Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Аль-Кинди - араб философиясын бастаушы ұлы тұлға
Аль-Кинди (800 Ж.-879 ж.) ақсүйектер отбасында дүниеге келеді. Бағдад қаласында білім алып, өзінің пісіп-жетілген уақытын осы қалада өткізген. Аль-Кинди өз заманының жан-жақты дамыған ғалымы болды, ол айналыспаған ғылым саласын табу қиын. Ол 200-ден артық кітап жазған, бірақ көбі осы уақытқы шейін сақталмаған. Негізгі еңбектері: «Аристотельдің кітаптарының саны және философияны ұғу үшін не керек?», «Бірінші философия жөнінде», «Бес мән-мағына жөніндегі кітап» т.с.с. Аль-Киндидің онтологиялық көзқарастары Аль-Кинди болмыс мәселелеріне тоқталған кезде, екі субстанция жөнінде айтады. Бірінші субстанция ол сезімдік заттар, оларды сан мен сапалық жақтарын зерттеу арқылы білуге болады. Субстанцияның сандық жақтарын сан жөніндегі ғылым зерттейді; екінші ғылым -- сапалық үйлесімдіктерді, заттардың мөлшерлік қатынастарын салыстырады. Заттардың сапалық жағын геометрия және астрономия ғылымдары зерттейді. Бұл ғылымдарды біз математика саласына жатқызамыз. Оларды игермей, адам субстанцияны білмейді. Соңғыны білмеген адам философияны білмейді. Философияны білмеген адамға екінші субстанцияға жетуге жол жабық. Өйткені ол тұрақты және өзгермейді... Аль-Кинди: «Адамзат өнерінің ішіндегі ең ғажабы - философия», - дейді. Оның мақсаты — заттардың шынайы табиғатын ашу, соның негізінде өзіміздің жүріс-тұрысымызды, іс-әрекетімізді анықтауымыз, сәйкестеуіміз керек. Ақиқатты ашу үшін себебін табу керек. қайсыбір затты танудың себебі - ақиқатқа жету, өйткені болмыстағы бардың ақиқаты да бар. Ақиқат қажетті танылады. Ең ізгі нәрсе - бірінші ақиқат - Алла-тағала жөніндегі ғылым. Бір денені табу үшін ең алдымен 4 сұракка жауап беру керектігін айтады ойшыл. Ол бар ма? Ол не? Ол қандай? Себебі неде? Аль-Кинди жағалай қоршаған болмысты Ай астындағы Дүние санайды. Ал айдың ар жағында әлемде ешқандай қозғалыс: деп Дүниеге келу, кету, құру жоқ. Ол - тек қана жер бетіндегі болмысқа тән нәрселер. Бізді қоршаған болмыс 4 элементтен тұрады: от, ауа, жер, су, олар өзгермейді, тек солардан тұратын заттардың элементтері ғана азайып, көбеюі мүмкін. Адам дүниетанымының екі түрі бар. Біріншісі бізге жақын, бірақ мән-мағынадан алыста. Ол - сезімдік тану. Ол өне бойы өзгерісте, тұрақты емес, уақытша ғана өмір сүретін заттарды танумен байланысты. Оның сан жағы тұрақты емес: үлкейеді, кішірейеді, теңеледі, теңсізденеді. Оның сапасы жағы да өзгерісте: ол өзіне ұқсайды, ұқсамайды, күшіне енеді, әлсізденеді... Осы өзгеріп жаткан Дүниедегі заттардың бітімі қабылданады да, оны адам есіне, ақыл-ойына жеткізеді. Екінші таным түрі мән-мағынаға жақын болғанымен, бізден алыс, ол - ақыл-ой танымы. Жеке материалдық заттар сезімдік қабылдауда ғана болады. Қос түрақты мен текті алатын болсак, оларды түйсіктер арқылы кабылдай алмаймыз, бірақ оларды ақыл-ойдың елегінен өткізе алуға болады. Қорыта келе, Аль-Кинди адамның дүниетану мүмкіншілігін мойындап, айнала қоршаған ортаны зерттеп, ғылымды дамытуға шақырады. Аль-Киндидің философиялық көзқарастарын әрі қарай дамытып, Аристотельдің еңбектерін араб тілінде аударып, оған көлемді түсініктер жасап және өзінің ерекше философиядағы ойларымен тарихта қалып, философия тарихында «Екінші мұғалім» атағын алған Әл-Фараби болды. Әл-Фараби (толық аты Абу Насыр Мухамед Ибн Тархан Ибн Узлақ ат Тюрки) Қазақстан жерінде, Отырар қаласында 870-950 жж. дүниеге келген. Жас кезінде білім іздеп, Таяу Шығыста Бағдад пен Алеппо қаласында білім алып, араб тілі мен грек тілін меңгеріп, антикалық философияны зерттейді. Әл-Фарабиді араб философы деп толығынан бағалауға болады, өйткені ол, араб рухынан нәр алып, өз еңбектерін сол тілде жазған. Сонымен қатар оны қазақ халқының философы деп те атауға болады, өйткені ол біздің елде дүниеге келіп, сонынан қазақ халқын құраған көп түрік тайпаларының біреуінен шыққан, біздің сол кезде өмір сүрген бабаларымыздың дүниені түйсінуі мен дүниетанымын бойына жас кезінде сіңірген. Бірақ ең жақсысы - оған Шығыс философиясының жұлдызы, тіпті дүниежүзілік философияның ең ірі тұлғаларының бірі деген баға берсек, ол дұрыс болар еді. Әл-Фарабидің философиялық еңбектері көп. Солардың ішінен «Ғылымдарды іріктеу жөнінде», «Ізгі қаланың тұрғындарының көзқарасы жөнінде», «Азаматтық саясат», «Мемлекет қайраткерінің нақыл сөздері», «Бақытқа жету жөнінде» деген еңбектерін атап өтуге болады. Date: 2016-05-18; view: 1879; Нарушение авторских прав |