойынша: науқас мал дәрігері болып жұмыс істейді. Жан ұйясында барлығы сау.

Объективно: оң жақ қолдың сыртқы тері жамылғысында көлемі 3мм серозды-геморрагиялық сұйықтықпен пустула байқалады. Оң жақ қолы иығына дейін ісінген. Стефанский симптомы оң. Оң жақ қолтық асты лимфа түйіндері ұлғайған.

Жалпы емінің жоспарына қай препаратты кіргізу жөн?

*Дексаметазон

*Цефтриаксон

*Ацикловир

*+Иммуноглобуллин

*Вакцина

!21 жасар ер адам инфекциялық ауруханаға келіп түсті. Ауырғанына 6 күн болған, түскен кездегі шағымдары: әлсіздік, оң жақ қабырға тұсындағы ауырсыну, бастың ауырсынуы, тамаққа тәбетінің жоқтығы, жүрек айну, зәрдің қоңыр болуы, тері қабатының сарғаюы. Зәрдің түсі ауырғаннан 3 күннен соң қоңырлаңған, 4 күннен соң денесі сарғайған. Жанұяда науқастар жоқ.

Қарағанда: науқастың жағдайы орташа ауырлықта, тері қабаты, склерасы сарғайған. Бауыр 3 см қабырға астынан шығып тұр, көк бауыр сол жақ қабырға тұсында.

ЖҚА: Лейкоциттер - 6700; т/яд – 6%, с/яд – 40%, лимф.- 42%, мон.- 12%.

Келтірілген биохимиялық анализдің қайсысы бұл ауруға анағұрлым сәйкес?

*+Билирубин жалпы– 137 мкмоль/л; тікелей – 97 мкмоль/л; АлАТ – 2,1 мккат/л; сілтілі фосфатаза 1,0 мккат/л

*Билирубин жалпы – 235 мкмоль/л; тікелей – 198 мкмоль/л; АлАТ – 0,46 мккат/л; сілтілі фосфатаза 6,3 мккат/л

*Билирубин жалпы – 20,0 мкмоль/л; тікелей – 3,0 мкмоль/л;; АлАТ – 0,40 мккат/л; сілтілі фосфатаза 1,2 мккат/л

*Билирубин жалпы – 67 мкмоль/л; тікелей –7 мкмоль/л; АлАТ – 0,42 мккат/л; сілтілі фосфатаза 1,0 мккат/л

*Билирубин жалпы – 137 мкмоль/л; тікелей – 97 мкмоль/л; АлАТ – 1,9 мккат/л; сілтілі фосфатаза 5,1 мккат/л

!25 жасар әйел адам учаскелік терапевт-дәрігерге келесі шағымдармен келді: дене қызуы 38,5 – 39°С, іштің толғақ тәрізді ауырсынуы, іштің өтуі, нәжісі сұйық 15 рет/тәулігіне, аз мөлшерде. Ауру жедел басталған, осынан 2 күн бұрын іштің ауырсынуы, жиі сұйық нәжіс, кешкісін дене қызуы 38,5°С дейін көтерілген. Жанұйясында барлығы сау.

Қарағанда: дене қызуы 38,2°, тері қабаты қалыпты, ылғалды. Тілі ақ жабындымен жабылған. Іші сол жақ мықын аймағында ауырсынады, пальпация кезінде сигма тәрізді ішегі түйілген. Нәжісі аз мөлшерде, кілегей аралас, қан жолағы қосылған.

Емхана жағдайында бұл аурудың ерте диагностикасында келтірілген зерттеудің қайсысы қолданылады?

*Серологиялық зерттеу

*Паразитологиялық зерттеу

*Биохимиялық зерттеу

*Бактериологиялық зерттеу

*+Копроцитологиялық зерттеу

!45 жасар ер адам, инфекциялық ауруханаға келіп түсті. Бүгін ертеңгісін ауырған, 14 сағат бұрын саңырауқұлақ консервісін жеген. Эпигастрий ааймағының ауырсынуы, көз көргіштігінің бұзылуы, жұтудың бұзылуы, бұлшықеттердің әлсіздігі болған. Кейін қосарланып көру пайда болған.

Объективті: дене қызуы 36,6°С, екі жақтық птоз, мидриаз, жұмсақ таңдайдың парезі, афония, афагия. Қарағаннан 30 мин кейін тынышсыздық пайда болды, ерін мен мұрын ұшының цианозы байқалды. АҚҚ80/40 мм. с.б, жіп тәрізді, әлсіз, жүрек тондары тұнық, демалысы әлсіз, беткей. СД- 38 / мин.

Бұл пациетті емдеу барысында қай тактика басқалардан көрі артығырақ?

*Асқазан-ішекті жуып тазарту

*Ауыз арқылы регидратация жүргізу

*+Жасанды дем алдыру аппаратына қосу

*К/т глюкокортикостероидтерді еңгізу

*Гемодиализді жүргізу

!55 жастағы ер адам келесі шағымдармен келді: іштің кебуі, тәуіліктік диурездің азаюы. 18 жыл бұрын Вирусты гепатитпен ауырған.

Қарағанда: іштің кебуі, аяқтардың ісінуі, іш аймағында тері қабатындағы венозды сызықтардың керілуі байқалады. Көз склерасы аздап сарғайған.

Зерттеу жоспарында қателік табыңыз:

*Бауырдың биохимиялық сынамасы
*Қанда Вирусты гепатиттердің маркерлерін анықтау
*Несепті өт пигметтеріне зерттеу
*Іш қуысы мүшелерінің КТ және УДЗ
*+Зонд арқылы өтті тексеруге алу

!16 жасар науқас ауырғаннан 7 сағаттан соң өте ауыр жағдайда келіп түсті. Ауру кенеттен басталған, қалтырау, бастың ауруы, құсу, дене қызуы 39 0С-дейін көтерілуі байқалған. 4 сағаттан соң тері қабатында көп мөлшерде геморрагиялық бөртпе пайда болған. Түскен кезде дене қызуы 36,50С, ентігу, цианоз, қозу, бұлшық еттердің құрысуы байқалды. Пульсі жіп тәрізді. АҚҚ 60/40мм.с.б.

Аурудың формасын ескере отырып қай антибиотик тағайындау қажет?
*Пенициллин натрий тұзы
*+Левомицетин сукцинат натриі
*Тетрациклин
*Цефтриаксон
*Кларитромицин

!АИВ (адам иммунды тапшылық витусы)-мен залалданған кезде қай белгі ең ерте пайда болады?

*ОЖЖ (орталық жүйке жүйесі) зақымдалуы

*перифериялық жүйке жүйенің зақымдалуы

*тыныс алу жүйенің зақымдалуы

*+Полилимфоаденопатия

*жүрек қан тамыр жүйенің зақымдалуы

!30 жасар науқастың диагнозы: Вирусты гепатит В. Келесі белгілер байқалады: тамаққа тәбетінің төмендеуі, жүрек айну, тәулігіне 2 рет құсу, әлсіздік, үш аптадан бері айқын сарғайю. Жалпы билирубин - 200мкмоль/л, АлАТ активтілігі жоғары, диспротеинемия, тимол сынамасы жоғары.

Инфекциялық процестің қай ағымына осы өзгерістер тән?

*жеңіл ағымы

*ауыр түрі

*+орташа ауырлық

*көмескі түрі

*холестатикалық түрі

!Ауру жедел басталған. Дәретке шығу сезімі байқалған, науқаста жиі сулы нәжіс болған. Екінші күні көп реттік құсу, тәулігіне 20 ретке дейін сұйық нәжіс болған, түрі ақшыл; аяқтары құрысқан. Дене қызуы қалыпты. Қай ауру туралы ойлауға болады?

*+тырысқақ

*тағамдық токсикоинфекция

*эшерихиоз

*амебиаз

*сальмонеллёз

!17 жасар ер бала, аудандық ауруханаға терапевт дәрігерге келесі шағымдармен келді: дене қызуы көтерілген, қалтырау, тершеңдік. Ауырғанына 2 ай болған, қалтырау, кешкі уақытта дене қызуы 39°С дейін көтерілуі байқалған, түнгі уақытта тершеңдік, тізе буындарының ауырсынуы болған. Жанүйясында науқастар жоқ.

Объективті: Т = 36,3°С, жалпы жағдайы қанағаттанарлық, жақ асты және қолтық асты лимфатүйіндері ұлғайған. Гепатомегалия, спленомегалия.

Сіздің болжам диагнозыңыз?

*Иерсиниоз

*созылмалы бруцеллёз, локомоторлы түрі, активтілігі 1

*+созылмалы бруцеллёз, локомоторлы түрі, активтілігі 2

*жеделдеу (баяу) бруцеллёз

*жедел бруцеллёз

!45 жасар ер адам, инфекциялық ауруханаға келіп түсті. Бүгін ертеңгісін ауырған, 14 сағат бұрын саңырауқұлақ консервісін жеген. Эпигастрии ааймағындағы ауырсыну, көз көргіштігінің бұзылуы, жұтудың бұзылуы, бұлшықеттердің әлсіздігі болған. Кейін қосарланып көру пайда болған. Консервіні тек өзі жеген. Жанүйясында барлығы сау.

Объективті: дене қызуы 36,6° С, екі жақтық птоз, мидриаз, жұмсақ таңдайдың парезі, афония, афагия. Қарағаннан 30 мин кейін тынышсыздық пайда болды, ерін мен мұрын ұшының цианозы байқалды. АҚҚ = 40/10 мм. с/б, жіп тәрізді, әлсіз, жүрек тондары тұнық, демалысы әлсіз, беткей. СД = 38 / мин.

Сіздің алғашқы қойған диагнозыңыз?

*Тағамдық токсикоинфекция, ауыр түрі, ИТШ – 2 дәреже

*Ботулизм, ауыр түрі, жүрек- қантамыр жетіспеушілігі

*Ботулизм, ауыр түрі, тыныс алу жетіспеушілігі.

*+Ботулизм, ауыр түрі, жүрек- қантамыр және тыныс алу жетіспеушілігі

*Сальмонеллёз, гастроинтестиналды түрі, ауыр ағымы, инфекциялық-токсикалық және гиповолемиялық шок

!32 жасар ер адам, азық-түлік қоймасының жұмысшысы, инфекциялық ауруханаға келіп түсті. Шағымдары: дене қызуы 39°С, қалтырау, тершеңдік, бастың ауырсынуы, бұлшық еттердің, буындардың ауырсынуы. Ауырғанына 6 күн болған.

Объективті: беті, мойыны қызарған, склерит. Аяқ-қол, дене тері қабаттарында, әсіресе аяқ-қол бүгілісінде шоғарланған ұсақ, нүктелі қызыл түсті бөртпелер байқалады, тілі «таңқұрай» тәрізді, іші бос, жұмсақ, оң жақ мықын аймағының ауырсынуы бар, бауыр 2 см қабырға астынан шығып тұр. Сіздің болжам диагнозыңыз.

*Скарлатина

*+Псевдотуберкулёз

*Лептоспироз

*Қырым геморрагиялық қызбасы

*Токсоплазмоз

!Жұмсақ таңдай доғасы шырышы көгеріңкі реңкпен гиперемияланған, бірлі-жарым петехиялар. Жұтқыншақтағы осындай өзгерістер қандай ауруға тән?

*аденовирусты ауру

*энтеровирусты ауру

*парагрипп

*+грипп

*риновирусты инфекция

!39 жастағы вирусты В гепатитімен науқас, сарғаю кезеңінің 10-шы күні бастығырылып түс көрулерге, бас айналуға, «құлау» сезіміне шағымданды. Объективті: уақыт және кеңістіктегі бағдарының бұзылысы, саусақ ұштарының треморы, ауызынан «бауыр иісі», тері жабындылары, көздің ағы қарқынды сарғайған, бауыры жұмсақ-эластикалық консистенциялы. Ауру ағымын бағалаңыз:

*Вирусты В гепатитінің ауыр ағымы

*IV дәрежелі жедел бауыр энцефалопатиясы (ЖБЭ)

*ІІІ дәрежелі ЖБЭ

*ІІ дәрежелі ЖБЭ

*І дәрежелі ЖБЭ

!20 жастағы науаста жиі, жеткілікті мол, «күріш суы» түріндегі суы көп, мол қайта-қайта құсу, бұлшық еттің әлсіздігі, шөл, ауыздағы құрғақтық, балтыр бұлшық етінде қысқа мерзімді дірілдер. Дене температурасы қалыпты. Терісі құрғақ, тургоры төмендеген, шырышты қабықтары құрғақ, дауысының қарлығуы. Науқастың жағдайы құрғаудың қандай дәрежесіне сәйкес келеді?

*І дәрежесіне

*+ІІ дәрежесіне

*ІІІ дәрежесіне

*IV дәрежесіне

*құрғау белгілері жоқ

!35 жастағы әйел 40°С дейін қызуының көтерілуіне, әлсіздікке, басының ауруына шағымданып ауылдық учаскелік ауруханаға келді. 3 күн бойына ауыру. Эпиданамнезінен белгілі болғандай, науқас ветеринарлық дәрігер болып жұмыс жасайды. Отбасында барлығы сау. Объективті: оң жақ қол буынының сыртқы бетінде серозды-геморрагиялық құраммен мөлшері 3 мм пастула бар. Бүкіл оң қолының ісінуі байқалады. Оң Стефанский симптомы. Оң жағынан қолтық астылық лимфаденит. Қандай ауру туралы ойлауға болады?

*+қарасан, карбункулезді түрі

*қарасан, терідегі түрінің эдематозды бір түрі

*қарасан, сепсистік түрі

*оба, терідегі түрі

*оба, лимфа түйіндерінің шошыну түрі

!21 жастағы ер адам, әлсіздік, оң жақ қабырға асты ауыруларына, бас ауыруына, тәбеттің болмауына, жүрек айнуға, несептің күңгірттенуіне, тері жабындыларының сарғаюына шағымдарымен ауырған соң 6-шы күні жұқпалы аурулар ауруханасының қабылдау бөліміне келіп түсті. Несептің күңгірттенуі ауруының 3-ші күні, сарғаю төртінші күні пайда болған. Отбасында барлығы сау. Қарап тексергенде науқастың жағдайы орташа ауырлықта, тері жабындылары, көзінің ағы аздап сарғайған. Бауыры қабырға доғасының шегі астынан 3 см-ге шығып тұр, көкбауыр – оның шегі бойымен. Перифериялық қанда: лейкоцит – 6700, таяқша/яд – 6%, сегмент/яд – 40%, лимфоциттер – 42%, моноциттер – 12%. Жалпы билирубин – 137 ммоль/л, тура – 97 мкмоль/л, АлАТ – 1,1 мккат/л. сіздің диагнозыңыз?

*Лептоспироз

*Описторхоз

*+Вирусты гепатит, орташа ауырлықта

*Вирусты гепатит, ауыр ағымы

*Вирусты гепатит, жеңіл ағымы

!25 жастағы әйел емханадағы учаскелік дәрігерге дене қызуының 38,5 – 39°С-қа дейін көтерілуіне, толғақ тәрізді сипаттағы іш ауыруларына, тәулігіне 20 ретке дейінгі сұйық көп емес дәретке шағымданып келді. Кенеттен ауырған, екі күн бұрын қалыпты температура фонында іш ауырулары, жиі сұйық дәрет пайда болды, кешке таман дене қызуы 38,5°С-қа, содан кейін 39°С-қа дейін көтерілді. Үйінде барлығы сау. Объективті: температурасы – 38,2°С. Тері жабындылары қалыпты реңкте, ылғалды. Тілі ақ өңезбен өңезделген. Іші сол жақ мықын тұсыаймағында ауырсынулы, сигма тәріздес ішек спазмдалған. Дәреті мардымсыз, жалқық және қан жолақтарымен. Сіздің диагнозыңыз?

*+жедел дизентерия, орташа ауырлықта

*жедел дизентерия, жеңіл ағымы

*жедел дизентерия, ауыр ағымы

*жедел дизентерия, гастроэнтероколиттік варианты

*сальмонел







Date: 2016-05-25; view: 2814; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.23 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию