Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Г.Волков,А.Исмайлов,Қ.Жарықбаев, С.Ұзақбаев,С.Қалиев,Қ.Қожахметова,Т.Табылддиев,Р.Төлеубекова,т.б 2 page





ОРХОН-ЕНЕСЕЙ ЕСКЕРТКІШТЕРІНДЕГІ ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ КӨРІНІСТЕРІ.

Руна жазуындағы ең үлкен ескерткіштер Орхон мен Енисей өзендері алқабынан табылғандықтан, жазудың өзін де осылайша атап кетті.

Орхон-Енисей жазбалары Шығыс Түркі қағанатының қағаны Білге мен оның інісі Күлтегін қабірлеріне қойылған орасан зор құлпытастарға қашап жазылған жыр жолдары болып шықты. Жырға арқау болған негізгі мәселелер - елдің тәуелсіздігі, береке-бірлігі. Күлтегін жырында сегіз оқиға баяндалған.

· Біріншісінде, қағанның өз халқына қарата айтқан үндеуі,

· Екіншісінде Түрік Қағанаты жерінің кеңдігін суреттейді,

· Үшіншісінде түркілердің әскери жорықтары,

· Төртіншісінде көршілес табғаштардың қастандық әрекеттері туралы әңгіме,

· Бесіншісінде табғаш тайпасымен қатысу түркілерге қауіпті екендігі жөнінде,

· Алтыншысы түркі халқының болашақты болжай алмауына өкіну,

· Жетіншісі түркі халқының даңқын асырған қаған жөнінде,

· Сегізіншісінде осы ескерткішті жыр қып жазуға түрткі болған жағдайларға тоқталады.

Орхон-Енисей жазбаларының енді бір ескерткіші - Тоныкөк құлпытасындағы жырлар. Онда да сол кездегі түркілердің өмірінен мағлұмат беретін он төрт жол жазылған. Түркі халқының табғаштарға тәуелді болып қалу тарихы, азат қалған түркілердің бірігуі, қаған сайлауы, Тоныкөктің ықпалымен Елтерістің қаған болуы, Оғыз мемлекетінің тыңшылары түркілерге қауіп төндіргені, қарсыластармен болған шайқастар, анталаған жаудың бетін қайтаруда Тоныкөктің ерлігі, ұрыс-шайқастардың жүргізілуі, түркілердің түрлі тайпалармен жауласу жолдары баяндалып, Тоныкөкті мадақтау берілген.

Дәл осы кезде академик В.В.Радлов та өз бетінше ізденіп, руна жазуының он беске жуық әрпін анықтап алған еді. Арада көп уақыт өтпей, В.В.Радлов Орхон өзені бойынан табылған үлкен тастардағы мәтінді толық оқып, аударып шықты.

Л.Н.Гумилев Орхон жазба ескерткіштерін «Көк түріктердің өздері туралы» жазған шежіресі деп біледі.

ОТБАСЫ ТУРАЛЫ ОЙШЫЛ ҒҰЛАМАЛАРДЫҢ ПІКІРЛЕРІ.

19ғ 2жарт өмір сүрген қазақ ағартушылары Ш.Уаиханов,А.Құнанбаев,Ы.Алтынсарин,20ғ 30жылд ағартушы-педагогтар А.Байтұрсынов,М.Дулатов,Ж.Аймауытов,М.Жұмабаев балалардың дүниеге көзқарасын және мінезін қалыптастыруда отбасы рөлінің маңыздылығын ескере отырып,ондағы әкесі мен анасының,атасы мен әжесінің,жасы үлкендердің отбасында басты тәлімгерлер екендігін өздерінің жеке бастары мен шығармаларында ерекше көрсете білді. Олардың пікірінше,балаларды тәрбиелеу үшін ата-ананың өздері тәрбиелі болу керектігі,отбасында балаларды ата-баба дәстүрлері,ауыз әдебиеті,халықтың тарихы мен мәдениеті арқылы тәрбиелеуді қажет деп санаған. Енді сол қазақ ағартушылары мен педагогтарының отбасылық тәрдие туралы ойларына жеке-жеке тоқталайық. Қазақтың ұлы дарынды жазушысы,тамаша ақын Ы.Алтынсарин отбасында баланы тәрбиелеуде ата-ананың орны мен рөлін көрсететін көптеген көркем шығармалар ендірген. Мысалы: «Әке мен бала» «өрмекші,құмырсқа,қарлығаш» «бір уыс мақта» бұардың барлығы ана мен әке тәрбиесі жайында жазылған. Ыбырай қазақ отбасының жақсы дәстүрлерін жоғары бағалайды,ата-ананың балаға деген сүйіспеншілігін,мейрімін ата-анаға баланың борыштарлығын терең сеніммен баяндайды. Оған «Ананың сүюі»өлеңі мысал бола алады. Ы.Алтынсарин «Орынбор ведомствосы қазақтарының құда түсу,қыз ұзату және той жасау дәстүрлерінің очеркі»және «Орынбор ведомствосы қазақтарының өлген адамды жерлеу және оған ас беру дәстүрлерінің очеркі»деп аталатын этнографиялық еңбектерінде қазақ халқының отбасылық тәрбиенің маңыздылығын толық қарастырған. Қазақ халқының аса кемеңгер ойшыл ақыны А.Құнанбаев балаға отбасылық тәрбие беруде ата-ананың маңызы зор екендігін даналық көзі саналатын қарасөздерінде айтып кеткен. Абай отбасылық тәрбиеде баданың адамгершілігін,дүниеге көзқарасын қалыптастыруда ата-анаға ерекше маңыз берген. Ол баланы тәрбиелеу күрделі мәсее деп санап «Адамды адам еткен тәрбие,оның бойындағы жақсы және жаман қасиет алдымен отбасында тәрбиеленеді,сондықтан ата-ананың қуанышы не қайғысы болуы өздеріне байланысты»деп және «Бұл дүниеде жаман әке баласын ұлы адам етіп тәрбиелеген ешуақытта болған емес» деп қорытындыаған. Оның отбасы тәрбиесіне арналған шығармалары: «Жігіттер,ойын арзан,күлкі қымбат» «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы». А.Байтұрсыновтың «Тәні саудың жаны сау»мақаласының басым көпшілігі отбасылық тәрбиеге бағытталған. Н.Құлжанова «Мектептен бұрынғы тәрбие» «Ана мен бала». М.Дулатов «Шешенің балаларды сүюі» «жастарға» «балдызға» «Қобызшы ініме» «Қамар сұлуға» «Сұлу қызға» атты шығырмаларында отбасында жастарды тәрбиелеу,сұлулық туралы жырлаған. М.Жұмабаев «Педагогика»атты кітабында ата-ананың баланы тәрбиелеуі туралы ой-пікірлері жетерлік. Ол «Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып,бұрын қолданып келе жатұан тақтық жол болғандықтан,әрбір тәрбиеші сөз жоқ ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті»деп ата-анаға отбасында балаға ұлттық тәрбие беру қажеттігін атап көрсетіп отыр. Ақын Мағжан өзінің өлеңдерінде отбасындағы бала тәрбиесінде ананың рөліне,қыздың тәрбиесіне,келін тәрбиесіне аса мән берген. Оған «Анама» «Бесік жыры» «Әже» «Немере мен әжесі» «Жас сұлуға» «Ана» «Жас келін» атты шығармалары дәлел. Қазақ отбасының тарихы туралы жан-жақты зерттелген тұңғыш еңбек тарихшы-этнограф Х.Арғынбаевтың 1973 ж шығарылған «Қазақ халқындағы семья және неке» атты кітабы,ал ол толықтырыып,өңделіп 1996ж «Қазақ отбасы» деген атпен қайта жарық көрді. Еңбекте қазақ отбасының өткені мен бүгіні,халқымыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары терең қамтылған. Академик С.Мұқановтың 1974ж «Халық мұрасы», академик М.К.Қозыбаевтың редакторлығымен шыққан «Қазақтар»атты кітабы, А.Сейдімбектің «Қазақ әлемі» атты кітаптарында қазақ отбасыларының мәдениеті,тұрмысы,фольклоры,тілі,мекені жайында жазылған.Қазақ отбасылық тәрбиесінің психологиялық ерекшеліктері туралы этнопсихологтар Қ.Жарықбаев, Ә.Табылдиев, К.Оразбекова, Н.Елікбаев, Қ.Жүкеш,т.б. еңбектерінде айтылған.

ОРХОН МЕН ЕНИСЕЙ.

Руна жазуындағы ең үлкен ескерткіштер Орхон мен Енисей өзендері алқабынан табылғандықтан, жазудың өзін де осылайша атап кетті.

Орхон-Енисей жазбалары Шығыс Түркі қағанатының қағаны Білге мен оның інісі Күлтегін қабірлеріне қойылған орасан зор құлпытастарға қашап жазылған жыр жолдары болып шықты. Жырға арқау болған негізгі мәселелер - елдің тәуелсіздігі, береке-бірлігі. Күлтегін жырында сегіз оқиға баяндалған.

· Біріншісінде, қағанның өз халқына қарата айтқан үндеуі,

· Екіншісінде Түрік Қағанаты жерінің кеңдігін суреттейді,

· Үшіншісінде түркілердің әскери жорықтары,

· Төртіншісінде көршілес табғаштардың қастандық әрекеттері туралы әңгіме,

· Бесіншісінде табғаш тайпасымен қатысу түркілерге қауіпті екендігі жөнінде,

· Алтыншысы түркі халқының болашақты болжай алмауына өкіну,

· Жетіншісі түркі халқының даңқын асырған қаған жөнінде,

· Сегізіншісінде осы ескерткішті жыр қып жазуға түрткі болған жағдайларға тоқталады.

Орхон-Енисей жазбаларының енді бір ескерткіші - Тоныкөк құлпытасындағы жырлар. Онда да сол кездегі түркілердің өмірінен мағлұмат беретін он төрт жол жазылған. Түркі халқының табғаштарға тәуелді болып қалу тарихы, азат қалған түркілердің бірігуі, қаған сайлауы, Тоныкөктің ықпалымен Елтерістің қаған болуы, Оғыз мемлекетінің тыңшылары түркілерге қауіп төндіргені, қарсыластармен болған шайқастар, анталаған жаудың бетін қайтаруда Тоныкөктің ерлігі, ұрыс-шайқастардың жүргізілуі, түркілердің түрлі тайпалармен жауласу жолдары баяндалып, Тоныкөкті мадақтау берілген.

Дәл осы кезде академик В.В.Радлов та өз бетінше ізденіп, руна жазуының он беске жуық әрпін анықтап алған еді. Арада көп уақыт өтпей, В.В.Радлов Орхон өзені бойынан табылған үлкен тастардағы мәтінді толық оқып, аударып шықты.

Л.Н.Гумилев Орхон жазба ескерткіштерін «Көк түріктердің өздері туралы» жазған шежіресі деп біледі.

ОЙЫН САУЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУ СЕБЕБІ.

ойында әрбір адам ойнап өседі, ойынды көп ойнаған адамның дүниетанымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік, нағыз сезімтал тұлға болмақ. Кей бала ойында шынайы өмірді бейнелесе, кей бала ішкі сезімін білдіреді. Ойын екі түрлі уақыттық бағытты қамтиды: қазіргі және болашақ. Бір жағынан бала бірден осы мезетте қуанышқа бөленеді, екінші жағынан ойын әрқашан болашаққа бағытталған, өйткені ойын барысында тұлғаның келешек өміріне ықпал ететін сапалы қасиеттері мен іскерлік дағдылары қалыптасады. Оқушы ойын қызметіне талпынады, ойын олар үшін өмірдің мәні болып табылады. Кейбір психологиялық теориялар ойынның мәнін баланың артық әл–қуатын шығындап, жоғалтқысы келген талабымен түсіндіредОйынның негізгі белгілері: Тілдің дамуына да, ақыл-ой дамуына да әсер етеді, бала ойын үстінде заттар мен іс-әрекеттерді жалпылауды, сөздің жалпылама мағынасын қолдануды т.б. үйренеді.

ОРТАҒАСЫР ОЙШЫЛДАРЫНЫҢ ТӘРБИЕЛІК ИДЕЯЛАРЫ.

Ортағасырлық педагогикалық ой-пікірдің даму тарихында аты әлемге әйгілі ортағасыр данышпандары – Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари Жүгінеки қазақ жерін әлемге мәшһүр етті.

Жүсіп Баласағұни.

Түркі халықтарының көрнекті өкілдерінің бірі, бұл кезеңнің рухани мәдениеті тарихында өзіндік із қалдырған, қазақ топырағында дүиеге келген. Оның өмірбаяны жөнінде бізге жеткен мағлұматтар жоқтың қасы. Ата-жөніне қарағанда, Баласағұн қаласында (Жетісу) өңірінде туып-өскені хақ.

В.В.Бартольд пен И.В.Стеблеваның айтуынша, ғұлама ойшылдың әйгілі дастаны «Құдадғу білік» (Құт негізі - білік) Қашқар қаласында жазылған. В.В.Бартольд ол кезде «Қашқар қаласының халқы ғана нағыз түркі тілінде», яғни, «түркі – хақан тілінде» сөйлеген дегенді айтады.

Дарынды ақынның, көреген ойшыл-дананың Жүсіп Баласағұнның өз сөзінен белгілі болғандай. Ол былай дейді: «Осы кітаптың авторы – Баласағұни қаласында дүниеге келген адамгершілігі жоғары – ұстамды азамат. Еңбекті Қашқарда аяқтап, Шығысты билеуші Табаш-ханға ұсынды, ол шығарманың авторын лұғылап, дәріптеп, оған «хасс-Хаджит» деген атақ берді»1.

Поэманың өзінен Жүсіп Баласағұнның асқан дарынды ақын, белгілі ағартушы, білімді адам, философ, ғалым-әмбебаб, данышпан, ақылғөй, араб және парсы поэзиясының, түркі халықтары фольклорін жетік білетін дана астроном, математик болды.

«Құдауғу білік» - әңгіме аңыз ретінде баяндалатын даналық сөз, өсиет, ғибрат. Дастан оқиғасы ХІ ғасырда Ыстық көл, Жетісу, Қашқар өлкесінде болған шындыққа байланысты өрбітілді. Жүсіптің дастаны саяси және ғибрат, өсиет, ақы ретінде имандылыққа үндейтін, тәлім-тәрбие берерлік дидактикалық тағылымдық туынды. Онда жеке адамның өзін қоғамда, үй ішінде қалай ұстай білу керектігінен бастап, хандар мен бектердің өз қарамағындағы әрбір қоғамдық топтарға қалауға тиіс екендігі жөнінде көптеген мәселелер қамтылады.

Идеясы жағынан дастан имандылық, ізгілік рухында жазылған еңбек. Жүсіп Баласағұнидың «Құдатғу білік» түркі тілдес халықтардың ішінде бізге жеткен алғашқы еңбектердің бірі болып табылады. Бұл еңбек түркі тілдес халықтардың бәріне ортақ жеке ұлт болып қалыптасқанына дейінгі ортақ мәдени мұра болып есептеледі.

Жүсіп Баласағұнидің еңбегінде тәлім-тәрбиелік, ғибарттық, өсиет-өнеге, нақыл сөздер түрінде жазылған педагогикалық және психологиялық, философиялық тұрғыдағы еңбек болып табылады.

Еңбекте отбасы тәрбиесі, онда ата-ананың алатын ролі туралы, бала мінез-құлқын, психологиялық ерекшеліктерін қалыптастыру, отбасында ананың алатын орнымен қатар әкенің де бала тәрбиесіндегі алатын орнына ерекше мән береді

Махмұт Қашғари.

(ХІ ғ.)

Жүсіп Баласағұнның замандасы, Қашқарияда дүниеге келгенмен, бүкіл саналы ғұмырын Қазақстан, Орта Азия жерлерінде өткізген. Негізгі еңбегі «Диуани лұғат ат-түрік» («Түркі сөздерінің жинағы») деп аталады. Түркі халқының ХІ ғасырда өмір сүрген аса дарынды перзенттерінің бірі Махмұт әл-Қашқари. күні бүгінге дейін ғалымның туған жылы белгісіз. Оның атақты шығармасы «Диуани лұғат ат-түрік» 1072 немесе 1078 жылдары жазылған деп шамалап жүр.

Махмұт Талас-Шу алқабындағы Барысхан қаласында туған. Ұйғыр ғалымдары Махмұт Қашқариды «Қашқари» есіміне қарап, ұйғыр әдебиетінің өкілі, тек ұйғыр халқының перзенті деп жазады. Бұл пікірдің негізсіз екендігін автордың өз сөзіне қарағанда ол ортағасырлық әскери басшы, белгілі бек отбасынан, яғни, оғыз ортасынан шыққан. Сондықтан да Махмұт Қашқари – тегі жағынан ұйғыр емес, оғыз-қыпшақ тайпасынан шыққан Орта Азия мен Қазақстанды мекендеген түркі халықтарының ортақ перзенті. Сол себепті де оның шығармасы да ортақ қазына, ортақ классикалық мұра екендігін ескерткен жөн.

Сөздік тек ғана тіл білімінің мәселелеріне арналған еңбек ғана емес, сонымен қатар ғылымның көптеген салаларынан хабардар ететін сан-салалы еңбек болып табылады. Еңбекте Орта Азия мен Қазақстан халықтарының әлеуметтік және мәдени өмірінің әр алуан салаларынан мәлімет беретін құнды туынды.

«Диуана лұғат ат-түрк» - түркі халықтарының тамаша ескерткіші болып табылады. Сөздікте адамгершілік, тәлім-тәрбие, психологиялық қасиеттер, адамның бойында кездесетін жағымды және жағымсыз мінез-құлықтарға сипаттама береді.

Махмұт Қашқари түркі тілдерінің түрлі говорлары (жергілікті тілдік ерекшеліктер) жайлы айта келіп, мысал ретінде берген сөздерінің ішінде қазіргі қазақ тілінде де айна-қатерсіз қолданылып жүрген төмендегідей сөздерді де ұшыраттық. Мысалы: «арық, ақыр, қар, қара, азық, қозы, қыз, қашты, көмді, білді, тірілді, өлік, су, ат, топырақ». Соған қарағанда, қазақ тілі түрккі тілдері тілінде ата сөздерін көп сақтаған таза тілдердің бірі деп әбден болады.

Махмұт Қашқаридың «Жинағы» күні бүгінге дейін дүние жүзі ғалымдарының назарын аудартумен келеді. Орыс зертетеушілерінен бұл шығарма жайлы өз ойларын айтқан негізінен В.В:Бартольд, С.Е.Малов және А.Б.Халидов болды.

Махмұт Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түрік» әскери, махаббат, эллегия, табиғат секілді тақырыптармен қатар, моральдық, этикалық, тұрмыстық, мифологиялық оқиғаларды да сөз етеді.

Махмұт Қашқаридың аталған шығармасында да әл-Фарабидің рационалистік және гуманистік идеяларының іздері айқын көрінеді.

Түркі елі әдебиетінің ренессанстық дәуірінің бастапқы кезеңіне жататын осы бір үлкен классикалық шығарма. Қазіргі қазақ тілінің негізін, әдебиеттік арнасының көзін танытатын мәнді де, маңызды, түркі халықтарының мақтанышы болған құнды мұра, жазба әдебиетіміздің тұлғалы шығармасы. Қазақстанды мекендеген көптеген түркі тайпалары қалдырған ортағасырлық ортақ мәдениет үлгісі.

«Жинақта» тәлім-тәрбие, дидактика, өсиет, адамгершілік, ұрпақ тәрбиесі, ізгілік туралы ой-пікірлер айтылады. Мәселен, «Атасынан ақыл алса, тентек ұл да жөнделер», «Ұлысында ұлы болсаң, біліміңді елге бер», «Асығыс еткен іс шала, асығыс жаққан от шала», «Ұлым, ақыл тыңдасаң, білімсіздік жоғалар, білім қалар артыңда, ғұмыр сырғып жоғалар».

Сөздікте ерекше тәлімдік-тәрбиелік, ғибарттық мәні бар мақал-мәтелдер мен қанатты сөздер жиі кездеседі: «Ақылымды ал, ұлым менің, рақымшыл бол, әулетіңнің ағасы бол, ақылшы данасы бол, білгеніңді ортақтас…», «Ұлым менің, ақыл сенің серігің», «Ашу-ыза ақылыңды алады, мажыма мылжың дүниеңді тарылтады».

Сөздікте қаншама адамгершілікті, рақымшылдықты, дәріптейтін тәлімдік ой-пікірлер орынды берілген:

«Даналардың сөзі – ақыл, зер салсаң, зердеңе қонар», «Рақымшыл болсаң, менмен болма», «Рақымың болмай мақтансаң, қиын-қыстауда қиналарсың», «Туғаныңның мәртебесін өсіргің келсе, сый-сияпат көрсет…»

 

 

Ө

ӨЛЕҢ, ЖЫР, ТЕРМЕ, ТОЛҒАУ, АЙТЫСТАРДЫҢ ЖАСТАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ МӘНІ.

Қазақ өлеңдерінің қай жанрын алсақ та, өнегелі өсиет арқылы, ізгілікті мейірбандыққа, татулық пен бірлікке, адамгершілікке, байсалды мінез — құлыққа, сиқырлы ақылдылыққа насихаттап отырады. Сонымен бірге, қазақ халқының тарихын, өмір сүру тіршілігінің сан қилылығын, қоғамдық қөзқарастарын, ақыл — ойының жиынтығын танытады. Дəстүрлі халық әңдері өмірлік мәні бар дидактикалық маңыздылығы мен бала тәрбиесіне қолдануға өте қолайлы болып келеді. Оның поәтикалық тексі сезімді билеп қана қоймайды, ақыл-қиялын шарықтатып, түрлі ой салады, терең толғанысқа түсіреді.

Бесікке салынған баланың өсіп жетілуінде бесік жырларының тәрбиелік маңызы айрықша болады. Бесікке салынған бөбек анасының сүйіспеншілікке толы, жанға жағымды нәзік әуеніне балқып, тәтті ұйкыға кетеді. Бесік жырларының құрылымы карапайым болғанымен, сазы жан тебірентер мамыражай, әрі көркем болып, жас сәбидің нерв жүйелеріне, жалпы психикасына жағымды әсер етіп, көңіл-күйін орнықтырады. Ананың бесіктегі нәрестесін уата отырып айтқан игі тілектері, болашақка деген жақсы үміттерін сүтімен, әлдиімен ерте бастан-ақ құлағына кұйылып ержетеді.

Терменің ұлы міндеті — елге ізгі ұғымдарды тарату, халықты тарихтың тағылымы арқылы рухани жетілдіру, әрі эстетикалық ләззат беру. Терме өнерінің көркемдігі кемел, ғибараттылык қуанышы мол, асқақ та әдемі. Ерекше сүйкімді тыңдаушының кұлағын елітіп, жүрегін билейтін сазы, әуені, өздеріне лайық мақамы мен ырғағы бар. Жас буынды парасатка, биік адамгершілік, сергектік, әдептілік, ата-бабаның үлгі-өсиетін, қағидасын қадір тұту кең ойлап үйренушілік, дүниетанымдық рухында тәрбиелеуде қызметі ерекше.

Толғау қазақ фольклорының көп тараған жанры, түрі мен мазмұны жағынан термеден кенірек те, дастанға қарағанда шағыңаду болып кедеді. Толғау — дала өмірінің дидактикалық, педагогикалық дастаны деуге келеді. Дәстүрлі философиялық толғау Асан қайғы творчествосымен байланысты. Ел қамын ойлап, толғауын толғауларында дүниеде не жаксы не жаман деген ҰҒЫМ төңірегінде философиялық пікір тастаушы Асан қайғы ой пікірлері — жастар үшін мән-мағынасы жойылмаған дидактикалық қасиеті күшті тәрбиелік құрал.

Айтыс халқының аса мол дамыған дербес саласы — айтыс. Айтыс -«айту», «айтысу» деген сөздерден туған. Айтыс поэзиясының нышандары казақтың эпостык жырларынан көп кездесіп отырады.

 

С

С.ТОРАЙҒЫРОВТЫҢ педагогика саласына қосқан үлесіне бүгінгі күн биігінен жаңа көзқараспен келуіміз керек, оның шығармаларын талдау арқылы қараңғы қазақ халқын өнер-білімге, мәдениетке шақырып, көзін ашу мақсатында сіңірген еңбегі, бала оқытып, ұстаздық ету жолындағы ақынның шеберлігінің поэтикалық қуатын көрсету қажет.
Сұлтанмахмұт Торайғыров Ресей тарихының, соның ішіншде қазақ халқы тарихының аса бір өрлеу кезеңінде – тарихи дамулар, күрес – көтерілістер, қиян-кескі соғыстар, ұлы революциялар дәуірінде жасады.
Сұлтанмахмұт Торайғыров 28 қазанда Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келді. Сұлтанмахмұт алты жасар күнінде, әкесінен оқып, хат таниды. Осыдан соң 1902-1907 жылдары ауыл молдасына оқуға береді. Ол молдаға оқып жүрген кезінен бастап, сонан көріп, он үш жасында өлең жаза бастайды. Оның тұңғыш жазған өлеңі «Секілді өмір қысқа жарты тұтам» деп аталады. Сұлтанмахмұт тәрбиенің күшіне сенді. Дұрыс тәрбие арқылы адамгершілік жақсы қасиеттерді қалыптастыруға болады деп есептейді. Ақын адамның әділ, адал болуы тәрбиеге байланысты деп қарап, «Сүйекке біткен мінез,

сүйекпен кетеді» дейтін көзқарасқа қарсы тұрып, өмірді өзгертуші адам, адал мінезін қалыптастырушы ұлы күш, саналы тәрбие дейді. Ұстаздық етуден жалықпаған ұлы ағартушының «Оқу» (1911 ж) деген еңбектері бар.

Date: 2016-05-24; view: 1416; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию