Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






XII тарау. XX ғасыр мәдениеті аясындағы философия





Кіріспе сөз

Жаңа ғана көз алдымыздан өткен XX ғасыр тарихтың қойнауына кіріп, тыныштыққа ие болып жатыр. Болашақта оның адамзат тарихына тигізген ықпалы терең түрде талданып, анықталады. Дегенмен бүгінгі таңның өзінде біз оған көз жіберіп, оның адамзат тарихына тигізген орасан зор ықпалын, терең де ұшқыр қайшылықтарын, жетістіктері мен кемшіліктерін т.с.с. талдауымызға әбден болады. Сонда ғана біз осы ғасыр тудырған философиялық ой-пікірлерді жете түсіне аламыз.

XX ғасыр адамзаттың дүниетану мүмкіншілігі мен соның негізінде оны қайта өзгертудің тамаша жетістіктерін көрсете білді. Изиданың жапқышының үстіндегі «Мен - Солмын, болғам, болып жатырмын және болашақта болам да, өтпелі пенде менің жапқышымның етегін ешқашайда көтере алмайды», - деп жазған сөздерді адамзат XX ғасырда теріске шығарған сияқты. Осы ғасырда табиғаттың ең терең құпиялары ашылып, адам игілігіне жұмсала бастады. Мысалы, бүгінгі Францияда қоғамға қажет электр қуатының 68 пайызын атомдық электростанциялар береді! Бүгінгі адам ми далада жүріп, ұялы телефонмен ғарыш арқылы мыңдаған шақырым алыстықта өмір сүріп жатқан жолдасымен, я болмаса әріптесімен сөйлесе алады, компьютер арқылы неше түрлі ақпаратты қабылдап, өзінің білімін өсіріп, өмірде пайдаланады. Лондонның «Хитроу» аэропортынан «Конкорд» деген дыбыстан да жүйрік ұшаққа мініп, бірнеше сағаттан кейін жердің ана жақ бетіндегі «Кеннеди» атындағы әуежайға қонып, АҚШ-тан бір-ақ шығуға болады! Бүгінгі таңда ғарыштағы жасанды серіктер мұхиттағы балықтардың жиналған жерін анықтап, сол жерге кемелерді жібереді, қай жерде қандай табиғи байлықтар барын болжай алады, ауа райы жөнінде мәлімет беріп, т.с.с. ақпараттар жеткізеді. XX ғасырда жасалып, бүгінгі миллиардтаған адамдардың өміріне кеңінен кірген заттардың ішінен машиналар мен ұшақтарды, неше түрлі байланыс жүйелерін, радио мен телевидениені, компьютерлерді, жасанды материалдарды т.с.с. атап кетуге болар еді. Бұлардың бәрі де тек XX ғасырда пайда болып, өмірді күрт өзгертті! XX ғасырда пайда болған өндіргіш күштердің қуаты бүкіл адамзат цивилизациясының бұрынғы 4-5 мың жылдардағы жасағанынан анағұрлым асып түседі! Бұл айтылған деректердің бәрі де болашаққа деген оптимистік өмір сезімін тудырын, табиғаттың барлық стихиялық күштері ертелі-кеш игеріледі деген сциентистік көзқарастарды тудырды.

Бірақ біз бұл жерде «шыңға қарай өрлеу - құлдырауды тереңдете түседі» деген нақыл сөзді естен шығармағанымыз жөн. Атомдық электр станцияларымен бірге өмірде атомдық бомбалар пайда болып, Хиросима мен Нагасаки трагедиясына, Семей полигоны сияқты радиациямен уланған жерлердің көбеюіне, ол жерде өмір сүріп жатқан адамдардың геноцидке құллырауына әкеліп соқты. Чернобыль атом станциясындағы жарылыс адамзаттың ғылыми тәкаппарлығын су сепкендей басып: «Тоқта, сен Құдай емессің, аяғыңды байқап бас!» - деген сияқты болды.

XX ғасырдағы қоғамдық өзгерістерге келер болсақ, олар да қайшылықтарға толы. Бір жағынан, адамзаттың мыңдаған жылдар армандаған «жерүйығын» - коммунизмді дүниеге енгізуге бағытталған орасан зор батыл да қайғылы әлеуметтік тәжірибе XX ғ. 70 жылдан артық уақытын алды. Ақырында, ол тарихи тұйықтыққа әкеліп тіреді. Дүниенің байлығын қайта бөлу әрекеті екі бұрын-соңды болмаған дүниежүзілік соғыстарға әкеліп, миллиондаған қыршын жастардың өмірін алып кетті. Гитлер мен Сталиннің жасаған зұлымдықтарымен салыстырсақ, Калигула мен Неронның, Атилла мен Шыңғысханның, Иван Грозный мен Наполеонның жасағандары баланың ойыншығы сияқгы! Мұндай жағдай философиядағы адам өміріне деген терең тебіреністерді тудырып, «өмір философиясын», әсіресе э кзистенциализм бағытын күшейтіп, оның «діни» және «атеистік» бағыттарын дүниеге әкелді.


XX ғ. екінші жартысында дамыған капиталистік елдер «постиндустриалдық цивилизацияның» шеңберіне кіріп, өздерінің халықтарына жеңіл де бай өмір салтын ұсынды. Демократия біршама жетістіктерге жетіп, «адам құқтарының» сақталуына көп көңіл бөліне бастады.Бірақ байлықтың өсуі адамзаттың рухани-адамгершілік жолындағы өрлеуін тездеткен жоқ, тіпті, керісінше, оны тоқыратып тастағандай болды. Бір жағынан, жер бетінде өмірдің қызығына тоймай, күнбе-күнгі өмірден ләззат іздеген дамыған елдердегі «алтын миллиард», екінші жағынан, күнбе-күн аштықтың зардабын көрген тағы да «миллиард», ал ол екеуінің ортасында аласапыран қиындықтарды басынан өткізіп, жақсы өмірге ұмтылыл жатқан кедей елдердегі адамзаттың қалған 4 миллиарды! Бүгінгі таңда XX ғ. орта кезеңінде пайда болған адамзаттың жарқын болашағы жөніндегі идеялар біршама сөніп, ғасырдың аяғына қарай дессимистік антисциентистік дүниесезім бой алып келе жатқан секілді. Ал енді XX ғасырдың рухани мәдениетіне тоқталсақ, ол да кеше түрлі шытырман қайшылықтарға толы. Бір жағынан, орасан зор ғылыми жетістіктер, мәдениет кұндылықтарын миллиондаған данамен басып, халыққа тарату мүмкіншіліктерінің өсуі т.с.с., екінші жағынан, адамның техника, өлі байлық, дене ләззатының құлына айналуы. Бір жағынан, XX ғ. бүкіл адамзат тарихының беттерінде сирек кездесетін ұлы гуманистер - Тереза-ана, А.Сахаров, А.Швейцер, Махатма Ганди т.с.с. өмір сүрсе, екінші жағынан, бұл ғасыр Гитлер, Сталин, Муссолини, Пол-Пот т.с.с. залымдарды дүниеге әкелді.Бүгінгі адамзатқа керекті нәрсе - жер бетіндегі ғарыштың әсем гүлі - өмірді сақтап қалу, ғылымның жетістіктерін адамгершілікпен ұштастырып, жаңа жағдайда «мәңгі сұрақ» - адамның өмірінің мән-мағынасы мен не үшін жаратылғанына - жаңа шешім іздеу, осы жолда бақталастық емес, халықтардың бір-бірін толықтыруы, өзара бір-бірін ақтауы, көмектесуі қажет сияқты.Әрине, мұндай талдауларды әрі қарай жалғастыра беруге болар еді.Бірақ жоғарыда көрсетілген сиппатамалар XX ғ. пайда болған философияның ағымдарын жете түсінуге мүмкіншілік береді деген ойдамыз. Олай болса, өткен ғасырда пайда болған көп философиялық ағымдардың негізгілерін талдауға көшейік.







Date: 2016-05-18; view: 870; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию