Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Г.Волков,А.Исмайлов,Қ.Жарықбаев, С.Ұзақбаев,С.Қалиев,Қ.Қожахметова,Т.Табылддиев,Р.Төлеубекова,т.б 1 page





1991-1996 жылғы этнопедагогика мәселелерін анықтаған: С.Ұзақбаев,С.Қалиев,Қ.Қожахметова. «Әдеп және жантану»

Қ,Жарықбаев,Ә.Тәбілдиев. «Қазақ этнопедагогикасы

«Қазақ тәлім-тәрбиесі» Қ,Жарықбаева,С.Қалиев.

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ БАЛАНЫ ЕҢБЕККЕ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ТӘЖІРИБЕСІ

Еңбек Қазақстан жағдайында мал шаруашылығымен, егіншілікпен байланысты болды.Еңбек адамының ауыр еңбегі ұлттық мақтанышқа айналып, балалардың еңбекке деген сүйіспеншілікпен тәрбиеледі.Халық еңбекті адамға табиғаттың берген сыйы деп қарап, оны дәріптейді: «Еңбек – түбі береке», «Еңбексіз өмір – сөнген көмір», «Еңбегі қаттының – ембегі тәтті».Халық даналығы адам еңбегімен ғана көрікті болатынын ескертеді.Халық жалпыға еңбек тәрбиесін беруді қуаттап, жауапты, жүйелі, ақылға қонымды қоғамдық пайдалы еңбек етуді ұсынды.

Түрлі тәрбие әдістері арқылы баланы 5 – 8 жастан бастап үй еңбегіне үйрету отбасынан басталған, оның барысында ата – аналар оларды тек өзі үшін ғана емес, халық игілігі үшін еңбек етуге, еңбекке құрметпен қарауға, еңбек үрдісінің қуаныш ләззатын сезініп, түсіне білуге үйретті. «Еңбек етпеген ішіп – жемейді» деген қағиданы басшылыққа алған ата – аналар балаларының мамандық алуына, «шебер» болуына қамқорлық жасады, еңбекке тәрбиеледі.

Ақын Мақтымқұлы XYIII ғасырда халық даналығын жинап, баланы жастайынан еңбекпен шынықтырмаса, кейін жалқау болатындығын ескерткен.Барлық халықтарға ортақ пікір: «Қолөнер артықтық етпейді», «Жігітке жетпіс өнерде аз».

Тарихта жас ұрпақты алуан түрлі еңбек іскерліктерімен, дағдыларымен қаруландырудың құнды тәжірибесі жинақталды.Халық еңбек дағдыларымен қаруландырудың құнды тәжірибесі жинақталды.Халық еңбек дағдыларымен қаруландыру көп уақытты,күш – жігерді талап ететінін жақсы түсінді.Еңбектің нәтижесі санада ойластырылады.Еңбек ету оңай шаруа емес, сондықтан халық: «Нәзіктікке емес, қиындыққа үйрен» деп кеңес береді.

Балаларды ерте бастан еңбек түрлеріне баулу, мысалы, мал және ауыл шаруашылығына үйрету, алуан түрлі қолданбалы өнер бұйымдарын жасауға тарту, балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып ой – өрісіне, іскерлігі мен дағдысына талапты күшейту әрбір отбасының негізгі міндетіне айналды.Ұл бала шаруашылық жайын күйттесе, қыздар үй шаруашылығымен айналысты (үй ішін жинады, іні – сіңілілерін күтті, кесте тігіп, құрақ құрады т.б.)Балалар үлкендерге көмектесе және олардың өнегелі істерін, шеберлік дағдыларын қабылдай отырып, үнемі табиғат аясында жүрді.Күннің шығуы мен батуын бақылап, құстардың көңілді әнін,шегірткенің шырылын, малшылардаң өткен – кеткен әңгімелерін, ән – күй, ертегілерін естіп өсті.Балаларды еңбекке бұлай ерте араластыру олардың адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына, көркемдік – эстетикалық талғамдарының жетілуіне, дене бітімінің толысып дамуына,сонымен бірге халықтың мәдени мұрасына аялы көзқарасын арттыруға жәрдемдесті.

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНДАҒЫ АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕНІҢ МАЗМҰНЫ, МАҚСАТ – МІНДЕТТЕРІ.

Адамгершілік қасиеттердің белгілері – қайырымдылық пен достық. Халық ұғымында жақсылық пен жамандық, достық пен қастық қарама – қайшы қасиеттер болса да, егіздің сыңарындай қатар айтылады. «Ел қамын жеген ер» деп халыққа жақсылық жасаған адамды дәріптесе, «Жақсының жаттығы жоқ», «Жақсы туса – ел ырысы», «Жақсы келді дегенше, жарық келді десеңші» деген нақылдар жақсы адамның көпшіл, халық қамын ойлайтын абзал азамат екенін дәлелдейді.

Адамгершілік қасиеттердің жоғарғы түрі – ар – ұят сақтау. Халық мақалдарында жастарды сабырлы, адал, арлы азамат болуға үндеп отырған.Халқымыз «Малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы», «Өлімнен ұят күшті» деп, ар-ожданды қастерлеген, оны адамгершіліктің туы етіп көтерген, арды жаннан да артық қасиет деп есептейді.Ұят – адамгершілікті сақтай білудің, имандылықтың жотасы. Адамгершіліктің асыл белгілері: ар-ұят, ождан қастерлеуді, сыпайыгершілікті, әдептілікті, достықты уағыздай отырып, осы тамаша қасиеттерге қарама – қарсы, адамды аздыратын, өтірік, өсек, еріншек, мақтаншақ сияқты жаман әдет, жат мінездерден сақтандырды.Жастарға олардың зияндылығын түсіндірілді.Қазақ дәстүрі бойынша үлкенді сыйлау, құрметтеу, оның кісілігінен тәлім алу – әрбір баланың парызы.Үлкен кісінің алдынан қия өтпеу, оған сәлем беру, төрден орын беріп құрметтеу, көңіліне қарау – атадан балаға алмасқан тамаша дәстүр. Кісі өзін сыйлата білу үшін өзінің кісілік дәрежесін биікке көтеріп, адамгершілік көрсете білуге тиіс, олай болмаса, халық оны «кісі емес» деп жек көреді.

Адамгершіліктің ең жоғарғы түрі – бауырмалдық – бүкіл адам баласын бауыр, дос тұтту, тату болу.Көпшіл болу, қонақжайлық, барын қонақтың аузына тосу – халқымыздың ежелгі бауырмалдық, меймандостық дәстүрінің мәдениеті. Қазақ жыл мезгілінің, күн тәулігінің (таңғы, сәске, бесін, намаздыгер, ақшам, т.б.) қай кезінде болсын, «құдайы қонақпын» деп келген адамды, танысын – танымасын, құрақ ұшып қарсы алуға, ренішсіз қабылдауға, дастархан жайып барын беруге міндетті болған. «Қонақасы – Тәңір ақысы», «Құтты қонақ келсе, қой егіз табады» деген мақалдар кеңпейілді қазақ халқының меймандостығын дәлелдейді.

Діни қағидалар салттың сақталуына әсер етеді. Халқымыз исламға дейін Тәңірге сенді. Ислам – негізгі дін. Тәңірге сену әліде бар. Жерлеу салты, келінді түсіру, келін келгенде отқа сиыну исламда жоқ. Дін үлкен рөл атқарады. Халық тәрбиесінде балаларды дінін, ұлтын сатпауға үйретті.Себебі, басқа дінге сену сананы өшіретіндігін түсіндірді. Дін уағыздалып, оның адамгершілігі балаға айтылды. Діни ілімдерге өзекті қағидаларда (нысап, нәпсіні тыю, қайырымдылық, ғайбат сөз айтпау, кісіге қиянат жасамау, жоқ – жітік, кемтарларға қайыр – садақа беру, ұрлық – қарлық жасамау, алдап – арбап, өтірік айтпау, ата – ананы ардақтап, жетім – жесірді налытпау, күш көрсетпеу, тазалықты сақтау, таза жүру, т.б.) педагогикалық талаптарға үндесе балалардың имандылық – адамгершілік, физиологиялық – гигиеналық тәрбиесіне өзіндік үлесін қосты.

 

 

М

МҰХАММЕД ХАЙДАР ДУЛАТИДЫҢ "ТАРИХ-И-РАШИДИ", "ЖАҺАННАМА" КІТАПТАРЫНЫҢ ЭТНОПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҮЙІНДЕРІ.

Белгілі тарихшы, әдебиетші. Моғолстан мен Орта Азияға тарихы жөніндегі аса құнды түпнұсқа болып саналған - «Тарихи Рашидидін», «Джаханнама» дастанының авторы. Мүхаммед Хайрар Дулати жан-жақты білімді адам болған дейді. Сол кездегі саяси оқиғалар мен қайраткерлерді, сондай-ақ Қазақстан мен Орта Азия Моғолстанның өткен тарихы әсіресе халықтық дәстүрдің, оқу-ағарту мәселесінің, тәрбие тағылымдарын жақсы білген. 1541-1546 ж.ж Калумирде «Тарихи Рашиді» жазды. Бұл еңбегінде Қазақстанның (өз тайпасы Дулаттардың өткені жайлы ұрпақтан-ұрпақта жеткен әңгімелер айтылып қоғамдағы еңбек принципінің құрылғандығы феодалдық қоғамдағы таптық тәрбиенің пайда болуы. Моғолдардың аңызы, жыр-дастандары, Моғол хандығының әлеуметтік, тәрбиелік үстемдігімен хандығының оқу-ағарту тәрбие ісіндегі дара ерекшеліктері, олардың еңбек бөлінісі, ерекшеліктері қарастырылды. Әсіресе еңбек, еңбек ету, еңбек туралы бұрынғы тұжырымдамалар мен соңғы деректердің тарихи және тәрбиелік мәні жазылды.

«Тарихи Рашиди» де қазақ хандығының құрылғаны және одан кейінгі Жетісу, Дешті Қыпшақтағы оқиғалар, тарихи тәжірибелер мен тәрбие

тағылымдары, сол кездегі педагогикалық ой-пікірлердің пайда болуы мен дамуы талданып жазылды. Сондай-ақ, еңбекте Моғолстанның құлауы, феодалдық соғысты, сыртқы жауға қарсы қазақтар мен қырғыздардың, өзбектермен достастық одағының қалыптасуы жайлы мысал келтіреді. Мұхаммед Хайдар «Тарихи Рашиди» еңбек пен еңбектің тәрбиесінің жеке адамды қалыптастырумен ұштастыра қарастырылады. Ол өзінің дәлелдерінде жеке адамды қалыптастыру еңбек пен еңбек тәрбиесінің нәтижесі деп келіп, «Жеке адам болу дегеніміз - өзінің азаматтың адамы ретінде сезіну сан ғасырлар бойы тәжірибесі туғызған рухани мәдениеттің мәңгілік игіліктерінін бойына дарытып, осы игіліктерді еңбекке, қоғамдық күшті өмірге, адамдар қатынасына, тұрмысқа енгізу, -дейді. Хайдар Дулати – тәрбие адамды айырмашылыққа, адамгершілікке үйретеді, адам мен ақыл-ой тәрбиенің алғашқы ұғымын енгізеді.

Хайдар Дулати Әл-Фарабиден кейінгі еңбек пен еңбек тәрбиесінің негізін салды, қоғамның еңбек пен еңбек тәрбиесі аса құнды да пайдалы категориялар, Хайдар әрбір жеке адам, тек еңбек тәрбиесі арқылы биікке көтерілуі тиіс екенін дәлелдеп берді.

МЕРЕКЕЛЕР

Мерекенің келесі міндеті – қарым-қатынас жасау. Бұл міндет адамның әлеуметтік қажеттілігі. Басқа адамдармен қарым-қатынас жасамайынша, еш адам қоғам мүшесі бола алмайды. Әр адамның рухани дамуы мен шығармашылық қабілеттерінің шыңдалуы қарым-қатынас жасауына байланысты. Ол қарым-қатынасты биологиялық, әлеуметтік, психологиялық тұрғыдан ұйымдастыру мақсатында адамзат тіл, түрлі белгілерді, өнерді ғылыми және философиялық ілімдерді қалыптастырып, бір-бірін ұғынысуға мүмкіндік алады.

МӘДЕНИЕТ ПЕН ӘДЕБИЕТТІҢ, РУХАНИ ӨМІРДІҢ ІРІ ӨКІЛДЕРІ ХОРЕЗМИ,САРАИ,ҚҰТЫБ,РАБҒҰЗИ Т.Б. ТӘРБИЕЛІК ОЙ-ПІКІРЛЕРІ:

Адамзат өркениетінің дамуына және қалыптасуны өлшеусіз үлес қосқан, көне өркениеттер тағылымының тал бесіктерінің бірі Ежелгі Хорезм еліндегі Хиуа қаласында дүниеге келген. Ол - әйгілі «Шығыстың жеті жұлдызының» бірі, әлемдік қазіргі алгебра ғылымының негізін салушы ретінде белгілі. Орта ғасырлық Ұлы ғалым - математик, астроном (жұлдызшы), тарихшы, жағрапияшы. Әл-Хорезми – жан-жақты энциклопедист ғалым болған тарихи ерекше тұлға Оның есімі негізінен әлемге, кейінгі ұрпақтарға математика саласындағы зерттеулермен танымал болды. Сайф Сараи өзінің «Гүлстан» атты дастанында «Адамның артында алтынға толы ақ сандық қалғанша,ізгілікке толы жақсы ат қалғаны мақұл» «Іші тар құсадан арылмас,жаны жайсаңның әсте көңілі тарылмас» деген секілді ғибрат сөздерді уағыздады.Хорезмидің «Махаббатнама», Сараидың «қырық бір батыр жыры», Құтыптың «Хұсрау Шырын» сияқты туындылары сөзсіз жас ұрпақтарға тәлім-тәрбиелік ықпалын тигізді.

МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР

халық даналығының қазына байлығы. Олар ғасырлар бойы қалыптасып, сол халықпен мәңгі бақи бірге жасап, біте қайнасып кеткен дүние. Сондықтан да оны жұртшылық жадына сақтап, өзінің күнделікті өмірінде, өзара қарым-қатынасында пайдаланады. Мақал мен мәтелге бай халықтың бірі – қазақ халқы. Қазақ халқының мақал-мәтелдерінің шығу тегі жөнінде айтар болсақ, А.Байтұрсынұлы: «Мақал да тақпаққа жақын салт-санасына сәйкес айтылған пікірлер.

Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.) 65. «Диуани Хикметтен» қазақ халқының ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты бағалы деректер табуға болады. Жергілікті халықтың салт-санасы мен сенім-нанымына, әдет-ғұрпына қайшы келмейтін діни-мистикалық мектептің негізінқалаған Қожа Ахмет Йассауи шығармашылығы сопылық ағымның түркілік дәстүріне даңғыл жол салды. “Ислам дінін тек араб тілі арқылы ғана тануға болады” деген түсінікті теріске шығарып, сопылық әдебиет ұстанымдарын көне түркі әдеби тіл – шағатай тілінде сөйлетті. Қасиетті кітаптың арабша мағынасын толықтай түсіндіру, шариаттың қыр-сырын, дін қағидаларын қалың қауымға өз тілдерінде тереңнен таныту мақсатында хикметтерін жергілікті халыққа жақын айшықты поэзия тілімен жазды. Қожа Ахмет Йассауи түркі тілінде жатық әрі бейнелі жыр жазудың үлгісін жасап, түркі тілдерінің көркем шығармалар тудыру мүмкіндігінің мол екендігін дәлелдеді. Оның жазба әдебиет үлгісіндегі шығармалары түркі топырағында ертеден қалыптасқан суырыпсалмалық дәстүрдегі мәдебиетке жаңа серпін, тың мазмұн алып келумен қатар, оны түр жағынан көркейтіп, кемелдендіре түсті. Сөйтіп, бұрыннан дидактикалық сипаты басым түркі әдебиеті насихаттық ой тұжырымдармен толыға түсті.

М.ӘУЕЗОВ, Б.МОМЫШҰЛЫ, М.ҒАБДУЛЛИН, Б.АДАМБАЕВ, М.ӘЛІМБАЕВ, Ш.ӘЛЖАНОВ, Ә.СЕМБАЕВ, Т.ТӘЖІБАЕВ, М.МҰҚАНОВ,Қ.БЕРЖАНОВТАРДЫҢ ТӘРБИЕЛІК ҚЙ ТҰЖЫРЫМДАРЫ:

Әуезов қаламынан 30-дан аса драмалық шығарма туды. Жеке пьесалардың варианттарын қоссақ, 50-ден асады. Әуезов драматургиясында жанрлық формалардың бәрін қамтыған. Онда трагедия да, комедия да, драма да бар. Әуезов кейбір шығармаларын бірігіп жазған. Олар: Л. Соболев («Абай»), С. Мұқанов («Ақан - Зайра»), Ғ. Мүсірепов («Қынаптан қылыш»), Ә. Тәжібаев («Ақ қайың»), Ә. Әбішев («Намыс гвардиясы»), «Октябрь үшін» (1933) пьесасының материалдары - Жетісу қазақтарының революцияға келуі. Кейіпкерлері - Д. Фурманов, Ж. Бәрібаев. Кітаптың мұқабасында «Мұны жазуға Қ.Байсейітов, Бековтар қатысты» деген сөздер бар. Әуезовті әдебиетке «Еңлік - Кебек» алып келді. Шығарма өзегі - эпостық материал. Әлемдік әдебиеттегі мұндай тәжірибе енімді дәстурлердің бірі. Әуезовтің «Еңлік - Кебегі» 1922 жылы Орынборда басылды. Кейіпкерлері сахна тілімен сөйлейді. Автор өзінен бұрынғы мотивтерден алыс кетпеген. Билер сахнасы - көркемдік тамаша табыс. Кемшілік, олқылықтарды ескеріп, Әуезов пьесаны 1943 жылы қайта жазды. Бірнеше көрініс қысқарды. Аса терең, мәнді шығарманың бірі - «Түнгі сарын». Бұл - қазақ драматургиясында реализмнің орныққанын көрсеткен туынды. Мұнда көркемдік шешім ақындық идеалмен тығыз байланысты. Таптық тартыс шығармада жай схема түрінде емес, адам тағдырлары арқылы бейнеленеді. «Түнгі сарын» - қазақ драматургиясында жағымды кейіпкерлер проблемасын шешкен туынды. «Октябрь үшін», «Тартыс» пьесаларында Әуезов реалистік драма жасаудың түрлі-түрлі құралдарын пайдаланған. Бауыржан Момышұлы (24 желтоқсан 1910 - 10 маусым 1982) — Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик.[1]

Батыс майданындағы 16 армияның 316 (1941 жылдың қарашасынан бастап 8-гвардиялық Қызылту атқыштар дивизиясы 1073 атқыштар полкінің (1941 жылдың қарашасынан 19 Гвардия полкі) және батальон командирі. Ұлы Отан соғысына генерал-майор И.В. Панфилов басқарған әйгілі дивизиясының құрамында 1941 жылдың қыркүйек айынан бастап қатысты. Батальон командирі ретінде аға лейтенант Бауыржан Момышұлы Москва үшін шайқаста 207 рет ұрысқа қатысты. 1941 жылдың 16-18 қараша күндері вермахтың Мәскеу бағытында екінші мәрте жасаған жорығы кезінде аға лейтенант Момышұлы басқарған батальон дивизиядан қашықта, Матронино деревнясының жанында Волоколамск тасжолында асқан ерлікпен ұрыс жүргізді. Білікті комбаттың басшылығы арқасында 3 күн бойы фашистер шабуылын тойтарып, батальон үлкен шығынсыз, ұрысқа қабілетті жағдайда қоршаудан шығады [2].

Шығармалары

Ұшқан ұя (1974 жыл)

Москва үшін шайқас,

Жауынгердің тұлғасы,

Майдан,

Майдандағы кездесулер,

М.Ғабдуллин ӀӀ-ӀV сайланған КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты. КСРО Жоғарғы Кеңесінің парламенттік тобының құрамында Финляндияда (1953), Бельгияда (1957),Югославияда (1957) болды. Ғабдуллин еңбекшілер депутаттарының Алматы облыстық, қалалық Кеңестерінің депутаттығына, Қазақстан КП Алматы облыстық, қалалық, Фрунзе аудандық комитеттерінің мүшелігіне бірнеше рет сайланды. Ленин ордені, Қызыл Ту, Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз, Ұлы Отан соғысы ордендерімен марапатталған. "Қазақ халқының батырлар жыры" кітабы авторларының бірі.[1] Шығармалары:[өңдеу]

Менің майдандас достарым, А., 1947;[2]

Алтын жұлдыз, А., 1948; Май­дан очерктері, А., 1949;

Проблема народ­ности қазахского героического эпоса, А., 1953.

Қ.Бержанов 1951жылы ірі ғалым Р.Г. Лашбергтің жетекшілігімен «Қазақстан мұғалімдерінің қоғамдық және мәдени ағартушылық қызметі тарихының» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Ол диссертациясында «Совет үкіметінің алғашқы жылдарында Қазақстан мұғалімдерінің әлеуметтік ағартушылық рөлі, олардың қызметінің ерекшелігі, мұғалім кадрларын дайындау жолы» туралы мәселелерді зерттейді. Қ.Биржанов ондаған монографиялық еңбектердің авторы. Олардың ішінде «Қазақстан мұғалімдерінің қоғамдық және мәдени ағартушылық қызметі», «халық ағарту саласындағы орыс-қазақ ынтымағы». «Педагогика тарихы», «Тәрбие мен білім берудің бірлігі», «Қазіргі педагогиканың актуалды мәселелері т.б.» ғылыми еңбектерін ерекше атауға болады. «Оқу-ағартудағы орыс-қазақ ынтымақтастығы» атты еңбегінде автор қазақ даласының тұңғыш ашылған қазақ мектептері мен Орынбор, Омбы қалаларында ашылған әскери шендегі офицерлерін сөз етеді.

О

ОЙШЫЛДАР МЕН АҒАРТУШЫЛАРДЫҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ ТУРАЛЫ ПІКІРЛЕРІ

Ұлы Түрік қағанаты кезіндегі тәлім – тәрбие (VI – IХ ғ.ғ. аралығы). Ұлы Түрік қағанаты орта ғасырларда адамзат өркениетінің қалыптасуына аса зор үлес қосқан, сол дәуірдегі дамыған мемлекет болған. Қағанат сол кездегі өркениетті Византия, Араб Халифаты және Қытай империяларымен дипломатиялық қарым – қатынас жасап отырды. Әзірбайжанның белгілі түріктанушы – ғалымы З.Наджип: «түркі тілдес халықтардың көне жазба әдебиетін қалыптастыруда бүгінгі татар, башқұрт, өзбек, қазақ, қарақалпақ, түркімен, әзірбайжан халықтарының ата – бабалары белгілі дәрежеде үлес қосты» деген пікір қалдырған. Ал белгілі ғалым Айдаров: «Орхон ескерткіштерінен түркі тайпаларының тарихы, мәдениеті, тілі мен әдебиеті, әдет-ғұрпы, салт-санасы жөнінде толып жатқан деректер табылады»- деп, ұлттық салт-дәстүр мен тәлім – тәрбие жөнінде маңызды пікірлер тұжырымдайды.

Араб – шығыс мәдениеті, орта ғасыр ойшылдарының тәлімгерлік ой – пікірлері (X-XV ғ.ғ. аралығы). Арабтар ислам дінін уағыздаумен бірге ғылым мен білімді де терең зерттеген. Нәтижесінде түркі халықтарының ұлы ғалымдары Фараби, Фердоуси, Авиценна, Бируни, Низами, Яссауи, Баласағұн және басқалары араб тілі мен мәдениетін меңгерді. Көптеген шаһарларда діни медреселер ашылды, ғылым мен білім деңгейі артты.Бұл жерде қазақ топырағындағы Отырар қаласында дүниеге келген Шығыстың екінші Аристотелі атанған ғұлама ғалым Әбу Насыр әл – Фарабидің (870-950) еңбегі ерекше болды.Адамгершілік, азаматтық жолды, ғылым – білімді мақсат тұтқан ғалым шетте жүрсе де, атамекенін бір сәт естен шығармаған шынайы патриот азамат болды. «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауына айналады» деп тәрбие әдісіндегі «орташа» тәсілді қолдануды ұсынады. «Ғылымды үйрену үшін адамның арының тазалығы қажет». Ал арлылық – мәдениеттіліктің белгісі. «Тәрбиелеу дегеніміз – халықтардың бойына білімге негізделген этикалық игіліктер мен өнерлерді дарыту» деген сөз деп, ұлы дана тәрбиені халықты мәдениеттендірудің қуатты құралы ретінде жоғары бағалады. Түркі тілдес халықтардың ХІ ғасырдағы аса көрнекті ақыны, данышпан ойшыл Жүсіп Баласағұн ұлтты кемелдендіру үшін ең әуелі отбасындағы әдептілік қарым – қатынасты қалыптастыру керек дейді. «Әкені сыйламаған ұлдан без, ананы сыйламаған қыздан без», дейді ол. Әдеп – отбасындағы тәрбиенің алтын арқауы екенін айта келіп: «Кісілік қымбат емес, кішілік қымбат», «Ұлық болсаң, кішік бол», - деп түйіндейді.

Қазақ хандығы кезіндегі тәлім – тәрбие (жыраулар поэзиясындағы тәлім – тәрбиелік ойлар) XV – XVII ғ.ғ аралығы.Қазақ ұлтының дамуы мен қалыптасуына зор үлес қосқан Жәнібек, Керей, Әйтеке, Әбілхайыр, Бөгенбай,Бұқар сияқты хандар мен сұлтандар, билер мен жыраулар, батырлар мен ақындардың аттары қазақ тарихында ерекше аталады.Аузы дуалы ақылгөй жыраулары мен шешен билер жалпы жұртқа өнегелі сөздері мен өлең,жыр толғауларымен зор ықпал етіп халықты ел болуға, берекелі бірлікке шақырып қоғамдық өмір сақынасына шыға бастады.Қазақ жырауларының толғау тебіреністері, билердің шешендік қанатты сөздері өзінің тәлімдік шарапаты жағынан ғана емес рухани эстетикалық отаншылдық мән жағынан да аса маңызды болды. Ақын – жыраулар өлең – жырларымен де өнегелі ісімен де халыққа белсене қызмет етіп, ел ұйытқысы тәлім – тәрбие мектебінің ұстазы бола білді. Тәуке ханның «Жеті жарғысы» бүгінгі ҚР қабылданған Атазаңының іргетасы болып саналады.Сондай ақ сол кезеңдерде дүниеге келген Мұхаммед Қайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди», «Жаханнама», Қ.Жалайыридің «Жамиғат Тауарих» т.б. шығармалар ұрпақ танымы үшін аса зор тәлімдік мәні бар шығармалар еді.

Date: 2016-05-24; view: 1317; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию