Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Ахмет иассауидіҢ діни софылыҚ ойлары. 5 page





Мысқылдың ең шарқау шегі — сарказм екені белгілі. Өткір сатиралық әндер Сүйінбай мен Бахардың, Баймағамбет сұлтанның қыздары мен әйелін мақта дегеңде айткан Шернияздың ирониялық әндерін жатқыызуға болады. Сондай-ақ антитезге Т.Ізтілеуовтың, К.Тәкежановтың диалог, монолог түріндегі өзіл-қалжың, сатиралық әңдерін атауға болады.

ЕРТЕГІЛЕРДІҢ БАЛА ТӘРБИЕЛЕУ ІСІНДЕГІ МАҢЫЗЫ.ХАЛЫҚ ЕРТЕГІЛЕРІН ТӘРБИЕЛЕУДЕ ҚОЛДАНУ

Ертегі - ауыз әдебиетінің ықылым заманынан келе жатқан көне де мол мүрасы. Оның ертегі деп аталуының өзінен де, сол сияқты ертегілердің «Бұрынғы өткен заманда, ерте-ерте, ертеде» деп басталуынан да оның атам заман туындысы екенін аңғару қиын емес.
Ертегілерде халық басынан кешкен, ғасырлар ізі жатыр. Оларда еңбекші халықтың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғүрпы, елдік тарихы, қилы-қилы қиын асулары, халықтың мүң шері, арман-мүраты бейнёленген.

Барлық елдің ауыз әдебиетінен мол орын алған және халықтың жазу-сызу өнері болмаған кезінде ауызша шығарған күрделі шығармасының бір түрі - ертегілер.
Ертегілер көбінесе, қара сөз ретінде айтылатындықтан, оны халықтың ерте заманда шығарған көркем әңгімесі деп қараймыз.
Халық әдебиетінің басқа түрлері секілді, ертегілер де адам баласының еңбек-кәсіп ету, тұрмыс тіршілік құру тәжірибесіне байланысты туған. Жаратылыс құбылыстарын, табиғат сырын жетік білмеген, олардың неліктен болатындығын толық түсінбеген ертедегі адамдар әр нәрсені қиял еткен; өздерінің ауыр еңбектерін жеңілдету жайын қарастырған. Бұл жөніндегі ұғым-түсініктерін, нанымы мен сенімін әңгімелеп айтатын болған. Сөйтіп ертегі-әңгімелердің алғашқы үлгілері туған. (Халық шығармасының бұл түрі «ертегі» деп аталуының өзі-ақ, онда аитылатын әңгімелердің есте қалмаған ерте заманда туғандығын анғартады).

Ертегіге бай елдердің бірі - қазақ халқы. Қазақ фольклорындағы ертегілердің сан алуан түрлері бар. XIX ғасырдан бастап, қазақ ертегілерінің ғажап та көркем үлгілерін В.Радлов, Г.Потанин, И.Березин, А.Алекторов, П. Мелиоранский, Ш. Уәлиханов, Ә.Диваев сияқты белді де белгілі ғалымдар жинап, жариялай бастады. Қазақ фольклорының кейбір нұсқалары «Дала уалаяты», Айқап», «Туркестанские ведомости», «Тургайская газета», т.б. мерзімді баспасөз бетінде жарияланып келді. «Образцы народной литературы тюркских племен» атты 10 томдық жинақтарында В.В. Радлов қазак, қырғыз, ұйғыр, өзбек, әзербайжан сияқты кептеген Тұркі тайпалардың әпостық жырлары мен ертегілерін молынан жариялаған. Сонымен қатар қазақ әпосы мен ертегілерін жинап бастыру ісінде башқұрт ғалымы, профессор Әбубәкір Диваевтың еңбегі де елеулі. Қазақ ертегілерінің қай түрі болса да замана елегінен өтіп, халық санасына сіңіп кеткен сюжеттер. Онда бір елден екінші елге ауысып, төл сюжет болып жүрген мотив-образдар да аз емес. Ертегінің түтынушылары қоғамның түрліше тобынан шыға береді. Төменгі тап ортасынан шыққан ертегілерде сатира, демокартия сарыны елеулі болатынын кезінде М. Әуезов жақсы айтқан болатын. Сонымен бірге қазақ ертегілерін тек қана феодализм дәуірімен түйықтап, оны 1868 жылғы реформадан да кейін туғызу ертегі генезисін кенжелету ме дейміз. Шыншыл ертегілер антифеодалдық сарында болған десек, сол жеткілікті.
Қазақ ертегілерін тақырыбына қарай бірнеше топқа бөлуге болады. Олар: а) мифологиялық (қиял-ғажайып) ертегілер; ә) хайуанаттар (жан-жануарлар) жайындағы ертегілер; б) реалистік (Тұрмыс-салт) ертегілері.
Қиял - ғажайып ертегілер. Бұл ертегілер тым ерте замандарда, адам табиғат сырын толық түсініп болмаған кезде туған. Мұнда өмір көрінісі аздау болады. Мифологиялық ойлау адамдардың топ-топ болып орман, тау-тас үңгірлерін мекендеп жүрген кезеңінен бастап туса да ғажап емес. Ол дәуірдегі адамдардың нанымдары, ойлау дәрежесі өте анайы болған. Күн, ай, от судың жойқын күштерінің сырына түсінбеген алғашқы қауым адамдары табиғатқа сыйынып, табынған: бірінен қорықса, бірін қастерлеген. Оларды адамша ойлап, әрекет жасайтын құбылыстар деп үққан. Мұндай сәби мифология тарихы үнді, грек, араб елдерінде көбірек сақталған. Кейбір елдерде киелі аңдарға сыйыну дәсТұрі де болған. Қазақтың мифологиялық ертегілері бұдан кештеу, матриархат пен патриархат дәуірінің ауысу кезеңдерінде туса керек. Аңшылық салты өмір сахнасынан шыққан кезде адамдар аң-қүстардың сырын танып, біліп, олар жайында сан-салалы образдар тудырған. Жалмауыз, мыстан кемпір, жезтырнақтар матриархат дәуірінің ұғым-нанымдары болмақ. Аңшылық кәсіп ер адамдардың әрекетімен көбірек байланысты болғандықтан, алғашқы ру қоғамының салт-санасы қалыптасып, жұбайлы неке туады. Бұл кезеңде туған қиял-ғажайып ертегілерінде адамға жат барлық күштермен күресушілер - мергендер, батырлар болып көрінеді. Жан-жануарлар туралы ертегілер. Мифологиялық ертегілерден кенже туған, тақырыбы жан-жануарлар туралы болса да, реалистік сипаты бар қазақ ертегілерінің бір саласын хайуанаттар жайындағы сюжеттер дейміз. «Қазақ ертегілерінің» бірінші томына бұл тақырыптағы сюжеттен он үш, екінші томына жиырма бес ертегі енген-ді. Бүгінде бұл ертегілер барынша толық күйінде жарық көріп отыр. Олардың өзін мал шаруашылығына («Бозінген») және хайуанаттарға байланысты туған («Сырттандар», «Арыстан мен түлкі») ертегілер деп екі салаға бөлеміз. Соңғысында араб, үнді жүртының «Мың бір түн», «Қалила мен Димна», «Тотынама» сияқты сюжеттерінен алынған ертегілер де бар. Шыншыл ертегілер. Бұл ертегілер өмір шындығына жақын, ішінде реалдық адам бейнелері басым. Олар кейде өмір шындығынан алынып, бас қаһармандары патша, уәзір хан болып келеді. Мысалы. «Хан мен уәзір», «Өнеге», «Ақылды етікші» ертегілерінің бас қаһармандары күндіз тақта отырса, түнде үстіне жаман киім киіп, шаһар аралап жүретін патша мен оның уәзірлері. Мұндай ертегілерде хан әділ болып көрінеді. Бірақ көп жайда патшалар жауыз адам ретінде суреттеледі. Мысалы, «Ақылды етікші» ертегісінде хан ешкім өз пайдасын ойлап еңбек істемесін деп бүйрық береді. Мүны күндіз-түні етік тігіп, бала-шағасын зорға асырап жүрген етікші енбек адамдарына тиімсіз сол үшін ақылсыз ханның ісі дейді.

 

Ж

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕГІ ОҚУ ТӘРБИЕ ҮРДІСІНДЕГІ ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫ ЭЛЕМЕНТТЕРІ?

Қазақ этнопедагогика материалдыры: жұмбақтар, мақал-мәтелдер, сәндік-қолданбалы өнер, ертегілер, жаңылтпаштар пайдаланылған шаралар өңделді. Бұл қазақ этнопедагогика материалдары сабақта және сабақтан тыс жұмыстарда қолданылды.

Қазақ этнопедагогика материалдарын пайдалану бойынша жүргізілген жұмыстың тиімділігін анықтау үшін төмендегідей өлшемдер алынды:

1. Халық тәрбиесі элементтері туралы білімнің қалыптасуы;

2. Отанға деген сүійпеншіліктің қалыптасуы;

3. Адамгершілік сапаларының қалыптасуы;

Оқушыларда халық тәрбиесі элементтері туралы білімнің, Отанға деген сүйіспеншіліктің, адамгершілік сапаларының қалыптасуын анықтау үшін сауалнама жүргізілді. Қазақ этнопедагогика материалдары туралы білімнің қалыптасуы бойынша мәліметтерді өңдеу нәтижесі төмендегідей болды

ЖҰМБАҚ,ЖАҢЫЛТПАШТАРДЫҢ КЛАСИФИКАЦИЯСЫ,БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ АЛАТЫН ОРНЫ:

Жұмбақтар – қазақ халық ауыз әдебиеті ішінде атадан балаға мұра ретінде беріліп, ерте заманнан бастап бүгінгі күнге дейін даму, өсу, толығу үстінде келе жатқан асыл мұра. Жұмбақтардың асылдық қасиеті, оның дүниеге келуі сонау ерте заман болса да, бүгінгі біздің дәуірімізде қажеттілігі күшейіп мән - мағынасының артып отырғандығында.
Жұмбақтар халық ауыз әдебиеті ішінде ұсақ жанрлар қатарына жатады. Жаңылтпаштар, мақал - мәтелдер, т. б. сияқты ұсақ жанрлар деп аталғанымен, жұмбақтар - халық ауыз әдебиетінің күрделі бір саласы.Жұмбақтар жас ұрпақты тәрбиелеумен қатар, олардың бойына өз халқының игілігін дарытып, ана тілінде ойлау және мәдениетті сөйлеуіне, сауатты жазу дағдыларына барынша мол әсерін тигізеді. Сонымен қатар, жұмбақтарды пайдалану оқушыларды қызықтырады, дұрыс сөйлеуге үйретеді, логикалық ойын жетілдіреді. Жаңылтпаш- халықтық шығармалар ішінде баланы дұрыс та, айқын сөйлеуге үйрететін, тілін дамытатын жанр. Ол баланың сөйлегенде кекештенбей, тұтықпай, жаңылмай дұрыс та еркін сөйлеуіне: сөйтіп, ана тілін игеруіне қызмет етеді. Бір қызығы халықтық жаңылтпаштар қаншалықты айтуға күрделі, тілге күрмелеулі, шатыстырғыш шытырман ұйқасты болып келседе, мазмұнында бір мән, халықтың тұрмыс-салтына үйлесімді ой жатады. Тез айтудың қиындығы да сол жаңылтпаш сөздерін анық айтып, ішкі мәнін аша білуде. Балалардың көпшілігі мектепке келгенге дейін кейбір сөздерді не жеке дыбыстарды айта алмайды. Кейбір ерке өскен шолжан балалар сақаулана сөйлейді. Міне, осындай балаларды жастайынан дұрыс сөйлеуге үйретуді көздеп, халық жаңылтпашты пайдаланған. Қазақ халқы баланың тілін ұстарту үшін оған сөз үйретіп, дүниетанымын дамыту мақсатында жаңылтпаштар ойлап шығарған.

ЖАСӨСПІРІМДЕР МЕН ЖАСТАР ӘНДЕРІ.ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ

Ән – халықтың поэтикалық шығармашылығының күрделі формасы, сезім мен санаға ықпал ететін, эстетикалық тәрбие құралы (мақсаты - әсемділік, әдемілік, құралы - ақылдылық). Көптүрлілігі. Адамның ішкі және сыртқы сұлулығын ашу, әсемділіктің маңызы. Поэтикалық сөз + әуен. Ойдың көріктілігі. Махаббат, еңбек, денсаулық мадақталады. Еңбек әрекеті, циклдері, еңбектің маңызы, оның нәтижесі сипатталады. Отан ата-ана, анамен байланыстырылады.
1.Табиғат, табиғат пен адамның өзара қарым-қатынасы мадақталады. Адамгершілік ізгілікті іске шақырады. Ұлттық дәстүр көрсетіледі. Жас ерешелігіне байланысты әндер. Әндегі ғасырлық күту, үміт, асыл арман. Этикалық, эстетикалық, педагогикалық бірлік.

Халық әндері: халықтың бақытына, жақсылығына бағдарланған жоғары ұлттық құндылықтар. Негізгі міндеттері: әсемдік махаббатына баулу. Өмірдің барлығы әнде.

Бесік жыры (балалық шақтағы әндер)

Баланың психикалық дамуына арналған нәзік әндер. Бесік педагогикасы – ең табиғи үлгідегі педагогика. Анасы ән айтады (4-5 жастағы балалар кішілеріне немесе қуыршақтарына айтады). Мақсаты – махаббатпен, еркелетіп жұбату, ұйықтату. Сәби оның маңызын түсінбейді, бірақ әуендегі, ән айтудағы, дауыс ырғағындағы нәзіктік пен махаббат.

Негізгі мазмұны: ананың балаға, оның болашақтағы арманына деген махаббаты. Бесік жыры поэтикалық үлгіде беріледі. Балалар, ересектер туралы әңгіме.

Туған жерге сүйіспеншілік (жасыл шылғындық және т.б.). «Ананың әні - әлемдегі негізгі ән, адамзаттық әндердің бастапқысы. Егер де ол, бесік жыры болмаса, әлемде басқа да әндер болмас еді» (Расул Гамзатов).

Адамның психологикалық портреті 3 жасқа дейін құралады, ерте балалық шақтағы есте сақтауы бар. «Пестушка» (әлпештеу - бағу) – денеге жеңіл қол тигізуде айтылатын қайырмасы бар қысқа жаттау. Жеңіл массаж және дене жаттығулары және тілектер.

«Потешка» - жұмыссыздық пен жалқаулыққа қарсы күлдіріп айтылады (бұл жерде қолдарымен, аяқтарымен,...).

Кішкене балаларға (2-3 жастағы) әндік (немесе әндік емес) әзіл-қалжың, мәтелдер: сыпайылыққа, еңбекті сыйлауға тәрбиелеу және т.б.

Ойындағы әндер, санамақтар.

3. Жасөспірімдер мен жастар әндері
Жасөспірімдерге - әндер аз. Батырлар, қарақшылар, аң аулаушылар әндері: қыздарға қол ұстасып жүріп айтылатын ән. Жаңылтпаштарды, санамақтар, мазақтаулар. Мұның барлығы қарапайым мотивтер. Қол ұстасып жүріп би билейтін қозғалыстармен айтылатын әндер.

Көңілді, жалынды, қызба, әзіл әндер кеңінен таралған. Бірақ, оларда есіркеу, жан ашу, қиыншылықта көмектесу, моралдық мәселелер сезімдері бар. Бұл балаларда өзін көрсетуге талпыну бар қиын кезең. Ұл балалардың репертуары бай. Қыздар әндерінде олардың өмірбаяны, ойлары мен армандары, ата-анаға, жерлестеріне деген ризалығы айтылады.

Қалыңдықтың тойдағы сыңсуы: жан дүниенің сезімге бөленуі, арман, үміт, туыстарымен қоштасу, туған үйіне махаббаты.

Ересектер әндері алуан түрлі. Рәсімдік, дәстүрлік, еңбек және күрес, әлеуметтік наразылық туралы әндер. Әнұран әндері, олардың терең мазмұны, әуені ата-бабаның өсиеттеріне адалдыққа шақырады. Еңбек, ата-ананы ұмытпау анты, ересектерді сыйлау дәріптеледі. Бұл әндер алдында мархаббат ету қажет. Көптеген әндерде ұрпақ сабақтастығы, ересектерге ұнау және т.б. Жоғары поэзия, ананың ақ үйі, халықтың жан-дүниесі.

К

КЕМЕЛ АДАМ. Кемел адам(араб. “инсан-и камил” – толық адам) – ақыл-ойы толысқан кісі. Діни ілімде кемел адам – кісілікке жат қылықтардан әбден арылып тазарған, ішкі жан-дүниесі ағарып, рухани қасиеті артқан, мүлтіксіздіктің қалыбы мен негізіне мейлінше жақындаған асыл адам. Кемел адамның әрбір іс-әрекеті Алла тағалаға арналады. Ол – адасқандар үшін темірқазықтай жол көрсетуші, жолда қалғандар үшін – көпір, үміті үзілгендер үшін – ашылар есік. Кемел адам ұғымы қазақ әдебиетінде кітаби ақындар мен Абайдан бастап cөз болып келеді Көне қытай ойшылдары адамның адамдық қасиетін сыртқы көрінісінен іздейді. Ұлы ойшыл Конфуцийдың пікірінше адам үш түрлі болады: Дана адам – асып таспайды, Жақсы адам – күй талғамайды, Батыл адам – қорықпайды, - дейді. Сонымен қатар қытай жұртының ғұламасы, дао ілімінің негізін қалаушы Чжан – Цзы: өзінің арғы тегінен ажырамайтын адамды «Аспан адамы», рухани бастауынан бөлінбеген адамды «Қасиетті адам», шындықтан бөлінбеген адамды «Кемел адамға» жатқызған екен. Тағы да осы шығыс ғұламаларының даналық өсиеттерінде

1. Ештеңе білмейтін, бірақ, ештеңе білмейтінін түсінбеген адам – ақымақ. Оны айналып өт.

2. Ештеңе білмейтін, бірақ, өзінің білмейтінін түсінген адам – шәкірт. Оған ілім үйрет.

3. Барлығын білетін, бірақ, білгенін іске асырмайтын адам – ұйқыдағы жан. Оны оят

КЕМЕЛАДАМДЫТӘРБИЕЛЕУ ЖОЛДАРЫ. Кемел адам (араб. «инсан-и камил»- толық адам) – ақыл-ойы толысқан кісі. Діни ілімде кемел адам – кісілікке жат қылықтардан әбден арылып тазарған, ішкі жан-дүниесі ағарып, рухани қасиеті артқан, мүлтіксіздіктің қалыбы мен негізіне мейлінше жақындаған адам. Кемел адамның әрбір іс-әрекеті Алла тағалаға арналады.Кемел дамды қалыптастыру – халықтық тәрбиенің өзегі. Адамның ең жетілген, жоғарғы жаратылыс иесі екенінің шынайы және айқын дәлелі оның тұрақты түрде, тоқтаусыз кемелденуге ұмтылу болып табылады. Өзіндік кемелденуге қабілеттілік адам табиғатының ең жоғары құндылығы болып табылады. Кемелдену ұғымының өзі адамзаттың прогресі барысында тарихи дамып отырды.Кемел адам мәселесі ұлттық мінез ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Кемел тұлға ұлттық сананың деңгейін айқындайды және қоғамдық жағдайлардың ықпалымен өзгереді. Оның дамуына өмір салты мен практикалық іс – әрекет ерекше әсер етеді. Кемел адам белгілі бір қасиеттерді меңгерген. Мысалы, жігіттің сыртқы бейнесі: ұзын бойлы, қырағы, күшті қолды, темір саусақты, мықты денелі, тік мұрынды, өткір тісті, қара қасты, ұқыпты, жинақы, мұртты; сөйлеу сапасы: шыншыл, шешен; қасиеттері: епті, айбатты, күшті, өжет, төзімді, сүйекті, сақ, т.б.; іскерлік қасиеттері: жігіттің қыраны, сұңқары, сұлтаны, арыстаны және қасқыры, нары, т.б.; орын: басшы, ақылды, ержүрек, палуан, жомарт, шаруақор; абыройы: ықыластылық, шеберлік, күштілік, шыдамдылық, білімділік, ұтқырлық; мінездің жағымды белгілері: адалдық, әділдік, шыншыл; достары: тұлпар, ақылдылық пен тапқырлық, т.б.; жаман қасиеттері: жалқаулық, қорқақтық, мақтаншақтық, өсек, жала, азғыру. Қызға қойылатын талаптар қасиеті: кішіпейілділік, нәзіктік, қамқорлық, мейірімділік, қиындыққа төзімділік, шыдамдылық, ұқыптылық, жинақылық, т.б. сыртқы түрі: сұңғақ бойлы, сымбатты, қыр мұрынды, оймақ ауыз, кең маңдай, аққу мойын, қалың бұрымды, ұзын кірпікті, қара қасты, тегіс ерінді, күлім көзді, қыпша бел, икемді, ұзын саусақты, жіңішке т.б. Адам идеалы: өмір үшін байлықты, ар, намысы үшін өмірді құрбан етеді. Халық көп нәрсені жеке үлгі – нұсқа тұрғысынан бағалаған. Мысалы, чуваш халқында осы күнге дейін кез –келген ұлттың өкілін сипаттауда қолданылатын, жақсы адам туралы көзқарасқа сәйкес келетін «кемел чуваш» ұғымы сақталған, яғни бұл жағдайда «чуваш» сөзі «адам» сөзіне теңбе-тең. «Кемел (жақсы, нағыз) чуваш» - бұл орыс, татар, қазақ, қырғыз, т.б., яғни бұлар чуваштың жақсы нәрсе туралы ұғымына сәйкес келетін адамдар. Қазақтарда туған жерге, атамекенге деген құрмет – кемел адамның басты қасиеттерінің бірі.

КЕҢЕС ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН ЭТНОПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙЛАРЫНЫҢ ДАМУЫ.

Кеңес дәуірі кезінде қазақ зтнопедагогикасы жабық тақырып болғаны анық. Ол кезде Қазақстандағы педагогикалық ойлардың қалыптасуы мен дамуы бойынша барлық ғылыми-зерттеу мен білім беру саласында әл-Фараби, Шоқан, Ыбырай, Абай туралы ғана сөз болды. Ғылымдағы түрлі тұжырымдамаларды қалыптастыруға тікелей ықпалы болған бұл идеологиялық ұстанымның салдары қазақ ұлтының тарихи танымынан анық байқалды: ұлт өзін өркениеттік құндылықтар жаратқан субъект ретінде сезінуден қалды, оның көңіліне өзінің этностық болмысына қатысты күдікті ойлар ұя сала бастады. Ал мемлекетіміздің тәуелсіздік алуының арқасында қазақ қоғамында мүлдем жаңа жағдай қалыптасты. Оны біз «жаңа рухани ахуал» немесе «жаңа рухани күй» деп атаған болар едік. Тұжырымдап айтқанда, заман талабына сай кезекті сапалы өзгерістерге мұқтаж ұлт өз өткенін қайта қорытуға ден қойды.

20-ғ басындағы қазақ этнопедагогикасының ғылым ретінде қалыптасуына елеулі үлес қосқан азаматтардың бірі-Ахмет Байтұрсынов ірі ғалым-лингвист,әдебиет зерттеуші,тюрколог,дарынды ақын,аудармашы,қазақ тіл білімінің іргетасын қалаушы,қазақ баспасөз тілінің ұлттық үлгісін жасаған талантты көсемсөзші,туған халқының рухани дүниесін жандандырған ғұламасы.Ол қазақ этнопедагогикасының негізгі нұсқаларын зерлей зерттеп,олардың ғылыми-теориялық негіздерін жасады.

 

Қ

ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ ДАМЫП,ҚАЛЫПТАСУЫ

«Этнопедагогика» терминін ғылыми айналысқа алғаш енгізген профессор Г.Н. Волков еді. Алайда әлі күнге дейін этнопедагогиканың ұғымдық мазмұны жөніндегі пікірлер толастамай отыр.1 Этнопедагогика мәселесін зерттеушілер зерттеу объектісіне қарай халықтық педагогика және этнопедагогика 2 деп немесе педагогикалық этнография және этнопедагогика 3 деп бөлуі көңілге қонарлық сияқты.

Профессор қ.Б.Жарықбаев» народная педагогика-область эмпири-ческих педагогических знаний и опыта народа, выражающая господствующие в нем воззрения на цели и задачи воспитания. Разработкой ее общетеоретических основ занимается специальная отрасль научной педагогики- этнопедагогика»- деп жазды.

Сонымен этнопедагогика дегеніміз белгілі бір халықтың тәрбие дәстүрін жинақтап, ғылыми жағынан жүйелеп, зерттейтін педагогика ғылымының бір саласы болып отыр.

Ы.Алтынсарин қазақтан шыққан тұңғыш ағартушы, халық педагогикасын қазақ арасынан алғаш қағазға түсіріп, жинастырған, білім дәрежесінде қалыптастырған адам. Алайда ол ұлттық мектеп идеясын ұсына алмады. Сондықтан да қазақ этнопедагогикасының ғылымға айналуы, біздің ойымызша, 1907-1927 ж. аралығында қалыптасты және оның ғылым дәрежесіне көтерілуіне қоғамдық-әлеуметтік салалармен бірге ұлттық тәлім-тәрбие ісінің дамуына атсалысқан қазақ зиялылары, атап айтқанда А.Байтұрсынұлы, Ә.Бөкейханұлы, М.Дулатұлы, М.Жұмабайұлы, Ж.Аймауытұлы, Х.Досмұхамедұлы, т.б. болды. Бұндай тұжырым жасауымызға мынадай негіздер бар:

педагогиканың ғылым ретіндегі мақсаты қандай деген сұраққа әдебиеттерде мынадай жауаптар бар:

¨ жеке тұлғаның жан-жақты даму мәселесін ғылыми зерттеу және оның заңдылығын түсіну;

¨ ақыл-ой, адамгершілік, дене, еңбек, эстетикалық, тәрбие мен политехникалық білім берудің жағдайы мен өзара байланысын зерттеу;

¨ Тәрбие-білім беру қызметінің теориясы мен методикасын жасау;

¨ Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені зерттеу, топтастыру және тәжірибеде қолдану;

¨ Педагогтарды алдыңғы қатарлы тәрбие және оқыту әдістерімен қаруландыру;

¨ Басқа ғылымдармен байланысын күшейту.

Егер жоғарыда келтірілген мақсаттар педагогиканың құрамдас бөлігі болып табылатын, бірақ қамту шеңбері жағынан шектелгенімен міндеттері жағынан ұқсас болғандықтан этнопедагогиканың алдында да дәл осындай міндеттер тұр деп айтуға болады. Сондықтан да қазақ этнопедагогикасының қалыптасу кезеңін анықтайтын болсақ, онда жоғарыда айтылған міндеттерді шешу қазақстанда тек ХХ жылдардың бас кезінде қолға алынғанын көреміз. Этнопедагогика мәселесін зерттеген зерттеушілердің көпшілігі этнопедагогика жалпы педагогиканың негізгі

Date: 2016-05-24; view: 1781; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.011 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию