Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Фихтенің философиясы
Иоган Готлиб Фихте (1762-1814 жж.) - И.Канттан кейінгі неміс классикалық философиясының өкілі. Иена және Лейпциг университеттерінде оқып, білім алған. Бір жағынан алғанда, И.Фихтенің өмір сүрген уакыты Ңаполеонның Еуропа елдерін жаулап алып, империя құруымен байланысты болса, екінші жағынан, Германияның өзіндегі феодалдық қатынастардың іріп-шіріп, буржуазиялық-демократиялық қоғамға қарай бетбұрысымен байланысты болды. Сондықтан И.Фихтенің бүкіл жан-дүниесін баурап алған идея - ол неміс халқын азат ету, оған бостандық әперу, екінші жағынан, жеке тұлғаның еріктігі үшін күресу, феодалдық адам тәуелділігіне қарсы шығу. Бұл идеяларды философиялық жолмен негіздеу үшін И.Фихте субъективтік идеалистік философия жолына түсіп, өзінің тамаша ойларын дүниеге әкеледі. И.Фихтенің философиясын терең түсіне алмаған замандастары ол жөнінде неше түрлі аныздар қалдырған. Солардың бірі: Фихте өзінің зайыбымен театрға келгенде, әйелдер бір-біріне сыбырлап: «Фихте мырза, бізді айтпағанның өзінде, өз әйелін басындағы қиялы ғана деп есептей ме екен», - деп күлген екен. Неміс халқын азат ету жолында Фихте соғысқа өз еркімен кетіп, сүзек ауруынан 1814 ж. қайтыс болады. Негізгі еңбектері: «Ғалымның міндеті», «Ғылым жөніндегі ілім», «Неміс ұлтына арналған сөздер» т.с.с. Адамның еріктілігін, оның моральдық іс-әрекетін негіздеу жолында Фихте тұлғаның рухани белсенділігін көрсетеді, ал оның өзі бүкіл Дүниенің негізін құрайтын рухани үлкен күштің жалғасы ретінде түсіндіріледі. Фихтенің ойынша, Дүниенің бастауы «Үлкен Менге» барып тіреледі. Ол - ешқандай шектелмеген, таза, қайсыбір сезімдіктен жоғары белсенділік, еріктік, іс-әрекеттік, өзін-өзі толығынан танып-білуге ұмтылған, өзінің себебі өзіндегі рух. Сондықтан ол Дүниені өз ішінен жарата алады. Фихтенің ойынша, Дүниенің өмір сүруінің үш негізі мынандай: 1. Алғашында орасан зор тебіреніс арқылы «Үлкен Мен» өз-өзін анықтап «Мен - Менмін» деген дәрежеге келеді. 2. Келесі сатыда «Мен» өзінен «Мен еместі» тудырып, өзіне карсы қояды. «Мен емес» өз ішінде «кіші Мен» (оның санасы бар) мен бірге табиғатты (оның санасы жоқ) камтиды. Сонымен «кіші Мен» - ол тарихта өмір сүріп жатқан тұлғалар - тірі адамдар. 3. Соңғы сатыда шексіз «Үлкен Мен» мен өзі тудырған «Мен еместің» арасында, бір жағынан, шексіздікке бағытталған, екінші жағынан, шектелген диалектикалык байланыстар пайда болады. Сонымен қатар «Мен еместің» өз ішінде адам (кіші Мен) мен Табиғаттың арасында «кіші Меннің» белсенділігі, оның қоршаған ортаны, қол астындағы болмысты өзгерту, «Үлкен Менге» қарай ұмтылу, соған қосылу іңкәрінің негізінде күрделі байланыстар пайда болады. Фихтенің ойынша, «Мен еместің» ішіндегі құрамдас бөлік - табиғат - өз-өзіне жеткілікті, дербес емес, ол тек қана объект, зат, кедергі. Оны субъект - «кіші Мен» әр қашанда іс-әрекет арқылы бұзып, игеріп, өзін-өзі толықтырып, «Үлкен Менге» жақындай түседі. Алайда «кіші Мен» мен «Үлкен Мен» бір-біріне толық ұласып кетпейді: ондай жағдай болғанда ешқандай іс-әрекет қажет болмай қалар еді. Сондықтан бүкіл адамзат тарихы - «Үлкен Менге» - Дүниежүзілік рухка өне бойы шексіз жақындау. Сонымен «Үлкен Мен» Дүниедегі барлық субъектілер мен объектілерді жаратады. Оның барлық тірі адамдардың санасына қарым-қатынасы бар, бірақ ол өзі шексіз болғаннан кейін, нақтылы тұлға бола алмайды. Ал енді адамның тұлғалық өзіндік санасына келер болсақ, ол тек қана өзінің «мен еместен», яғни табиғаттан айырмашылығын түсіне келе ғана пайда болады. Олай болса, субъектісіз объект жоқ, объектсіз субъект жок. Олардың өзара байланысында, әрине, субъект шешуші рөл атқарады, оның рухани күштері, шығармашылық іс-әрекеттері айнала қоршаған ортаны өзгертуге бағышталған. Өзінің ішкі мүмкіндіктерін сыртка шығарып қана тұлға өз-өзін орнықтыра алады, яғни еріктікке жетеді. Материалдық дүниені - Табиғатты игеру тарихы, Фихтенің ойынша, адамзат мәдениетінің калыптасып дамуымен тең. Осы процесте адам тек қана табиғатты игеріп қана коймай, сонымен қатар өзінің табиғи негіздерін де жетілдіру керек, сонда ғана ол бақытқа жетеді. Осы арада біз Фихтенің тарих философиясына жақындап қалдық. Тарих философиясы Тарих мәселелерін Фихте идеалистік мақсатқа лайықтылык, жолмен шешеді. Абсолюттік «Мен» (Үлкен Мен) - тарихи дамудың қайнар көзі, аныктамасы жэне мақсат мұраты. Тарих дегеніміз - ол дүниежүзілік зерденің қалыптасып, күрделеніп шексіз алға ұмтылуы. Әрине, ол жеке адамдардың іс-әрекеттері мен шығармашылың шабыты арқылы жүзеге асады. Фихтенің ойынша, тарих алға қарай жылжыған сайын, адамның еріктігінің де өрісі кеңейе береді. Адамдар өзінің алдына қойған мақсат-мүраттарын іске асыру жолында табиғатпен (Мен емес) күрделі қарым-қатынасқа түсіп, оның қойған қиын кедергілерін жеңіп, белестерінен өтеді. Олай болса, еріктік өрісінің кеңеюі білімнің өсуімен тығыз байланысты. «Еріктіктің болмысы өзінің ішкі бітімі мен мәні тұрғысынан алып қарағанда білімге тең», - деген пікірді Фихте басым айтады. Қоғам өміріндегі адамның өз дарындарын шексіз жетілдіруге қарай ұмтылысы - тарихтың өзегін құрайды. Ал осы ұмтылысқа жасалатын сыртқы құрал — ол мемлекет пен құқ. Date: 2016-05-18; view: 1980; Нарушение авторских прав |