Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
А) материалдық болмыс
Бүгінгі таңдағы ғылыми деректерге сүйенсек, материалдық Дүние осыдан 20 млрд. жыл бұрын болған «¥лы Жарылыстың» нәтижесінде пайда болды. Оған дейін материя өзінің сингулярлык, яғни бірнүктелік орасан зор қысымдық жағдайында болған (нүкте көлемі - атомдай - 10 - минус 8 дәрежедегі см. болса, қысымдығы 10-94 дәрежедегі г./см!!!). Мұндай жағдайда өмір сүрген материяның ішінде қандай үрдістердің болғаны жөнінде ешкім ешқандай болжам айта алмайды. «¥лы Жарылыстың» нәтижесінде, негізінен, материяның құрылымының үш деңгейі пайда болды: 1. Макроәлем, ондағы заттардың көлемі адамзат тәжірибесімен салыстырмалы; кеңістік - мм., см., км., ал уақыт - сек., мин., сағ., жыл ұзақтығымен беріледі; Микроәлем - көзге көрінбейтін ұсак бөлшектерден тұрады. Олардың көлемі 10 минус 8-шіден 10 минус 16 дережедегі см. болса, өмір сүру ұзақтығы - 10 минус 24 дәрежедегі сек. дейін. Мегаәлем - орасан зор Ғарыштағы объектілер. Олардың бір-бірінен қашықтығы сәуле жылымен есептелсе, өмір сүру уақыты миллиардтаған жылдарға созылады. Әрбір әлемнің шеңберінде өз өмір сүру заңдылықтары бар. Сонымен қатар олар бір-бірімен өте тығыз байланыста екенін айтып кеткен жөн. Бүгінгі таңда ашылған материяның екі түрін келтіруге болады. Оның бірі - табиғаттың заты болса, екіншісі - физикалык өрістер. Олардың бір-бірінен айырмашылығы:зат бөлшектерден - атомдардан тұрады, ал өріс бөлінбейді; заттың бөлшектерінің тұрақты салмағы (массасы) бар, өрісте жоқ; заттың өткізбейтін, я болмаса аз өткізетін қасиеті бар, өріс өткізгіштігімен танылады; өрістің тарауы сәуленің жылдамдығына тең болса, заттың жылдамдығы бірнеше дәрежеде одан төмен. Егер бізді айнала қоршаған макроәлемді мыңдаған жылдар бойы адамзат зерттеп келсе, микроәлем мен мегаәлем соңғы ғасырларда ғана танылуда. Бүгінгі таңда микроәлемнің құрамында 300-ге жуық элементарлық бөлшектер ашылып, олардың қасиеттері зерттелуде. Соңғы жылдары мегаәлемді зерттеуде де қомақты нәтижелер бар. Олардың бірі Ғарыштың өне бойы кеңеюдегі үрдісі болса, екіншісі реликтік (relic - лат., қалдык) радиотолқындардың таралуы болды. Осы екі жаңалыктың негізінде «¥лы Жарылыс» теориясы жасалған болатын - оны бүгінгі таңдағы ғалымдардың көпшілігі мойындады. Ғарышты зерттеудегі келесі жаңалық - «қара нүктелер», ғалымдардың пайымдауынша, олар сөнгеннен кейін коллапсқа (collapse - ағылш. сөзі, - құлдырау) ұшыраған алып жұлдыздар. Біздің галактикадағы «Магеллан тұмандығындағы» жакында ашылған «үлкен жарылыс» - жаңа жұлдыздардың Дүниеге келуінің айғағы. Сонымен, бір жағынан, жұлдыздар уақыты келгенде сөніп, коллапсқа ұшырап «қара тесікке» айналып жатса, екінші жағынан, жарылыстың негізінде жаңа жұлдыздар Дүниеге келіп жатыр. Қорыта келе, материалдық Дүние өне бойы өзгерісте, қозғалыс пен даму үрдісінде екенін қазіргі жаратылыстану ғылымдары көрсетіп отыр. Біздің білетініміз өте аз. Ғылым әрі қарай дамыған сайын, әлі талай-талай ғажап жаңалықтар ашылатыны сөзсіз. Б) сана болмысы Болмыстың екінші таңғажайып түрі - ол сана, рух, жалпы алғанда, адамның психикасы. Гносеологиялық (танымдық) тұрғыдан қарағанда, сана - Дүниені бейнелеудің ең биік, тек адамға ғана тән идеалдық формасы. Оны біз болашақ «танымға» арналған тарауда көлемді түрде талдаймыз. Сана - материя емес, оны колға ұстап сындырып, я болмаса ауызға салып дәмін байқап, мұрынға жақындатып иісін аныктауға т.с.с. болмайды. Болмыстық тұрғыдан кең түрде карағанда, сана -адамның ішкі жан дүниесі, адам белсенділігінің психикалық деңгейі. Ал оны нактылай келсек, ол, әрине, адамның ой толғаулары. Бірақ ол онымен бітпейді. Ойлау, рационалдық таным -сананың өзегі болғанмен, оған адамның сезім толқындары да кіреді: адам қуанады, ренжиді, ашуланады, шаттанады, сүйеді, жек көреді т.с.с. Егерде біз кең түрде адамның психикасын алатын болсақ, оған санамен катар бейсаналық та кіреді. З.Фрейдтің уақытында ашқан бұл жаңалығының қазіргі өмірдегі маңызы өте зор. Сонымен қатар санаға тең емес адамның ырқы да (воля) бар. Кейбір жағдайларда адам санаға сыймайтын, оған қарсы нәрселерді жасауы мүмкін. Ф.Ницше уақытында айтқандай, «нағыз адам» толкынмен бірге емес, оған карсы жүзеді. Адам Дүниені саналы түрде бейнелеп қана коймай, сонымеп қатар өз ішкі жан дүниесіне сараптау жасайды, міне, осы сәтте оның рухы оянады. Рух категориясы біздің жақында өткен тарихымызда дінмен байланыстырылып, ал «кеңес тоталитаризмі» соңғыға қарсы болғаннан кейін, философиялық әдебиетте өте аз қолданды. Негізінен алғанда, рухқа ғылымдағы жетістіктер, қоғамдық сана формалары жатқызылды. Тек бүгінгі таңда ғана бұл категорияның маңызы өсуде (рух жөнінде көлемді түрде қараңыз: «Мырзалы С.К. Модернизация общества: взаимосвязь политики и морали., Костанай, 1998, 220-264-6.). Жалпы алғанда, рух дегеніміз - адамның өзіндік сана-сезімі, өз-өзіне «сырттай қарап» баға беруі, өз өмірінің мән-мағынасымен қатар, жалпы Дүние жөнінде ойлауы-толғауы, тебіренісі жатады. Бұл, тек дамыған адамға ғана тән нәрсе. Қайсыбір жануарды алсақ, ол өз-өзін бұлдыр сезінеді, өзін қоршаған ортадан бөлек алып, оған қарсы койып қарай алмайды. Оған қабілетті - адам ғана. Жеке адамның рухымен қатар, белгілі бір халықтың рухы жөнінде де айтуға болады. Мысалы, қазақ халқының руханияты, демек, оның өзіне тән дүниесезімі, құндылықтары. Оны әдебиетте «объективті рух» деген категория арқылы береді. Сонымен қатар рухтың жетістіктері ғылыми, көркем шығармалар арқылы өмір сүруі мүмкін. Оны «объективизацияланған рух» дейміз. Мысалы, кайсыбір ұлы суретшінін туындысын қабылдағанда, біздің рухани өміріміз үлкен тебіреністе болып, сан алуан сезімдер мен ойлар жан-дүниемізге келеді. Әрбір адам өзінін рухани болмысына байланысты «Венера» мүсініне әртүрлі қарайды. Біреуі оны «құдіретті теңдесі жоқ әсемдік» ретінде кабылдаса, тайыз надан адам оған «нәпсілік» түрғыдан қарауы мүмкін. Симфония, я болмаса басқа саз формаларын кабылдағанда да соған ұксас тебіреністе боламыз, т.с.с. Дегенмен де рухтың «негізгі үйі» -- нақтылы өмір сүріп жатқан тірі адамның ішінде. Оған акыл-ой, парасат, борыш, ар-ұждан мен ұяттық аяныш, адалдык, махаббат пен сүйіспеншілік, ізгілік пен акиқат, әсемдік, үміт пен сенім, еркіндік пен әділеттілік.т.с.с. жүздеген категориялар жатады. Мысалы, Н.А.Бердяевтің айтуына қарағанда, «рух дегеніміз ақиқат, ізгілік, әсемдік, еркіндік пен мән-мағына... Рух дегеніміз - адам ішіндегі оның құдайлығы» (қараңыз: Н.А.Бердяев. Философия свободного духа., М., Мысль, 1994). Расында да, «Сенің осы Құдайың бар ма?» деп ашына айтқанымызда, адам руханиятының тайыздығын көрсетпейміз бе? Олай болса, адам руханиятының өзегі неде деген сұрақ пайда болады. Бұл талай ойшылдарды тебіренткен сұрақ болатын. Орыстың ұлы ойшылы Ф.М.Достоевский: «Дүниені сақтап қалатын Әсемдік қана», дейді. Әрине, көбісінде, әсемдікке ұмтылған адам зұлымдыққа бармайтыны хақ. Сонымен қатар біз өмірде «салқын лебі» бар, адамды адамнан алшақтататын әсемдікті көріп жүрген жоқпыз ба? Рухты білім, ғылыммен де теңеуге болмайды. Ядролық физиканың жетістіктерін пайдалану жолында адамзат атомдық электр стансаларынан басқа неше түрлі жан түршігерлік қару-жарақ жасаған жоқ па? Қазақтың ұлы ойшылы Шәкәрімнің XX ғ. басында-ақ ар-ұжданның бақылауынан шыққан ғылымның адам түршігерлік салдарларға әкелуі жөніндегі идеяларын еске алсақ та болғаны. Сондықтан Шәкәрім рухтың өзегін ар-ұжданнан көрген болатын. Бұл пікірді ұстаған философия тарихындағы И.Кант, Абай, С.Л.Франк сияқты ойшылдарды келтіруге болады. XX ғ. экзистенциализмнің көрнекті өкілі В.Франкл: «Ар-ұждан - адамның ішкі Құдайы», - деген болатын. Біршама зиялылар рухтың өзегін махаббат, сүйіспеншіліктен С) сана мен ми Сана қаншалықты идеалдық қүбылыс болғанмен, белгілі бір материалдық негізсіз өмір сүре алмайды. Осы арада психо-физиологиялық мәселе пайда болады. Бүгінгі деректерге сүйенсек, сананың физиологиялык негізі адамның миында жатыр. Ол, негізінен алғанда, екі жарты шарды кұрайды. Оның үсті өте нәзік қабықтан - нейрон клеткаларынан тұрады. Орташа есеппен алғанда олардың саны 14,5 млрд. Әрбір нейрон клеткасы адам саусақтары сияқты 4-5 өсіндіден тұрып, солар арқылы бір-бірімен байланысады. Сонда орташа есеппен алғанда 65-70 млрд. жуық байланыс нүктелері пайда болады. Егерде шахмат ойыншылары 64 клеткада 32 фигуралармен миллиондаған ойын варианттарын тудыра алса, 70 млрд. жуық «клеткалары» бар мидың потенциалы шексіздікке кетпей ме?! Адамның миы өз салмағының 2,5%-ын құрағанмен, организмнің қабылдайтын оттегінің 20%-ын жағады екен, бұл да ғажап емес пе? Яғни жүрекпен қатар, ми да өте интенсивті жұмыс істейтін мүше екені анықталды. Адам өз түйсіктері арқылы сыртқы Дүниедегі құбылыстарды қабылдап, алынған ақпаратты жүйке жүйелерімен арнаулы ми бөлімдеріне жеткізеді, міне, осы сәтте оларды сараптау басталады. Қазіргі деректерге сүйенсек, ол өте күрделі биоэлектрлік «кванттык өрістер» негізінде жүреді. Ал мидың ішкі құрылымдарына келер болсақ, олар әлі дұрыс танылмаған, өте күрделі де көне болып танылады. Олар бүкіл физиологиялық үрдістерді бейсаналык жолмен ретке келтіріп отырады деп болжауға болады. Мысалы, сіздің жүрегіңіз минутына 60 рет соқса, оны басқаратын мидың бөлігі сіздің жүрегіңізге 60 рет элктроимпульс жіберіп, оны соқтыртады... Адамның бауыры әсіресе интенсивті түрде таңғы сағат 4-тен 6-ға шейін істейді екен. Бұл үрдістің уакытын анықтап басқаратын мидың арнаулы бөлігі бар т.с.с.Миды зерттеудегі негізгі қиындық - адамның ең биік құндылық екендігі, олай болса, оған ешқандай эксперименттер жасауға болмайтындығы. Сондықтан адамның миы тек жанама түрде ғана зерттеледі. Мұндағы зерттелмеген нәрселер - шаштан да көп.
д) Сана және онын әлеуметтік табиғаты Ми сананың өмір сүруінің физиологиялық негізін құрғанына қарамастан, ол - тек кұрал ғана. Сондықтан да тарихта өмір сүрген улы адамдардың миының ерекшелігі зерттелген кезде, онда ешқандай ерекшелік байқалмады. Мысалы, француз жазушысы А.Франстың миының салмағы 1100 г. болса, И.С.Тургеневтікі 2200 г. болған. Лениннің миынан да ешқандай ерекшелік табылмаған. Адам ми арқылы ойлағанмен, оның негізгі органоны коғамның өзі болып табылады. Адам басқа адамдар, жалпы қоғаммен, кітаптар арқылы өткен ұрпактармен сан қилы шым-шытырық байланысқа түсудің негізінде өз ойын дамыта алады. Сана - адамдар жасаған әр затта, оны айнала қоршаған «жасанды табиғатта» сөнген. Өзінің өмірінің барысында сол заттарды пайдаланып, адам ондағы сөнген рухты қайта тірілтіп, өз санасының қүрамына айналдырады. «¥лы мәртебелі Табиғаттың» жасаған «аянышты тәжірибелеріне» тоқталсақ, жоғарыда айтылған ойдың ақикаттығына көзіміз жетеді. 1920 ж. Үндістан еліндегі орманда каскырдың соңында төрт аяқтап жүгіріп бара жатқан екі егіз кыз ұсталады. Олар қаскыр алып кетіп өсірген Амала мен Камала болып шығады. Оларды адами өмірге қайтару мақсатында Дели университетінің психология факультетінде зерттейді. Ақырында, адами катынастарға шыдай алмай Амала өледі де, Камала 16 жасқа шейін өмір сүріп, небары 30-ға тарта сөздің мән-мағынасын ұғады. Бірақ ол сөздерді сөйлем ретінде бір-бірімен ұштастырып айта алмайды. Олар күндіз енжар болып калғу үстінде болса, түнге карай көздері жарқырап, қасқырша ұлып, белсенділік көрсетеді... Екінші ғылыми экспериментті Кеңес Одағының көрнекті ғалымдары В.Мещеряков пен Э.Ильенков 60-шы жылдарда жасайды. Олар көзі көрмей, кұлағы естімей туган 4 баланы тәрбиелеп, адами өмірге әкеледі. Ең алдымен оларды кеңістікті сезінуге үйрету керек болды. Ол үшін балаларға емізікпен тамақ берген кезде, оны бірте-бірте аузынан алшақтатады, бала болса оны қолымен ұстап жібермеуге тырысады, яғни ол кеңістікті сезіне бастайды. Жүре келе олардың қолына қасық ұстатып, тәрелкеден тамақ алып, аузына жақындатып салуға үйретеді т.с.с. Сонымен адами заттарды игерудің аркасында олардың сана-сезімі оянып, олар адамдардың қатарына косылып, тіпті сөйлеу дәрежесіне дейін көтеріледі. Қалам иесі 1976 ж. болған ММУ-дағы жұмыс сапарында олармен көзбе-көз кездесіп, сұхбаттасқан болатын. Олар ол кезде психология факультетінің студенттері еді... Бұл теңдесі жоқ ғылыми теріске шығарды, сонымен қатар сананың әлеуметтік табиғатты эксперимент И.Канттың кеңістік жөніндегі априоризмің шынайы көрсетті. Келесі экспериментті АҚШ-тағы ғалымдар жасады. Олар шимпанзенің жаңа ғана туған баласын қолдарына алып, әлди-әлди өлеңдерін айтып, адами жолмен тәрбиелеп өсірді. Бірақ ол сөз ұғу дәрежесіне көтерілмеді. Сонымен қатар ол 240-қа жуык «ымдау тілімен» (язык жестов) айтылған мән-мағынаны түсінетін дәрежеге көтерілді. Қаншалықты тәрбиелесе де, жалпы алғанда, ол адами өмірге жат болып шықты. Бұл айтылған деректердің бәрі де сананың әлеуметтік адами құбылыс, ал мидың өзі ойлау кұралы екенін көрсетеді. Е) сана жэне тіл Ойлау үрдісін тілсіз көзге елестету - өте киын шаруа. Егер ми сананың физиологиялық негізі болатын болса, тілді шынайы ойдың «материясы» ретінде түсінуге болады. Айтылған сөз - дыбыс толқындары - материалдық құбылыс екені ешкімнің дауын тудырмайтын жайт. Тіл дегеніміз - ойды, адами қатынастарды қамтитын белгілі бір белгі жүйесі. Тіл - ойдың сыртқы материалдық қабығы, соның арқасында адамдар бір-біріне неше түрлі ақпараттарды, өз ойларын жеткізе алады. Сонымен қатар адамның өзіндік санасының өзі тілмен берілген, тілсіз ойлау тіпті мүмкін емес. Тіл мен сана - күміс ақшаның оңы мен астары сияқты, бір-бірінсіз өмір сүре алмайды. Тарихи қоғамның Дүниеге келуі - тіл мен сананың да пайда болуымен тең. Тілдің Дүниеге келуінің биологиялық алғышарттары ретінде жоғарғы жануарлардың неше түрлі дене қозғалыстары мен дыбыс сигналдарын айтуға болады. Алғашқы тобырда бірігіп, аң аулау барысында ең алдымен «ымдасу тілі», дене қозғалыстары арқылы адамдар әр түрлі хабарларды бір-біріне жеткізеді, сонымен қатар неше түрлі сезім толқындары (қуаныш, я болмаса қайғы, ауыру т.с.с.) олардың аузынан неше түрлі дыбыстарды шығарады. Соңында, еңбек құралдарын жасауға көшкен кезде, ой мен тіл шынайы тез қарқынмен дами бастайды. Әр халық өзінің дүниеге келуі мен даму барысында өзіне тән тілін қалыптастырады. Мыңдаған жылдар бойы жасалған өмір тәжірибелері қорытылып, тіл халықтың рухани байлығына айналады. Бүгінгі таңда жер бетінде 2000-ға жуық ұлттық тілдер бар, бірақ адамзат ой өрісі бірегей, сондықтан да халықтар арасында түсіністік пайда болады. Оның негізгі себебі - ой аркылы Дүниенің зандылыктарының бейнеленуі. Адамзатты айнала коршаған орта бір болғаннан кейін, ойлау формалары да - бір. Бүгінгі таңдағы дамыған адамзат неше түрлі тілдің жүйелерін жасады. Әрбір ғылымның өзінің категориялық аппараты бар. Ғылыми ұғымдар бір-бірімен өте тығыз байланыста болып, сол заттың жүйесін құрайды. Мысалы, биология ғылымын «тұқым қуушылық», «өзгерушілік пен тұрақтылық», «ассимиляция мен диссимиляция», «табиғи таңдау» т.с.с. категорияларсыз көзге елестету мүмкін емес. Философия пәнін кұрайтын жүздеген категориялардың ішінен «материя», «сана», «кеңістік пен уақыт», «қозғалыс», «даму», «терістеу» т.с.с. атап өтуге болар еді. Жолдағы қозғалысты ретке келтіретін ережелерді алсақ, оның тілі — өзгеше т.с.с. Бірақ, қалай дегенде де, барлық ғылым, өнер мен өндірістегі жасанды тілдер тек халыктық тілдің негізінде ғана өмір сүре алады. Егер ұлттық тілді көркемдеп, үлкен ағаштың діңі ретінде көрсетсек, онда басқа жасанды тілдер оның бұтақтарын қүрайды. Ал бұтақтарда өсіп түрған жапырақтар сол саланы қүрайтын үғымдар болып табылады. Өз тәуелсіздігін алған Қазак елінде казіргі уақытта ана тілімізді дамытуға көп көңіл бөлінуде. Соның бір кішкентай айғағы ретінде осы оқулыкты алсақ та болғаны. Ана тілі - зор рухани байлық. М.Хайдеггер айтқандай, «тіл - болмыстың үйі». Ал оның әріптесі Г.Гадамерге келер болсақ, ол: «Тіл дегеніміз алдын ала түсіндірілген Дүние», - деген терең ой тастаған екен. Олай болса, тек ана тілін терең меңгеру арқылы ғана адам өз ұлтына тән дүниесезім мен қабылдау, көзқарасты өз бойында қалыптастыра алады. Өзіміздің ұлы бабамыз А.Байтұрсынұлы айтып кеткендей, «Тілдің ғұмыры ұзақ. Оның жолы жылдап емес, жүз жылдап емес, мың жылдап саналады». Осы мьщдаған жылдар шеңберіндегі қалыптасқан ана тіліміздегі інжу-маржанды аса ұқыптылыкпен зерттеу, оның талай-талай ашылмаған сырларын халыққа жеткізу, сонымен қатар оны жаңа өмір талаптарымен ұштастыру — бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселелерге жатады. Бір дәуір екіншіге ауыскан жағдайда жаца мәдени ахуал дүниеге келіп, бұрынғы көзкарасты, құндылықтарды сынға алған жаңа саяси, моральдык, эстетикалық т.с.с. идеялар пайда болады. Бірақ, сонымен катар әрқашанда белгілі бір тұрақты ой-өріс қала бермек. Ол - тіл және оны күрт өзгерту ешкімнің де қолынан келмейді. Тілдегі қалыптасқан мәдениет үлгілері ұрпақтан-ұрпакка өтіп, олардың өмір салтына, іс-әрекетіне, ой-өрісіне өз ықпалын тигізіп, адамдардың өзара қарым-қатынасына үлкен әсер етеді. Сонымен қатар тіл де, басқа әлеуметтік құбылыстар сияқты, өне бойы өзгерісте, дамуда. Тілді тазарту, тарихи ұмыт қалған сөздерді өмірге қайта енгізу, жана сөздерді тудыру - бүлардьщ бәрі де керек нәрселер. Бұл жағынан алып қарағанда, біршама жұмыстардың беті қайтарылған тәрізді. Сонымен қатар бұл салада да асыра сілтеушілік жоқ емес сиякты. Әсіресе бүгінгі таңда, казақ елі бүкіл дүниежүзілік қауымдастықпен тығыз экономикалык, саяси жэне мәдени карым-қатынасқа түсіп жатқан кезде, көп ұлттардың сөздіктеріне кеңінен еңген сөздерді алып тастап, оларды «жаңарту» біздің тілімізді жаңартар ма екен, я болмаса басқа қауымдастықтардан алыстатар ма екен? Біріншіден гөрі екінші ақиқатқа жақын ба деп ойлаймыз. Мысалы, «цивилизация» деген бүкіл жер шарына кең тараған ұғымның орнына «өркениет» деген сөз енгіздік. Ал олардың мазмұндары бір-біріне сәйкес келмейді. «Цивилизация» ұғымы, негізінен алғанда, коғамның заттық, материалдық деңгейін көрсететін ұғым болса, «өркениет» (түбірі - ниет) адамның, қоғамның рухани өмірін бейнелейтін, «мәдениет» деген ұғымға жақын сөз. Соңғы жылдары «тексті» «мәтінге» (түркі емес, араб сөзіне ауыстырғанда не пайда таптық?), «класты» «сыныпқа», «архивті» «мұрағатқа» т.с.с. ауыстырдық. Біз мұндай «тазартулардың» пайдасынан гөрі зияны көп болмас па екен деген күдіктеміз. Дегенмен де қазақ тілінің арнасы бүгінгі таңда кеңеюде. Әрине, оны толыққанды мемлекеттік тіл дэрежесіне жеткізу үшін біршама уақыт керек. Ол үшін әрбір қазақ азаматы белсенділік көрсетіп, өз тілін терең меңгеріп, кең түрде қолдануы қажет. Сонда ғана басқа халықтардың өкілдері де қазақ тіліне деген шынайы бетбұрыс жасайтыны сөзсіз. Date: 2016-05-18; view: 1133; Нарушение авторских прав |