Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






ШОҚАН ШЫҢҒЫСҰЛЫ УӘЛИХАНОВ





(шын есімі Мұхаммедханафия; 1835 —1865) — қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы. Шоқан Уәлихановтың пікірінше, халықтық психологиясын көрсететін белгілердің бірі — сол халықтың тіл байлығы, сөз өнері, шешендік қасиеттері. Ол сөз өнері халық бойына біткен зор таланттың, керемет қабілеттің, ақындық қуаттың белгісі деп санады. "Халықтың тұрмысы мен әдет-ғұрпы, — деп жазды ол, — бәрінен де артық көрініс табады. Өткенді қастерлеу мен аңыздардың молдылығы — терістік және Орта Азия көшпелі халықтарының ерекше қасиеті. Қазақ тілінде араб тіліндегідей жасама бояу сөздер жоқ, ол нағыз таза тіл". Ғұлама ғалымның осы пікірлерін кең-байтақ өлкемізде болған орыс, украин, поляк зиялылары да қостайды. Шоқанның психологиялық пікірлерінің екінші бір арнасы оның дін жөніндегі толғаныстарымен астарласып жатады. Ғұлама ғалым алғашқы адамның қиялы мен діни сенімдері оның табиғатқа тікелей қатынастарының бейнесі ретінде пайда болғандығын айтады. Шоқан қазақ халқындағы шамандық ұғымдардың шығу тегін түсіндіргенде де, оның психологиялық жақтарын ашқанда да, материалистік позицияны берік ұстады. Шоқан туған халқының әдет-ғұрпының түрлі жақтарын таңдай келіп, қазақ арасындағы кейбір жағымсыз әдеттерді де мейлінше сынап, олардың психологиялық астарларына үңіліп, осы айтылғандардың қазақ қауымын ілгері бастырмай келе жатқан мерездер деп қарады.

ШАЛКИІЗ ЖЫРАУ.

Шалкиіз Тіленшіұлы (1465 — 1560 жылы ш.) — жырау, орта ғасырлардағы қазақ поэзиясының көрнекті өкілі. Оның шығарм-нан ортағасырлық қарапайым көшпелілердің өмірі туралы нанымды, моральдық, этикөлі түсініктер көрініс тапқан (“Асқар, асқар, асқар тау…”, “Қоғалы көлдер…”, “Арғымақ ару аттар…”, “Ор, ор қоян, ор қоян…”, тағы басқа). Шалкиіз шығармаларында ерлік рухқа, асқақ романтикаға толы жырлар да жеткілікті. “Алаштан байтақ озбасы…”, “Жапырағы жасыл жаутерек…”, “Ер Шобан”, тағы басқа). Шалкиіздің халық арасына ең көп тараған шығармалары — “Би Темірге айтқаны”, “Би Темірді қажы сапарынан тоқтатуға айтқан” толғаулары. Ол ертедегі қазақ поэзиясының өлең өрнегін байытқан ақын. Шығармалары алғаш 19 ғасырдан қағаз бетіне түсе бастады.

ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ

қаламынан терең ойлы, сыршыл лирик. өлеңдер, «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Нартайлақ-Айсұлу» сияқты оқиғалы дастандар, «Әділ-Мәрия» романы жөне басқа да прозалық туындылар, аудармалар, тарихқа, философияға қатысты еңбектер, сазды әндер туды. 1911 ж. «Түрік, қырғыз, қазақ Һәм хандар шежіресі», 1912 ж. Семей қаласындағы «Жәрдем» баспасынан «Қазақ айнасы», «Қалқаман-Мамыр», «Жолсыз жаза яки кез болған іс», «Енлік-Кебек», «Үшанық», «Мұсылмандық шарты», «Ләйлі-Мәжнүн» т. б. шығармалары жарық көрді. 1978 жылы Ленинградта шыққан «Поэты Казахстана» деген жинақта Құдайбердіұлының бірқатар өлеңдері орыс тілінде басылды. Үлкен жинағы 1988 ж. «Жалын» баспасынан жарық көрді.

Арсыз, арам айланы тастасалық, Адал іске талаппен бастасалық», «Адал сол - таза еңбекпен күнін көріп, жаны үшін адамшылық ар сақтайды», «Талаптан адал істі істемекпіз, Тапсырдық бір Аллаһқа біз демекпіз», «Анық бақ деп айтарлық үш нәрсе бар, Кірсіз ақыл, мінсіз сөз, адал еңбек», «Адал еңбек, ақ жүрек берер шешіп, Таза ақыл косылса, Әлемнің таласын», «Мейірім, ынсап, ақ пейіл, адал еңбек, - Бұл төртеуін кім кылса, шын адам сол»;

Ш.ҚҰДАЙБЕРДИЕВТІҢ ДІНИ МИФОЛОГИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ

Қазақ халқының тарихы мен мәдениетінде өзіндік із қалдырған, ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезінде өмір сүрген, ұлы Абай мектебінің дәстүрін жалғастырушы, өзінен кейінгі ұрпаққа сарқылмас мол мәдени мұра қалдырған Шәкәрім Құдайбердиев белгілі гуманист ақын, ойшыл тарихшы-шежіреші ағартушы, ғұлама болды.
Шәкәрім Құдайбердиев халықымыздың қоғамдық ағартушылық, мәдени және әдеби өміріне белсене атсалысқан, ағартушылық-демократиялық, гуманистік идеяларды насихаттаған, Шоқан, Абай, Ыбырай ұстаған ағартушылық дәстүрді ілгері жалғастырушылардың бірі болды.
Шәкәрім жөнінде жарық көрген әдебиеттерді жан-жақты талдай отырып, оның педагогикалық көзқарасын, ағартушылық қызметін, ақынның даралық ерекшеліктерін танытатын қасиеттерін саралай келе ғылыми жүйеге келтіріп зерттеу және болашақ мұғалімдерді даярлау жүйесінде кеңінен пайдалану, мектеп мұғалімдеріне бұл бағытта әдістемелік нұсқаулар беру қажеттілігі туындайды.
Шәкәрімнің ағартушылық-педагогикалық көзқарасы туралы айтқанда, оның өлеңдері мен поэмаларын, ғылыми еңбектері мен аудармаларындағы тәлім-тәрбие мәселелеріне талдау жасалады.
Адам санасына сіңіп, бойына тазалық пен инабаттылық дарытатын көркем шығармалардың тәрбиелік мәні зор. Өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанып, егемен ел болған заманда туған халқымен қайта қауышқан алыптарымыздың бірі Шәкәрімнің шығармаларын оқыту, оқытып қана қоймай, терең сырлы құпиясын ашып, оның адамдық, азаматтық құқық жайында жазған өлеңдеріне талдау жасау мектеп мұғалімдеріне зор міндет жүктейді. Жас ұрпақты адамгершілік биік мұраттарға, адалдық пен ақылдылық, парасаттылық пен азаматтыққа үндейтін Шәкәрім шығармалары бүгінгі күні жоғары және орта оқу орындарында оқытыла бастады.

«Қазақ әдебиетінің тарихының» «ХХ ғасырдың бас кезіндегі әдебиет (1900-1917 жж.)» аталатын 6-томында басқа авторлармен қатар ХХ ғасыр басындағы қазақ қаламгерлерінің арасында діни-этикалық мәселелерді кеңінен қамтыған Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Ғұмар Қараш шығармашылығы кеңінен талданып, олардың діни көзқарастарына да орын берілген.

Э

ЭТНОПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІКТЕРГЕ ҒЫЛЫМИАНЫҚТАМАЛАР:

Г. Н. Волков тұңғыш рет «этнопедагогика» деген ұғымды енгізді

«Этнопедагогика- халықтың жас ұрпақты тәрбиелеу тәжрибесі туралы, олардың педагогикалық көз қарастары туралы ғылым. Этникалық педагогика тарихи жағдайда қалыптасқан ұлттық мінездегі ерекшеліктерді зерттейді... Халық педагогикасы –халықтық ауыз әдебиетінде, салт- дәстүрлерінде,ырымдарында,балалар ойындары мен оцыншықтарында мәнгі қалған педагогикалық мағлұматтар мен тәрбиелу тәжірибесінің жиынтығы. Халық педагогикасы – халыққа қажет,қасиеттерді қалыптастыру үшін пайдаланылатын педагогикалық мақсаттың, міндеттердің, әдіс-құралдардың, тәсілдердің, жиынтығы мен өзара байланысы “дей келе “ бұл білім мен мағұлматтар, әдетте, ауызша таралады. Оның зерттеу тақырыбы – тәрбие, ал тәрбие обьектісі- адам, тұлға – дейді Г.Н.Волков.Этнопедагогика- белгілі бір халықтың,тайпаның өзіне тән ерекшелігі бар дүниетанымдық,тәрбиелік,мәдени мұрасы.Этнопедагогика фольклорлық шығармалар мен ұлттық салт-дәстүрлердің тәлім-тәрбиелік мән-мағынасы мен оны оқу тәрбие жүйесінде қолданудың әдіс-тәсілдерін зерттейтін педагогика ғылымының бір саласы.

ЭТНОПЕДАГОГИКАНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДА ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ:

Жалпы қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері С.Қалиев,Қ.Жарықбаев,С.Ұзақбаева, Қ.Бөлеев, т.б ғалымдардың зерттеуімен жасалынып,айқындалды.Қазақстандағы этнопедагогиканың тарихына тоқталатын болсақ бұл мәселеде де пікірталас жеткілікті. «қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы» деп аталатын монографиясында С.қалиев қазақ этнопедагогикасының қалыптасуын мынадай кезеңдерге бөледі:қазақ этнопедагогикасының туу кезеңі (ХІХ ғ. 2-жартысы)қазақ этнопедагогикасының даму кезеңі (1970-1995)

ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ ТУРАЛЫ ПІКІРЛЕРІ

Эстетикалық тәрбие адамның рухани бейнесін қалыптастырудың соншама ауқымды саласын қамтиды. Кейде эстетикалық тәрбие деген ұғымды "көркемдік тәрбиелеу" деген ұғыммен пара - пар алып жүрміз.Эстетикалық тәрбиенің міндеттерінің бірі - Эстетикалық сезімді және Эстетикалық қабылдауды тәрбиелеу. Өмірдегі, өнердегі әдемілікті сезу және көру адамдарда әр түрлі болады. Айналадағы дүниеге сезімталдық, Эстетикалық қабылдау қырағышығы, ықыластылық, қамқорлық баланың Эстетикалық дамуының негізі болады.

Ш. Уалихановтың Эстетикалық көзқарасы қоғамның саяси және философиялық көзқарастарымен тығыз байланысты болды. Өзінің зерттеу жұмыстарында ол қазақ халқы мен Орта Азия халықтарының тұрмыс - тіршілігіне, ұлттық әдет - ғұрпына, салт – дәстүріне баса көңіл біледі. Сөйтіп, өз халқының ауызекі әдебиеті, әсемдік танымы, көзқарасы арқылы Эстетикалық талғамын

.Қазақ қыздарына арналған тұңғыш әйелдер қол өнері мектебінің ұйымдастырылуы да Ы. Алтынсариннің еңбегі т.б. Оның педагогикалық еңбектері Эстетикалық көзқараспен тығыз байланысты. Ол: Мектеп қазақ халқының арасында жаңаша мәдениетті өмір сүрудің жаңа әдет - ғұрып, тәртіп, тазалық, қолөнер мен өнердің үлгісі болуы қажет," - деп атап көрсетті.

Ы Алтынсарин өзінің барлық педагогикалық теориясында жас -жеткіншектердің Эстетикалық тәрбиесін қалыптастырып, жетілдіруде қазақ халқының ғасырлар бойы тәрбие саласында жиған бай тәжірибесін негізге алу қажет деген пікірді ұстанды. Ол қазақтың қолөнерін де өте жоғары бағалаған және сол өнерге жастайынан баулу мақсатымен бірнеше қолөнер мектептерін ашты.Торғайдағы қазақ қыздары үшін ашылған мектепте, қарапайым халықтың тұрмысына керекті,... киім тігу, киім пішу, шәлі тоқу, түбіт шарқат тоқу, жіп шалу және қазақтардың қолында көп болатын жүн, қыл секілді материалдардан өрмек тоқу, киіз басу, бау және тақыр киімдер тоқу сияқты әйелдер істейтін жұмыстар үйретілді

Абай өзінің педагогикалық идеялары мен көркемдікке тәрбиелеу ой тұжырымдарын өрбіте келіп, 27- ші қара сөзінде былай деп атап айтады: Сократ пен Аристотельдің пікірлері: "әуелі көзді" көрсін деп беріпті, егер көз жоқ болса, дүниедегі көрікті нәрселердің көркінен қайтіп ләззат алар едік Осы Абай қырық үшінші қара сөзінде ары қарай толықтырады. "Ол хабарлардың ұнамдысы ұнамды қалынен, ұнамсызы - ұнамсыз қалыппен, әрнесш өз суретімен көзге тұседі. Жан қуатымен адам хасия қылған өнерлері де күнде тексерсең күнде асады..

Абай өзінің шығармаларында Эстетикалық түсініктерге, әсемдік, сұлулық, талғам және т.б. Эстетикалық категорияларға арнайы талдау жасамағанымен оның өлеңдерінде осы түсініктерді қамтитын мазмұнды шумақтар аз емес.

ЭТНОПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫ ПӘНІ,МАҚСАТ-МІНДЕТТЕРІ

Этнопедагогика - белгілі бір халықтың, тайпаның өзіне тән ерекшелігі бар дүниетанымдық, тәрбиелік мәдени мұрасы, халықтық ғылым болып табылады.Этнопедагогика-халықтық тәлім-тәрбиені, оның тәжірибесін қорытындылап жүйелейтін теориялық сипаттағы ғылым саласы Қазақ этнопедагогикадасындағы тәрбие мақсаты- қазақ халық педагогикасындағыадамның халықтық идеалы «сегіз қырлы, бір сырлы» жан-жақты жетілген ұрпақ тәрбиелеу. Дегенмен, этнопедагогиканы меңгерудегі бір баса ескеретін жайт барлық этностардағы тәрбие мақсатының біртұтастығы.

Қазақ этнопедагогикасындағы тәрбие мақсатына жетуде дана халқымыздың бүгінгі ғылыми педагогикада айрықша аталып жүрген тәрбие міндеттерінің жүзеге асырылуы қарастырылған. Атап айтқанда, халық педагогикасындағы рухани адамгершілік және отансүйгіштік тәрбие.Халық түсінігіндегі ар, ұят, руханилықтың ауыз әдебиетіндегі орны өте зор болды. Сол секілді дін жеке тұлғаны қалыптастырудағы негізгі фактор ретінде қызмет атқарды. Мәселен, қасиетті Құран кітабының балаға рухани адамгершілік тәрбие берудегі ролі мен Пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с. хадистеріндегі тәлім-тәрбиелік қағидалардың бүгінгі ұрпақ тәрбиесіндегі мәні айрықша. Сол секілді қазақ халық педагогикасындағы жеке тұлға бойында Отандық патриотизмді қалыптастырудың алатын орны, маңызы ерекше.

ЭТНОПЕДАГОГИКАНЫҢ БАСҚА ҒЫЛЫМДАРМЕН БАЙЛАНЫСЫ.

Этнопедагогиканың дамуында оның басқада ғылымдармен байланысы ерекше рөл атқарады.Ол ғылымдар:Философия-бұл адамды күшті идеялық сенімге,айқын түсінуге,білушілікке тәрбиелейді. Психология-адамның мінез-құлқын қалай тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін іздестіреді.Адам философиясы-бала организміндегі жоғарғы нерв қызметін,тыныс алу,қан және жүрек тамыр жүйесінің физиологиялық ерекшеліктерін қарастырады Мектеп гигиенасы-жас ұрпақтың денсаулығын сақтау,нығайту және дамыту жайындағы ғылым. Әлеуметтану-жас ұрпақты дамыту,тәрбиелеу және қалыптастыру проблемаларын зерттеу барысында педагогика ғылымы әлеуметтік орта мен тәрбие жайындағы мәліметтерді әлеуметтану ғылымы негізінен қарастырып,шешім қабылдайды. Этнография-белгілі бір халықтың экономикасын,қоғамдық және рухани мәдениетін,тұрмысын зерттейді. Археология-өткен ғасырдағы ескерткіштер арқылы халықтардың әдет-ғұрып,мәдениеті,тарихын зерттейді.Сондай-ақ,этнопедагогика ғылымы медицина,экология,экономика,әдебиет,тарих және т.б ғылымдармен тығыз байланыста болса,этнопедагогика өзінің ғылыми қалыптасып дамуында педагогика,философия,психология,анатомия мен адам физиологиясы,гигена,математика,кибернетика және т.б. ғылымдардың идеяларын пайдаланып жетілуде.

ЭТНОМӘДЕНИ БІЛІМ БЕРУДІ ЕНДІРУДІҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРЫ:
білім беру саласы бойынша барлық саяси партияның, қоғамдық, діни және басқа да ұйымдардың қатысуын заң шеңберінде шектеу,

·
қоғам қызығушылығына сәйкес тұлғаның этномәдени сұраныстары мен қажеттіліктерінің басымдылығы туралы ереже қабылдау; қоғамда этномәдени бірлікті қамтамасыздандыратын мемлекеттік саясатты іске асыру,

·
ұлтаралық келісім, индивидтің құқығы мен бостандығы интернационалдық мәдениеттің жаһандық құндылығын тәжірибеге ендіру,

·
мәдениетті құрушы институт, ұлттық өзіндік тұрмысты сақтау және дамыту құралы,

·
көпұлтты мәдени тұрмыс мәселелерін кешенді шешу.

 

 

Ы

ЫРЫМ,ТЫЙЫМ,ЖӨН-ЖОРАЛҒЫ,РӘСІМ,РӘМІЗДЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ.

Ырымдар мен тыйымдар адамдардың бір - бірімен қарым - қатынасын, табиғатқа, қоршаған ортаға берілген тұжырым, түйінделген қағида. Бұл ырым-тыйымдардың бәрі халқымыздың сан ғасырлық өмір жолындағы жинақталған, сұрыпталған тәлім тәрбиеге, адамдық қасиеттерге, жаманнан сақтандыруға, жақсыға талпындыруға,т.с.сияқтыларға жол көрсететін құрал есебінде жинақталған.. Ырымдар мен тыйымдар халық арасында ерте кезден қалыптасып, бүгінгі күнге дейін жетті. Әрбір тыйым бекер айтылмаған, әрқайсысының тәрбиелік мәні бар, ол халық үшін ереже болып табылады. Халық өзінің осы ырымдар мен тыйымдар арқылы тәрбиелеп, дұрыс жолға салған, қателігін бетіне басқан. Ырым -халықтың сенімі мен ақ ниетінен, шын көңілінен туған ұлттық ерекшеліктің бір саласы. Мысалы шешен болсын деп аузына түкіру,отаншыл болсын деп туған жерге аунату, сондай болсын деп батырдың сарқытын жегізу немесе оның атын қою сияқты ырымдар бар. Абай, Абылай, Бауыржан, Сәкен, Қаныш сияқты есімдерін қәзір де ата-аналары өз балаларына ырымдап қойып жүр. Той, келін түсіруде балаларды осындай қуанышқа жетсін деп нан, бауырсақ, кәмпит алып оны апарып береді.Халықта жасы 100-ге жеткен адамның киімін, ұстаған затын осындай жас берсін деп үлестіріп, бөліп алу. Тыйым - тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге, ақыл-кеңес берудегі тәрбие құралдарының бірі. Бұл балаларды жаман әдет, жат пиғыл, ерсі қимыл, әдепсіз істерден сақтандыруда маңызды қызмет атқарады. «Ұлға отыз үйден тыю, қызға қырық үйден тыю» деген мақал осыған байланысты шыққан. «Бүйірін таяну –қайғының, жағын таяну - мұң-шердің, жүресінен отыру - әдепсіздіктің белгісі» деп танып, оған тыйым салған. Демек, тыйым - халықтық педагогиканың құрамдас бөлігі. Тыйым үлгілері мен сөздері ел ішінде өте көп.Адамға қару, мылтық кезенбе.Ақты жерге, суға төкпе.Адамды шошытпа.Адамды айналма.Адалды араммен араластырма.Асты қорлама, үрлеме.Ант ішп әбес сөйлеме.Аманатқа қиянат жасама.Адамды малды аттама.Ауру тілеме.Арамдық ойлама, істеме.

Рәсім - символдық мән мағынадағы әлдеқандай оқиғаларды немесе күндерді мерекелеуге арналған әрекеттердің дәйектілігі. Оқу-тәрбие мекемелерінде Рәсім бала ұжымы өмірінің кейбір оқиғаларына салтанаттық және көріктік беру,дәстүрлерді(А.С. Макаренко оларға бала ұжымын қалыптастыруда үлкен мән берген) құру және бекіту үшін қажет. Мысалы: балаға ат қою рәсімі. Жаңа туған сәби болашақта сыйлы, құрметті, үлкен адам болсын деген үмітпен ата-анасы жасы үлкен, сыйлы адамға ат қоюға қолқа салады. Жастардың әке-шешесі, ата-әжесі тірі болған жағдайда сәбиге атты солар қояды. Үлкендердің айтқаны бұлжытпай орындалатындықтын, міндетті түрде солар ұсынған ат қойылады. Кейде жастармен келісе отырып, бала есімін үлкен кісілер таңдайды. Балаға есім үш күн ішінде берілуі құпталады. Жерлеу рәсімі - қайтыс болған адамды жер қойнына беруге арналған ережелер жиынтығы. Үйлену той рәсімдері т.с.с.

Мемлекеттік рәміздер - белгілі бір елдің өмір салтын, бүкіл болмыс - ерекшелігін, айрықша арман - аңсарын, басқалармен байланыс мұратын білдіретін белгі. Әр елдің мемлекеттік рәміздері географиялық, мәдени-тарихи және геосаяси жағдайларына байланысты қалыптасады. Егеменді елдің әрбір азаматы құрметтеуге, мақтаныш етуге тиісті ресми рәміздері бар: Олар - Ту, Елтаңба, Әнұран.

Біздің мемлекеттік туымыздың түсі – көк. Көк түс аспанның белгісі. Бұл барлық халықтар үшін әрдайым тыныштық, бейбітшілік пен береке символына айналған. Ал, күн бейнесі - байлық пен береке белгісі. Күн бейнесін салу арқылы қазақ елі өзінің жалпы адамзаттық құндылықтарға ортақтастығын және халықаралық қауымдастықтың бір бөлігі екендігін аңғартып тұр.Қыран бүркіт қазақ халқының ұлттық дүниетанымында еркіндік, бостандық сүйгіштік, ерлік, асыл мұрат, жүрек тазалығы сияқты адамгершілік ұғымдармен астасып жатады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының негізіне шаңырақ алынған. Ол елтаңбаның жүрегі іспеттес.Шаңырақ әлемнің біртұтастығын, мемлекеттің бастауы отбасы ошағын бейнелейді. Қанатты тұлпар мәңгілік өмір, шексіз даму және Қазақстан секілді бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан халықтардың рухани байлығының белгісі. Қанатты тұлпар болашаққа үміт артар жас ұрпақтың арманы, самғау биігі.Елтаңба төбесінде бес бұрышты жұлдыз бар. Әр адамның өмірінде жол көрсетер өз жұлдызы болады. Мемлекеттің де осындай жұлдызы болуы керек.Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары сәулетшілер Шота Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібеков. ҚР Президентінің 2006 жылғы 7 қаңтарында Конституциялық заң күші бар Жарлығымен мемлекеттік рәміз – Әнұранның мәтіні мен оны ресми пайдаланудың рет жөні бекітілді. Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Музыкасын жазған Шәмші Қалдаяқов. Әнұранның әуенінен Отанға деген сүйіспеншілік, Атамекенге деген шексіз берілгендік аңғарылса, сөзінен жан – дүниемізді танытар ұлттық қасиетіміз бен бейбіт пейіліміз, досқа ашық құшағымыз, еркіндікке құштар кең көңіліміз жақсы көрініс тапқан. Мемлекеттер басшыларының ресми кездесулері Әнұранның орындалуымен ашылады.

Ы.АЛТЫНСАРИН

өзінің еңбектерін қазақ халқының салт –дәстүрлерінің ерекшеліктерін зерттеп, этнографиялық очерктер жазуға арнады. Ол 1870 жылы Ресей география қоғамының Орынбор өлкетану бөлімшесінің тапсыру бойынша “Орынбор ведомствосы қазақтарының өлген адамды жерлеу және оған ас беру дәстүрлерінің очеркі” мен “Орынбор ведомствосы қазақтарының құда түсу, қыз ұзату және той жасау дәстүрлерінің очерктері” атты екі еңбегін жазып тапсырды.

Ыбырайдың қазақ халқының салт-дәстүрлерін зерттеудегі мақсаты дәстүрлердің озығы мен тозығын ғылыми тұрғыда талдап, өзінің көзқарасын білдіре отырып, озық тәжірибелердің құралын жасау.

Ы.Алтынсарин өзінің барлық оқулықтарында, әдістемелік еңбектерінде жас ұрпақты тәрбиелеудегі оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін көтеріп, өзектілігін шешуге ұмтылады және қазақ халқына білім берудің рөлін және оның маңызын, оның әлеуметтік ортаны қайта жаңғыртудағы рөлін көрсетеді.

ЫБЫРАЙ ҚАЗАҚТЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІНІҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ТУРАЛЫ

Қазақ этнопедагогикасының үлкен бір саясаты — қазақ халқының салт.дәстүрлері болып табылады. Халықтың игі әдеттері дағдылана келе әдет.ғұрыпқа, әсерлі әдет.ғұрыптар салт.дәстүрлерге, халықтың өмірінде қалыптасқан салт.дәстүрлер салт.сана болып қалыптасқан. Халықтың салт.дәстүрлері рәсімдер мен жөн.жоралғылар, рәміздер, ырымдар меи тыйымдар, түрлі сенімдер арқылы өмірде қолданыс тауып келеді. Оның бәрі дамып, толысып, жаңарып отырады.
Халықтың игі мәдени дәстүрлері; ізеттілік, қайырымдылық, мейірімділік, қонақ жайлылық, имандылық, иманжүзділік — барлык мәдени үлгі.өнегелі іс.әрекеттердің көрінісі — деп деп аталады. Қазақ халқының осы игі дәстүрлерін айқындап, дәлелдей келе, халықты рухани тазалығы жағынан альт, қазақ халқын әдепті, яғни қайырымды, мейірімді халық деп атауға әбден болады. Бұл — ұлт мәдениетінің ең озық көріністері. Халықтың әдеп — ұрпақ тәрбиесінің өзекті арқауы.
Игі әдеттердің өмір қолданысына айналуы — әдет.ғұрып, оның біржола өмір заңдылығына айналуы — салт.дәстүр деп аталады. Яғни дәстүр — қолданылмалы іс.әрекет. Ол қалыптасқан іс.әрекет ешкімнің "нұсқауынсыз" еркін мәжбүрлікпен орындалады. Өмірдің өркениетті дамуы дәстүрлердің толысып, не жаңарып отыруына себепші болады. Мысалы қыз ұзату, үйлену тойлары толысып, жаңарды да, ал "әменгерлік", "атастыру" салты бірте.бірте өмірге қолданылудан қалды.
Этнопедагогикадағы салт.дәстурлердің ұлттык санага сіңіп, біржола заңдандырылуы — салт.сана деп аталынады. Ұлттык санаға сіңіп, қалыптасқан салт.дәстүрлер сол ұлттың ой.санасының дәрежесін көрсетеді Ұлттық сананың қозғаушы күші — ұлттық намыс, ұлттық абырой. Ол жеке тұлғалардың перзенттік борышты өтеу дәрежесіне сап өмірден өз көріністерін байқатады. Сондықтан әрбір әдет.ғұрыптың, салт.дәстүрдің салт.санаға әсер ететін тәрбиелік мәні зор.

 

 

78.1991-1996 жылғы этнопедагогика мәселелерін анықтаған: С.Ұзақбаев,С.Қалиев,Қ.Қожахметова. «Әдеп және жантану»

Date: 2016-05-24; view: 2643; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию