Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Отбасындағы девиантты мінез-құлық үлгілері қандай





Девиантты мінез- құлық деп қоғамда қалыптасқан нормалар мен типтерге сай келмейтін іс-әрекеттер.

Барлық қоғамдардың ішіндегі ең ежелгі әрі жалғыз табиғи қоғам-бұл отбасы. Қазіргі уақытта отбасы мәселесі, соның ішінде девиантты мінез-құлқы бар әкемен, шешемен немесе баламен педагогикалық-психологиялық жұмыс жүргізу оларды девиантты мінез-құлықты болдырмаудың алдын-алу шараларын жүргізу үлкен жауапкершілікті талап етуде.

Девианттық тәртіп негізінде ең алдымен отбасындағы әлеуметтік теңсіздік жатыр. Жас әйелдер мен ерлер үшін жоғарғы жалақы алудың әлеуметтік қолайлы тәсілдерін шектеуде өзін-өзі дамыту және қоғамдық құптау алуға талаптану кезінде жастар алдыңда кездесетін қиыншылықтар, отбасының көпшілік бөлігінің өмір сүру деңгейінің төмендігі. «Нарықтық экономикадағы» қиыншылықтар: жұмыссыздық, құнсыздану қысымы, «төмендегілердің» көбейіп келе жатқан әлеуметтік шиеленістегі отбасы өміріне қатты әсер етуде. Отбасы түрлерін әлеуметтік осалдығының объективтік қатері бойынша бөлуге негіз бар.Отбасының мұндай сипаттамасы ерекше қызметтерді материалдық қолдау қажетттілігі дәрежесін анықтауға қажет. Мысалы, отбасының 20%-і 4,5 адамнан тұрады, ендеше, халықтың ең жоғарғы орташа 20%-де үй шаруашылығында отырғандардың кем дегенде үш мүшеден азын құрайды. [5]. Қазақстандағы кедей отбасының көп мөлшері және бала санының немесе асырауындағы баланың көп болуымен байланыстырылады. Бұл топқа жалғыз басты аналар отбасы, ата-ананың біреуі алимент төлеуден бас тартқан отбасылар, мүгедек балалары бар отбасылар және ата-аналары мүгедек отбасылар жатады. Көп балалы отбасылар, балалы студенттер отбасы, балалы жұмыссыздар отбасылары ерекше материалдық көмекті қажет етеді. Қоғамның моральдық-этникалық факторы мен моральдық адамгершілік деңгейі, нашақорлық пен «сатқындық махаббаттың» кең етек алуы, зорлық пен құқық бұзушылықтың өршуі отбасы мүшелерін басып тастайды. Отбасылық девиация-алкоголь мен есірткіні теріс пайдалану, отбасылық озбырлық отбасы қызметін дағдарысқа ұшыратады. Мұндай отбасыларда әлеуметтік қызметтерді толық өзгерту жүреді. Олар қоғам мен отбасы мүшелерін тек қанағаттандырмай ғана қоймай, сондай-ақ зиян келтіреді. Осындай отбасылардағы балалардың тиісті тәрбиеден, махаббат пен қамқорлықтан құр қалғаны жиі кездеседі, өсе келе олар делинквенттердің қатарын толықтырады. Жас девиант-маскүнем, нашақор, жезөкшелерге бейтарап немесе жақсы қарайтын қоршаған орта бұлар да көбінесе, ата-аналарының біреуі немесе екеуі де ішімдік ішетін нашар отбасынан шыққандар.

Девиантты мінез-құлықтың пайда болу факторларын түрліше түсіндіреді.

·жанұяда берекенің болмауы

·ата-ананың «ерекше» қамқорлығы;

·тәрбие берудегі кемшіліктер;

·өмірде кездесетін қиыншылықтар мен күйзелістерді жеңе алмау;

·өмірлік дағдының болмауы, айналысындағы адамдармен, құрбыларымен жарасымды қатынасқа түсе алмауы;

·сырттан келген қысымға төтеп бере алмау, өз бетінше шешім қабылдай алмау, сынаушылық ойды дамыта алмау;

·психоактивті заттарды жиі пайдалануы;

·агрессиялық жарнаманың ықпалды болуы;







Date: 2016-05-23; view: 1338; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию