Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Мүгедек баласы бар отбасылармен әлеуметтік жұмыс технологиясы мен әдістері қандай





Мүгедек балалар – бұл күрделі әрі ауыр. Мамандардың айтуынша бұндай балалары бар отбасында дағдарыс өмір бойы болуы мүмкін. Бұндай жағдайдан тез өту және ауру баланы дұрыс тәрбиелеу үшін ата-ана мықты болып, жігерлік танытуы, өз міндеттерін дұрыс орындап, қамқорлық танытуы керек.

Жарақат салдарынан толық өмір сүру мүмкіншілігінен айырылу, әртүрлі созылмалы аурулар және туғанынан ауытқушылықтары бар балалар саны өте жоғары болғандықтан, қазіргі жоғары дамыған қоғам жағдайында мүгедек балаларға көмек көрсету маңызды мәселе болып қалады.

Мүгедек балалары бар отбасыларына республикалық бюджеттен мемлекетпен келесі төлемдер:

· мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы;

· арнаулы мемлекеттік жәрдемақы;

· мүгедек баланы тәрбиелейтінге жәрдемақы қарастырылған.

«Он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға -1,05 ең төмен күнкөріс деңгейі;

он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші топтағы мүгедек балаларға – 1,42 ең төмен күнкөріс деңгейі;
он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі екінші топтағы мүгедек балаларға – 1,16 ең төмен күнкөріс деңгейі;
он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі үшінші топтағы мүгедек балаларға – 0,91 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде жәрдемақы тағайындалады.

Отбасында екі және одан да көп мүгедек балалар тұратын жағдайда, жәрдемақы әр мүгедек балаға жеке тағайындалады және төленеді.

Мүгедек баласы бар отбасымен әлеуметтік жұмыс жүргізу технологиясы:

— Отбасыны зерттеу: отбасының қызмет етуін зерттеу, оның жасырын ресурстарын анықтау, әлеуметтік ортасы туралы ақпарат жинау, ата ана мен бала қажеттіліктерін зерттеу.

— Контакт орнату, психологиялық қорғанысты жою бойынша жұмыс, әріптестікке мотивтеу.

— Психологиялық-педагогикалық көмек көрсету жолдарын бағалау.

— Диагностика нәтижесіне байланысты жұмыс бағыттарын таңдау.

— Психологиялық-педагогикалық көмек көрсету бойынша жұмыстар жүргізу

— Алынған нәтижелер тиімділігін талдау.

Әлеуметтік жұмыстың негізгі әдісін бөліп көрсетуге болады: диагностикалық, реабилитациялық, профилактикалық..

1. Диагностика отбасы және оның мүшелері туралы ақпарат жинақтайды, талдайды, проблеманы анықтайды. Отбасын диагностикалау - әлеуметтік қызметкерден төмендегідей принциптерді сақтауды талап ететін, қиын да жауапты процесс.

2. Реабилитация – бұл отбасындағы жоғалған жағымды жағдайды қалпына келтіру мен жаңаларды қалыптастыруға мүмкіндік беретін шаралар жүйесі. Отбасы және оның мүшелерін реабилитациялау мақсатында әлемдік тәжірибеде отбасылар мен балаларға әлеуметтік қызмет көрсету мекемелері, территориялық орталықтар, медико-психолог-әлеуметтік және мультипәндік кризистік орталықтар қолданылады.

3. Профилактика немесе алдын-алу отбасының толыққанды қызмет істеуін қамтамасыз ететін, болуы мүмкін проблемаларды тоқтататынпрвентивті шаралардың кешенінен тұрады. Алдын-алудың бір жолы –оқыту және ағартудың арнайы бағдарламасын жасау. Мысалы, отбасы проблемаларын және отбасы тәрбиесін зерттеу ата-аналар көбіне баланың эмоционалдық, интеллектуалдық, физиологиялық қажеттіліктерін қажетті сапалы деңгейде қанағаттандыратын және ұстап тұратын жағдайлар жасау, өзара қатынасты реттеуге қажетті білім мен іскерлік меңгеру мәселелері бойынша мамандардың көмегін қажет ететіндігін көрсетеді.

2015 жылғы маусым айынан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Қазақстандық - Ресейлік медициналық университетпен бірігіп мүгедек балаларды тәрбиелейтін ата-аналарды онлайн-қолдау бойынша жобасы жүзеге асырылады. Қызмет жұмысының уақытында мүгедек балаларды тәрбиелейтін 40 қазақстандық отбасы психологтардың кеңестерін алды.

Онлайн-қолдау қызметінің негізгі мақсаты мүгедек баласы бар отбасыларына кеңестік көмек көрсету, мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың психологиялық денсаулығын қалыптастыруға жағдайлар жасау үшін, отбасында қолайлы әлеуметтік-психологиялық ахуалды жақсарту, сондай-ақ мүгедек балаларды тәрбиелейтін азаматтарға психологиялық қолдау көрсету болып табылады.

Қызметтің жұмысы білікті психологтарды шақырумен, «SKYPE» бағдарламалық қамсыздандыру көмегімен ұйымдастырылады, ол ата-аналарға үйден шықпай кәсіптік кеңес алуға мүмкіндік береді.

Қызметтің қөмегі тегін телефон 1411 нөміріне жүгінген кезде қолжетімді.

Date: 2016-05-23; view: 2050; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию