Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Сапа мен сан ұғымдары
Жоғарыда көрсетілгендей, жекелік, дербестік - болмыстағы заттардың өмір сүру тэсілі. Әрбір зат, күбылыс - ерекше, шектел-ген, басқаға үқсамайды. Тарихи алғашқы адамдар заттардың осы жақтарына өз назарын аударады. Оның әрбір қажеттілігін өтейтін зат — дара, өзгеше больш көрінеді. Міне, осы сәттен бастап, сапа ұғымы дүниеге келе бастайды. Сапа дегеніміз — заттың болмыстағы анықтығы, соның арқасында оны басқадан айыруға мүмкіндік аламыз. Ол адамға қарапайым аңлау, меңзеу аркылы беріледі. Аристотельдің ойынша сапа дегеніміз заттың тектік айырмашылығы, сонымен қатар, ол өне бойы өзгерісте болады. Орта ғасырдағы діни философияда сапа өзгермейтіы, маңгілік, заттардың ішкі сыры ретінде түсіндірілді. Жаңа дәуірде ғылымның күрт дамуына байланысты заттың сапасынан гөрі, сандық жағына мейлінше көңіл бөлінді. Бірақ сапаны ерекше зерттеп оны екіге - бірінші жэне екінші сапаға бөлген Дж.Локк болды. Егер заттың кеңістіктегі көлемі, салмағы, түрі, қозғалысын ол біріншіге жатқызса, иіс, дыбыс, түс, дэмді -екіншіге теңеді. Гегельдің түсінігі бойынша, сапа - қарапайым нақтылық. Бірдеңе өз сапасы арқылы сол, ал одан айырылса, өзін де жойып, басқаға айналады. Сапа - іштей қайшылыққа толы, ол өз ішінде теңдік пен айырмашылық, шынайылық пен терістеу, шектеулік пен шексіздік, бірдеңе мен өзгені қамтиды. Осындай талдаудың нэтижесінде Гегель дүниедегі пайда болып, өмір сұріп, жоққа кетіп жатқан заттар мен құбылыстардың шексіз кептүрлілігін мойындап. олардың бір-бірімен теңдігін сападан көреді, өйткені олар қандай әртүрлі болса да, бәрінің де өзіне тән сапасы бар. Нәтижесінде, Гегель сезімдік аңлау арқылы берілетін нақтылы сападан жалпы абстрактілік сапа ұғымына өрлеп, дүниенің шексіз көптүрлілігін, соның ішіндегі әрбір құбылыс басқаға тең, сонымен қатар тең еместігін, біреулердің көптігін мойындайды. Көптің әрбіреуі өзгемен тең, әрбіреу - бір, сонымен қатар көптің бірі. Ал мүның өзі Гегельді сан категориясына алып келеді. Сапа жөніндегі қазіргі түсініктерге келер болсақ, ол заттың қасиеттерінің жиынтығы арқылы анықталады. Қасиет деп заттың өзгемен қатынасқа түскен кездегі сапасының кейбір жақтарының керінісін айтамыз. Екінші затпен байланысқа түскен кезде онын басқа қасиеттері көрініс табуы мүмкін. Олай болса, заттың сапасын оның кейбір қасиеттерімеы теңеуге болмайды, сапа заттың ішкі жэне сыртқы анықтығын керсететін біртұтас мәнді қасиеггерінің жиынтығы болмақ. Заттың сапасымен қатар, сандық жақтары бар. Ол кеңістік пен уақыттың шеңберінде созылған, салмағы, формасы, т.с.с. жақтарымен танылады. Тарихи белгілі бір қажеттіліктерді етейтін эртүрлі заттар бір-бірімен салыстырылып, олардың теңдік жақтарымен қа-тар айырмашылықтары анықталған кезде, сан үғымы пайда болады. Сондықтан заттың сандық жақтарын байқау қарапайым аңлаудан өтіп, ақыл-ойды пайдалануды талап етеді. Шындықтағы сандық өзгерістерді сараптаудың негізінде математика ілімі дүниеге келеді. Сапамен салыстырсақ, заттың сандық жақтары әртүрлі болуы,(үмкін, белгілі бір межеге дейін сандық өзгерістер оның сапасын жоймайды. Сондықтан заттың сандық жақтары оған парықсыз деп айтуымызға болады. Заттың сандық жақтарына алғашқы көңіл бөлген пифагорлықтар болды. Олар оны заттың терең мән-мағынасы деп есептеді. Ал оның қайнар көзі Құдайда жатыр, олай болса, ол - кұпия, - деп түсінді. Демокритке келер болсақ, ол санның негізінде әрі қарай бөлінбейтін атомдар жатыр деген ойға келеді. Сан дегеніміз -атомдардан тұратын қайсыбір заттың мөлшері. Платонның түсінігінше, материалдық зат - идея әлемінің көлеңкесі ғана. Заттың сандық жағын анықтайтын, идея, ал оны зерттейтін - математика (геометрия) ілімі. Аристотельдің ойынша, сан, сызық, фигураның т.с.с. заттардан тыс өзіндік болмысы жоқ, ол - заттардың қасиеттері. Сол сияқты, дүниеде бос кеңістік те жоқ. Уақытқа келер болсақ, ол -қозғалыстың өлшемі. Жаңа дәуірдегі философтар да бұл ойды қолдап, математика ілімінің пәні шынайы кеңістік пен уақыт шеңберінде өмір сүріп жатқан заттардың мөлшері деген пікірге келеді. Канттың ойынша, қайсыбір көлем қиялдың күшінен шығатын құбылыс, ал сыртқы сезімдегі барлық көлемдердің көрінісі - кеңістік, ішкі сезімдегісі - уақыт. Гегель алғашқы рет сапа мен санның бірлігі мен айырмашылығын көрсете білді. Егер заттың сапасы өзгерсе, онда ол басқа затқа айналады, ал сандық өзгерістер сол заттың шеңберінде оның табиғатын бүзбай, біршама деңгейге дейін бола беруі мүмкін. Бүгінгі таңдағы түсініктер бойынша, эртүрлі сападағы заттардың ортақ, жалпы, біркелкі жақтарын салыстырып өлшеу арқылы сандық категория дүниеге келеді. Бүгінгі таңдағы ғылымда сан алуан заттың сандық жақтарын өлшейтін эталондар (үлгілер) жасалған. Математика ғылымы да өте күрделі ең абстрактіліқ ілімге айналды. Айта кететін бір жайт - зерттелетін зат неғұрлым күрделі болса, оның сандық өлшемін анықтау да соншалықты қиынға түседі. Оны әсіресе қоғамдағы үрдістерден көруге болады. Адамның рухани өмірін, ішкі тебіренісін, әсемдікке ұмтылысын ешқандай математика анықтай алмайды. Бірақ, соған қарамастан, қоғамтану саласында да статистикалық әдістемелер арқылы олардың да шамамен өлшемі анықталады. Келесі мәселе - сапа мен санның өзара байланысы, диалектикалық бір-біріне өтуі. Оны талдау үшін жаңа ұғымдарды енгізуіміз қажет. Лшем мен секіріс Қайсыбір зат, я болмаса кұбылыстың өзіне тән сапасы, сонымен қатар сандық жақтары болады. Бір карағанда, олардың бір-бірімен байланысы жоқ, әрбіреуі өзінше өмір сүріп жатқан сияқты.Бірақ ол - үстірт көзқарас. Мұқият терең қарасақ, біз олардың бірлігін байқаймыз. Белгілі бір сапаға соған сәйкес сан келеді, біз оны заттың өлшемі дейміз. Олай болса, өлшем - сандық сапа, я болмаса сапалық сан деп айтуымызға да болады. Екіншіден, өлшем - белгілі бір сапаның шеңберіндегі әртүрлі сандық өзгерістердің бірлігі. Мысалы, судың сандық өлшемі 0-100 градусқа шейін. Бұл сандық шеңберде су өз сапасын жоймайды, бірақ 100 градусқа бір ғана градус қосылса, өлшем бүзылып, су жойылып, дереу буға айналады. Сол сияқты әрбір металдың да өзінің өлшемі (константасы) бар, егер ол 1 градусқа өссе, ол балқи бастайды. Егер екі шақырымдық биіктікте атылған оқ секундына 7910 м. жылдамдыққа дейін жетсе, ол бәрібір жердің гравитациясының шеңберінен шыға алмай, ақырында, құлайды. Бірақ оның жылдамдығы тек 1 м. ғана өссе болды (7911 м.), жер жылдамдығы ғарыштыкқа айналып, ол жерге құламайды. Егерде жылдамдықты 11189 м.сек. жеткізсек, басқа планеталарға үшуға мүмкіншілік аламыз, ал жылдамдық 16662 м.сек. жетсе, басқа жұлдыздарға ұшуға болады. Менделеевтің ашқан химиялық жүйесін алсақ, онда да осы заңдылықты байқаймыз. Атомның өзегінің заряды өскен сайын, ескі сапа жойылып, жаңа элементтер пайда болады (сутегінің өзегі -1 протоннан түрады, 2 - гелийге айналады, 3 - литийге, 4 -бериллийге т.с.с.) Ақшалы азамат қашан капиталиске айналады? Ақшаның сандық мөлшері оны тікелей өндірісте жүмыс істеуден босатып, басқа адамдарды жұмысшы ретінде жалдауға мүмкіндік пайда болған кезде дер едік. Сонымен бір сапаның екіншіге өтуі зат, энергия, я болмаса информацияның қосылуы, я кемуімен байланысты екен. Әрбір сапалык өзгеріс сандық өзгерістердің негізінде пайда болады. Жана дүниеге келген сапа өзіндік жаңа мөлшерді талап етеді. Мысалы, судың көлемін будың көлемімен салыстырсақ, ол екі-түрлі.Бурдың шеңберіндегі молекулярлық байланыстар сумен салыстырғанда, мүлде өзгеше. Заттың өлшемі сандық өзгерістер арқылы бұзылған сэтте секіріс пайда болып, ол дереу екінші затқа айналады. Сонымен секіріс деп ескі сапаның елшемінің бүзылуы арқасында жаңа сапаньщ дүниеге келуін айтамыз. Дүниедегі заттар мен құбылыстар әртүрлі шексіз болғандықтан, олардың өзгеруі тек өзіне тән жолдармен өтеді. Бірақ, қалай айтқанда да, секірістің аты секіріс, ол көбіне жарылыс, күрт, интенсивті қарқынмен жүреді. Мысалы, микроәлемдегі бір элементарлық бөлшектің екіншіге айналуы секундтың миллиардтаған бір бөлігінде өтсе, мегаәлемдегі сапалы үрдістер миллиондаған жылдарға созылуы мүмкін. Философиялық эдебиетте баска пікірлер де кездеседі. Мысалы, секіріс «жарылыс», «бірте-бірте» өтеді деген пікірді келтірсек те болғаны (қараңыз: П.В.Алексеев, А.В.Панин. Фило-софия, М., Проспект, 1997, 481-6.). Мүндай көзкарас секірістің мән-мағынасын жоққа шығарып, «бұлдырлатып» жібереді. Күрделі объектілердің сапасының сандық өзгерістер арқылы жетілу сатыларын секіріске теңейді. Ал ол секіріс емес, өйткені мұндай жағдайда өзгерістер сол сапаның шеңберінде өтеді. Сандық мөлшер арнасынан шығып, сапа бұзылған кезде жағдай күрт өзгеріп, секіріс басталады, ол заттың тез арада түбегейлі өзгеруіне, баска затқа айналуына әкеледі. Біздің елімізде жүріп жатқан түбегейлі өзгерістер, осы тұрғыдан алып қарағанда, нағыз секіріс болып саналуы қажет. Өйткені күрделі өзгерістер тек қоғамның кейбір салаларын ғана қамтып жатқан жоқ, ол қоғамның барлық құрылымдарында жұріп жатыр. Экономика саласына келер болсақ, тоталитарлық жоспарлы жүйе нарықтық жекеменшікке негізделген шаруашылыққа ауысты; халықты элеуметтік жағынан тұрпайы теңеу саясаты жаңа топталу саясатына ауысты, әлеуметтік қүрылым күрделене бастады; қоғамның саяси саласында бірпартиялық жойылып, эртүрлі таптар мен топтардың мүдделерін қорғайтын көппартиялық жүйе дүниеге келді; бәрін өз астына көмкерген тоталитарлық мемлекет Левиафан жойылып, жаңа «азаматтың қоғаммен», «адамдардың Құқтарымен» санасып жұмыс істейтін мемлекет қалыптасуда; Қаншалықты киындықтың астарында жүріп жатса да, рухани-адамгершілік салада да үлкен өзгерістер байқалады. Қоғамтану салаларындағы деректерге жүгінсек, өтпелі дэуір шамамен 15-20 жылға созылады екен. Бірак дүние жүзіндегі бірде-бір ел ТМД елдері сияқты, бүкіл елдің байлығын мемлекеттің қолына өткізген жоқ-ты. Сондықтан біздің «секірісіміз» ерекше, аса қиын жағдайда өтуде. Дегенмен аталған жылдардың шеңберінде нарықтық экономикаға негізделген демократиялық құқтық мемлекеттің мықты іргетастары қаланады деген үміттеміз. Әңгіме -осындай тағдырлы өзгерістерде өз руханиятымызды сақтап, әрі қарай дамыта алсақ болғаны. Енді аталған ойды нақтылай келсек, 1985-1991 жж. өткен тарихты сараптау, ойлану-толғану, біз неге дүниежүзілік қауымнан қалып қойдық, оған кім кінәлі, не істеу керек деген ойлармен болдық. Практикалық түрде, бүл уакытта элі нақтылы реформалар басталған жоқ-ты. Тек Кеңес қоғамы қүрдымға кетіп, жаңа тэуелсіз мемлекеттер пайда болған кезден бастап, нақтылы реформалар басталды (1991 ж.). Сонда, теоретикалық болжамдарға жүгінсек, күрделі реформалар 2005-2010 жж. аяқталуы қажет. Мүмкін, Түрікменстан, Беларус, Тәжікстан сияқты елдерде ол бүдан да ұзаққа созылуы, ал аса тез қарқынмен келе жатқан Қазак елі оны ертерек бітіруі ғажап емес, өйткені реформалардың кейбір салалары Ресейден тез өтуде (жекешелендіру, муниципалдық, пенсия жүйесі, аграрлық реформалар т.с.с.). Тағы да айту керек, тек өз болмысымызды осы үрдістерде жоғалтпауымыз қажет. Қорыта келе, біз «сапа», «сан», «өлшем», «секіріс» категорияларының бір-бірімен тығыз байланысты болып, белгілі бір жүйені құрайтынын байқадық. Оны әдебиетте «Сапа мен санның өзара бір-біріне өту заңы» деп атайды. Ал оның мәнін біз жоғарыда көрсетуге тырыстық. Ғылымдағы негізгі мақсаттың бірі - зерттеліп жаткан объектінің өлшемін анықтау. Адамдардьщ өмірі мен жүріс-түрысында эрқашанда өлшемнен тыс шығып кетпеуге әдеттену қажет. Сонау көне заманда Солонның айтқан «өте еш нәрсе» деген нақыл сөзін үмытпағанымыз жөн. Озғалыс Санның сапаға, соңғының санға өтуі қозғалыс арқылы жүреді. ал оның өзі кеністік пен уақытты талап етеді. Олай болса, қозғалыс - бүкіл болмыстағы дүниенін өмір суру тәсілі болып шығады да, кеңістік пен уакыт - қозғалыстағы дүниенің формасы ретінде қаралуға тиіс. Жалпы түрде қозғалысқа қысқаша аныктама беруге болады. ол Дүниедегі қайсыбір өзгеріс, байланыс, іс-әрекет. Әрине, мұндай анықтаманың мазмұн жағынан тұрпайы екенін де жасыруға болмайды. Бүкіл философия тарихындағы ізденістер оның аса қиындығын көрсетеді. Қарапайым тәжірибенің нәтижесінде сонау көне заманда-ақ ойшылдар Дүниенің ағым екенін, бір нәрсе дүниеге келіп, екіншісі кетіп жатқанын байқаған. Тіпті ұлы Гераклит қозғалыстың астарында қарама-карсылықтың күресі жатыр деп меңзеген. Соны-мен катар, Пармснид пен Зенон оған қарсы шыгып, қозғалыстың ішкі сырын ашуға мүмкін еместігін дэлелдеуге тырысқан. Мысал ретінде Зенонның «Садақтан атылған оқ қозғалмайды» деген апориясын (арогіа - грек сөзі қиындық, шешімі жоқ деген мағына береді) келтіруге болады. Зенонның ойынша, атылған оқ әрбір сәтте кеңістіктің бір бөлігінде тұрақтайды, келесі сәтте - келесі орында, оны әрі қарай шексіз жалғастыра беруге болады. Ал тұрақтауға тұрақтауды қосқанда қозғалыс шықпайды, яғни, ол - жоқ. Мұндай көзқарасты уақытында Аристотель сынға алған болатын. «Қателік - уақытты бөлек-бөлек «сәттен» тұрады деп есептеуде», - дейді үлы ойшыл. Әрине, мұндай пікірмен келісуге болады. Осы ойшыл қозғалысты талдауға аса үлкен үлес қосқан болатын. Болмысты талдаудағы ең қиыны - Дүниенің өтпелілігі, бір нәрсенің туып, екіншінің өтуі. Оны Аристотель екі жаңа категория кіргізіп, талдайды. Олар шындық пен мүмкіндік (грекше - еnеrgеіа, шындық, dinamis - мүмкіндік, латынша - асtus - шындық, роtеntіа -мүмкіндік). Қозғалыс - заттың ішіндегі мүмкіндіктің шындықта іске асуы, ал оның қайнар көзі форманың белсенді әрекетінде жатыр. Мысалы, қайсыбір дүниеге келген тіршіліктің ішінде оның болашақ өлімінің ұрығы жатыр, ол оны өмірдің шеңберінен тыс шығармай қоймайды. Кірпіштің үйге айналу мүмкіндігі бар, сонымен қатар ол саз, я болмаса құмның шындығы т.с.с. Ұлы ойшыл қозғалыстың біршама түрлерін ерекше алып зерттейді. Олар: үлкею, кішірею, пайда болу, жоғалу, сапалық өзгеру, кеңістіктегі орын алмастыру. Орта ғасырдағы ойшылдар қозғалыстың қайнар көзін Құдайдың іс-әрекетінен іздейді (Өзі қозғалмайтын, бірақ басқаның барлығын қозғалысқа түсірген - Құдай). Жаңа дэуірдегі ойшылдардың ішінде Ф.Бэкон козғалысты ма-терияның ішкі табиғатынан шығатын белсенділік ретінде түсінеді. Гегельдің түсінігінше, козғалыс «өміршеңдік», «әрекеттік», «ешқашанда бітпейтін үрдіс», ол ішкі қажеттіктен туып, «өзіндік қозғалыс» ретінде қаралуы керек. Маркстік философияда козғалыс категориясы егжей-тегжейлі талданады. Қозғалысты материяның ішкі кайшылығынан шығатьщ өмір сүру тэсілі ретінде түсініп, Ф.Энгельс өзінің «Табиғат диалектикасы» деген көлемді еңбегінде оның 5 түрін ашады. Олар: механикалық, физикалык, химиялық, биологиялық жэне элеуметгік қозғалыс формалары. Әрине, қазіргі ғылым бүл түсініктерді әрі қарай дамытып, байытты. Қозғалыстың ең қарапайым түрі ретінде механикалық, яғни кеңістікте орын ауыстыру үрдістері жатады. Бүгінгі ядролык физикада ерекше қозғалыс формасына элементарлық бөлшектердің бір-біріне өтуін, электромагниттік, гравитациялык, нейтрондық өрістер, атом өзегінің ішіндегі күшті және әлсіз тартыстарды т.с.с. жатқызады. Атомдар мен молекулалардың қозғалысы мен өзара бір-біріне өтуі химиялық қозғалыс формасын құрайды. Заттар мен қүбылыстар құрылымының өзгеруі, қысым, жылу, дыбыс пен жарықтың тарауын т.с.с. физикалық козғалыс формасына жатқызуға болады. Мегагалактикадағы ғарыштық үрдістерді, жұлдыздардың пайда болуы, сөнуін астрофизика зерттейді. Жер бетінде тарихи пайда болған тіршілік әлемі - ерекше ғажап биологиялық қозғалыс формасына жатады. Оған тірі организмдегі үрдістер, айнала қоршаған ортамен зат пен энергия аумасуына түсуі, өзгеру мен түқым куу, ассимиляция мен диссимиляция, өз-өзін ретке келтіру т.с.с. жатады. Ғалымдар жер бетіндегі тіршілік пайда болғаннан бергі (3,5 млрд.ж.) өзгерістерді ерекше геологиялык қозғалыс формасына жатқызу керек деген пікір айтады. Өйткені осы уақыттың шеңберінде жер бетінде био-физика-химия-механикалық байланыс-тардың нәтижесінде әртүрлі бірінің үстінде бірі орналасқан страталар (қабықтар) пайда болды. Бұл пікірмен келісуге болады. Бүгінгі таңдағы белгілі ең соңғы қозғалыс формасы - ол элеуметтік, Оның ерекшелігі - адамдардың саналы өмірінде, олар өз алдына неше түрлі мақсат қойып, бір-бірімен бірігіп, айнала коршағы ортаны өз ойына сай етіп өзгертуінде. Тарихи, қозғалыстың жоғары формалары төмендегілердің негізінде пайда болады. Химиялық жер бетіндегі үрдістер физика-лык қозғалыстың негізінде пайда болды. Ол дами келе тіршіліктің дүниеге келуіне себеп болды. Әлеуметтік қозғалыс формасының дүниеге келуі жер бетіндегі басқа тіршіліксіз мүмкін емес еді. Сонымен қатар жоғары қозғалыс формасын төменгі арқылы түсіну мүмкін емес: ол өз заңдылықтарының негізінде өмір сүреді. Бірак төменгі формалар оның ішінде бағынышты түрде сақталып қала береді. Оны көрсететін ең айқын мысалдардын бірі - адам өмірі- Көркемдеп айтсақ, адам - коғамның атомы. Ол саналы түрде өмір сүреді, оның жан дүниесі, руханияты бар. Ол өзінің алдына неше түрлі мақсаттар қойып, оларға жетуге тырысады, ішкі табиғи дарындарын сыртка шығарып, талантқа айналдырады. Сонымен қатар ол — биологиялық пенде, оның басқа тірші-ліктер сияқты дене қажеттіктері бар. Оның бауырында өте күрделі химиялық үрдістер өне бойы жүріп жатады, адам басқа заттар мен құбылыстар сияқты кеңістікте орын ауыстырады, оның денесінен неше түрлі физикалык өрістер өтуде т.с.с. Бірақ бұл үрдістердің бәрі де әлеуметтік қозғалыс формасына тәуелді болып өмір сүреді. Егерде біз адамды оның биологиялық табиғатына теңесек, онда нәсілшілдік, әлеуметтік дарвинизм, ломброзиандык т.с.с. сияқты кертартпа көзқарастарға тап болар едік. § 8. Кеңістік пен уақыт Қозғалыстағы заттар мен неше түрлі үрдістер кеңістік пен уақыттың шеңберінде өтіп жатады. Ең жалпы түрде алғанда, кеңістік деп заттар мен қүбылыстардың бірінің жанында бірінің орналасуын айтамыз, ал уақытқа келер болсақ, ол -- дүниедегі болып жатқан уақиғалардың бірінің соңынан екіншісінің келуі. Кеңістік пен уақыттың табиғаты жөнінде сонау көне заманнан бастап осы уақытқа шейін, негізінен, екі көзқарас қалыптасты. Олар: субстанциализм - кеңістік пен уақытты дүниенің алғашқы негіздерінің бірі ретінде қарайды жэне релятивизм (салыстырмалы) - кеңістік пен уақыт қозғалып жаткан неше түрлі материалдық объектілердің формалары, соған бағынышты. Бірінші көзқарастың негізін жасаған көне грек философы Демокрит болды. Ол езінің атомистік ілімінде дүниенің алғашкы негізін құрайтын екі бастаманы мойындайды: оның бірі көзге көрінбейтін эрі қарай бөлінбейтін үсақ бөлшектер -атомдар және ғарыштағы бос кеңістік. Атомдар сол кеңістікте кұлдырап келе жатып бір-бірімен соқтығысып, табиғатың заттарын тудырады. Яғни кеңістік - субстанциялык алғашқы негіздердің бірі. Егер Дүниедегі атомдар бір сэтте жоғалып кетсе, Дүние құрымайды -Кеңістік алғашқы негіздердің бірі болып кала береді. Сол заманның ірі ойшысы Эмпедокл бұл пікірге қарсы шығып: «Судағы балыққа қараңызшы - онда бос кеңістік жоқ, бірақ балық қозғалады», - деген пікір айтқан болатын. Яғни ол бос кеңістік идеясына қарсы шықты. Аристотельдің ойынша да, бос қуыс жоқ, кеңістік - дүниедегі заттардың алатын орны, ал уақыт - қозғалыстың саны, мөлшері. Орта ғасырдағы ойшылдар кеңістік пен уақытты Құдайдың жасампаздық іс-әрекетіне теңеді. Дүние өтпелі болып кеңістік пен уақытта берілген, тек Құдай ғана – мәңгілік, олардан тыс жатыр. Жаңа дәуірде Декарт «бос қуыстық» идеясына қарсы шығып, кеңістіктің заттармен толы екені жөніндегі идеясын ұсынды. Олай болса, кеңістік пен созылу - бір. Ол ұзақтық пен уақытты айыру керектігін де айтады. Ұзақтық заттарға тән нәрсе болса, уақыт - сол ұзақтықтың ой өрісіндегі көрінісі. Осыған жақын көзқараста Лейбниц те болды. Кеңістік пен уақыт жөніндегі ерекше ой айтқан Кант болды. Оның ойынша, олар адамға априорлық (тәжірибеден бұрын, тыс) түрде берілген: кеңістік сыртқы сезімнің, ал уақыт - ішкі сезімнің априорлық формалары. Тек солар арқылы ғана адам өз дүниетанымын белгілі бір тәртіпке келтіре алады. Жалпы алғанда, философия және ғылым тарихында XX ғ. дейін кеңістік пен уақыт жөнінде субстанциялық көзқарас басым болды. Оған өз үлкен үлесін қосқан ағылшын ғалымы И.Ньютон болған-ды. Ол ғылымға абсолюттік кеңістік (шексіз қуыс) және уақыт (таза, біркелкі ұзақтық) категорияларын енгізіп, олар материядан да, бір-бірінен де тәуелсіз өмір сүреді деген пікірге келеді. Сонымен қатар, адамның санасында салыстырмалы кеңістік пен уақыт жөніндегі түсініктер бар, олар тәжірибеге байланысты өзгерісте болуы мүмкін. Ньютон гравитация (тарту) заңдарын ашу негізінде алыстан әрекет ету теориясын жасайды. Дүниежүзілік тарту күші ғарышта сол сәтте тікелей шексіз тарап, объектілерге өз әсерін тигізеді. Сондықтан уақыт ғарышта барлық жерде біркелкі. Мысалы, жер бетіндегі бір университетте лекция окылып жатса, басқа жұлдыздар аясындағы планеталарда сол сәтте басқа зерделі пенделерге де дәріс жүріп жатуы мүмкін. Бұл классикалық механикада жасалған тұжырымдар болатын. Алайда XIX ғ. бастап жоғарыда айтылған көзқарастарға күмәндану басталады. Электромагниттік үрдістерді зерттей бастаған М.Фарадей мен Дж.Максвелл тарту күші қашықтық, пен қатар жылдамдыққа байланысты және тікелей тарамайды деген пікірге келеді. Ал күштің тарауы сол сәтте емес, белгілі бір шектелген жылдамдықпен жүреді. Соңында, олар сәуле, магнетизм, электр қуатын біріктіріп, электромагниттік өрістің әртүрлі көріністері ретінде қарай бастады. Сонымен ғарыштағы күштердің жылдамдығының шектелгені Ньютонның алыстан әрекет ету теориясына үлкен соққы жасап, А.Эйнштейннің ғылыми жаңалықтарын ашуға белгілі алғышарттар жасады. 1905 ж. ол өзінің кеңістік пен уақыт жөніндегі арнаулы салыстырмалы теориясын жасап шығарады. Бұл теорияның негізінде ғарыштағы ең асқан жылдамдық – сәуле жылдамдығы 300 мың км. сек. деген қағида жатыр. Онымен салыстырғанда, басқа жылдамдықтарды 0-ге теңеуге болады. Мысалы, жердегі дыбыс жылдамдығы 340 м.сек. – сәулемен салыстырғанда тұрақты деуімізге болады. Егерде қайсыбір ғарыштағы үрдістің жылдамдығы сәулеге жақындаса, онда оның көлемі қысқарып, уақыт баяулап, салмағы күрт өседі. Дүниедегі жылдамдық шектелгеннен кейін, ғарышта бір уақытта болып жатқан үрдістер жоқ. Ғарыштағы әрбір жүйенің өз уақыт есебі бар. Мысалы, жерде жас әйелі мен бір жасар баласын қалдырып, 25 жасар космонавт сәулеге жақын жылдамдыкпен ғарышқа ұшып, бір жылдан кейін қайтып келсе, оны 51 -дегі баласы қарсы алады екен! Әкесі 26-да, баласы 51-де! Өйткені ғарыш кемесінің ішіндегі уақыт баяулайды да, жердегі уақыт есебі бұрынғыдай бірқалыпты жүре береді. Әрине, бұл теоретикалық қиял, оның іске асуы мүмкін емес. Ол іске асқан жағдайда ғарыш кемесінің көлемі жоғалып бара жатқан нүктеге айналар еді! Екіншіден, ондай жылдамдыққа жету үшін, бүкіл Дүниенің күш-қуатын жұмсау керек болар еді, ал, ол - мүмкін емес. А.Эйнштейн 1916 ж. өзінің жалпы салыстырмалы теориясын жасайды. Оның түйіні ғарыштағы орасан зор объектілердің гравитациялық тартым арқылы айнала коршаған кеңістікті қисайтуы болып табылады. Сонымен кеңістік пен уақыттың қасиеттері ғарыштағы объектілердің массасының (салмағының) бөлінуіне байланысты өзгеріп отырады екен. Бұл тұрғыдан алғанда, 2000 жылдан артық ғылымда еш дау туғызбаған Евклид геометриясының негізгі қағидалары жер бетіндегі адамдардың практикалық қызметіне бейімделген тұрпайылынған кеңістік теориясы болып шықты! Неміс ғалымы Б.Риман сфералык кеңістіктің (үлкен шардың үстіндегі кеңістік) қасиеттерін зерттеп, оның үстінде сызылған тура сызыктан тыс орналасқан нүктенің үстінен бірде-бір тура сызыққа параллельді сызықты жүргізуге болмайды: бәрі де онымен тоғысады деген пікірге келеді. Сфералық кеңістіктің үстіндегі үшбұрыштың қосындысы 180 градустан асып түседі! Псевдосфераның геометриясын зерттеген орыс ғалымы Н.И.Лобачевский мен венгр Я.Больяй керісінше нәтижеге келді: үшбұрыштың қосындысы 180 градустан аз болып шықты. Сонымен қатар оның үстінде бір тура сызыққа қосылмайтын көп сызықтар болуы мүмкін. Олай болса, кеңістік пен уақыт жөніндегі мыңдаған жылдар бойы өмір сүрген субстанциялық көзқарастың қазіргі ғылыми зерттеулерге қайшы келгенін байқаймыз. А.Эйнштейннің өзі айтқанындай: «Мәселенің түйіні мынада: егер де таңғажайып болып Дүниеден барлық материалдық заттар жоғалып кетсе, кеңістік пен уақыт қала берер еді деп бұрын есептеген болатын. Ал салыстырмалы теорияға сәйкес, заттармен бірге кеңістік пен уақыт та құрдымға кетер еді. Яғни кеңістік пен уақыттың қозғалыстағы материядан тыс өзіндік болмысы жоқ, олар тек оның формалары ғана». Қорыта келе, кеңістік пен уақытты Дүние болмысының ең жалпы қажетті формалары ретінде қарап, сонымен катар оны философия, физика т.б. ғылымдардың іргетасты категорияларына жатқызуымыз керек. Дүниеде еш жерде кеңістік пен уақыттан тыс өмір сүріп жатқан бірде-бір зат, құбылыс жоқ. Ең алдымен ескертетін нәрсе - олар шынайы және объективті, яғни адамдардың санасынан тәуелсіз өмір сүріп, сонымен қатар танылады. Діни философияда кеңістік пен уақыттан тыс өмір сүретін Құдай идеясы мойындалады, бірақ ол - ешқашанда дәлелденбейтін ашық сұрақ. Ал Канттың субъективті-идеалистік көзқарасына келер болсақ (кеңістік пен уақыт - априорлық сезімдік формалар ғана), ол да қазіргі ғылыми сынды көтермейді. Келесі ескеретін мәселе - кеңістіктің үш, ал уақыттың бір өлшемдігі. Кеңістіктегі әрбір заттың орнын анықтау үшін біз бір-біріне тәуелсіз үш координатты (X, Ү, Z, яғни ұзындық, биіктік, ен) пайдаланамыз. Математика саласында көпөлшемді кеңістік ұғымы пайдаланылғанмен, оның шынайы кеңістікке қатысы жок, өйткені оның координатары заттың температура, жылдамдық, массасын т.с.с. анықтайды. Уакытқа келер болсақ, онын өлшемі бір ғана: ол өткеннен казіргіге өтіп, болашаққа бағытталған. Теоретикалық тұрғыдан алғанда, егер жылдамдық күн сәулесінен де жоғары болса, онда уақыт кері ағуы мүмкін. Бірақ ол шынайы түрде мүмкін емес. Уақыттың кері қайтпаушылығы - оның бір өлшемдігінен шығады. Кеністікте қайта оралушылық бола береді. Мысалы, біз күнде үйден щығып, кешке қайта ораламыз. Кеңістіктің біркелкілік (барлық нүктелердің теңдігі) және изотроптық (барлық жаққа бірдей тарауы), ал уақыттың тек біркелкілік (барлық нүктелер бір-біріне тең болғандықтан уақытты қай сәттен болсын бастай беруге болады) қасиеттері бар. Соңғы жылдары ғылымда биологиялық, психологиялық және әлеуметтік кеңістік пен уақыт категориялары пайда болып, қазіргі өмірде кеңінен пайдаланылып зерттелуде. Биологиялық кеңістік пен уақыт әртүрлі тіршілік формаларының кеңістік пен уақыттың шеңберіндегі өмір сүру ерекшеліктерін, өсімдік пен жануарлар әлеміндегі түрлердің ауысуын т.с.с. сипаттайды. Мысалы, иттің өмірінің ұзақтығы 20 жылға жуық болса, қарғаның өмірі 300 жылға дейін созылады. Дүниедегі ең ұзақ өмір сүріп жатқан жануар колтырауындар өзгерместен, сонау динозаврлар өмір сүрген уақыттан бері келе жатыр. Ал биологиялық кеңістікке келер болсақ, оңтүстік аймаққа бейімделген тіршілік формалары солтүстікте өмір сүре алмайды, әр тіршілік формаларының өзінің кеңістіктегі өмір сүру ареалы бар. Адамның биологиялық өмір сүру ұзақтығына әлеуметтік факторлар өзінің зор әсерін тигізеді. Мысалы, алғашқы қауымдық қоғамдағы адам өмірінің орташа ұзақтығы 25 жылдай болса, қазіргі дамыған елдердегі көрсеткіш 75-80 жылға дейін жетеді. Ал өмір сүру кеңістігіне келер болсақ, адам өзінің саналы іс-әрекетінің арқасында жер бетіндегі барлық аймақтарды игерген. Бүгінгі таңда адамның аяғы баспаған жер қалмаған болар. Қазіргі ғылыми деректер бойынша, әр организмнің өзіне тән уақыт өлшемі мен ритмі бар. Мысалы, жылы күз шағында солтүстіктен алғашқы суық жел келген кезден бастап, қоян қоңыр жүнін түсіріп, ағара бастайды. Егер қар уақытында жаумаса, қара жерде ақ қоянды көруге болады. Орта ғасырдағы діни философияда «құдайды дәлелдеудің» бұл негізгі аргументі болатын, әр тіршілік формасы «мақсатқа лайықтылықтың» негізінде өмір сүреді, ал оны тіршілікке енгізген - жоғарғы саналы күш. XX ғ. ортасына шейін бұл «дәлелдеуді» ғылыми жолмен ешкім терістей алмады. Тек совет ғалымдары П.Анохин мен Н.Бернштейннің арқасында ғана оның құпиялығы ашылған болатын. Оның мән-мағынасы мына факторларда жатыр. Әрбір организм өзінің айнала қоршаған ортаға бейімделу барысында шындықты алдын ала бейнелеу дәрежесіне көтеріледі. Оған себеп болған ғарыштағы уақыт ритмі: күн мен түн, жаз бенен қыс, айдың гравитациялық тартуы арқылы теңіз суының көтерілуі мен қайтуы, күннің әрбір 11 жыл сайын энергиясының өсуі т.с.с. миллиардтаған жылдар бойы тіршілік ритмін анықтап, оның генетикалық бағдарламасында жазылып, соған сәйкес өмір кезеңдерін тудырды. Биологиялық уақыт та организмнің өмір сүруінің әр сатысында соған сәйкес өзгеріп отырады. Адамның жас кезінде организмдегі «сағат» айнала қоршаған уақыттан гөрі тезірек өтеді де, психологиялық тұрғыдан келгенде, адам өмірі баяу өтіп жатқан тәрізді болады. Кәрілік келіп, организм қартайған кезде оның «сағаты» қоршаған ортадағы уақыт ритмінен қалыңқырап, психологиялық тұргыдан алғанда, өмірдің зымырап тез өтіп бара жатқа-нындай әсер тигізеді. Сонымен биологиялық кеңістік пен уақыт та бірқалыпты емес, өмірдің ерекшелігіне сай өзгеріп отыратынын анықтадық. Психологиялық кеңістік пен уақытқа келер болсақ, оның да өз ерекшеліктері бар екенін байқаймыз. Ол, негізінен алғанда, тек адамға тән нәрселер. Ол дүниені адами қабылдау мүмкіндіктерімен бірге оның іс-әрекетімен тығыз байланысты. Егер сіз өте қызықты шығармашылық іспен айналысып жатсаңыз, онда уақыттың қалай өткенін байқамай қаласыз. Жалғыздық адам уақытын қорғасын басқандай басып, баяулатады. Ағылшындар айтқандай, ісі жоқтық, адамның миын шайтанның шеберханасына айналдырып, ақырында адам ішімдікке, нашақорлыққа салынып, я болмаса қылмыстық жолға түсіп, өзін-өзі жоғалтып, бір-ақ рет берілетін өмірінің бытшытын шығарады. Өкінішке қарай, бүгінгі таңдағы кең етек алған жұмыссыздық қоғамдағы бүкіл әлеуметтік аномалияның (ауытқу-дың) негізгі себебі болып отыр. Дүниеде тек қана психологиялық салада уақыттың қайта оралу әсері бар. Оны алғаш рет көркем түрде көрсетіп, таңғалдырған француз жазушысы Марсель Пруст болған-ды. Егер сіз жас кезіңізде болған жерге қайта оралып, алғашқы махаббат оянған жердегі қайыңның жанында тұрсаңыз, өзіңіздің көңіл күйіңізге байланысты сол балауса кезіңізге кайта оралғандай боласыз. Сол кездегі сезімдер мен дүниесезім сізге қайта оралғандай болады. Ол әсіресе адамның түсінде, кейбір бейсаналық, транспсихикалық ахуалдарда кездеседі. Әрине, психологиялық тұрғыдан уақыттың қайта оралғандай әсері өмір шеңберіндегі жан-дүниеде өте терең із қалдырған оқиғалармен байланысты екені түсінікті жайт. Соңғы әлеуметтік кеңістік пен уақытка келер болсақ, ол да өне бойы өзгерісте. Біржолата және біркелкі берілген әлеуметтік кеңістік пен уақыт - жоқ. Мысалы, алғашқы қауымдағы әлеуметтік кеңістік адамның жаяу біркүндік жолының шеңберіне тең болды, яғни 20-30 шақырым. Жылқыны үйреткен кезден бастап, әлеуметтік кеңістік анағұрлым кеңейді. Машиналық техника пайда болған кезде, ол мыңдаған шықырымға өсті. Ал қазір сіз Лондонның «Хитроу» аэропортында 2,5 дыбыс жылдамдығымен ұшатын «Конкорд» ұшағына мінсеңіз, 4 сағаттан кейін Американың «Дж.Кеннеди» аэропортына қонасыз! Радио, телевидение, интернеттің дамуы - бүкіладамзаттық әлеуметтік кеңістікті құрады. Күнбе-күн Дүниеде не болып жатқанын үйде отырып-ақ біле бересіз. Әлеуметтік уақыттың да өне бойы өзгерісте екенін байқауға болады. Мысалы, Орта ғасырларда өмір сүрген бабаларымыздың уақыты тым баяу өтті. Өйткен себебі, қоғам өміріндегі өзгерістер тым төмен қарқынмен жүрген болатын. Сонау 4-5-ші аталардың жасаған ісін шөберелері мен немерелері істеді: мал бақты, қымыз ішті, сайысқа түсті, қызды құшты т.с.с. Барлық қарым-қатынастар ата-бабалардан қалған әдет-ғұрыптардың негізінде жүре берді, өзгерістер өте аз болды. Жаңа дәуір дүниеге келген кезде, жағдай мүлде өзгерді. Жүздеген қалалар бой көтеріп, мыңдаған жаңа кәсіптер пайда болды, ғылым мен техника орасан зор жетістіктерге жетті, солардың бәрін игеріп, өз бойында қамтуға адамның уақыты жете алмай қалды, сондықтан ол тез қарқынды өте бастады. Бүгінгі таңдағы реформалар өмір қарқынын өте тез өсіруде. Көп қиындықтардың себептерінің бірі осыған байланысты, көп адамдар әсіресе жасы келіп қалғандар, оны игеруде өте үлкен қиын-дықтардан өтуде. Соңында ескеретін нәрсе - бұл тақырыптың өміршеңдік, этикалық мән-мағынасы, маңыздылығы. Өйткені адам өмірін Дүниедегі қайсыбір затпен салыстырсақ, оның өлшемін ешқашанда таба алмаймыз. Оны жалғыз ғана уақытпен салыстыруға болады. Адам өмірі - «Ұлы мәртебелі Табиғаттың», я болмаса Құдайдың бізге берген сыйы, өмір уақыты. Уақытында Ибн-Сина айтып кеткендей, біздің бұл Дүниеге келуіміз де, келмеуіміз де мүмкін еді. Алайда біз келдік. Біле білген кісіге, жалғыз соның өзі ғана - үлкен бақыт, ғажап оқиға. Олай болса, өмірдің әр сәтін бағалап, оны өте ұқыпты пайдалануымыз керек. Тек сонда ғана өмірде үлкен жетістіктерге жетуге болады. Жас уақытын зая өткізген адам жасы келгенде қынжылады, өйткені қанша өмірдегі болған мүмкіндіктегі іске аспай қалды, ал өткенді қайта оралтуға болмайды: ол мәңгілікке кете барды. Олай болса, жас дос, осы бастан әрбір сәтті өз дарыныңды дамытуға пайдаланып, алдыңа үлкен максат-мұрат қой, ол сенің зор күш-куатыңды оятып, жетістіктерге итермелейді. Осы ізденіс, өмірді терең сезіну жолында саған көп табыс тілейміз. § 9. Қозғалыс тетігі Сонымен жоғарыда кеңістік пен уақыттың шеңберінде қозғалыста өтіп жатқан болмысты әңгіме қылдық. Одан туындайтын келесі мәселе - қозғалыстың қайнар көзі, тетігі неде жатыр деген сұрақ. Оған осы тарауда жауап беруге тырысамыз. Әңгіме Дұниенің ағым, қозғалыс екенін мойындауда емес, оны есі дұрыс адамдардың бәрі біледі. Философияға дейін-ақ адамдар бір нәрсенің Дүниеге келіп, екіншінің кетіп жатқанын, ақтың қараға, дымқылдың кұрғаққа т.с.с. қарама-карсылықтың бір-біріне өтетінін байқаған. Сонымен бірге оның терең себебі неде деген сұрақ мыңдаған жылдар бойы адамдарды толғантып, ізденіске итергені де - еш күмән туғызбайтын шындық. Көне грек философиясында бұл сұраққа терең жауап іздеген Гераклит болды. Оның ойынша, Дүние - қайшылық, әр заттың қарама-қарсы жақтары бар, олардың бір-бірімен күресі - Логос (logos - грек сөзі, сөз, мән-мағына) заңдылығы. Мұндай пікірге Аристотель қарсы шығып, бір нәрсенің өмір сүруімен қатар, сол сәтте өмір сүрмеуін мойындау - Қисынға қайшы келетін нәрсе олай болса ешқандай дүниетаным мүмкін болмас еді деген пікірге келеді. Ортағасырлық философия қозғалыстың қайнар көзін сыртқы себептен - Құдайдың бізге танылмайтын күш-қуатынан шығарады. Бұл мәселені шешуге өз үлесін косқан Қайта өрлеу заманының ұлы философы Н.Кузанский болған-ды. Ол қарама-қарсылықтың бір-біріне өтуін (соіnсіdеntіа орроsіtоrum - латын сөзі, қарама-қарсылықтың бір-біріне сай келуі деген мағына береді) математика жолымен дәлелдемек болды. Мысалы, екі жағы тен үшбұрыштың түйісін шексіз соза берсек, олар бір-біріне жақындай келе, түбі бір сызыққа айналады. Бұл арада неміс ойшылы Я.Беменің: «Қайшылық - материяның зардабы, ол оған дамыл бермей, оны козғалысқа итереді, ең ақыры, Құдайдың өзі - негізі жоқ тұңғиық», - деген ойларын келтірсек те болғаны. Жаңа дәуірдегі философияда Аристотельдің ғылымның дамуында қайшылықты жібермеу керек деген ойы көп уақытқа дейін басым болды. Бұл кездегі ғылым Табиғатты зерттеп, ондағы заттар мен құбылыстарды бір-бірінен айырып анықтауға тең келетін, сондықтан Дүниенің қайшылықтығына аса назар аударылмады. И.Кант өзінің таным теориясында алғаш рет зерденің қайшылығын ашады (антиномиялар). Оның ойынша, сезімдік таным, тәжірибе бізге «заттың өзіндік сырын» ешқашанда аша алмайды. Екінші жағынан, зерденің өзі де сезімдік тәжірибенің сыртына шыға алмайды, ал шыққысы келсе, сол сәтте антиномияларға тап болады. Оның жасаған 4 антиномияларының біреуін мысал ретінде келтірсек те болғаны. Бірінші тұжырым: Бұл Дүниенің алғашқы бастауы бар және ол кеңістікте шектелген; екінші тұжырым: Дүние уақыт пен кеңістікте шектелмеген, ол -шексіз. Осы екі тұжырымды талдай келе, И.Кант екеуіне де жеткілікті дәлелдемелер келтіреді. Сонымен зерде шешілмейтін қайшылықтарға келіп тіреледі. Ал оның негізгі себебін Кант «заттың өзіндік сырының» танылмайтындығынан көріп, шынына келгенде, Дүниеде де, танымда да қайшылықтар болмауға тиіс деген ойға келеді. Гегель қайшылықты талдай келе, ол - қайсыбір өміршеңдік пен дамудың қайнар көзі деген пікірге келеді. Ақыл-ойдың жетілуі мен дамуы қайшылықтарды шешу арқылы жүреді. Қайшылық жоқ жерде - ой да жоқ. Маркстік философия Гегельдің бұл ойын әрі қарай дамытып, Дүниенің қайшылықты түрде жаралғанын, оның адамның санасында тәуелсіз өмір сүретінін дәлелдейді. Біздің санамызда сол Дүниенің қайшылығы бейнеленеді. Енді бүгінгі таңдағы түсініктерге келер болсак, әрбір зат, құбылыс белгілі бір бірлік, тұтастықты құрайды. Осының арқасында біз бір затты екіншіден айыра аламыз. Сонымен қатар оның ішкі бір-бірімен байланыс пен іс-әрекеттегі кұрамдас бөліктері бар. Әрине, тұтас зат әрқашанда өзінің кұрамдас бөліктерінің әрбіреуінен мазмұн жағынан асып түседі. Тіпті ол өзінің құрамдас бөліктерінің қарапайым жиынтығының өзінен де асып түседі, өйткені ол көптүрліктің бірлігі (К.Маркс), нақтыланған көптүрлік (Гегель). Алайда заттың ішкі өзара байланыстағы құрамдас бөліктерінің әрбіреуі «өзінің тәуелсіздігін» сақтауға тырысады, өйткені арнаулы тарауда көрсеткеніміздей, «тәуелсіздік», «дербестік» -болмыстың терең сипаты. Осы арада заттың ішінде кайшылықтың бастауы ашылады. Ол жүре келе, тұтас заттың ішіндегі қарсы жақтарын тудырады. Сонымен біртұтастық қарама-қарсылыққа, соңғы бірлікке айналады. Оны философияда қарама-қарсылықтың тепе-теңдігі деген ұғыммен береді. Мысалы, жердің оңтүстік және солтүстік полюстері бар, олар бір-біріне қарсы сонымен қатар бір-бірінсіз өмір сүре алмайды. Қайсыбір тіршіліктің ішінде ассимиляция және диссимиляция үрдістері жүріп жатыр. Осы екі қарама-қарсылықтың негізінде тіршілік өмір сүреді. Егер оның бір жағы болмаса, онда организм өледі. Феодалдық қоғамда екі тап - шаруалар мен байлар - қарама-қарсылықтың екі жағы.Бірақ олар бір-бірінсіз өмір сүре алмайды, олар бір-бірімен күресте, сонымен қатар бірлігін сақтайды. Егерде олардың мүдделері шегінен шығып, кедейлердің көтерілісіне әкелсе, ол қоғам жаңа қоғамға ауысып, я болмаса ескі қоғамның шеңберіндегі жаңа ахуалға әкелуі мүмкін. Бұл арада айтып кететін жайт - диалектикалық тепе-теңдік математикадағымен ұқсас емес. Есепте 5=5-ке тең болса, диалектикалық тұрғыдан қарағанда 5 = 5 тең, сонымен бірге тең емес. Бір зат екінші затқа тең, сонымен қатар оның ұқсамайтын теңсіз жақтары да бар. Мысалы, екі жапырақ бір-біріне тең, сонымен қатар тең емес. Егерде біз затты өз-өзімен салыстырсақ, онда да сондай нәтижеге келеміз. Өзінің тұрақты жақтарымен зат өз-өзіне тең, сонымен қатар әрбір сәтте оны ішкі құрамдас бөліктері бір-бірімен әрекетке түсіп өзгеріске әкеледі. Екіншіден, ол зат басқа заттармен қарым-қатынасқа түскеннен кейін, ол сыртқы ықпал арқылы да өзгеруі мүмкін. Әрине, қайшылықтың өзін үрдіс ретінде қарау керек. Заттың жаңа ғана Дүниеге келген сатысында тепе-теңдік айырмашылықтан гөрі басымырақ болады, соның арқасында ол тез қарқынмен өсіп-өніп, айырмашылықтың күшеюіне әкеледі; екінші сатыда айырмашылық тепе-теңдікке қарағанда басымырақ болып, қайшылықты үшкірлей түсіп, затты болмысының шегіне әкеледі. Бір-бірімен ымыраға келмейтін қарама-қарсылыққа негізделген қайшылық заттың күрт өзгеріп, өзінің басқа болмысына өтуіне мәжбүр етеді. Жаңа пайда болған ахуалдың шеңберінде жаңа бірлік, тепе-теңдік пен қатар, айырмашылықтың ұрығы пайда болады. Жоғарыда көрсетілген үрдістерді әдебиетте «қарама-қарсылықтың бірлігі мен өзара іс-әрекеті» деген заңмен береді. Бұл заңның танымдағы методологиялық маңызы өте зор. Бүкіл бұрын-соңды ғылымдағы ашылған жаңалықтар, негізінен алғанда, зерттелген зат, я болмаса, құбылыстың ішкі қайшылығын ашуға негізделген. Микроәлемді зерттеу барысында ең алдымен элементарлық бөлшектер ашылып, соңынан олардың қарама-қарсы жағы - атомның өзегі зерттелді, ал оның өзі протон мен нейтронның бірлігі мен қарама-қарсылығы арқылы өмір сүреді. Электромагниттік өрістің өзі қайшылық екені қиын да ұзаққа созылған зерттеулер арқылы іске асты. Алғашьшда ол бөлшектерден (корпускулалар) тұратын «сәуле жаңбыры» (И.Ньютон) ретінде қаралса, келесі сатыда «толқын» ретінде (Х.Гюйгенс) түсіндірілді. Тек XX ғ. ғана ғалымдар оны «корпускулярлық-толқындық дуализм» ретінде қарап, оның терең мәнін ашты. Қазіргі реформалардағы өзгерістерді де осы заң арқылы жете түсінуге болады. Кеңес Одағындағы мемлекеттік жоспарлау принципіне негізделген шаруашылық формасының іріп-шіруі оның монополиялық табиғатында болды емес пе? Жекешелендіру саясаты соны жоюға бағытталған. Мемлекеттік пен жекеменшіктің қарама-қарсылығы мен бірлігі, олардың бір-бірімен бәсекелігі -адамдардың ерікті ынта-жігерін арттырып, тиімді шаруашылықтың негізін қалауда. Сонымен қатар қоғам өмірінде лезде бай адамдардың пайда болуымен бірге көпшіліктің кедейленуі, тіпті қайыршылықтың шеңберінде өмір сүрген адамдардың пайда болуы әлеуметтік қайшылықты үшкірлеп, қоғамның саяси тұрақтылығына өзінің теріс әсерін тигізуде. Бұл арада жұмыссыздықпен күрес, жаңа кәсіпорындар ашу, адамдарды жаңа кәсіби мамандықтарға оқыту т.с.с. шаралар арқылы ғана бұл қайшыльщты бәсеңдетуге болады. Әлеуметтік мәселелер шешілген кезде басқа да келеңсіз кең етек алған жайттармен (маскүнемдік пен нашақорлық, қылмыстық пен жезөкшелік т.с.с.) тиімді күрес жүргізуге болады. Әрқашанда есте сақтайтын мәселе - реформалардың бүкіладамзат рухани дағдарысының аясында жүруі. Бұрынғы «Шығыс пен Батыс» арасындағы ғаламдық қайшылық Кеңес Одағы құрысымен келмеске кетсе де, оның орнына «Солтүстік пен Оңтүстік» қайшылығы келді: Әлемнің бір бөлігін «алтын миллиард» аталатын постиндустриалдық елдерде өмір сүріп жатқандар құрса, «екінші миллиардты» жартылай аш-жалаңаш жүргендер ққрайды. Қалған 4 миллиард адам дамып келе жатқан ғаламның бөлігіне жатады. Соның ішінде біздер де бармыз. Дамыған елдер мен жаңа ғана Дамып келе жатқандардын арасындағы айырмашылықтар жылдар өткен сайын қысқарудың орнына алшақтап бара жатыр, бұл, әрине, халықаралық шиеленістердің көпшілігінің себебі болып отыр. Бүгінгі таңдағы көп айтылып жүрген халықаралык терроризм, экстремизм сияқты құбылыстарды осы қайшылықтардың астарында түсінуге болады. Қазіргі орасанзор карқынмен жүріп жатқан ғылымитехникалық үрдіс те өз қайшылығымен көрінеді: бір жағынан, ол өндіргіш күштерді дамытып, қоғамның байлығын өсірсе, екінші жағынан, арғы анамыз - Табиғатты құлазытуда. Тойымсыздыққа жол берген Батыс өркениеті адамзатты бірте-бірте жер бетіндегі «қатерлі ісікке» айналдыруда. Біздің де осы кауіпті жолға түсіп, ата-бабаларымыз қалдырған руханиятты, биік экологиялық санамызды бұзып аламыз ба деген қорқынышымыз бар. Аталған және де басқа қайшылықтарды жою тек қана адамзаттың руханияты мен адамгершілік қасиеттерін жетілдіру арқылы болмақ. Бүгінгі таңда айдай анық нәрсе - технократиялық жолмен бірде-бір ғаламдық мәселелерді шешудің мүмкін еместігі. Олай болса, реформа барысында мәдениет пен білімнің, жалпы руханияттың дамуына көбірек көңіл бөлінуі қажет. Date: 2016-05-18; view: 1642; Нарушение авторских прав |