Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Легальдық және моральдық іс-әрекеттер
Адамды белгілі бір іс-әрекетке итеретін тәртіп ережесін И.Кант императив дейді. Оның екі түрі бар. Біріншісі - гипотетикалық императивтер. Олардың ережелері өмірде қалыптасатын нақтылы жағдайларға байланысты, ал соңғылар әрқашанда өзгерісте. Гипотетикалық императивтер, сондықтан адамның сыртқы, яғни гетерономдық жүріс-тұрысын ғана анықтайды, оның ішкі мотивтерін есепке алмайды. Мысалы, «егер сатып алушылардан айырылып қалғың келмесе, онда сауда-саттықта олармен адал бол», «егер өзіңе пайда болсын десең, онда басқаларға қызмет ет» т.с.с. Мұндай ережелерге сай жүріс-тұрыс, әрине, құпталады. Сонымен қатар олар орындалмаған жағдайдағы жазалау мүмкіндігі де адамға өз әсерін тигізбей қоймайды. Мұндай жүріс-тұрысқа И.Кант легальды, яғни заңға қарсы емес деген ат қояды. Императивтердің екінші түрі -ол категорикалық императивтер - оның ережелерінің түптамыры моральдық салаға кетеді. Оның талаптары үзілді-кесілді, қажетті түрде әрқашанда орындалуы керек. Оның талаптары өмірден алынған тәжірибеден емес, адамның трансценденттік табиғатынан шығады. Ол ешқандай «егер» деген сөзден басталатын тәртіп тәжірибесін мойындамайды. Сонымен қатар гипотетикалық императивтер моральдық ережелерге қарағанда төмен болғанымен, соңғыларға қарсы емес. Мысалы, егер суға батып бара жатқан адамды құтқарған кісі сол үшін сый алу мақсатымен суға түссе, онда оның іс-әрекеті легальды. Ал ондай есеп болмай, тек кана парыздың негізінде, өз өмірін ойламай, басқа адамды судан шығарамын, өлімнен құтқарамын деген оймен суға тап берген адамның іс-әрекеті -- моральды. Сонымен легальдық пен моральдыктың шекарасы адамның ішкі сана-сезімі арқылы өтеді екен. Енді сол И.Канттың моральдық салада жасаған категорикалык императивін талдайық. Ол былайша берілген: «әрқашанда жүріс-тұрысыңның ережесі бүкіл адамзаттың талабына сай келсін», яғни сенің орныңда сол жағдайда басқа адам болса, ол да солай істер еді. Категорикалық императивтің талаптарын орындау жолында адам ешкандай пайдақорлықты іздемеуі керек. Тек басшылыкка баска адамдар алдындағы парызымызды алуымыз кажет. Категорикалық императивтің екінші ережесі «әркашанда адамзатқа, - ол өзің, иә болмаса басқа адам болса да, - ешқашанда құрал ретінде қарама, әрқашанда оны мақсат тұт». Адам - бұл дүниедегі ең биік кұндылык, оны басқа еш нәрсемен салыстыруға болмайды. Бұл ұлы гуманистік принцип қайсыбір діндегі адамды төмендететін қағидаларға карсы бағытталған. Оны И.Канттың моральдық философиясының күшті жақтарына жатқызуға болады. Ал енді И.Канттың моральдык философиясының әлсіз жақтарына келер болсак - ол парыз бен бақытты бір-біріне қарсы қою. Егер мен басқа адамға жақсылыкты оны сүюдің, жаксы көрудің негізінде жасасам, онда ол іс-әрекет өзінің моральдық жағын жояды. Моральдық жолда адам тек кана парызды басшылыққа алуы кажет. И.Канттың ойынша, тек кана «Парызды орындадым» деген ой ғана адамды өзін бақыттымын деген сезімге әкеледі. «Парыз, сен сәулетті, ұлы сөзсің!» - деп қорытады И.Кант. Әрине, адамдардың карым-катынасында, олардың ішкі ойлары мен сезімдері үлкен орын алады және адамдар оны аса бағалайды. Бірак нақтылы жасалған іс-әрекетті де естен шығармаған жөн. Нақтылы күнбе-күнгі өмірде біз біреуді сүйеміз, екіншіні жек көреміз, үшіншіні сыйлаймыз т.с.с. Адамның сезім тебіренісінсіз ешқандай қарым-катынас жок, олай болса мораль саласынан адамның сана-сезімін алып тастау тек қана абстрактылык теорияда ғана болса керек. Date: 2016-05-18; view: 871; Нарушение авторских прав |