Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Егемен Қазақстан жне философиялық ой-пікірдің дамуы
Қазақстанның егемен елге айналуы рухани салада зор серпіліс пен шабыт тудырды. Отандық философия сахнасына жоғарыда аталған үлкен тұлғалармен қатар жаңа буын көтеріліп, өзінің қомақты үлесін қосты. Қазақ халқының мыңдаған жылдық тереңдікке кететін руханияты, тілі, дүниесезімі қайта тексеріліп, зерттеліп, төл мәдениетімізді байытты. Бұл мәселелерге арналған М.Орынбековтің бірнеше нәтижелі еңбектері жарық көрді. Сонымен қатар бұл салаға қомақты үлес қосқан С.Ақатайдың еңбектерін атауға болады. «Қазақтану» саласына біртұтастық тұрғыдан қарап, тарихи, әлеуметтік-экономиқалық, саяси-құктық, рухани сараптау жасаған Ж.Молдабеқовтің еңбектерін атау қажет. Орта ғасырдағы отандық философияға жаңаша қарап, өз үлесін қосқан Ж.Алтаев болды. Қазақ мдениетінің типтік бітімдерін зерттеп, оны ең соңғы мдениеттанудағы көкжиектермен үштастыра білген, мәдениет философиясының басқа да салаларын зерттеп жүрген Т.Ғабитовтың еңбектері ерекше қызықты да нәтижелі деп есептейміз. Қазақ халқының тарихи қалыптасқан ділі мен дүниесезімінін ерекшеліктерін нәзік те терең көрсете білген Қ.Нұрлановатың еңбектерін атап өткен абзал. Отандық рухани мүраны зерттеуге Т.Айтқазин, Т.Бүрбаев, К.Бегалинова өз үлестерін қосты. Егемен Қазақстанға ғұлама Абайдың берері әлі көп. Бұл арада «Абайтану» саласын жаңа биік дрежеге көтеріп, басқа да философия салаларын зерттеуге өз қомақты улесін қосып журген Ғ.Есімнің еңбектері ерекше аталуға тиіс. Қазақстан қоғамының түбегейлі өзгеруі, өз руханиятымызға жаңа дәрежеде қайта оралу, сонымен қатар дәуірдің қойған жаңа жалаптарына сәйкес жауап беру, Дүниежүзілік көштен қалын қалмау т.с.с. халықтың болашақ тағдырына байланысты көп мәселелер зиялылар қауымында, университеттер мінбелерінде қызу талданып, сарапталды, біршама қомақгы еңбектер жарық көрді. Бұл арада неміс классиқалық философиясы көтерген өзекті мәселелерге өз үлесін қосқан, сонымен қатар Батыс Еуропа топырағында пайда болған ең соңғы ағымдарды талдап, оны өз руханиятымызбен салыстырып, мәдени философия саласында компаративті (салыстырмалы) зерттеулер жүргізіп жүрген дарынды ғалым Б.Нүржановтың еңбектері өтпелі қоғамдағы болып жатқан өзгерістерді тереңірек тұсінуге мүмкіндік беретіні сөзсіз. Соңғы жылдары Ұлттық Ғылым академиясының Философия институтында қазіргі адамзаттың рухани-адамгершілік дағдарысы, соған байланысты Қазақстанның дамуындағы құндылықтар бағдарламасы, өтпелі дәуірдегі адамның экзистенциалдық вакумда қалып қоюы, әлеуметтік нормалардан ауытқу (аномия) т.с.с. күрделі де өзекті мәселелер акад. Ә.Нысанбаевтың жетекшілігімен зерттеліп, белгілі нәтижелерге қолымыз жетті. Оған өз үлесін қосқандар С.Колчигин, А.Хамидов, К.Әлжанов, И.Ерғалиев, Г.Соловьева, А.Қапышев, Р.Қадыржанов, З.Срсенбаева т.б. ғалымдар болды. Жоғарыдағы аталған ізденістермен Б.Құдайбергеновтің еңбектері де өз ерекшеліктерімен үндесіп жатады. Өтпелі дәуірде философиялық деңгейде қажетгі түрде мына сұрақтар пайда болып, өз шешімін табуын талап етті: Ақиқат кімнің қолында? Қазіргі адамзаттың негізгі даму жолы Батыс, я болмаса Шығыс цивилизациясында ма? Дүниежүзілік көштен тағы да қалып қалмас үшін, Қазақстан қай жолмен дамуы керек? Бұлар, әрине, халық тағдырын, егеменді елдің болашағын анықтайтын сұрақтар. Тарихи жеке адамның еріктігі мен жасампаздық іс-рекетіне негізделген Батыс цивилизациясы айнала ортаны өзгертіп, адамнын игілігіне жарату жолында соңғы үш-төрт ғасырдың, әсіресе XX ғ. шеңберінде орасан зор жетістіктерге жетті, оның ең биік сатысы - бүгінгі таңда постиндустриалдық цивилизацияның шеңберінде өмір сүріп жатқан біршама Еуропа елдері, АҚШ пен Қанада, Австралия т.с.с. Бұл елдер материалдық-техниқалық жағынан қандай биік сатыға көтерілгенмен, рухани жағынан сондай тайыздыққа төмендеді, оның дәлелі - орасан зор қылмыстық, маскүнемдік, нашақорлық т.с.с. қазіргі уақытта бізге жақсы таныс құбылыстар. Мәдениетті нарық жолына қою - тобырдың нәпсі, дене интенцияларына (бағыт) байланысты дөрекі мәдениет формаларын тудырды. Биік өнер тек қоғамның элитарлық аз тобының мүдделерін қанағаттандырады. Адамның қоғам өміріндегі мәртебесі оның байлығымен анықталатын болды. Ә.Фроммның айтуына қарағанда, «иелену арқылы болу» негізгі адам өмірінің мән-мағынасын анықтайтын принципке айналды. Сонымен тән ләззаты бірінші орынға қойылып, материализм бағыты тек қана философияда ғана емес, бүкіл өмірді шырмап, толығынан жеңді. Біз марксизмнің өзі Батыс дүниетанымының логикалық аяқталуы екенін естен шығармауымыз керек. Енді Шығыс цивилизациясына келер болсақ, ол қауымдастыққа, қоғамдық мүдденің жеке адамға қарағанда жоғары тұруына негізделген. Бұл принципті өзінің логиқалық аяғына шейін жеткізіп, бүкіл жекеменшікті жойып, оны тотальды (біртұтас) мемлекеттендіру арқылы жаңа қоғамды орнатуға бағытталған орасан зор әлеуметтік тәжірибе кеңес елінде сәтсіздікке әкелгенін таяудағы тарихтан жақсы білеміз. Біршама Шығыс елдерінде өндіргіш күштер осы уақытқа шейін төмен деңгейде, кедейшілік, күнбе-күнгі ең қажетті нәрселердің жетіспеушілігі көп жылдарға созылған ауруға айналды. Сонымен қатар кейбір Шығыс елдері (Жапония, Малайзия, Сингапур, Оңтүстік Қорея т.с.с.) өз ділі мен мәдениетін сақтаудың негізінде ең соңғы озық технологияларды игере біліп, постиндустриялық цивилизация сатысына көтерілді. Осы жолмен тез қарқынмен дамып келе жатқан жаңа ғана алғынан тұрып, болашаққа ұмтылған алпауыт Қытайды да атап кетуге болады. Өз егемендігін алған Қазақ елінде реформалар басталғаннан Өз бетінше дайындыққа арналған сұрақтар: 1. Қазақ дүниетанымының қандай ерекшеліктерін көрсетуге 2. Көне түркі мифологиясындағы әйел Құдайдың аты қандай? 3. Көне түркі мифологиясындағы өлімнен қашып, өлместікті 4. Гректердің «Жеті даналарының» бірі болып саналатын 5. «Ақыл, әділет, дәулет, қанағат» құндылықтары елді бақытқа әкеледі», — деген ойшыл кім? 6. «Ақиқат сыйын» жазған ойшылды атаңыз. 7. Сопылық философиядағы «фана» деген ұғымның мағынасы 8. Сопылықтың қай сатысында адам Алла тағаламен қауышады? 9. Өмірде алудан гөрі болуды арман еткен жырауларды есіңізге түсіріңіз. 10.Қазақ даласындағы алғашқы утопист-жырау кім болды? 11.Абылай ханның кеңесшісі болған ұлы жырау кім еді? 12.Қазақтың дана билерін есіңізге түсіріңіз. 13. Қазақ болмысындагы шамандықтың қалдықтарын терең 14. «Адам бол!» ұранын тастаған ойшыл кім еді? 15. Жаңа мектептер ашып, қазақша оқулықтарды алғаш 16.Абай қандай «бес нрседен қашық, бес нәрсеге асық^бол» 17.Сот билігіне жыл кесілмей, сайлауды қалаған кім болды? 18. Шәкәрімнің танымдық көзқарасын қандай бағытқа жатқызуға болады? 19. «Оян, қазақ!» өлеңдер жинағын жазған ағартушы-демократты есіңізге түсіріңіз. 20. «Үш анықты» жазған кім? 21. «Маса» жинағын жазған ағартушы. 22. Кеңес дәуірінде диалектикалық логика саласын дамытқан 23.Ұлт аралық қатынасты зерттеген ғалымдарды есіңізге түсіріңіз. Өтпелі кезең теориясын терең зерттеген ғалым. 24. Отандық философиядағы «батысшылардың» көзқарасын 25.«Діни іргетастық» деп қандай көзқарасты айтамыз? 26. Философиядағы «Отаншыл бағыттың» өкілдерін есіңізге 27. Қазақстанның XXI ғ. болашағына өз дүниетанымыңыздың Рефераттар тақырыбы: 1. Қазақ мифологиясының ерекшеліктері. 2. Анахарсис - жеті грек даналарының біріне айналған түркі 3. Ж.Баласағүн және оның философиялық-этиқалық ойлары. 4. А.Жүйнекидің нақыл сөздері 5. Сопылық философияның ерекшеліктері 6. Қ.Яссауидің діни-этиқалық көзқарастары. 7. Асан қайғы - алғашқы қазақ жеріндегі утопист. 8. Бұқар жыраудың дүниетанымдық көзқарастары. 9. Ш.Уәлихановтың ағартушылық ойлары. 10.Абайдың адам философиясы. 11.Абайдың саяси-құқтық көзқарастары. 12.Шәкәрімнің «ар-ұждан философиясы» және оның бүгінгі 13.XX ғ. басындағы ұлттық-демократиялық бағыттағы ойшылдар. 14.А.Байтүрсынұлының ағарту ісіне қосқан еңбегі. 15.Кенес заманындағы отандық философия. 16.Егемен Қазақстандағы философияның дамуы.
Date: 2016-05-18; view: 1216; Нарушение авторских прав |