Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Рылғының сипаттамасы





Сатураторлық типті хлорлы құрылғы (хлор- сатуратор) аударылған конус тәрізді тегеурінді сыйымдылықтан тұрады, бұл сыйымдылыққа реагентті (гипохлорлы және т.б. хлоры бар реагенттер) қосады. Құрылғы механиканы және электр энергияны пайдаланбай, су ағынның энергиясымен жұмыс істейді. Хлор құрылғысының конструктивті шараларын монтаждау арқылы алынған және су құбырын пайдалану шартында іске асады.

Хлоратордың корпусы 1 конустық немесе пирамидалық арынды сыйымдылық тәрізді болып келеді, оның ұзындығы 1,0-1,2м, ал диаметрі 0,5-0,6м. Оны кез- келген су құбырлы құдыққа d=1,5м құруға болады.

Хлоратор технологиялық құбырлардан және арматурадан жасалған. Хлоратордың астыңғы жағында тангенциалдық құбыр d=15мм құрылады, ол вентилмен реттеледі. Жұмыс істеу барысында вентилді ашқанда хлор ерітіндісін тиісті мөлшерде жібере алады. Хлор ерітіндісін әкетіп және оны өңделген суға әкелу үшін, үстіңгі жағында әкету құбыры d=15мм қосылған. Әкету құбыры бір запорный вентилден тұрады, оны жұмыстың аяқталу барысында хлорреагентті қосу үшін қолданады.

Корпустың үстіңгі жағында домалақ қақпа орналасқан d=100-150мм, ол жұмыс істеу уақытында толық жабылады. Жұмыстың аяқталу циклында хлораторда қалған қалдықтарды шығару үшін ыдыс ішінде әкету құбыры орналасқан, ол сүзу ыдысының ішінде арынмен қоқыстарды қысып қондырғыдан шығарады.

Хлоратордың корпусы қақталмаған мыстан немесе беттік мыстан СТ-3 дайындалуы мүмкін. Егерде корпус беттік мыстан жасалса, онда хлоратордың ішкі жағы хлордың ерітіндісінің қосылуынан қорғалуы керек. Ол үшін жоғарғы жақ антикоррозиялық материалмен қапталады. Қаптаудың келесі түрлерін пайдалануға болады: тағамдық лак, эпоксидты шайыр Э-16 және Э-20, сонымен қатар қорғасынды темір бояу.

 

 

1-корпус; 2-жоғарғы конус; 3- люк; 4- фланец; 5- хлор ерітіндісін алу түтігі; 6- су беру түтігі; 7- қалдық шығару түтігі; 8- төменгі тесік;

9- орнату аяғы

6- сурет-Хлоратор қондырғысының (хлор- сатуратордың) жалпы көрінісі (авторы проф.Жумартов Е.Б.,ҚР патенті № 10656 от 21.06.2001ж)

 

Денсаулық министрлігінің рұқсатымен ауыз су жүйесінде ⃰⃰⃰⃰қамтамасыз етуде пайдалануға болады. Корпустың сыртқы жағын техникалық ережелерін ескере отырып бояумен сырлаймыз. Хлоратордың су жүйесіне қосылуы және хлор ерітіндісін әкету құбырынан өңделген суға арындық резенкелік шлангтың көмегімен атқарылады. Пайдалану орнына хлораторды құру үшін, ол бұрышты тіректердің көмегімен орнатылады. Оның салмағы жұмыс орнында 100 кг құрайды.







Date: 2016-05-23; view: 640; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию