Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Андай отбасыларға адрестік әлеуметтік жұмыс арналған





Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын отбасы азаматтарының, оралмандардың, босқын статусына ие адамдардың Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар және тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдардың адрестік әлеуметтік көмек алуға құқығы бар.

Адрестік көмек шартты және шартсыз ақшалай жәрдем деген екі түрге бөлінетін болады. Шартсыз ақшалай көмек құрамында еңбекке қабілетті мүшесі жоқ (мысалы, мүгедектер отбасы, қарт зейнеткерлер) отбасыларға және мүшелері нақты себептермен жұмысқа тарту шараларына қатыса алмайтын отбасыларға беріледі. Мұндай отбасылардан жәрдемақы алу үшін міндетті жұмысқа тарту шараларына қатысу талап етілмейді.Ал шартты ақшалай көмек құрамында аз дегенде бір еңбекке қабілетті мүшесі бар отбасыларға, әлеуметтік келісімшартқа отыру және еңбекке қабілетті адамдардың бәрі жұмысқа тарту шараларына қатысқан жағдайда ғана беріледі.

2002 жылы 1 қаңтарда біздің мемлекеттің аймақтарында «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 17.07.01 жылғы № 246-ІІ ЗРК Заңы қолданыста.

Мүгедектерді және стационарлық емделуде бір айдан астам уақыт кезеңінде болатын адамдарды, магистратураны қоса алғанда, күндізгі оқыту нысанында оқитын оқушылар мен студенттерді, тыңдаушылар мен курсанттарды, сондай-ақ I және II топтағы мүгедектерді, сексен жастан асқан адамдарды, жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын азаматтарды қоспағанда, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарда тіркелмеген жұмыссыздарға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмайды.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек мекенжайы бойынша уәкілетті орган тарапынан тағайындалады.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін мынадай құжаттарды тапсыру керек:

- отбасының құрамы туралы мәлімет;

- өтініш иесінің отбасы мүшелерінің табысы туралы мәлімет;

- жекеменшік қосалқы шаруашылығы барлығы туралы мәлімет.

Өтiнiш берушi қажеттi құжаттарды тұрғылықты жерi бойынша уәкiлеттi органға, ал ауылдық жерде - кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiне табыс етедi.

Өтініш беруші өтініште көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығы үшін Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауап береді.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алу құқығы тоқсан сайын табыстар туралы құжаттардың табыс етілуі арқылы расталады.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап адрестік әлеуметтік көмек отбасының әрбір мүшесіне шаққанда табысы күнкөріс шегінің 50 пайызынан төмен (21 364 теңгенің жартысы 10500 теңге) болған жағдайда ғана көрсетіледі. 2015 жылы адрестік әлеуметтік көмектің көлемі өсіп, төменгі күнкөріс шегінің 60%-ына жеткізілді: 12 800 теңге. Оның өзінде бір шартпен: көпбалалы отбасыларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың, аз қамтылған отбасыларға арнаған арнаулы балалар жәрдемақыларының, аз қамтылған үй шаруашылығына арналған адрестік әлеуметтік көмектің орнына отбасындағы еңбекке қабілетті адамдар жұмысқа қамтудың белсенді шараларына міндетті түрде қатысу ұсынылады. Яғни жергілікті жерлердегі әлеуметтік қамту бөлімдеріне сол елді мекендегі жұмыс берушілер өздеріндегі бос жұмыс орындары туралы мәлімет беріп отырады. Ал аталған бөлім қызметкерлері осы жұмыс орындарына жәрдемақыға мұқтаж отбасындағы еңбекке қабілетті адамдарды тартуы қажет.







Date: 2016-05-23; view: 1285; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию