Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Табиғат философиясы





Жаңа дәуірдегі философияда натурфилософиялық мәселелерді өз заманындағы ашылған жаратылыстану ғылымдарындағы деректермен ұштастырып, сонымен катар біршама жаңа ойларды дүниеге келтірген Шеллингті, бұл жағынан алғанда, ешкіммен салыстыруға болмайды. Оны Фихтенің жасаған «Үлкен Мені», әсіресе табиғатты тек кана құрал ретінде түсінуі канағаттандырмайды.

Дүниенің алғашқы бастауын Шеллинг Абсолюттен көреді. Ол - субъект пен объектінің тепе-теңдігі. Өзінің алғашқы кейпін алар болсақ, ол - өзінің субъект, иә болмаса объект екенін әлі білмейтін рух, саналы және бейсаналы іс-әрекеттің теңдігі. Сонымен Шеллингтің сөздерімен айтсак, Абсолют «өзінің мәні бойынша идеалды да, реалды да емес, ойлау да, болмыс та емес бірдеңе».

Алайда бұл бірдеңенің дамуға деген талпынысы бар. Оның алғашкы нактылы көрінісі - ол Табиғат. Егер Фихтенің философиясында «әрекет ет!» деген талап үлкен орын алса, Шеллинг: «Бол!» - дейді.

Сонымен, Шеллингтің ойынша, алғашқы Дүниенің негізінде жатқан тепе-теңдік, оның өмірде болу кұштарлығын оятып, ол табиғатка айналады. Табиғат өзінің алғашқы өмір сүруінен бастап құнарлы, өндіре алатын күш – natura naturans, оны тек кана жұмсақ, кай нәрсені болмасын қабылдай алатын негіз – natura naturata - деп есептеуге болмайды.

Әрине, табиғат өзінің алғашқы сатыларында бейсаналық, стихиялық тұрде іс-әрекетге болғанымен, ол белгілі бір мақсатка лайықты нәтижелерге әкеле бастайды. Табиғаттың осындай даму сатыларын Шеллинг заттардың бір-біріне тартуы мен өзара итерулерінен көреді (физикалық тілмен айтқанда, гравитация мен магнетизм). Келесі сатыда табиғатта химиялық өзгерістер пайда болады, ал оның өзі электрлік процестермен тығыз байланысты. Ал бұл процестердің өзі жүре келе тіршілік әлемін дүниеге әкеледі. Осы тұрғыдан Шеллинг тіршілік жөніндегі әртүрлі преформистік көзқарастарды сынға алады (praeformo - латын сезі, алдын ала құрамын).

Әрине, тіршілік дами келе өзінің ғажап туындысын - адамды Дүниеге әкеледі. Осы тұрғыдан алғанда, адам мен табиғат - субъект пен объектінің бірегейлігін көрсетеді. Таза табиғаттағы гравитация (тарту) қасиеті идеалды өмірде бақылауға ауысады. Соның негізінде адамның ішкі өмірінде бірте-бірте өзіндік сана-сезім пайда бола бастайды.

Өзіндік сананың тарихын Шеллинг үш сатыдан көреді.

Бірінші сатыда ол көмескі түйсіктен шығармашылық аңдауға шейін көтеріледі. Бұл сатыда ішкі сезім мен сезінілетін объект әлі бір-бірімен тең.

Екінші сатыда шығармашылық аңдаудан ұғымдарды туғызуға дейін көтеріледі (кеңістік, уакыт, себептілік, қажеттік т.с.с. категориялар пайда болады).

Үшінші сатыда ұғымдардан өзіктік санаға дейін көтеріледі, яғни субъект өзін сыртқы Дүниеге қарсы қойып, сонымен қатар өз-өзін объект ретінде тани алатын дәрежеге көтеріледі. Демек, бейсаналык тарихтан өтіп, белсенді, ерікті және саналы, табиғаттың құрсауын бұзып шығатын күшке айналады. Яғни табиғат қоғамға ауысады. Бұл арада біз Шеллинггің тарих философиясына келіп тірелдік.







Date: 2016-05-18; view: 2607; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию