Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Педагогиқалық технологиялардың түрлері және негізгі мақсаттары





Бір технологияның өзі мұғалімдердің шеберлігіне байланысты әрқилы жүзеге асырылуы мүмкін. Қазіргі кезде әдебиеттерден қазіргі заманғы білім берудің даму бағыты мен технологияларын қамтитын елуден астам педагогиқалық технология қолданылып жүргендігі мәлім. Сондықтан білім беру жүйесінде қолданылатын педагогиқалық технологиялардың негізгі мақсаттарын білу қажет.

Педагогиқалық технология аттары, авторы Мақсаттары
Ынтымақтастық педагогиқасы - талап ету педагогиқасынан қарым-қатынас педагогиқасына өту; - балаға ізгілік тұрғысынан қарау, оқыту мен тәрбиенің бірлігі.
Білім берудегі ізгілендіру технологиясы. Амонашвили Ш. А. - баланың жеке қасиеттерін ашу арқылы азамат етіп тәрбиелеу; - баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату; - баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту.
Ойын арқылы оқыту технологиясы 1.дидактиқалық; 2.тәрбиелік; 3.дамытушылық; 4.әлеуметтендірушілік.
Проблемалық оқыту технологиясы - білім, білік, дағдыға ие қылу; - өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгеру; - танымдық және шығармашылық икемділікті дамыту.
Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы (В. Ф. Шаталов) - білім, білік, дағдыны қалыптастыру; - жеке мәліметтерге қарамастан барлық баланы оқыту; - оқытуды жеделдету (орта мектепті 9 жылда аяқтау).
Түсіндіре басқарып өза оқыту технологиясы (Лысенқова С. Н.) - білім, білік, дағдыны меңгерту; - мемлекеттік стандарт көлемінде білім беру; - барлық баланы табысты оқыту.
Деңгейлік саралап оқыту технологиясы. - әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту; - оқытуды оқушылардың әртүрлі топтарының ерекшелігіне сәйкес бейімдеу, ыңғайлау.
Міндетті нәтижелерге негізделген деңгейлік саралап оқыту технологиясы. - әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту; - оқытуды оқушылардың әртүрлі топтарының ерекшелігіне сәйкес бейімдеу, ыңғайлау.

 

 

Жаңашыл педагог Ш. Амонашвилиден дамыта оқыту мен шәкірт пен ұстаз арасындағы қарым-қатынастың жолдарын үйренуге болатын болса, С. Н. Лысенқованың тірек схемаларымен өза оқыту әдістерін үйренуге болады.

Белгілі психолог Выготский: «Оқыту, білім беру, дамытудың алдында жүріп отыруы керек. Дұрыс ұйымдастырылған оқыту үдерісі ғана баланың жеке басының дамуын үйлестіре алады» - дейді.

Өз кезінде Ж. Аймауытов «... Сабақ беру - үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» деп оқыту үнемі ізденіспен, «жаңадан жаңаны» жасайтын іс-әрекет екенін айтқан еді. Сондықтан қай пән барысында да тек оқулықпен шектелмей, оқушының да шығармашылықпен жұмыс жасауына көңіл бөлу қажеттігі туындайды. Мұғалім үшін ең бастысы - сабаққа лайықты әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдау. Сондықтан бастауыш мектепте сабақтарды индуктивтік, дедуктивтік, репродуктивтік, проблемалық, көрнекілік әдіспен оқыту тиімді болып табылады. Бастауыш мектепте сабақ түрлерін түрлендіріп сайыс сабақ, сынақ сабақ т.б. қайталау сабақ түрлерін топтық жұмыс, жеке оқушымен жұмыс, өздік жүмыс түрлерін қолдануға болады.

Мұғалім оқушының өз бетімен жұмыс жасауына ықпал етеді. Мұндай жағдайда балаларды «Кім шапшаң?», «Ойлан тап», т.б. ойындары арқылы да ойлантуға болады. Ойын баланың досы, бала кез келген уақытта ойын арқылы өзінің ойын қорытындылап отырады.


Тұлға дегеніміз тұтастай тұратын құрылым және ол біртұтас педагогиқалық үдеріспен байланысты (Ильин В. С.). Демек педагогиқалық технология да осы педагогиқалық үдерістің басты белгісіне сәйкес болуы керек.

Педагогиқалық технология - педагогиқалық қолданбалы сипаты бар, бүтіндей алғанда, жалпы дидактиқа мен педагогиқаның практиқалық жалғасы. Ол классиқалық дидактиқаны дамытады, мынадай технология ұстанымдарына сүйенеді:

а) технологиялық, құрылымдық және мазмұндық ұстанымдары;

ә) оның диагностиқалық мақсаттылығы, аяқталғандық, әлеуметтік және табиғатқа сәйкестілік, барлық үдерістердің қарқынды жүруі (В. Беспальқо, 1984.)

 

 







Date: 2016-05-23; view: 2355; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию