Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
ХС-10-100 хлор-сатураторды техникалық пайдалану
Хлораторды жұмысқа дайындау келесі ретте жүргізіледі. Ысырмаларды жабу арқылы хлоратордың қақпағы ашылады, ашылған хлорптордың ішіне гипохлорлы натрий немесе кальций – 10кг, хлорамин – 5кг хлоры бар сүт тәрізді реагент құйылады. Содан кейін қақпақ жабылады. Қақпақты жапқаннан кейін ысырмаларды алдыңғы қалпына келтіреміз. Хлор-реагентті араластыру үшін астынан қысыммен су беріледі. Суды хлормен қамтамасыздандыру үшін 25-30 тәулік бойы дайындайды. Сол уақытта хлоратордың қақпағы толық жабық болуы тиіс. Хлорлы ерітінді құбыр арқылы сыйымдылыққа түсіп, 30мин суда араласып тұрады. Хлоратордың тангенциалды кіре берісіндегі жіңішке бөлігінде судың жылдамдығы жоғары болғандықтан айналма қозғалыс пайда болады. Бұл ағын реагенттің төменгі жағын шаяды, сонымен қатар гипохлорит натрийдің белсенді бөлігін немесе кальцийді ерітеді, содан кейін ерітінді құрылымның жоғарғы бөлігіне көтеріледі. Конустың кең бөлігінде шығатын ағынның жылдамдығы күрт төмендейді, нәтижесінде өлшенген бөлшектерден айырылады да реагенттің товарлық балластын құрайды. Хлорреагенттің белсенді бөлігі еріген кезде, хлоратордың төменгі жағында қалдық жиналады. Жұмысқа қосар алдында тегеурінмен әкету төменгі құбыр арқылы атқарылады. Бұл жағдай тығыз жабық ыдыста тегеурінді түрде өтеді. Хлоратордан суға түскен хлордың көлемін қадағалау үшін екі монометр орнатылады. Бірінші монометр ысырманың алдында су жүргізгіште орнатылса, екінші ысырмадан кейін орнатылады. Хлоратор қысымының төмендеуіне байланысты келесі шарттарды ескеру қажет. Р1-P2= 0,5 атм 1-2г/м хлорға байланысты; Р1-P2= 0,2-0,25 атм 0,2-0,3г/м хлордың көлеміне байланысты; Р1, P2- ысырманың алдыңғы және соңғы қысымы. Хлор- сатуратордың көмегімен су жүйесін залалсыздандыру хлорлау және хлорлату әдісімен өндіріледі. Берілген әдіс өңделген судың жоғарғы мөлшеріне негізделген, жергілікті қабылданған шарттарға байланысты 3-тен 10мг/дм3- ге дейін қабылданады. Суда 10мг/дм-ге дейін қалған хлорды құбырға толтырып, оны 24 сағат ұстайды. Бұл уақытта хлор сумен, микроорганизмдермен толық қатынаста болады. Суда ішек таяқша жоқ болса, онда басқа да патогендік бактериялар суда болмайды. 24 сағаттан кейін құбырды ағынды сумен жуып, жуылған суды жүйеден шығарады. Хлорды суға қосу үшін құбыр арқылы жіберіледі. Құбырлы құдықта ысырма болуы тиіс, өйткені ол арқылы қысым пайда болады және хлор-сатураторға суды құбыр арқылы береді. Хлор ерітіндісін ысырмадан кейін пайдаланады. Содан кейін құдыққа тасымалданатын хлорлы қондырғы әкелінеді, хлоратор құбырға шлангтың көмегімен қосылады d=15мм, хлорреагентті өндіріп іске қосылады. Барлық су желісінде құбырды жөндеу және жуып- шаю үшін су шығаратын құрылғыны қарастырады. Ол құдық тәрізді желінің соңында орнатылған, әкету құбырымен d=50-70мм ысырмамен қосылған. Әртүрлі жағдайда суды шығаруда барлық участіктерге су желісі арқылы суды хлорлауды қамтамасыз ету керек. Хлорреагентпен жұмыс істегенде келесі техника қауіпсіздік ережесін қадағалау керек: -хлоратор құрылғысы бар құдыққа түсердің алдында камераның ішін 30мин бойы желдету міндетті. -хлордың шаңынан тыныс алу мүшесін уланудан сақтау үшін, хлорлы «кащицаны» дайындау жер бетінде өндіріледі. -хлораторлы құрылғыны айына 4-5 мәрте профилактикалық тексеруден өткізу керек, антикоррозиядан сақтау үшін жылына 1 мәрте хлоратордың ішкі жағын қалпына келтіру қажет.
Date: 2016-05-23; view: 1077; Нарушение авторских прав |