Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






II БӨЛІМ. ФИЛОСОФИЯНЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ





XIII тарау. Болмыс философиясы (Онтология)

Болмыс ұғымы

Таяуда ғана өткен жақын тарихымызда философия пәнін оқуды «материя» ұғымынан бастау дәстүрі болған. Өйткені ол маркстік философияның, жалпы алғанда, бүкіл материалистік бағыттың негізінде жатқан ұғым болатын-ды. Мұндай жағдайда сонау көне заманда пайда болған «болмыс» ұғымы ескерусіз қалған болатын. Алайда бұл көзқарасқа бүгінгі таңда өзгерістер еніп, философия пәнінің ең шегіне жеткенінше көлемді ұғымы - болмыс категориалдық жүйеге енгізілді. Оның негізгі себебі, болмыс ұғымы материя ұғымынан гөрі, көлемі жағынан кең: материя мен рухты бірдей қамтиды, өйткені дүниеде кең түрде алып қарағанда екі-ақ нәрсе өмір сүреді, ол, бір жағынан, материя, яғни өлі және тірі табиғат болатын болса, екінші жағынан, материалдық емес — идея, сана, рух. Уақытында ұлы И.Кант айтып кеткеніндей, Ққдайдың барлығын, я болмаса жоқтығын ешкім ешқашанда дәлелдей алмайды, ол - ашық сұрақ. Бірақ дүниеде өмір сүріп жатқан тірі адамның жан дүниесі, сана-сезімі, рухы барын ешкім де теріске шығара алмас.

Осы түрғыдан алып қарағанда, болмыс ұғымының қайнар көзі Дүниеде «болу», «өмір сүруге» келіп тіреледі (салыстырыңыз: орыс тілінде «бытие» - «быть», ағылшын тілінде «being» - «tо bе» деген етістіктен шыққан). Олай болса, болмыс ұғымы - дүниеде өмір сүріп жатқанның бәрін қамтитын кең көлемді философиялық категория. Әрине, дүниеде өмір сүріп жатқан нәрселердің сан алуан қасиеттері бар - олар көк - қызыл, ауыр - жеңіл, дымқыл -құрғақ, т.с.с. шексіз айта беруге болар еді. Бірақ олардың бэрін біріктіретін қасиет - олардың болуы, өмір сүруі, яғни - болмысы. Ең алдымен осыны ұғып алмай, біз әрі қарай еш нәрсеге талдау жасай алмас едік. Бұл - философиялық бастама.

Алайда философия тарихына жүгінсек, бұл арада ойшылдардың үлкен қиындыққа тап болғанын байқаймыз. Өйткені айнала қоршаған дүниеге зерделі көзбен қараған адам бірде-бір мәңгі өмір сүріп жатқан нәрсені таба алмайды. Қарапайым адам да, Дүниеде біртуар тұлға да бұл өмірге келіп, содан кейін уақыты келгенде -кетеді. Далада жатқан тас та мыңдаған жылдардан кейін кұмға, шаңға айналып, ғайып болады. Яғни болмыс бейболмысқа ауысып жатады. Мұны байқаған біздің бабаларымыз Дүниені «жалған» деп түсінген. Үнді ойшылдары да бұл Дүниені «Ұлы сағым - Мая» деп атаған. Ал ұлы Гегельге келер болсақ, ол болмысты «жоғала бастаған болмыс», «Дүние дегеніміз – мәңгілік қалыптасу» деп түсінді.

Оқырманның байқағанындай, болмыс категориясын жете түсінудегі негізгі қиындық, бір жағынан, Дүниенің ағымдығы, екінші жағынан, ол қанша өзгеріске түссе де - өмір сүріп қала беруі. Бұл ахуалды өзеннің суымен салыстыруға болар еді: ол әрқашанда ағыста болғанымен - таусылмайды, өмір сүріп қала береді.

Болмыс ұғымы - мейлінше кең ұғым болғаннан кейін, оған қарсы тұрған ұғым - бейболмыс, яғни ештеңе, жоқтық.

Бір қарағанда, болмыс ұғымы мейлінше кең болғаннан кейін, мазмұн жағынан алғанда мардымсыз болып көрінеді. Бірақ, соған қарамастан, сонау көне заманнан бастап оған әртүрлі мағына беріліп, Батыс пен Шығыс дүниесезімі мен дүниетанымы екіге бөлініп, осы күнге дейін созылып келе жатқан айырмашылықты тудырды. Мұның өзі де философияның өмірмен тығыз байланысты екенін, Адамзат өркениетінің тұп-тамырында жатқанын көрсетсе керек.


Бұл ойды нақтылай келсек, көне Қытай философиясындағы даосизм ағымында болмыс «дао» үғымы арқылы беріледі. Қытай тіліндегі көп сөздер сияқты, дао ұғымы да көп мағыналы: бір жағынан, ол аспанның құдіретті заңдылықтары ретінде түсінілсе, екінші жағынан, болмысты бейнелейді. Ал соңғының өзі екі мағынаға бөлінеді: ол «бірінші дао» - абсолютті болмыс, және «екінші дао», я болмаса «дэ» - көз алдымызда өмір сүріп жатқан өтпелі Дүние. Бірінші даоға қанша қарасаң да, көре алмайсың, қанша тыңдасаң да, ести алмайсың, оған ат кояйын десең де, коя алмайсың, өйткені көне Қытай ойшылдары айтқандай оның аты жоқ. Демек, ол не деген сұрақ дереу біздің ойымызға келеді. Ол - ештеңе, яғни бейболмыс. Бүкіл Дүниедегі заттар мен құбылыстар содан шығып өмір сүруге келеді де, ақырында, соған барып өшеді. Тек ешқандай өзгеріске түспейтін, мәңгілік, абсолютті - бірінші дао ғана. Ал Дүниеге келген заттарды, яғни екінші дао – дәні алатын болсақ, оның әрбіреуінің өз аты бар, олар өтпелі, мәнді, салыстырмалы т.с.с.

Енді Шығыс философиясынан Батыска назарымызды аударсақ, көне грек ойшылдарының ішінде алғаш рет болмыс категориясын терең талдаған Парменидке келіп тоқталамыз. Ол кісінің атақты сөздері: «Тек қана болмыс өмір сүреді, бейболмыс тіпті де жоқ»- Яғни Дүниеде бар нәрсе - бар, жоқ нәрсе -- жоқ. Бір қарағанда, қисынды сөздер! Бірақ осы ойды айтқаннан кейін, Парменид қозғалысты, дүниеге келу мен кетуді жоққа шығарып, терістеуге мәжбүр болды. Өйткені бір нәрсенің дүниеге келуі дегеніміз не? Ол болмыста бұрын жоқ еді, енді, міне, дүниеге келді. Ал, Парменидке келер болсақ, ол жоқтың аты жоқ дейді, яғни дүниеге келуді мойындамайды. Сол сияқты, дүниеден өтуді де, яғни бардың жоққа айналуын да мойындамайды, өйткені бар нәрсе бар, ал жоққа келер болсақ - жоқ. Ал дүниеге келу мен кетудің өзі қозғалыс арқылы жүрмей ме? Олай болса, болмыста қозғалыс та жоқ. Яғни болмыс дегеніміз - ешқашанда өзгермейтін, кемеліне келген, абсолютті, өз-өзіне тепе-тең.


Әрине, мұндай көзқарастың өмірдегі тәжірибеге сай келмейтіні әрбіреуге жақсы таныс. Бұл дүниеде қозғалмайтын, өзгермейтін еш нәрсе жоқ. Олай болса, Парменид бұл Дүние нағыз болмыс емес, оған ой елегі арқылы ғана жетуге болады, - деген пікір айтады. Яғни ойлау мен болмыс - бір-біріне тең. Сонымен Парменидтің болмысы ой арқылы жететін идеалды, ешбір мінсіз, кемеліне келген, мәңгі, дөңгелек, өз-өзіне тепе-тең, бөлінбейтін болмыс болып шықты.

Сонау көне заманнан бастап, Батыс пен Шығыс болмысты әр-түрлі түсініп, соған негізделген әртүрлі Дүниеге деген көзқарасты қалыптастырды.

Шығыс бейболмыстың өмір сүруін мойындап, оның іргетастығын анықтағаннан кейін, бұл Дүниені сол бейболмыстың көмескі бейнесі ретінде ғана түсініп, оның өтпелігіне аса назар аударады. Осы тұрғыдан алып қарағанда, бейболмысқа өтетін Дүниені адамның өз еркіне көндіруі тіпті мүмкін емес, оны өзгерту, Жетілдіру де - мағынасыз нәрселер. Сондықтан негізгі мақсат -адам өз ішкі өміріне үңіліп, тек соған назарын аударып, соны ғана жетілдіруі қажет. Осындай көзқарастың негізінде Шығыста интраверттік мәдени бағыт қалыптасты.

Ал енді Батысқа келер болсақ, Парменидтің бейболмысты теріске шығаруы, сонымен қатар идеалды, еш мінсіз, жетілген, Мәңгілік Болмыстың бар екенін мойындауы - бүкіл Батыс өркениетінің қалыптасып, бүгінгі күнге дейін дамуының астарында жатқан іргетасты көзқарас екеніне оқырманның ерекше назарын шаңға айналып, ғайып болады. Яғни болмыс бейболмысқа ауысып жатады. Мұны байқаған біздің бабаларымыз Дүниені «жалған» деп түсінген. Үнді ойшылдары да бұл Дүниені «Ұлы сағым - Мая» деп атаған. Ал ұлы Гегельге келер болсақ, ол болмысты «жоғала бастаған болмыс», «Дүние дегеніміз – мәңгілік қалыптасу» деп түсінді.


Оқырманның байқағанындай, болмыс категориясын жете түсінудегі негізгі қиындық, бір жағынан, Дүниенің ағымдығы, екінші жағынан, ол қанша өзгеріске түссе де - өмір сүріп қала беруі. Бұл ахуалды өзеннің суымен салыстыруға болар еді: ол әрқашанда ағыста болғанымен - таусылмайды, өмір сүріп қала береді.

Болмыс ұғымы - мейлінше кең ұғым болғаннан кейін, оған қарсы тұрған үғым - бейболмыс, яғни ештеңе, жоқтық.

Бір қарағанда, болмыс ұғымы мейлінше кең болғаннан кейін, мазмұн жағынан алгғнда мардымсыз болып көрінеді. Бірақ, соған қарамастан, сонау көне заманнан бастап оған әртүрлі мағына беріліп, Батыс пен Шығыс дүниесезімі мен дүниетанымы екіге бөлініп, осы күнге дейін созылып келе жатқан айырмашылықты тудырды. Мұның өзі де философияның өмірмен тығыз байланысты екенін, Адамзат өркениетінің түп-тамырында жатқанын көрсетсе керек.

Бұл ойды нақтылай келсек, көне Қытай философиясындағы даосизм ағымында болмыс «дао» ұғымы аркылы беріледі. Қытай тіліндегі көп сөздер сияқты, дао ұғымы да көп мағыналы: бір жағынан, ол аспанның құдіретті заңдылықтары ретінде түсінілсе, екінші жағынан, болмысты бейнелейді. Ал соңғының өзі екі мағынаға бөлінеді: ол «бірінші дао» - абсолютті болмыс, және «екінші дао», я болмаса «дэ» - көз алдымызда өмір сүріп жатқан өтпелі Дүние. Бірінші даоға қанша қарасаң да, көре алмайсың, қанша тыңдасаң да, ести алмайсың, оған ат қояйын десең де, коя алмайсьщ, өйткені көне Қытай ойшылдары айтқандай оның аты жоқ. Демек, ол не деген сұрақ дереу біздің ойымызға келеді. Ол ештеңе, яғни бейболмыс. Бүкіл Дүниедегі заттар мен құбылыстар содан шығып өмір сүруге келеді де, ақырында, соған барып өшеді. Тек ешқандай өзгеріске түспейтін, мәңгілік, абсолютті - бірінші дао ғана. Ал Дүниеге келген заттарды, яғни екінші дао – дәні алатын болсақ, оның әрбіреуінің өз аты бар, олар өтпелі, мәнді, салыстырмалы т.с.с.

Енді Шығыс философиясынан Батысқа назарымызды аударсақ, көне грек ойшылдарының ішінде алғаш рет болмыс категориясын терең талдаған Парменидке келіп тоқтапамыз. Ол кісінің атақты сөздері: «Тек кана болмыс өмір сүреді, бейболмыс тіпті де ясок»- Яғни Дүниеде бар нәрсе - бар, жоқ нәрсе - жоқ. Бір қарағанда, қисынды сөздер! Бірақ осы ойды айтқаннан кейін, Парменид қозғалысты, дүниеге келу мен кетуді жоққа шығарып, терістеуге мәжбүр болды. Өйткені бір нәрсенің дүниеге келуі дегеніміз не? Ол болмыста бұрын жоқ еді, енді, міне, дүниеге келді. Ал, Парменидке келер болсақ, ол жоқтың аты жоқ дейді, яғни дүниеге келуді мойындамайды. Сол сияқты, дүниеден өтуді де, яғни бардың жоққа айналуын да мойындамайды, өйткені бар нәрсе бар, ал жоққа келер болсақ - жоқ. Ал дүниеге келу мен кетудің өзі қозғалыс арқылы жүрмей ме? Олай болса, болмыста қозғалыс та жоқ. Яғни болмыс дегеніміз - ешқашанда өзгермейтін, кемеліне келген, абсолютті, өз-өзіне тепе-тең.

Әрине, мұндай көзқарастың өмірдегі тәжірибеге сай келмейтіні әрбіреуге жақсы таныс. Бұл дүниеде қозғалмайтын, өзгермейтін еш нәрсе жоқ. Олай болса, Парменид бұл Дүние нағыз болмыс емес, оған ой елегі арқылы ғана жетуге болады, - деген пікір айтады. Яғни ойлау мен болмыс - бір-біріне тең. Сонымен Парменидтің болмысы ой арқылы жететін идеалды, ешбір мінсіз, кемеліне келген, мәңгі, дөңгелек, өз-өзіне тепе-тең, бөлінбейтін болмыс болып шықты.

Сонау көне заманнан бастап, Батыс пен Шығыс болмысты әр-түрлі түсініп, соған негізделген әртүрлі Дүниеге деген көзқарасты қалыптастырды.

Шығыс бейболмыстың өмір сүруін мойындап, оның іргетастығын анықтағаннан кейін, бұл Дүниені сол бейболмыстың көмескі бейнесі ретінде ғана түсініп, оның өтпелігіне аса назар аударады. Осы тұрғыдан алып қарағанда, бейболмысқа өтетін Дүниені адамның өз еркіне көндіруі тіпті мүмкін емес, оны өзгерту, жетілдіру де - мағынасыз нәрселер. Сондықтан негізгі мақсат -адам өз ішкі өміріне үңіліп, тек соған назарын аударып, соны ғана Жетілдіруі қажет. Осындай көзқарастың негізінде Шығыста мәдени бағыт қалыптасты.

Ал енді Батысқа келер болсақ, Парменидтің бейболмысты теріске шығаруы, сонымен кодтар идеалды, еш мінсіз, жетілген, Мәңгілік Болмыстың бар екенін мойындауы - бүкіл Батыс өркениетінің қалыптасып, бүгінгі күнге дейін дамуының астарында жатқан іргетасты көзқарас екеніне оқырманның ерекше назарын аударғымыз келеді. Соңынан пайда болған христиан дінінің негізгі қағидаларының бірі - адамды Құдай өз бейнесіне ұқсатып жаратты да, осы жаратылған Дүниенің әміршісі қылды деген қағиданың өзі де Парменидтің болмыс ілімімен ұштасып жатқан жоқ па? Ал енді марксизмнің өзін, осы тұрғыдан альш қарағанда, Батыс Еуропа ой-өрісінің қисындық шегі деп бағалауға болатын сияқты, өйткені коммунизм - кемеліне келген, адамдардың барлық қажеттіктері толығынан өтелген, соның негізінде әлеуметтік біркелкілік орнаған қоғам. Яғни ол - жер бетінде адамның шығармашылық іс-әрекеті арқылы орнатылған идеалдық қоғам.

Сонымен егер нақтылы емір сүріп жатқан сезімдік, кемеліне келмеген Дүние мен қатар идеалды болмыс болса, ал бейболмыс тіпті болмаса, онда айнала коршаған мәнді ортаны идеалды болмысқа сай етіп өзгертуге, жетілдіруге болады. XX ғ. өмір сүрген көрнекті Еуропа ойшылы Теяр де Шарденнің: «Дүние әлі жаратылып біткен жок, ол жаратылу үстінде. Оны әрі қарай жетілдіретін негізгі күш - адамзат», - деген ойының да Парменидтің болмыс түсінігімен үллтасып жатқанын байқауға болады. Сонымен Батыс мәдениеті экстраверттік (ехіга - латын сөзі, сыртқа бағытталған деген мағына береді), айнала қоршаған ортаны танып-біліп, соның негізінде жетілдіруге бағытталған болып шықты.

Бұл арада «Шындык қайда, кімнің колында: Батыста, я Шығыста ма?» - деген заңды сұрақ пайда болады. Батыс Рухы мыңдаған жылдарға созылған өркениет тарихында айнала қоршаған ортаны жетілдіру жолында сан алуан жетістіктерге жетті: оның айқын көріністері - ғарыштағы ушып жүрген жасанды Жер серіктері, бүкіл дүние жүзін шырмап алған Интернет жүйесі. өмірдің шын сырын ашу жолындағы жасалып жатқан клондау эксперименттері, миллиондаған әртүрлі техникалық құралдар мен жабдықтар т.с.с.

Бірақ, сонымен катар өмірді нәзік те терең сезінетін ойшылдар XIX ғ. аяғынан бастап-ақ, бүкіл XX ғ. шеңберінде Батыс өркениетінің шытынай бастағаньш ашық айтқан болатын (О.Шпенглер, Х.Ортега-и-Гассет, Э.Фромм, Г.Маркузе т.с.с.)- Материалдық Дүниені өз еркіне көндіріп, оны өзгерту барысында Батыс адамы өзінің Құдай еместігіне бугінгі таңда әбден көзі жетті. XX ғ. өткен екі дүниежұзілік соғыстар, сонын нәтижесінде кырылған миллиондаған адамдар, бүгінгі таңдағы экологиялык апаттар мен дағдарыстар, адамның материалдык жағынан бай болғанымен,рухани-адамгершілік тұрғысынан жүдеуі т.с.с. бәрі де Батыс өркениетінің тұйықтықка келіп тірелгенін көрсетеді.

Ал Шығыс елдеріне келер болсақ, ғылыми-техникалық жетістіктерді игеріп, оны өз мәдениеті, дүниесезімімен ұштастыра білген елдерді саусақпен ғана санауға болады (Жапония, Малайзия, Сингапур, Онтүстік Корея). Өз рухани мәдениетінің мыңдаған жылдарға созылған ерекше тарихы болса да, көп Шығыс елдері жана ғана дамып келе жатқан елдер қатарына жатады, өйткені онда кедейшілік пен кайыршылық, жұмыссыздық кең етек алған. Бір жағынан алғанда, Шығыс елдеріндегі халықтар Батыс mass media туындыларын қабылдамайды, өйткені олардың рухани болмысына олар қайшы келіп, калың бұқараның наразылығын тудырады. Сонымен қатар әлеуметтік мәселелердің шешілмеуі, дамыған елдердің экономика жағынан алға кетіп, алшақтай түсуі, көп жағдайларда олардың кедей елдерді табиғи байлықтарын төмен бағаға сатуға мәжбүр етуі т.с.с. себептер, әсіресе ислам ілімі терең тамыр жайған елдерде экстремизм мен терроризмнің етек алуына, сонымен қатар «ғаламдасу үрдісімен» бірге кіретін Батыстың зорлық-зомбылық, порнографиялық т.с.с. мәдени үлгілерінен сақтану жолында көп қарапайым адамдардың «таза исламға қайтып оралу» идеясын насихаттайтын ваххабизм сияқты кертартпа діни ұйымдардың құрамына кіріп, саяси экстремизмнің кайнар көзіне айналып жатканын байқауға болады.

Олай болса, шындық Батыста да, Шығыста да толығынан жоқ сияқты. Бүгінгі таңдағы адамзат болмыс тірегін, бір жағынан, ашынған, қорқынышты үрейлік сезіммен, екінші жағынан, бітпейтін үмітпен іздестіруде... Бұл адамзат ізденістеріне, кұрметті оқырман, сіз де, пісіп-жетіле келе, өз үлесіңізді қосарсыз деген үміттеміз.

Енді болмыс ұғьшын әрі қарай талдасақ, оның құрамынан негізгі екі шындықты табуға болады: оның бірі - айнала бізді қоршаған табиғат, материалдық әлем, екіншісі - рух әлемі, адамның жан дүниесі мен санасы. Егерде бірінші өзімен-өзі объективті, адамның санасынан тәуелсіз өмір сүрсе, екінші - рух әлемі -адамның, яғни субъектінің ішкі жан дүниесімен, оның ырқы, қалауы, қажеттіктерімен тығыз байланысты. Егер болмыс ұғымы арқылы біз материалдық әлемді анықтасақ, сана арқылы болмыс өз-өзін анықтайтынын байқаймыз. Уақытында ұлы Л.Фейербах айтқандай, «Ұлы мәртебелі Табиғат (яғни болмыс) адам арқылы өз-өзін сезіну, түсіну дәрежесіне кетеріледі».

Сана мен материяның өзара бір-біріне өтуі субъектіңі тудырады, яғни ол материалдық дене, сонымен қатар санасы бар өзінің сан алуан қажеттіктерін өтеу үшін іс-әрекет жасай алатьің пенде - адам. Сонымен жоғарыда айтылған екі Әлем адамның бойьшда жинақталады екен. Адам дене ретінде өз қажеттіліктерің өтеп, басқа тіршіліктер сияқты, осы болмыста өмір сүреді. Сонда адам болмысы осы тіршілікте болумен теңеле ме? Бул дүниеде құмырсқа да, жаңбыр құрты да өмір сүріп жатқан жоқ па? Әрине, адамды құмырсқаға, бұл тіршіліктегі қайсыбір жануарға теңеу үлкен қателік болар еді. Адамды шынайы адам қылатын - оның санасы, ішкі рухани өмірі, соның негізінде пайда болатьш шығармашылық іс-әрекеті емес пе?! Қайсыбір жануарды алсақ та, ол өз болмысын бұлдыр, көмескі сезінеді, өз өмірі мен өлімі, жалпы Әлем жөнінде тебірене алмайды. Тек адам ғана бұл өмірде тіршілік жасап қоймай, сонымен қатар Дүниенің болмысы, өз халқының тағдыры, оның ар жағында бүкіл адамзат, жалпы тіршілік жөнінде ойланып тебіренеді, «мен бұл Дүниеге не үшін келдім» деген сұрақты өз алдына оқтын-оқтын қояды. У.Шекспирдің Гамлеті қойған сұрақ Болу ма, я болмау ма? - Міне, негізгі сүрақ! адамзат қаншалықты өмір сүрсе, соншалықты өміршеңді болып қала бермек. XX ғ. ортасында бұл сұраққа әдейі арнап кітап жазған көрнекті американ философы Э.Фромм қазіргі Батыс цивилизациясы адамның өмірдегі болмысын баю, иелену арқылы көреді деген тұжырымға келіп, оның тигізген барлық теріс әсерін көрсеткен болатын. Қазақ халқы өзінің трагедияға толы тарихында өз жолынан таймай, «жігіт бір сырлы, сегіз қырлы» болу керек, әр күнді бағалап, оны қуаныш, той-думан, өнер-сайысқа айналдыру керек деп есептеген, бұл оның даналығын көрсетеді. Бірақ бүгінгі таңдағы реформа кезінде біз осы сара жолдан тайып, Батыс дүниесезіміне, тойымсыздыққа қарай ауысып бара жатқан жоқпыз ба? деген сұрақ та ойландырмай қоймайды.

Адамның саналы шығармашылық іс-әрекетінің нәтижесінде жер бетінде «екінші табиғат» болмысы пайда болды. Егер «бірінші табиғат» деп біз адам қолымен өзгеріске түспеген тағы табиғатты айтатын болсақ, «екінші табиғат» адамның саналы іс-әрекеті арқылы өзгеріске түскен. Егер жануар өзіне кажеттінің бәрін таза табиғаттан тауып алатын болса, адам оған қанағаттанбайды. Сон-дықтан ол табиғатты өзгертіп, өз мүддесіне сай етіп өмір сүреді. Оның бүгінгі таңдағы көріністері - альш қалалар, асфальт және теміржолдар, жасанды көлдер мен ормандар, мәшинелер мен неше түрлі техникалық жабдықтар т.с.с. Олардың бәрі де - саналы іс-дрекеттің туындылары. Олай болса, адамның санасы мен рухы осы екінші табиғаттың туындыларында сөнген, яғни заттанған. Қайсыбір адамның қолымен жасалған заттың негізінде белгілі бір идея жатыр. Сол жасалған затты пайдаланып, оны игерген кезде, сөнген идея дереу «лап етіп жанып», тағы да сол адамның ішкі рухани өмірінің құрамдас бір бөлігіне айналады, яғни заттанған идея өзінің материалдық қабығынан босап, тағы да санаға айналады. Екінші табиғаттың бұл терең сырын жете түсіну үшін, оқырманға бір қарапайым мысал келтірейік. Егер сіздің мәшинеңіз сынып қалса, сіз сол сынған бөлшекті қолыңызға алып, ең алдымен ол қалай жұмыс істейтінін түсінуге тырысасыз, бұл жайтты түсінген кезде, соны ойлап шығарған инженердің сол бөлшекте заттанған идеясын тағы да «тірілтіп», өз сананыздың байлығына айналдырасыз. Егер сіздің техникаға икеміңіз болса, сол бөлшектің жетілмеген жерін анықтап, оны тіпті қайта өзгертуіңіз де мүмкін. Оны қоғам рационализаторлык әрекет деп бағалайды. Идеяның затқа, заттың қайта идеяға айналу диалектикасын осы мысалдан көруге болады. Қорыта келе айтарымыз: мыңдаған жылдардағы адамзат қолынан шыкқан туындыларда оның барлық дүниеден алған тәжірибесі, шығармашылығы, білімі заттанған. Әрбір Дүниеге келген жаңа үрпақ соларды игеріп, оны әрі қарай дамытып, өзінің рухани байлығына айналдырады.

Енді, міне, сол «екінші табиғатты» тудырған адамның рухани болмысын талдауға да уақыт келіп қалған сияқты. Алғашқы жақындағанда, оны екіге бөлуге болады. Біріншіден, ол тарихи сахнада өмір сүріп жатқан нақтылы тірі адамның рухани өмірі, оны субъективті рух деуімізге әбден болады. Тірі адамның түйсіктері, сезім тебіреністері, ырқы, өзіндік сана-сезімі, ғылыми түсініктері, тіпті бейсаналық инстинктері - бэрі де оның ішкі рухани өмірін құрайды. Адамның ішкі өмірі сыртқы Дүние сияқты тұңғиық, Шексіз. Сондықтан да көне гректер адамды «микрокосм» ретінде Қарап, оны «макрокосмға», яғни Дүниеге теңеген болатын. Бір адам басқа адамның ішкі дүниесін толық білмек түгіл, кейбір кезде өз ішінен бұрын білмеген қасиеттерді тауып алып таңғалады!!

Әрине, адамның ішкі рухани болмысы сыртқа шығуға өне бойы талпынады, өйткені адам басқа адамдармен қарым-қатынаска түсіп барып өмір сүре алады: Д.Дефоньщ «Робинзоны» тек киялдан шыққан көркемдік бейне ғана емес пе?

Олай болса, қоғам өмірінде интерсубъективтік (іntеr латын сөзі, екіаралық, көпаралық деген мағына береді) рух дүниеге келеді.Ол жеке өмір сүретін бір адамның ғана қазынасы емес, ол қоғамның, яғни бір-бірімен байланыс, қарым-қатынасқа түскен көп адамдардың ортақ байлығы. Мысалы, сізге қоғамның белгілі бір саласын жетілдіруге бағытталған ой келді, ол - тек сіздің ғана ойыңыз. Бірақ сіз оны ақпарат кұралдары арқылы қоғамға жария еттіңіз. Сіздің ойыңыз өзекті болып, оны көп адамдар колдады, енді, міне, ол сіздің уысыңыздан шығып, коғамның рухани құндылығына айналды, өйткені ол басқа адамдардың санасына да ұялап, олардың ой-өрісіне өзінің әсерін тигізді. Сонымен интерсубъек тивтік, яғни объективтік рух қоғамның үстінде аспандағы бұлт сияқты, жеке адамның санасынан бөлініп, дербес өмір сүріп жатқан идея емес, ол - көп адамдардың санасында өмір сүріп жатқан, солардың мойындаған, ішкі рухының бөлігіне айналған құбылыс.Философияда объективтік рухтың формалары ретінде ғылым, өнер, дін, мораль, құкықтық нормалар т.с.с. айтылады.

Енді субъективтік және объективтік рухтың өзара байланысы қандай? деген сұрақ заңды түрде пайда болады. Әрине, жеке адамның тұлға болып қалыптасуында қоғамдық сананың, яғни объективтік рухтың маңыздылығын асыра түсіну өте қиын. Дүниеге келген сәби ананың ақ сүтімен бірге оның сүйіспеншілігін, әлди-әлди өлеңдерін, неше түрлі ертегілерін бойына сіңіріп, тілі шығып, өсе келе бала бақшасы, мектеп, жоғары оқу орнына барып, тәлім-тәрбие алып, тұлғаға айналады. Сонымен қатар пісіп-жетіле келе, оның бойында жаңа идеялар, туындылар пайда болып, оларды жарыққа шығарып қоғамдық сананы әрі қарай дамытады. Тек бұл арада айта кететін нәрсе, өкінішке қарай, осы уақытқа шейін адамзаттың көпшілігі қоғамдық сананы пайдаланады да, тек элитарлық (еlitе - франц. сөзі, қоғамның үстем білімді, өнерлі азшыл тобы деген мағына береді) аз топ қана оны әрі қарай дамытады. Осыған өкінген XX ғ. ұлы испан философы Х.Ортега-и-Гассет халық бұқарасын тобырға теңеп, қазіргі кездегі рухани дағдарыстың себептерін «тобырдың көтерілісінен» көреді. К.Маркстің ойынша, тек қана жер бетінде коммунизм орнаған кезде ғана, әр адам жан-жақты дамып, шығармашылық деңгейге көтеріліп, қоғамдық сананы дамытуға қол жеткізеді.

Қоғамның рухани болмысын талдауда әдебиетте «абсолюттік рух» деген ұғым да кездеседі. Көбінесе оны философия тарихында Құайға әкеліп тірейді. Гегельдің ойынша, абсолюттік рухка «өнер», «дін», «философия» жатады. Өнер арқылы абсолюттік рух өзін толық еріктіктің негізінде адлайды; дін арқылы өз-өзіне беріліп қабылдайды; тек философия сатысына жеткен кезде ғана өз-өзін ұрымдар арқылы жете түсінеді, сондықтан Гегельдің ойынша, философиядан биік рух жоқ, ол - рухтың ең биік сатысы.

Қорыта келе, біз болмыс ұғымынын өз бойына бүкіл Әлемді (материя мен рухты, субъект пен объектіні), олардың өзара байланысын қамтитынын байқадық. Бұл - шегіне жеткенінше кең ұғым, сондықтан оның мазмұны да жиырылған түрінде оның ішінде жатыр. Енді біз оларды өз қисынының негізінде «сыртқа шығарып» жайып, талдауымыз керек, сонда ғана оның астарында жатқан ұғымдардың жүйесі болмыс жөніндегі ілімді толыкқанды суреттейді.

§ 2. Жалқылық пен жалпылық

Болмыстың ішкі астарын ширатып талдауды неден бастауымыз керек? Әрине, бұл сұраққа жауап беру оңай шаруа емес. Діни философия оны Құдаймен теңестіреді. Идеалистік философияның көрнекті өкілдерінің бірі Г.Гегель өз философиясын «Абсолюттік идея» ұғымынан бастайды. Ал материалистік бағыт ұстаған ойшылдар оны «материя» ұғымынан бастайды. Бірақ уақытында ұлы Гегельдің өзі-ақ айтып кеткендей, ешкім де ешқашан абстрактілік «материяны» көрген жоқ, дүниеде тау-тас, ағаш, ауа, қой, ешкі т.с.с. нақтылы заттар бар, ал материяның өзі-ақ абстрактілік ұғым емес пе? Ал Л.Фейербахқа келер болсақ, болмысты талдауда күнбе-күнгі көз алдымызда өмір сүріп жатқан заттар мен құбылыстардан, яғни «міне», «мынау», «анаудан» бастап, эрі қарай өрлеуіміз қажет деген пікір айтады. Біздің ойымызша, соңғы ойшылдың пікірі дұрыс сияқты.

Расында да, осы пікірді талдап көрейікші. Егерде біз адамды қайсыбір жануармен салыстырып байқасақ, онда оның шексіз айырмашылығын байқаймыз, өйткені жануар өзін айнала қоршаған ортадан айырып ала алмайды, ол өзінің туа біткен инстинктері мен шартты рефлекстері арқылы табиғатпен біртұтас өмір сүреді. Ал адамға келер болсақ, оның санасы пайда болған сәттен бастап, ол өзінің басқа заттардан бөлек ерекше болмысын сезінеді, сонымен қатар басқа заттардың да дара, ерекше өмір сүретінін байқайды. Осы ерекшелікті сезінудің нәтижесінде адамдардың санасында Даралық, жалқылық, ерекшелік, зат, құбылыс т.с.с. ұғымдар пайда бола бастайды. Сонымен қатар адам өз дербестігін, ерекше болмысын сезініп қана қоймай, оны айнала қоршаған ортамен байланысын, сонда өмір сүріп жатқан заттар мен кұбылыстардың өзара байланыстарын да байқайды. Өйткені оған тірі жан ретіңде тамак ішуі, баспана іздеуі, басқа аңдардан қорғануы т.с.с. қажет Бұл қажеттіліктердің өтелуі айнала қоршаған заттар мен құбұлыстарды пайдалану арқылы ғана іске асуы мумкін.

Алғашқы уакытта адамның өмір сүру барысында пайдаланған заттары әрқашанда ерекше, дара, жалқы, қайталанбайтын, бұрын-соңды оның өмірінде кездеспеген сияқты болып көрінеді. Ол оның белгілі бір қажеттіліктерін өтегеннен кейін, есінде сақталмай қоймайды. Сонымен қатар адам өзінің өмір суру барысында сол қажеттіклітерді өтей алатын басқа заттар мен құбылыстарды да кездестіріп, оларды пайдаланады. Сондықтан оның басында даралық, жалқылық ұғымымен қатар, бірнеше, көп ұғымдар пайда болады. Мысалы, шие де, алма, алмұрт та бір қажеттілікті өтейді. Олардың бәрін салыстыра келе, адамдар олардың ортақ қасиеттерінің бар екенін, айырмашылықтарымен қатар жалпыға бірдей жақтарын анықтайды. Сол себепті шие, алма мен алмұрттан тыс жеміс деген ұғым пайда болады, ол - аталған және де басқа жидектердің жалпы қасиеттерін біріктіретін ұғым. Жүре келе, мұндай ұғымдар адамдардың сөздігіне көптеп кіріп, белгілі бір халықтың ойлау жуйесін әрі қарай дамытады...

Жоғарыда өрбіген ой-өрісіміз дұрыс болса, онда жалқылық пен жалпылық болмыс категорияларын талдаудың бастамасы болып есептелуі керек. Тарихи-қисындық тұрғыдан алғанда, солардың адам практикасының, тәжірибесі дамуының негізінде пайда болуының нәтижесінде басқа да болмыс категориялары дүниеге келіп, өрби бастайды.

Енді бүгінгі таңдағы философиялық тұрғыдан қарасақ, онда біз жалқылық, даралық болмыстың өмір сүру формасы екенін байқаймыз. Дара, жалқы дегеніміз - кеңістік пен уакыттың шеңберінде шектелген зат, я болмаса құбылыс. Болмыстағы нақтылы да шынайы өмір сүріп жатқан заттар мен кұбылыстар - дара, жалқы, ешқашанда қайталанбайтыы, тек өзіне тән ерекшеліктерімен көрінеді. Қазақ халқы оны «бес саусақ бірдей емес» деген нақыл сөзбен берген. Мысалы, қазіргі жер бетінде өмір сүріп жатқан 6 млрд. адамның ішінен екі бір-біріне толығынан пішін-түрі жағынан ұқсасты табу мүмкін емес. Сондай-ақ олардын әрбіреуінің ой-өрісі, руханияты да өзгеше қайталанбайтын жақтарымен суреттеледі. Элементарлық бөлшектерден бастап жұлдыздар әлеміне дейін ғалымдар толығынан бір-біріне ұқсас ешқандай екі затты тапқан

Қорыта келе, даралық, жалқылық дегеніміз шындық болмысының өмір сүру тәсілі болып шықты.

Сонымен қатар бұл Дүниеде екі бір-бірімен толық ұксастығы жоқ екі затты табу да мүмкін емес. Егерде олай болатын болса, Дүние өмір сүре алмас еді, заттар мен құбылыстар бір-бірімен байланысқа түсіп, біртұтас әлемді құра алмаған болар еді. Дүниеге ұқыпты көзбен қараған адам заттар мен құбылыстардың бір-бірімен шытырман байланыста екенін байқайды, ал оның астарында олардың ұ қсас жақтары, тектік бірлігі, жалпы қасиеттері жатқан жоқ па? Әрине, солай. Жалқы заттар мен кұбылыстар өне бойы бір-бірімен байланыста, өзара әрекет жасауда, бір-бірін анықтауда. Оның өзі олардың жалпыға бірдей қасиеттері арқылы ғана іске асады. Сонымен жалпылық дегеніміз де болмыстағы жалқы заттар, құбылыстар мен үрдістердің өмір сүру заңдылығы болып шықты.

Ұқыпты оқырман бұл арада қайшылықтың пайда болғанын байқап калған болар, бір жағынан, қайсыбір зат, құбылыс, үрдіс тек өзіне тән, Дүниеде қайталанбайтын жақтарымен көрінгісі келсе, екінші жағынан, толық дербес өмір сүре алмай, жалпылыққа өтеді. Олай болса, қайсыбір зат, құбылыс, үрдіс ерекше - өз бойында қайталанбайтын, тек өзіне тән қасиеттерімен қатар, оны басқа заттармен біріктіретін жалпы жақтарымен танылады. Айтылған ойдың үлкен методологиялық маңызы бар десек те болады, өйткені сонау көне заманнан бастап осы уақытқа шейін көп мәселелердің шешімі осы аралық пен жалпылықтың диалектикасын жете түсінбеуден пайда болады.

Сараптап жатқан ұғымдарды алғаш рет терең талдаған ұлы Платон болатын-ды. Оның «эйдос әлемі» - «заттар әлемімен» салыстырғанда, өз бетінше өмір сүріп жатқан материалды емес, мәңгі, кемеліне келген, сұлу, ізгі әлем, ал біздің Дүние заттанған, мәнді, уақытша, эйдос әлемінің бұлдыр көлеңкесі ғана сияқты. Аристотель: «Платон маған қымбат болса да, ақиқат одан да гөрі құнды», - деп, оның өзінше өмір сүретін эйдос әлемін сынға алады. Оның ойынша, жалпылық дара заттардан бөлек өмір сүре алмайды, ол заттардың мән-мағынасын, яғни формасын құрайды. Ал форма қайдан пайда болады деген сұраққа ол: «Форманың формасы -Құдай», - дейді.

Жалпылық пен жалқылық Орта ғасырдағы негізгі философиялық мәселеге айналып, реализм (rеаlіs - латын сөзі, шынайы) мен номинализм (nominis - латын сөзі, есім, ат) бағыттарын тудырады. Негізгі мәселе - жалпылықтың (сол кездегі терминмен айтсақ - универсалиялардың) онтологиялық (болмыстық) статусың (мәртебесін) анықтауда болды. Реалистер жалпылық жеке заттардаң бөлек өмір сүреді деген пікірге келіп, қалай айтқанда да, заттар әлемінен бөлек өмір сүретін идеалдық әлемді, я болмаса Құдайды мойындайды. Мысалы ортағасырлық схоластиканың көрнекті өкілі Ф.Аквинский универсалиялар үш түрлі өмір сүреді деген пікірге келеді. Бірінішіден, ол Құдайдың ойынан шыққан болашақ заттардың идеалдық үлгілері, екіншіден, заттардың ішкі мән-мағынасы, үшіншіден, заттарды зерттеудің нәтижесінде пайда болған адамның басындағы ұғымдар. Ал номиналистерге келер болсақ, олар тек дара жеке өмір сүретін заттар ғана шынайы, ал жалпылық дегеніміз — заттардың ұқсас жақтарын пайымдаудың негізінде қойылған есімдер ғана деген пікірге келеді.

Жаңа дәуірдегі ойшылдар көбіне номинализм бағытына жақынырақ болды. Мысалы, Дж.Локк жалпылық заттарда өмір сүрмейді, оларды ойлап шығарған адамньщ зердесі деген пікірге келеді, олар неше түрлі сөздер, идеялар, белгілер ғана. Б.Спиноза ұғымдардың шығу тегін заттардан іздеу керек деген дұрыс пікір айтқанмен, жалпылықты тек қана заттардың қарапайым ұқсастықтарынан іздеді.

И.Кант бүл ойды тереңдетіп, жалпылыктың екі түрін мойындайды. Олар - тәжірибеден шығатын және априорлық (тәжірибеге дейін берілген) жалпылықтар. Ғылыми зерттеулер, тәжірибе арқылы жасалатын жалпы ұғымдар әрқашанда жеткіліксіз, өйткені күндердің бір күнінде жаңа деректер пайда болып, ұғымның шеңберін бұзуы мүмкін. Априорлық жалпылықтарға келер болсақ, олар трансцендентальды (transcendents - латын сөзі, аттап өту, яғни бұл Дүниенің ар жағындағы деген мағына береді.) санаға жатады, оның табиғатын біз ешқашанда тани алмаймыз.

Г.Гегельге келер болсақ, ол жалпылықты «абсолюттік идеямен» теңейді. Бірақ ол заттардың ұқсас жақтарын қамтитын қарапайым абстрактілік жалпылық емес, ол - шынайы нақтылы жалпылық. Соңғыны ол заттар мен құбылыстардың даму заңдылықтарына теңеп, ал оның өзі әрқашанда даралықтың негізінде ерекше көрініп, жекенің де өзіне тэн байлығын бойына сіңіреді, -деген терең ой айтады. Жас жігіт пен пісіп-жетілген азамат та белгілі бір накыл сөзді айтуы мүмкін, бірақ олар оған эртұрлі мағына береді, өйткені екінші өзінің бай өмірден алған тэжірибесі мен білімі аркылы оны жете түсінеді.

Маркстік философияда Гегельдің «нақтылы жалпылқ» идеясы жоғары бағаланып, сонымен қатар жалпылықтың қайнар көзін «абсолюттік идеяға» теңеуін сынға алады. Жалпы ұғымдарда объективті шындықтағы жалпылық бейнеленеді, ал оның өзі заттар мен құбылыстардьщ ішкі нақтылы теңдігі. Ол заттардың өмір сүруінің негізі, оның көрінісі - заң.

Сонымен оқырманның байқағанындай, философия тарихында даралық, жалқылық пен жалпылықтың өзара диапектикасы ғасырлар бойы зерттеліп, бүгінгі таңдағы мәресіне жетті. Оған қорытынды жасасақ, жалқылық жалпылыққа әкеледі, ал соңғы жалкылықтың бойында өмір сүреді. Алайда олардың екеуінің арасындағы дәнекер - ол ерекшелік. Сондықтан Дүниедегі әр зат, құбылыс, үрдіс өзінің ерекшелігімен танылады. Ерекше зат өз бойына жалқы мен жалпыны тек өзіне ғана тән жолмен біріктіреді. Сонын арқасында Дүниедегі көптіктің бірлігі камтамасыз етіледі.

Жалкылық пен жалпылық диалектикасын жете түсіну аркылы өткен кеңес қоғамы мен қазіргі егемен елімізде жүріп жатқан үрдістерді талдауға мүмкіншілік аламыз. Кенес заманында жалпылық басынқы категорияға айналып, жеке адамдардың құқтары, олардың шығармашылық ерекшеліктері дұрыс ескерілмеді, сондықтан қоғам тоқырауға ұшырады. Бүгінгі таңда біз, керісінше, ағымды байқаймыз. Жекелік, адамдардың құқтарын сақтау, оларды шығармашылық жолға, ізденіске бағыттау — қазіргі саясаттың негізгі арқауы болып отыр. Ол, бір жағынан, экономикалық дағдарыстан тезірек шығуға мүмкіндік берсе, екінші жағынан, ұжымдық мүдделердің іске асуына нұқсан келтіруде, ол бүгінгі таңда баршаға аян.

Еліміздегі түбегейлі өзгерістер тереңдеген сайын, жалқы мен жалпылық диалектикасының маңызы арта түсуде. Оны ұқыпты түрде ескермейінше, біз саясатта үлкен қателіктер жіберуіміз мүмкін. Шынында да, Қазақ елі алыстағы Франция, я болмаса Бразилияға ұқсамайды, тіпті бізге жақын елдердің өзі де (Өзбек-стан, я болмаса Ресей) басқаша. Осы тұрғыдан карағанда, біздің ата-бабаларымыз таңдап алып, өз Отанына айналдырған жерлер мал өсіруге лайықты, табиғаты қатал, суға тапшы, сонымен қатар өрісі кең жерлерде орналаскан. Сондықтан да ауыл шаруашылығы Қазақ елінің экономикасының жетекші салаларынын бірі болып, болашақта да қала бермек. Осындай кең-байтақ, сонымен қатар, суы тапшы елде бір жылы жақсы егін орылса, екінші жылы қуаңшылық болмауына ешкім кепілдік бере алмайды. Мұндай жағдайда кіші-гірім фермерлік шаруашылықтардың өмір сүруі екіталай. Оны қазіргі өмір көрсетіп те жатыр. Осы тұрғыдан алғанда, көп ұжымдық мықты ауылшаруашылық мекемелерін жасанды банкрот етіп құрту - саясатта жасалған үлкен қателіктердің бірі болды Өмір олардың орнына үлкен алпауыт лендлордтарды ауылға әкелді. Ал олар болса ауылдың әлеуметтік жағдайына көңід белмейді. Олардың негізгі мақсаты - егінді егіп, уақытында жинап алып, нарыққа мейлінше қымбатқа өткізу, ал одан пайда болған қаражаттың пілдей бөлігі, негізінен, қалада корлануда... Бүгінгі таңдағы жеке кішігірім фермерлік шаруашылықтардың қайта кооперацияға өтуге тырысуы - осы елдің ерекшеліктерінен шығады. Сонымен қатар өзен-су бойында орналасқан, суармалы тұрақты өнім алуға мүмкіншілігі бар жерлерде фермерлік шаруашылықтар тиімді болуы әбден мүмкін.

Ал енді жер байлығына келер болсақ, елдің мршттан алыс болуына байланысты, оларды басқа елдерге экспорттаудың жол қаражаты өте қымбат. Сондықтан шикізат етіп сыртқа шығарудан гөрі, оларды өңдеп, мұнайдан бензин, керосин т.с.с., мыстан неше түрлі кабельдерді, ал жүре келе электр жабдықтарын жасаған жөн. Бірақ бүгінгі таңда оған қаражат жеткіліксіз болып жатыр... Сонымен қатар алғашқы капитал тез қорланбай, іскерлердің әсем сарайлары мен «Мерседестерінен» қалмай жатқан жақтары да жоқ емес.

Олай болса, біз өзіміздің ерекшеліктерімізді мұқият зерттеп, жалаң еліктеушіліктен арылуымыз қажет. Сонымен қатар алға кеткен елдердің жетістіктерін өз айнала ортамызға, соған тарихи икемделген сана-сезімімізге бейімдеп қолдануымыз керек. Сонда ғана біз өз ерекшеліктерімізді сақтап, соның арқасында басқа елдердің де шынайы қызығуы мен сүйіспеншілігіне қол жеткіземіз. Дүниедегі көптүрлігімен танылатын мемлекеттердің ішінен өз орнымызды табамыз.







Date: 2016-05-18; view: 1154; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.031 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию