Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Г.Волков,А.Исмайлов,Қ.Жарықбаев, С.Ұзақбаев,С.Қалиев,Қ.Қожахметова,Т.Табылддиев,Р.Төлеубекова,т.б 3 page





САЛТ ДӘСТҮРЛЕР. Қыз ұзату, Тұсау кесу, Той малы, Қыз қашар, Құйрық бауыр, Сәукеле кигізу, Есік ашар, Жігіт түйе, Өлі тірі, Қыз көші, Үй көрсету Салт-дәстүр — әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы; қауым мен қоғамда қалыптасқан мінез-құлықтың үлгілері. Күнделікті қолданыста бір мәдени топты екіншісінен айыратын және бейресми жолмен реттейтін қабылданған мінез-кұлық ережесіне немесе әлеуметтік әрекеттерді жөнге келтіретін терминге жатады.[1]Салт-дәстүр ұлт үшін өмір, қоғам заңы болып негізделіп, сана, тағылым, тәрбие, тіршілік ережесі ретінде ел зердесіне рухани байлық — өнеге тәжірибесін құраған. Бұл талаптар мен ережелерді халық бұлжытпай орындаумен бірге оны құрметтемеген, сақтамаған адамдарды сол заң негізінде жазалап та отырған. Өткен заманда қазаққоғамы үшін салт-дәстүр бұлжымас заң рөлін атқарды. Мысалы, той, наурыз көже, қыз ұзату, қонағасы, шашу, ерулік ата салты болып саналады. Салт-дәстүрдің ел арасындағы тәлімдік, тәрбиелік, халықтық мәні зор. Халықтың атадан балаға көшіп, дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, кәсіптік, салт-сана, мінез-құлық, тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекетінің көрінісі дәстүр арқылы танылады. Салт-дәстүр байлығы — мәдениеттің байлығы. Мысалы, ата-ананы, үлкенді құрметтеу, байғазы, көрімдік, сүйінші, кәде сұрау, сәлем беру, ат тергеу, құрдастық қалжың, т.б. салт-дәстүрге жатады. Қазақ халқы салт-дәстүрге бай. Әдет, ғұрып, ишара, ырым, тыйым, дағды бәрі осы салт-дәстүр көрінісі.[2] Салт дәстүр мәселесі Қазіргі таңда салт дәстүр мәселесі алғашқы орындарды тіреп тұр. Қазақ халқында көптеген салт дәстүрлер мен ырымдар бар. Бірақ өкінішке орай адамдардың көбісі ырым мен салт дәстүрді шатастырады екен. Ата баба өсиеті болып келе жатқан салт дәстүрлердің өзіндік ерекшеліктері болса, ырым жырымдар арнайы тыйымдар үшін қолданылған

С.ТОРАЙҒЫРОВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАЛАРЫ

Сұлтанмахмұт Торайғыров – қазақ халқының сүйікті перзенті, асқан дарынды ақыны, ағартушы, педагогі.
Аз жасаса да соңына аса бай, мейлінше қызықты әдеби мұра қалдырған классик ақын, ұлағатты ұстаз, педагог. «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болуды» арман еткен Сұлтанмахмұт Торайғыров бүкіл ғұмырын халық ағарту ісі мен шығармашылыққа арнаған.
Ақын еңбектерінде өзі өмір сүрген дәуірдің өзекті мәселелерін, яғни, оқу-ағарту жайын сөз ете отырып, заман сырын, замандас келбетін көркем кескіндей білген. С.Торайғыров - нағыз ағартушы, педагогқа тән еңбектерінің азабын тартқан жазушы. Ол шындықтың жолымен жүрді.
Ақын өмірінде көпшілікке белгісіз ақтаңдақтар бар, оның өмірінің кейбір кезеңдері туралы білетініміз де аз. С.Торайғыровтың ө мірі мен шығармашылығы егжей-тегжейлі зертеліп, туған әдебиет тарихынан олар орны сараланғанмен, оның ағартушылық қызметі саласында сіңірген еңбегі әлі де болса, өнер қазынасын мұра тұтқан ұрпақтар мойнына жұктелетінпарыз. С.Торайғыровтың педагогика саласына қосқан үлесіне бүгінгі күн биігінен жаңа көзқараспен келуіміз керек, оның шығармаларын талдау арқылы қараңғы қазақ халқын өнер-білімге, мәдениетке шақырып, көзін ашу мақсатында сіңірген еңбегі, бала оқытып, ұстаздық ету жолындағы ақынның шеберлігінің поэтикалық қуатын көрсету қажет.
Сұлтанмахмұт Торайғыров Ресей тарихының, соның ішіншде қазақ халқы тарихының аса бір өрлеу кезеңінде – тарихи дамулар, күрес – көтерілістер, қиян-кескі соғыстар, ұлы революциялар дәуірінде жасады. Осының бәрі ақынның көз алдында болды; күнделікті қызметіне, шығармаларының тақырыптық мазмұны мен жанр түріне, көзқарасына зор әсер етті, із-таңбасын салды.
Шындықтың аулын іздеп түстім жолға,
Разымын не көрсем де осы жолда.
Шаршармын, адасармын, шалдығамын,
Бірақ бір табармын деп көңілім сонда, - деп бастады. Өмір бойы осы сертін орындау жолында қызмет істеді. Жарғақ құлағы жастыққа тимей, өзіне, өз халқына өнер, білім, еркіндік, бақыт іздейді.
Сұлтанмахмұт Торайғыров 28 қазанда Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келді. Оның туған әкесі кедей шаруа, момын, қазақша хат тани білетін адам болды. Болашақ ақынға бар болғаны бір жас толғанда, анасы қайтыс болды. Ол балалық шағынан аштық пен жалаңаштықты, қиындықты көріп өсті.
Сұлтанмахмұт алты жасар күнінде, әкесінен оқып, хат таниды. Осыдан соң 1902-1907 жылдары ауыл молдасына оқуға береді. Ол молдаға оқып жүрген кезінен бастап, сонан көріп, он үш жасында өлең жаза бастайды. Оның тұңғыш жазған өлеңі «Секілді өмір қысқа жарты тұтам» деп аталады.
Ол 1908-1910 жж. Баянауыл қаласында ашылған діни медреседе оқиды. 1912 жылы Сұлтанмахмұт Троицк қаласына келіп, мұсылман діни мектебіне оқуға түседі. Онда барып оқуға түскен кезде Сұлтанмахмұт іздегенім табылды, енді дегеніме жетем деген ойға келеді. «Шәкір ойы» деген өлеңінде:
Мұздаған елдің жүрегін
Жылытуға мен кіремін, - дейді ақын Сұлтанмахмұт Троицк қаласында мұсылман мектебінде оқып жүріп, өз бетімен діни емес ғылымдардың негізін оқып ұйренеді, орыс тілін терең меңгереді, ол Пушкинді, Лермонтовты, Крыловты оқиды. Оның ой-өрісі артады, дүниеге көзқарасы қалыптаса бастайды.
Ол 1913 жылы денсаулығының нашарлауына байланысты ол қаланы тастап, ауылға баруға мәжбүр болады, ауылда ұстаздық қызметпен айналысып, аз уақыт бала оқытады. Біраз уақыт өткеннен кейін Троицк қаласына оралып, сол кездегі алдыңғы қатарлы прогрессивтік бағыттағы, өзінің терең ойымен, демократиялық бағытының анықтылығымен ерекшеленетін «Айқап» журналының хатшылығы қызметіне орналасады. «Айқапта» (1953-1914 жж) жұмыс істеген кезеңі оның қайраткерлерінің, дүние танымының қалыптасу және шығармашылығының жемісті жылдары болды. Сұлтанмахмұттың ағартушылық-демократиялық көзқарасының қалыптасуына бұл кезеңнің мәні айырықша болды.
1914 жылдың жазында Сұлтанмахмұт өзінің туған елі Баянауылға қайтады. Кейін Тарбағатайда ұстаздық етеді, бұл 1914 жылдың күзі мен 1915 жылдың жазы болатынды, содан кейін Қатонқарағай, Зайсан жағында бала оқытып, ұстаздықпен айналысады.
Сұлтанмахмұт қиян кескі күрес – көтерілістер, сұрапыл соғыстар, ұлы революциялар дәуірінде жасады. Өз заманының азамат ақыны, күресшіл ақыны болды. Бұл жағынан ол ұл Абайдың жолын дамытушы болды.
Абай мен Сұлтанмахмұт арасындағы шығармашылық байланыс жөнінде әңгіме қозғағанда ескеруді керексінетін бір жай бар. Ең алдымен біз Сұлтанмахмұтты ағартушы, педагог ретінде оқыту мәселесі елеулі роль атқарады. Ұлы Абай бала оқытып, оқытушы болмаса да, оның шығармаларының өзінде оқу, ғылым-білімге үндеген мазмұн кеңінен байқалады. Ол да Сұлтанмахмұт секілді өнер-білім қуып, қарңғы қазақты да соған жетелеген, мәдениетке шақырған.

 

Т

ТІЛАШАР ДӘСТҮРІНІҢ(БЕСІК ЖЫРЫ,ШІЛДЕХАНА ЖЫРЫ,ЖҰМБАҚТАР,САНАМАҚТАР,ЖАҢЫЛТПАШТАР,МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР,МАЗАҚТАМАЛАР) ЭТНОПЕДАГОГИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН МАҚСАТТАРЫ. Баланың ойы дамып,дүниетанымы қалыптасып,нағыз адам болуы үшін,ол ана тілінде сөйлеу шеберлігін үйренуге тиіс. Қазақ тілі-бай тіл және тез дами беретін тіл. Тілі шыға бастаған бөбектің,тіл үйренуге құштар балдырғанның тілін одан әрі дамытып,ойы мен қиялын шарықтату үшін,халқымыз тілашар дәстурін қалыптастырып,оны салтқа айналдырған. Тілашар тойында мектепке баратын бала жаңылтпаш,санамақ,жұмбақ,мақал-мәтел,тақпақ,өлең-жыр,мазақтама айтып өз өнерін көосетіп,жақындарынан сыйлық алады. Тілашар дәстүрлері:жаңылтпаш айтқызу,санамақ,жұмбақ,мақал-мәтел,тақпақ,өлең-жыр,мазақтама арқылы баланың намысын ояту. Ата-аналар тілашар дәстүрі арқылы жас баланы мектепке даярлап,тілашар тойын жасайды. Балдырғанның тілінің мүкістенбеуі үшін жаңылтпаш айтқаза,оны тез қайталатқызып үйретеді. Кейбір жаңылтпаштар тек баланың мүкістігін жойып қана қоймай,дүние танытады,ойды дамытады және қиялды шарықтатады. Көркем санамақтар арқ әрі санды қосуды,әрі қосындыны тез бөліп,жауабын тез шығаруды көздеп,санамаққа жауап беруші ойлау жүйесінің қыйсындылығын,тез ойлау қабілетін дамытады. Халық өмірге,тұрмысқа,табиғатқа байланысты көптеген жұмбақ шығарған. «Айдалада ақ отау,аузы-мұрны жоқ отау» «Жалы-темір,жолы-темір,шымыр атты зымыраттым»сияқты жеңіл жұмбақтар әрі тіл ширатады,әрі дүние танытады,әрі ой дамытады. «Жақсы бала-малсақ,жаман бала-ойынсақ» «Көрген көргенін істейді,көсеу түрткенін істейді» деген сияқты мақал-мәтелдер еңбекке,өнер-білімді үйренуге,адамгершілікке тәрбиелейді. Халық арасында табиғатқа,жануарарға,төрт түлік малға,құстарға арналған тапақтар,тақпақтап айтатын шешендік сөздер,сұрақ-жауапқа арналған жырлар өте көп. «Күн шықты,күн шықты,жер үстіне нұр шықты» «Жау,жау жаңбыр,жау жаңбыр. Жауған жаңбыр-жауған нұр»

 

 

 

Х

ХАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ – БАЛА ТӘРБИЕСІНІҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛЫ

Қай заманда, қандай қоғамда болсын алдымызда тұрған зор міндеттердің бірі – болашақ ұрпақ тәрбиелеу. Жан – жақты жетілген, ақыл парасаты мен мәдениеті мол, саналы ұрпақ тәрбиелеуде әр халықтың салт – дәстүрі, ел дамуындағы бағалы байлықтың нәрін біртіндеп сіңіру арқылы ғана жүзеге асыруға болады.

Басқа халықтар сияқты қазақ елінің де ұрпақ тәрбиелеуде мол тәжірибесі, жиған – тергені, озық ойлары мен өзіндік ерекшеліктері бар. Осындай мол мұраның «дәнегін мәпелеп екпейінше» жастарды ізгілік пен парасаттылықты тәрбиелеу мүмкін емес.

Халықтың жазбаша жазылмаған, бірақ ұрпақ есінде мәңгілікке сақталып, бір ұрпақтан бір ұрпаққа ауызша жалғасып келген нақыл – өсиет, өнеге қағида болып таралып келген тәлім – тәрбие тағылымының бай мұрасы бар. Ол халықтық педагогика деп аталады.

Халықтық педагогика отбасылық тәрбиеден басталып, ел – жұрт, ауыл – аймақ, тіпті бүкіл халықтық қарым қатынастан берік орын алған тәлім – тәрбиенің түрі. Ендеше, халық педагогикасы қоғам дамуының барлық сатыларынан өтіп, тәжірибеде жүйеленіп, ғылыми педагогикалық дәрежеге жеткенше ұрпақ тәрбиесінің қайнар көзі, алтын діңгегі болып келгені даусыз.

Халық педагогикасы – халықтардың ғасырлар бойы тәрбиелеу тәсілдеріне негізделген бай тәрбиесінің жиынтығы. Этнопедагогика – халық педагогикасының ұрпақ тәрбиелеудегі тағылымдарын ғылыми жүйеге келтіріп зерттейтін ғылыми педагогиканың бір саласы. Этнопедагогиканың мақсаты – халықтық салт-дәстүрді, өнерді дәріптейтін, ана тілі мен дінін қадірлейтін, Отанын, елін, жерін сүйетін, жан-жақты жетілген, саналы жасты тәрбиелеу. Сондай-ақ, халықтық тәрбие түрлерін жас бүлдіршіндердің бойына сіңіртіп ілім, білік дағдыларын дамыту, сөйтіп дене еңбегіне де, ой еңбегіне де қабілетті, жан-жақты жетілген азамат етіп шығару. Ол басқа тәрбиелермен қатар жүргізіліп, балалардың қайрат- жігерін, ақыл-ойын халықтың өнер туындылары негізінде оқытып, тәрбиелеу арқылы іске асырылады. Этнопедагогика бала денсаулығы мен денесінің жетілуі жөніндегі қамқорлық ақыл-ой мен еңбекке дайындық, саналы адамгершілік-эстетикалық тұрғыда бағыттау, мінез-құлықты реттеу, өзін-өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеу, яғни тұлға қалыптастырудың бүкіл жетекші бағыттарын қамтиды. Халықтық педагогикада бала дүниетанымын қалыптастырудың және оның ақыл-ойын дамытудың бастау кезі ретінде ең алдымен оның қоғамға, қоршаған дүниеге «Арманы жоқ жас- қанатсыз қарлығаш» - дейді халық. Халық ұрпақты ақыл-ойды өздігінен жетілдіруге үндейтін терең және танымдық процестер жиынтығы екендігін дұрыс болжайды.

Халық тәрбиешілері үйрену, оқуды адам бүкіл жаңаны ерекше қабылдағыш балалық шақтан бастаса, мақсатқа лайықты болатындығына, алынған білімі өмір бойына игілікті қызмет ететіндігіне тәжірибеде көз жеткізді. Баланың ақылын тәрбиелеу оның танымдық қабілеттерін жан-жақты дамыту, әртүрлі түсінулердің кеңдігі мен сезімталдығын, байқағыштықты, естің түрлерін жаттықтыруды, ойдың елестетуін ынталандыруды талап етеді. Мысалы: жұмбақтар халық педагогикасында осы талапты жүзеге асырудың аса құнды дидактикалық материалы болып табылады. Олар баланың ойлауын дамытуға ықпал жасайды.

Халық педагогикасының мақсаты: бірнеше ғасырларға созылған халық тәжірибесіне сүйене отырып, болашақ ұрпақты еңбекке, өмірге ең жоғарғы адамгершілік, имандылық қасиеттерге тәрбиелеу. Халық педагогикасының негізінде халық ауыз әдебиетінің шығармалары, этнографиялық материалдар, халықтық тәрбие дәстүрлері, халық ойындары, үйелмен тәжірибелері т.б. жатады. Демек, халық педагогикасы-ғасырлар бойы өмір тәжірибесіне негізделген ұрпақ тәжірибесіндегі дәстүрлердің жиынтығы. Халық педагогикасының құрамды бөліктері қазақтың ұлттық ойындар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ертегілерт.б. ерте заманнан бастап, жас өспірімдердің ой-өрісін, зеректігін анықтау үшін тәрбие құралы ретінде қолданып келді.

ХАЛЫҚТЫҚ МЕЙРАМДАР, ОЛАРДЫҢ ТӘРБИЕЛІК МҮМКІНДІКТЕРІ

Қазіргі Қазақстан мәдениетіндегі халықтық мейрамдарды дамыту үдерісі үш бағытта жүргізілуде деуге болады:

1)Күнтізбелік циклдарға негізделген дәстүрлі халық мерекелерін қайта жанғырту (Наурыз, Қымызмұрындық, Мизам, Соғымбасы);

2)Тарихи, мәдени және рухани мұраға негізделген мерекелік іс-шараларды дәстүрлі ету (Мысалы, Ораза айт, Құрбан айт, Мәуліт, Қазақ хандығының көсемдері мен батырларының мерейтойлары және т.б.);

3)Егемендік алу аясындағы тарихи оқиғалар мен құндылықтарға негізделген жаңа мерекелерді дәріптеу (Мысалы, Егемендік мерекесі, Қазақстан халқының ынтымақтастық күні, Қазақстан халқы ассамблеясының күні, Конституция күні, Астана күні және т.б.).

Күнтізбелік циклдарға негізделген дәстүрлі халық мерекелері, Наурыздан басқасы, қазақ халқы көшпеліліктен отырықшылық өмір салтына өткендіктен өз маңыздылығын жоғалтты деуге болады. Олардың пайда болуы көшпелі өмір салты мен еңбекке негізделгендігі хақ.

Адам баласының тіршіліктегі негігі мақсаты тек еңбек етіп, өмірге қажетті материалдық байлықты жасап, отбасын құрып, ұрпақ өсірумен шектелмейді. Олар қоғам құрып, өзінің мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін дамытып, ұлт болып қалыптасады. Егер де жеке адамның өмірі табиғаттың заңы бойынша шектеулі болса, ұлттың өмірі қаншалықты ұзақ болуы, сол ұлтты құрайтын адамдардың өмір сүре білу қабілетіне байланысты. Ал ұлт болу үшін оның – тілі, діні, салт-дәстүрі, мәдениеті, өнері болуға тиіс. Сол ұлттың осындай басты белгілері сақталып, әрі қарай дамитын болса, оның ұлттық санасы қалыптасып, ол өзінің ұлттық мемлекетін құруға негіз болады. Осындай ұзақ мерзімді даму процесінде әрбір ұлттың басынан өткерген елеулі тарихи оқиғалар, оның өмір салтына байланысты қалыптасқан салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ырым-жоралар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, ол сол ұлттың әр кез есіне алып, атап өтіп отыратын ұлттық мейрамына айналады.

Қазақ халқының тарихи даму барысында қалыптасқан өзіне тән ұлттық мейрамдары болды. Ол мейрамдар қазақ халқының көшпенді өмір салтына байланысты табиғаттың маусымдық төрт мезгіліне тура келді. Себебі қазақтар негізінен көшпенді мал шаруашылығымен айналысқандықтан, олардың күнделікті тұрмыс-тіршілігі табиғатқа жақын болды. Сол себепті қазақтар ауа райының қолайлылығына байланысты өздерінің ұлттық мейрамдарын атап өтіп, онда түрлі ұлттық өнерлерін көрсетіп, ұлттық ойындарын өткізіп отырды. Атап айтқанда, ол мейрамдар – Наурыз, Қымызмұрындық, Мизам, Соғымбасы деп аталды.

Әрине, бұл мейрамдарды барлық жерде өз дәрежесінде кеңінен өткізіп отырды деуге болмайды. 20 ғасырдың басында Кеңес үкіметі аз халықтардың ұлттық санасын жойып, оларды орыс мәдениетіне өткізу үшін әртүрлі сылтаулармен олардың ұлттық мейрамдарын атап өтуге, ұлттық ойындарын ойнауға тыйым салды. Соның салдарынан Кеңес заманында қазақтар өздерінің ұлттық мейрамдарын ұмытқан болатын.

Оның орнына коммунистік идеологияны халықтың санасына сіңіру үшін Ұлы Октябрь, Бірінші май, Жеңіс күні, Конституция күні, Халықаралық әйелдер күні сияқты мейрамдарды кеңінен тойлап отырды. Оған қоса, түрлі мамандыққа байланысты еңбек мейрамдарын атап өтуі дәстүрге айналды. Мысалы, шахтерлер күні, метталлургтер күні, шабандар күні, диханшылар күні, медицина күні т.с.с.

Көшпелі халық – табиғат перзенті. Тіршілігінің тірегі – төрт түлік малының бабына орай шырқай көшіп, үнемі табиғи ендіктердің қолайлы белдеулеріне қоныс теуіп отырды. Әрине, мұның өзі қоршаған орта, табиғи аяның талап-тілегінен туындап отырғаны белгілі. Осылайша мал шаруашылығын геобиологиялық ортаға икемді үйлестіре білу, соған сай келетін материалдық және рухани игіліктерді қалыптастыру, көшпелілердің төлтума мәдениетімен дүниетанымының қалыптасуына ықпал етті. Көшпелі халық өзінің айналасындағы қоршаған орта, кеңістікпен өте үлкен үйлесімділікте өмір сүрумен бірге, оны тануға, заңдылықтарын ұғынуға тырысты. Бұл бағыттағы талпыныстары ырым-жораларында, тілек-бата, тиым сөздерінде, мифтері мен аңыз-әңгімелерінде, тұрмыс-салт жырлары мен ертегі-эпостарында, сайып келгенде бүкіл ауызша және жазба жәдігерлерінде таңбаланып, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарында, ғана емес мереке-мейрамдарында көрініс тапты.

Адамзат тарихындағы көшпелілік өмір салтының ең ұзаққа созылған, әрі ұзақ уақыт сақталған жері - Еуразияның ұшы-қиырсыз көлбей созылған ұлан-ғайыр даласы болды. Бұл далада қазіргі түркі халықтарының ата-тектері – сақтар, ғұндар, үйсіндер, қаңлылар, түріктер, оғыздар, қыпшақтар т. б. ғұмыр кешіп, ешкімге ұқсамайтын өзгеше төл мәдениетін қалыптастырып, кейінгі ұрпақтарына мұра етіп қалдырды. Көшпелілік өмір салттың ең соңғы мұрагері – Қазақ халқы болды. Сондықтан да болар, есте жоқ ескі замандардағы көне әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер, ырым, жосын-жоралар мен мереке-мейрамдар қазақтардың дүниетанымында терең сақталып, осы күні де күнделікті тіршілік салттарында көрініс беріп жатады. Ежелгі қазақ жерін қоныс еткен түркі тілдес тайпалардан сақталған, өзгеріп жаңа мән-мағынаға ие болған, сөйтіп осы тайпалардан сұрыпталып шыққан қазақ халқының бүгінгі рухани болмысының сол бір алыста, артта қалған замандармен сабақтастығын дәлелдейтін – мереке-мейрамдар аз емес. Осынау қазақ халқының рухани болмысының айшықты парақтарының бірі - мереке-мейрамдар әлі де ғылыми зерттеу нысанына айнала алмай отырғаны және ғылыми тұрғыдан әділ бағасын алмағаны өтірік емес.

Мейрамның сауықтық, өнегелік және эстетикалық қырларын көрсету мақсатында біз қазіргі қазақ мәдениетінде жаңғырып келе жатқан Наурыз мейрамын қарастыруды жөн көрдік. Ежелгі қазақ даласын мекендеген түркі тілдес халықтарға тән және тарихи-рухани сабақтастығымызды білдіретін мереке-мейрамдардың арасында халқымыз үшін өзінің сүйікті мейрамы – “Жаңа жылы” – “Наурыз”.

Наурыз мейрамы – ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы, өйткені 22 наурызда күн мен түн теңескен, табиғат жанданып, жаңа өмір (цикл) басталған. Наурыз (ноу – жаңа, руз – күн) деген сөз бізге парсы тілінен енген. Орта Азия халықтары оны мыңдаған жылдар бойы Жаңа жыл басы ретінде тойлап келді. Кейіннен Ислам діні халықтардың бұрыннан келе жатқан әдет-ғұрпын сыйлап, Наурызды мейрам ретінде қабылдады. Мысалы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы “Нұх, Наурыз тарихы” мақаласында наурыз мейрамының қазақ өмірінде алатын орны мен тарихын талдап, “қазақтың қазақ болғанда, өзіне арналған, сыбағасына тиген жалғыз мейрамы – наурыздама. Ол күні қожаларға оқытатұғын, наурызға арналған кітап болады. Наурыз жайын ұқтыратын ол кітаптың атын “Салдама” дейді. Ол күнде тілі орамды, сөзге шешен шалдардың батасы болады. Қожа кітап оқығанда, шалдар бата қылғанда жұрт жылап, шулап “Амин!” деп отырады. Сонан соң олардың айтқаны айтқандай келіп халық, жұрт ілгері басып, малы да өсіп, басы да өсіп берекелі болады”, - деп жазған. Осыдан ежелден келе жатқан наурызнама мейрамы барысында айтылатын бата беру дәстүрінің ислам діні практикаларымен үйлесімді сабақтасқанын байқаймыз.

Date: 2016-05-24; view: 926; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.011 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию