Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Оқытудыц беріктігі 3 page





Арнайы білім беруде мүғалімнің сөйлеу тілінен басқа да түрлері пайдаланылады, мысалы, естуінде ауыткуы бар балаларды оқытуда қажетті дактильді сойлеу тілі мен жест аркылы сөйлеДактильді сөйлеу кол саусактары бейнелейтің әріптер (дактилема) аркылы карым катынас. Әр дактилема сөйлеу тілінің біріұтас бірліктерді білдіреді — сөз, сөлемше т..б. олар қарым-катынас кұрал қызметін атқарады. Ести және көре алмайтын тұлғалар мен қарым катынас жасауда, аталмыш тұлға сөйлеп тұрған тұлғаның қолына өз колын қойып тактильді сезім аркылы мәліметті оқып меңгереді.

Жест арқылы сөйлесу жұйесінің құрамы кұрделі келеді. Бұл жұне екі түрін ажыратады: сөйлесу және калькапык яғни баска тілдің ұлгісімен сез жасау. Жест арқылы сөйлесу ресми тұрде пайдаланбайды, тек карым- қатынас кұралы ретінде жұреді. Калькалық жест сөйлеуінде әр жест бір сөзді білдіреді, ал сөйлемдегі сөз реті қалыпты сөйлем құрамы сияқты.

Естуінде ауткуы бар тұлғаларға ақпарат жеткізудің тағы да бір кұралы - ауызша сөйлеу тілін көру аркылы кабылдау, арнайы әдебиеттерде еріннен оку деп айтылады. Бұл косымша құрал нашар естийтін тұлғаларға есту арқылы қабылдауын жеңілдетеді, ал естімейтін тұлғар үшін зақымдалған есту қабілеттің орнын толыктыру қызметін атқарыды.

Кейбір ауыр жағдайларда пиктографиялык жазу да пайдаланады, әсіресе тірек-қимыл-қозғалысындағы терең кемістіктермен катар сөйлеу тілінде ауытқушылыктар болған кезде (Блисс жүйесі сиякты)

Сонымен арнайы оқытудың неғізгі мақсатына қол жеткізу үшін түрлі әдіс-тәсіл жүйесін пайдалану қажет.

Ө і бетімен жұмыс жасауга арналган сүрақтар мен тапсырмалар

1. Оқыту әдісінін анықтамасын берініз

- Оқыту әдістерін топтаудың түрлілігі

- Білім беру технологиясы дегеніміз не?

- Белгілі педагогикалық технологияны айтып берініз.

- Арнайы мектептегі сөздік оқыту әдістерін пайдалану ерекшілігі қандай?

Әдебиеттер:

- Специальная педагогика / Под ред Н.М.Назаровой-М,- 2001

- Обучение детей с нарушениями интеллектуального развития (Олигофренопедагогика) /под ред. Б.П. Пузанова. Учебное пособие -М,- 2001

- Артпедагогика и арттерапия в специапьном образовании. /Е.А. Медведева. -М. 2001.

Дәріс № 17-19 Арнайы оқытуды ұйымдастыру формалары

Жоспары:

- Арнайы білім беруді үйымдастыру формалары.

- Арнайы мектептегі сабак.

- Арнайы педагог тұлғасы.

үсініктер: сабақ, топтық сабақ, сабақ түрі, пропедевтика, сабакты талдау 1. Арнайы білім беруді ұйымдастыру формалары

Оқушылардың білім мазмұның меңгеру процесі ұйымдастыру формасына байланысты. Дидактикалық категория ретінде оку процесін ұйымдастыру оқытудың мақсаттары, мазмұны, әдістері мен құрап- жабдықтарына, окушылардың даму ерекшеліктеріне, олардың саныиа тәуелді.

Оқушылар санына, оқу уақыты мен орынына, іске асыру тәртібіне орай оку формасы әртүрлі формадаұйымдасады.

Кемтар балалар мен жасеспірімдерді оқыту тәжірибесі тарихи жеке окутыдан басталған. Қазір уакытта әрбір накгылы жағдай үшін арнайы оқыту әдістемелік тәсілін табу жеке түрде оқытуды анықтайды. Әдетте арнайы педагогикада жеке оқыту келесі жағдайларда жүзеге асады:

- оқушылар дамуындағы ауыр және көптеген кемістіктерге себепті және оқытумен тәрбиелеу үшін тек жеке ықпал етуді қажетсінетін кезде. Сонымен қатар, танымдық процестердің ерекшеліктері үздіксіз жеке дара психологиялык-педагогикалық қолдауды, қадағалау мен бакылауды талап ететін кезде;

- оқыту процесінде бала дамуындағы өзгешілік жеке дара арнайы психологиялык, педагогикалық, логопедиялық және түзетушілік көмекті қажетті болған жағдайда;

- денсаулығына байланысты бапа үйде білім алуға мәжбұр болған кезде.

Жалпы, жеке дара оқыту тұрі мұгалімнің бір оқушымен педагогикалық

қатынасы арқылы жүреді, бұл жерде жеке оқыту сабақгар 20-30 минут уақытында өткізілуі тиіс.

Арнайы білім беруде жеке дара оқытудың жалғасы ретінде жеке дара- топтық оқыту формасы жүргізіледі. Бүл оқыту түрі жеке дара сабактарында біршама түзетушілік әсер пайда болып, оны арыкарай тогіта бекіту мақсатымен ұймдастырылады. Мысалы, түзету сабақтарында (тілді дамыту, кеңістікті багдарлау т.б.) балалармен шағын топтарда жұмыс істеу қажет. Оқытудың соңғы кезендеріне таман, бір нәтижелерге кол жеткізген кезде жеке-дара топтық оқыту кұрделі кемістігі немесе ауыр кемістігі бар балалармен нәтижелі өтеді.

Ал оқытудын топтық формасы мақсатқа сәйкес орайласкан топтарда оқыту арқылы ұйымдасады. Топтық жүмыс істеу арнайы сабақгарға жиі қолданылады. Мұнда балапар танымдық мүмкіндіктеріне, оқу гемпінеғ түзеут-оқыту міндеттеріне байланысты топтарға біріғеді. Сондай-ақ қандай тапсырманы орындау үшін балалар уақытша топқа біріккен кезде топтық оқутудыпайдалануға болады.

Топтық оқыту балапардың түрлі әрекеттерін, оқуға деген қызығушылығын, ұжымдық әрекет іскерлігі мен тәртіп сактау дағдысын практикалык түрде меңгеруге, сөйлеу, ойлау және қарым-қатынас әрекеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Жұппен, топпен жұмыс істеу балаларды бірлесе оқытуды жүзеге асырады, өз бетімен жүмыс істеуін, жауапкершілігін, жолдастық сезімін, езара көмек керссгу дайындыгын дамытады.

Оку гіроцесін үымдастырудың ең негізгі, тиімді формасы ол - сабақ. Жалпы мектептегідей арнайы мектептегі сабақ таным әрекетімен бірге басқада дамытушы міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.

Сабакта мүғалім дәл белгіленген уакыт аралығында окушылардың тұрақгы тобымен меңгеруліге тиіс пән негіздерін қабылдауға гиімді жағдайлар жасап, қажетті жүмыс түрлерін, құрал-жабдыктары мен тәсілдерін қолданым, танымдық және басқа әрекеттерді ұйымдастырады. Бұл оқыту түрі оқушыларды тәрбиелеп, шығармашылық қабілеттерін ашуға және дамуындағы ауытқушылыктарды түзетуге мол мүмкіндік береді. Мұғалім сабақ барысында міндеттерге сәйкес жеке дара, топтық және толық сыныпппен жүмыс жүргізеді. Сабақтын ерекшелігі, біріншіден, сынып тобының күрамы тұрақтылығында, екіншіден, барлық окушылардың оқуға деген мүмкіндіктері мен дамуындағы кемістіктер салдарынан пайда ерекшеліктерін ескере отырып оқу әрекеттін барлық кезеңдерін мүғалім басшылық етеді; үшіншіден, оқушылар білімді сабақ үстінде меңгеруінде.

Арнайы оқытуды ұйымдастырудың косалқы формалары да арнайы мектептерге кең пайдапанылады, олар: факультатив сабақтары, оқу саяхаттар, семинар, зертханалық-практикалык сабаюар, үйдегі өзіндік жұмыстар.

Факультатив сабақгары - оку пәндерін окушылар оз таңдауы және қызығуларына орай тереңдете окуына арналады және білімдерің тереңдету міндетін көздейді.

Оку саяхаттар- әрқилы нысандар қоршаған дүние қүбылыстарын оқушылардың тікелей бақылап зерттеу максатымен өндіріс. мұражай, көрме, табиғат аясына бару аркылы оқуды ұйымдастыру. Бұл сабақтар кемтар арнайы мектеп окушылары үшін өте қажетті, өйткені балалардың қоршаған орта туралы білімдерің кеңейтуге және болашақга әлеуметтік бейімделуіне мол мүмкіндік береді.

Семинар оқу сабақтар- меңгеріліп жатқан мәселелер, баяндамапарды ұжымдыкталқьшау түрінде өтеді. Бүл сабақтар окушылардың оқу-танымдык әрекетіне көбіне өзіндік жұмыстары негізінде арнайы мектептерде жоғары сыныптарында ұйымдастырылады. Арнайы мектеп үшін бүл сабақгар жаңа түр. Семинар оку сабақтары сыныпта және сыныптан жүмыс аралығындағы бірлестікті сақтауға жол ашады. Семинар сабақтары оку пәндерге деген қызығушылық пен шығармышылық қабілеттерін дамытады.

Үйдегі өзіндік жүмыс — сабақтан тыс уақытта білімді игеру процесінің құрамдас бөлігі. Бұл оку тұрі арнайы мектеп оқушылары үшін өте кажет, өз бетімен білім алуға дағдыландыру жалгіы қиын мәселе. Бұл жерде үздіксіз үй тапсырмасын толық түсіндіру, талқылау кейін міндетті түрде кадағалау мен бақылау қажет екенің ұмытпау кажет.

2. Арнайы мектептегі сабақ

Арнайы мектептегі сабакта оку процесінің барлық компонентері (мақсат-міндегтері, білімнің мазмұны, принциптері, оқыту әдістері) толыгымен жұзеге асырылады.

Сабақ мұғалімнің шығармашылық өңері емес, ол нақты талапқа және білім беру мақсат- міндеттерге сәйкес ұйымдастырылатын жұмыс. Сабақты дұрыс өткізу ұшін жалпы дидактикалық, әлеуметтік- педагогикалык, психологиялық-педагогикалық, ұйымдастырушы, санитариялық-гигиеналық жағдайларды қам гамасыз ету керек.

Жалпы дидактикалық жағдайлар нақгы оқыту процесін қалай еткізу шарттарын белгілейді, сабақга өтетін білім мазмұнын, оған сәйкес сабаққа қойылатын міндетгерді анықгайды.

Білім беру міндетгері ғылыми негізделген, білім беретін оқу бағдарлама көлеміндегі білімді меңгерту, өмір сұру үшін қажетті икемділік пен дағдьшарды қалыптастыруды қолдайды. Сабақгағы білім беру міндеттері үнемі окушыларға арналған, өйткені мұғалім окушылар нені меңгеріп, үйренуі тиіс екенін өзі анық білуі тиіс. Мысалы, сабақ тақырыбы: екі таңбапы саңды бір таңбалы санға бөлу, сол сабақта мұғапім келесі міндетті орындайды, жүз көлеміндегі сандарды бөлуге үйрету (қалыптастыру, қайталау, бекіту, кеңейту), бір амалды есептерді шығару дағдыларын қалыптастыру.

Сабақгын тәрбиелік міндеттері өмірге деген дұрыс көз-қарасын қалыптастыру, жеке тұлғаның адамгершілік, әстетикалық қасиеттерін тәрбиелеу, танымдық қызығушылын, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жол ашады.

Тұзету-дамыту міндеттері бала бойындағы алғашқы (біріншілік реттегі) кемістіктің салдарын жоюға, түзетуге және екіншілік кемістіктердің алдын алуға бағытталған, яғни ең жиі кездесетіндер, таным процестерін және сөйлеу тіліндегі кемістіктерді түзету. Бұл міндеттерді орындау ережесі нақты әрекеттерді анықтау мен орындауын қадағалауды талап етеді. Мысапы, зейн ауытқушылықтарын түзету үшін, "Кім байқағыш", "Не артық" т.с.с атты ойын арқылы зейіннің тұрақгылығын дамыту міндеті сабақгағы түзету- дамыту міндетгерін бірі болуы мүмкін.

Сабаққа қойылған міндеттердің нактылығы, түрлі әрекеттердің алмасуы, мүғалімнің окушылар әрекетін бағапауның тәртіптілік пен мәдениетін қалыптастырады.

Арнайы мектепте міндеттерді орындау үшін мұғалім оқушылардың ерекшеліктерін ескере отырып белсенді таным әрекетін дамытуға бағытталған оқыту әдістер мен тәсілдерін үйлесімді пайдалану мен катар оку тапсырмаларынын көлемі мен күрделігін анықтау білуі тиіс.

Сабақ барысында барлық міндеттер өзара байланыста жүзеге асырылады.

Әлеуметтік-педагоғикалық жағдайлар арнайы мектептеғі мұғапімнің жогары кәсіби біліктілік деңгейін талап етеді. Бұл жерде жалпы білімділік, идактикалық, әдістемелік дайындык пен коса сынып ұжымыда білім апуға деғен кызығушылығы кажет. Әлеуметтік-педагогикалык жағдайлар арнайы мектепте оқыту процесін арнайы кұрал-жабдыктармен камтамасыз етуін талап етеді.

Психологиялық-педагогикалык жагдайлар оқытудың жогары нәтижесіне жету үшін оқушылар бойында білім алуға кызығушылын оятуды білдіреді. Бүл үшін арнайы педагогтар балалардың психикалық даму, жас, түлғалық ерекшеліктерін жақсы білуі кажет және өздері кемтар балалармен жүмыс жасауға психологиялық-педагогикалық түрғыдан дайын болуы қажет. Сабақ түрлері, қүрамы

Әр бір сабақ негізгі бірліктерден қүралады, олар: үй тапсырмасын тексеру, жаңа материалды түсіндіру, бекіту, кайталау, білімді тексеру, бағалау, сабакты корытындылау. Сабак қүрылымы - бір белгілі бірізділікгі және өзара карым-қатынаска келген дәріс бірліктерінің байланыс түтастығы. Ал сабақтын түрі -белгілі бір сабақтар тобына тән бірліктердің тұракты үйлесімділігін білдіреді.

Жалпы білім беретін және арнайы сабақгар, сабақ түріне сәйкес кұрылады. Бүгінгі дидактика сабақ түрлерін олардың басты сипатына орай гоптастырады. Дидактикалык максаттарга сәйкес сабактүрлері: пропедевтикалық сабақтар; жаңа білім, икем, дағдыларды қалыптастыру; білім, икем, дағдыларды кайталау; білім, икем, дагдыларды бекіту; білімді корытындылау; білім, икем, дағдыларды тексеру, бакылау. Арнайы білім беруде пропедевтикаіық сабактардың екі түрін ажыратуыға болады. Бірінші түрі бастауыш сыныпта откізілетін сабақтар, олардың максаты - оқу материалын толық жүйеде меңгеруге даярлау. Екінші түрдегі пропедевтикалық сабақтар жаппы оқыту процесінде күрделі оку материалын меңгеру үшін арнайы дайындық ретінде өткізіледі. Жалпы прогіедевтикалық сабақгардың негізгі мақсаты оқушыларды оку материалын жақсы меңгеруге даярлау.

Жаңа білім, икем, дағдыларды қапыптастыру сабақтары тек жаңа мәліметтер мен жаңа икемділік пен дағдыларды үйретуді мақсат етеді. Бұл сабақтын құрылымы келесі бірліктерден тұрады:

- Психологиялық-педагогикалық даярлык

- Жаңа оку материалын баяндау

- Меңгерілген оқу материалын бекіту

- Үй тапсырмасын беру

- Білімді бағалау

- Сабакты корытындылау.

Бұл сабақтарда оқушылар өздерінің білім, икемдерін жаңа жағдаятга, тәжірибе жүзінде пайдапана білуге үйренеді. Жаңа оку материалын мұғапім бағдарлама негізінде жан-жақты талдап, іріктеу тиіс.

Әрине білім, икем, дағдыларды бір сабақта толық, тұрақты капыптастыру мүмкін емес, сондыктан келесі сабак түрі арнайьі мектептерде өткізіледі - білім, икем, дағдыларды бекіту сабағы, оның қүрылымы:

- Психолоғиялық-педагогикалык даярлық

- Оқу материалын кайталау

- Меңгерілген білімдерін жетілдіру

- Үй тапсырмасын беру

- Білімді бағапау

- Сабакты қорытындылау.

Бүл түрдегі сабакгарда көп жаттығулар пайдаланылады, арнайы әрекеттер үйымдастырылады.

Арнайы мектепте білімді жалпылау және бір жүйеге келтіру бүрын меңгерілген білімді белсендіруге бір берікті жүйеге келтіруге бағытталған. Ал білім жүйесін кұруга арнайы мектептегі оқытудың баяулығы және оқушылардың даму ерекшеліктері (әсіресе, есте сактау ерекшеліктері) кедергі жасайды. Сондықган бүл сабақтардын түзетушілік маңызы зор. Құрылымы:

1. Психологиялык-педагогикалық даярлық

- Оқу материалын кайталау

- Үй тапсырмасын беру

- Білімді багалау

- Сабакты қорытындылау.

Бақылау сабактары окушылардың меңгерген білім деңгейін аныктау мен шектелмейді. Бұл сабақтар мұғалімнің пайдаланған оқыту әдістердің тиімділігін керуге және кейіннен оқыту процесін жетілдіруге мүмкіндік береді. Бақылау сабақтарында келесі әдістер жиі пайдаланылады: әнгімелесу тақырып бойынша, жасбаша практикалық тапсырмалар беру бақылау жұмыстарын өткізу.

Арнайы мектептегі негұрлым көп тараган сабақ түрі - аралас. Бүл сабақ жаңа оку материалын шағын бөліктермен беріледі (баска міндеттерді шешуге уақыт калады), материалды есте сактаудың ерекшелігі тиянақты бекітуді талап етеді; окуға кызығушылыкты тудыру үшін түрлі әрекеттерді пайдалану қажет және сабақта таным белсенділік деңгейін дамытады. Аралас сабақгын құрылымы:

- Психологиялық-педагогикалық даярлық

- Үй тапсырмасын тексеру

- Оку материалын қайталау

- Жаңа оку материапын баяндау

- Менгерген білімді бекіту

- Үй тапсырмасын беру

- Білімді бағалау

- Сабақгы қорытындылау.

Аралас сабақ кұрылымы үнемі бірдей бола бермейді, сабак міндеітеріне, оқу материалынын күрделігіне тәуелді кезендер орындары ауысуы мүмкін. Дидактикапық міндетке байланысты кейбір жагдайларда жаңа материалды баяндау негізгі орынға ие болса, бірде қайталау мен жүйелеу маңызды орын алады.

Арнайы мектептердің өзгешелігі ол түзету сабақтары. Түзету міндеттері әр сабақга, сабақган тыс уакытта жүзеге асканына карамастан арнайы түзету сабақгар енгізілген. Бүл сабақтардын түрлері арнайы мектеп окушыларынын дамуындағы кемістікке тәуелді. Мысалы, естімейтін, нашар естийтін балалар оқитын мектептерде заттык-тәжірибелік оқыту, дактильді сейлеуге үйрету, дыбысты қабылдауын дамыту, дыбыс айтуды калыптастыру сиякты арнайы сабақгар өтеді, олардың күрылымында ерекшеліктер бар. Барлык сабақтарда тілді жаттықтыру, сөзді естіп қабылдауға арналған жаттығулар өз кезендерінде жүргізіледі.

Көруінде ауыткуы бар бапалар үшін арнайы мектепке кеңістікті бағдарлау, зиятында ауытқуы бар балалар үшін таным әрекетін түзету сабақгары үйымдастырылады.

Ал оқу материалын откізу тәсілі бойынша сабақтар келесі түрде өтеді:

- оку саяхаттар;

- ақпарат қүралдар аркылы өткізілетін сабақтар (теле-бейне-компьютерлік қүралдар).

Арнайы мектептегі сабақты талдау

Арнайы мектептегі оқыту проңесін жетілдіру, оку әрекетіне барабар баға беру сабакты психологиялык-педагогикалық түрғыдан талдауға байланысты. Сабақгы психологиялык-педагогикалық галдаудың өзгеше тәсілдері оқыту процестің түзету-дамыту бағытын ескеруді талап етеді.

Сабакты психологиялық-педагогикалық талдау сабакка қойылған міндетгер орындалуын кадағалуымен бірге оқушылар ерекшеліктерін ескеруді талап ретінде карастырады.

Сабақты талдау барысында ең басты күрылымын қарау. Сабактағы бірліктер реттігі, онын тиімділігі, жасапған әрекеттердің үйымдасуы тапдау қажет.

Сабактағы білім мазмүның талдау үшін арнайы білім беретін бағдарламаға және білім беру міндеттерге сәйкестігін анықтау қажет. Бүл талдау кезде арнайы түзету міндеттердің орындалуын қадағалау жауапты мәселе.

Ал сабактын дамытушы қызметіне оқушылардың таным әрекетін белсендіру деңгейін қарастыру арқылы баға беріледі, әсіресе арнайы оқытудың ерекшеліктерін толығымен ескеру кажет.

Сабақгын тәрбиелік мәнін бағалау оку барысында окушылар арасындағы қарым-қатынасты, балалардың адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуын бақылау арқылы мүмкін.

Сонымен қатар, сабактағы пайдалынған оқыту әдістердің тиімділігін анықтау мен тапдауға көп мүмкіндік береді. Сабақтағы оқу жүмысынын үйымдасуы да маңызды көрсеткіш болып табылады (сынып тобымен, топтык, жеке).

Арнайы мектептегі сабақта әр оқушынын жеке дара ерекшеліктерін ескере отырыгі, арнайы ықпал еіу, жол табу мұгалімнің шеберлік пен кәсіби білім деңгейін білдіреді.

Ерекше сабақ үстінде үй тапсырмасына да кеңіл бөлу кажет, такырыпқа сәйкестігі, күрделігі мен орындау мүмкіндіктерін ескеру.

Сабақтын сырткы көрінісі - ол мүғалім мен окушылар арасындағы түсінушілік, сыйластык пен жақсы көніл. Мүғалім педагогикапық әтика кәсіби деонтология ережелерін үнемі үмытпай орындауға тиіс.

Сабақты тапдау кезде, оның сабақ жүйесінде орның анықгау маңызды. Тек "жақсы" сабақ немесе "жаман" сабак, "үнамады" деген баға беруден бас тарту керек. Өйткені әр сабак; арқылы мүғапімнің білім деңгейін жетілдіруге болады.

3. Арнайы педагог түлғасы

"Баланың психикапық немесе (және) дене дамуы негүрлым төмен болса, үстаздың білімділігі мен біліктілігі соғүрлым жоғары болуы кажет", деп жазған XX ғасырдың басында атақты неміс- педагог-дефектологы П. Шуман.

Педагог-дефектологтың кәсіби әрекеті дәстүрлі үстаздың әрекетінің белгіленген шеңберінен әлдеқайда кең болып келеді өйткені әлеуметтік- педагогикалық, оңалту, консульгативтік-диагностикалық, психотерапиялық жеке коррекңияның кептеген түрлерімен бағытталған, яғни мүмкіндігі шектеулі түлғаның әлеуметтік бейімделуіне және арнайы білім алуына ықпал ету.

Қазіргі уақытта арнайы педагогиканың түрлі мамандыктарың игеруге болады. Педагог-дефектологтың кәсіптік іс-әрекетінің шеңбері маман дайындау бағытына, олардың жүмысы мазмүнына тәуелді ерекшеленеді. Дефектология мамандығы бойынша: логопед, сурдопедагог,

олигофренопедагог, түзету-дамыту оқытудың оқытушысы, тифлопедагог, түзету мекемелердегі педагог-психолог.

Олигофренопедагог - зиятында ауыткуышылықтары бар балаларды оқыту, тәрбиелеу мен түзету-дамыту;

Сурдопедагоғ - естімейтін, нашар еститін және кейін естімей калған балаларды оқыту, тәрбиелеу мен түзету-дамыту;

Тифлогіедагог - көрмейтін және нашар көретін балаларды оқыту, тәрбиелеу мен түзету-дамыту;

Логопед - сөйлеу тілінде ауытқуы бар түлғалармен түзетушілік дамытушылықты жүмысын атқарады.

Мектепке дейінгі арнайы педагог - мектеп жасына дейінгі мүмкіндіктері шектеулі бапаларды тәрбиелеу, оқыту мен дамуындағы кемістіктерді түзету.

Дефектологтың яғни арнайы педагогтың қызметі (мамандыққа байланысты) келесі:

- арнайы оқытуды кажет ететін мектепке дейінгі балаларға арналған арнаулы мекемелерінде тәрбиеші; ПДТБ, зиятында және есту, сөйлеу, көру, тірек-кимыл қозғалысында ауыткуы бар балаларға арналған мектеп- интернаттарында тәрбиеші;

- ПДТБ зиятында және есту, сөйлеу, көру, тірек-қимыл қозғалысында ауыткуы бар балаларға арналған мектептеряе бастауыш сыныптардың оқытушысы; жалпы білім беретін мектептерде түзету сабактарының оқытушысы; арнайы (түзету) мектептердегі мүғалім;

- мектепке дейінгі және мектеп жасындаға кемтар балаларға арналған үйымдарында; емдік-алдын алу мекемелерде, арнайы кабинеттерде; жалпы білім беретін мсктептерде логопедтік пунктгердегі логопед;

арнайы оқытуды қажет ететін мектепке дейінгі және мектеп балаларға арнапған мекемелерінде педагог-психолог.

Арнайы мектеп мүғапімін білім, медицина мен әлеуметтік салаларында мүмкіндіктері шектеулі балалармен оқыту-тәрбиелеу және нақгы арнайы білім беру үйыдарында ғылыми-әдістемелік, үйымдыстыру- басқару жүмыстарын атқаруға бағытында дайындайды. Ол оқыту-тәрбиелеу, ғылыми-әдістемелік мекемелерінде типтік номенклатураға сәйкес жоғары білімді мамандарының орнын басатын бастапкы қызметтерді атқара алатындыгына бағыттайды.

Қоғамның даму деңгейіне сәйкес маманның кәсіби дайындығы, демократиялык және гуманистік сенімдері, жалпы адамзаттык рухани байлығы жоғары дәрежеде болуы қажет. Қазіргі маман кен фундаментальді және тәжірибелік дайындықка ие болу, өз мамандығын жетелдіре ала білу, ез білімін өрістете білу, іс жүзінде қызмет үйымдастыру принциптерін қолдана алу, сонымен қатар педагогикалык процесті басқару озык әдістеріне ие болу қажет.

Date: 2016-05-14; view: 1065; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию