Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Ерік, бостандық және игі дәнекерлік
Дүниедегі зұлымдықтың түп-тамыры адамның еркінде болғаннан кейін, Августин оны егжей-тегжейлі талдап, еріктің тұрақсыздығын көрсетеді. «Ол мен едім, оны тілеген, сонымен бірге одан бас тартқан. Сонымен өз-өзіммен күресіп, өз-өзімді тырнадым», - дейді ойшыл. Сократ уақытында: «Адамның зұлымдылыққа баруы - оның білмегенінде», - деген тұжырымға келген болатын. Алайда адамдарды толғандыратын нәрсе - ол білім мен еріктің бір-бірінен алшақтығы. Жаксылық пен жамандықтың не екенін біле тұра, соңғыға ұмтылу -- адамдардың өмірінде жиі кездесетін құбылыс. Августин бұл мәселеге «коперникандық төңкеріс» жасап, «бостандық - ақыл-ойдың емес, еріктің касиеті» деген пікірге келеді. Ерік - ақыл-ойдың басқаша көрінісі. Ақыл-ойдың кабылдайтынынан ерік бас тартады. Ақыл-ой танып-біледі, ерік - таңдайды және оның таңдауы көбіне ақылға сыймайды. Алғашқы тектік күнә - ол адамның тәкаппарлығынан шықты, ерік ауытқып, Құдай талабына сай келмеді. Адамның кеудесінде бос ұлылық пайда болып, менмендікке әкеледі, содан кейін тек өзін ғана мадақтап, өзін ғана сүйеді. Августин: «Адамның еркі сонда ғана шынайы, егер ол зұлымдыққа бармаса», - дейді. Ондай талап адамға алдын ала қойылған болатын. Бірақ ол Құдайдың талабын бұзды, ал оның өзі оның еркін әлсіретті. Сондықтан бірде-бір адам тек өз күшімен, қанша тырысса да, күнәлік шеңберден шыға алмайды, өйткені ол өз-өзіне жеткілікті емес. Оған әрқашанда Жаратушының көмегі керек. «Адам тек өз күшіне ғана сеніп, Құдайдың қолдауынан бас тартса, ол әрқашанда күнәнің олжасы. Бірад әр адамның құтқарушысына сиынып, ерікті түрде Құдайдың сыйына жетуіне мүмкіншілігі бар. Адам әрқашанда Құдайына сену арқылы өзінің күш-жігерін зұлымдыққа қарсы күреске жұмсап қана нағыз еріктікке ие болады». Енді біздің Августиннің қоғам мәселелерін қалай шешетіні жөнінде қарауымызға мүмкіншілік келді. «Жердегі қала» мен «Құдай қаласы» Сонымен залымдықтың түп-тамыры адамның өзін ғана сүюінде болса, игіліктің тамыры Құдайды сүюде, яғни акиқатты, игілікті сүюде. Құдайды сүйетін адамдар бірігіп, «Аспан қаласын» (яғни Бұл жердегі өмірде олар Кайн мен Авельдың тұқымдары ретінде бір-бірінен бөлінеді. «Жер қаласының» адамдары бұл Дүниеде өздерін әлемнің патшасы ретінде сезінеді, ал «Аспан қаласының» адамдары дәруіш сияқты жүреді. Августин адамзат тарихының басы болғаннан кейін, оның соңы да бар деген пікір айтады. Дүние соңында адамдарды қайта тірілтіп, қаһарлы соттан өткіздіретініне ол сенген. Құдай адамға сүйіспеншілікті сыйға тартты. Сондықтан адам жақынды да, алысты да, дүниедегі заттарды Құдайдың риясыз жаратқан кейпі ретінде сүйсе, онда ол — нағыз сүю. Ал адам езін ғана сүйіп, жердің қызықтарына ғана құмартса, онда оны жалған сүю деп атауға болар еді. Қорыта келе, Августиннің сенім шеңберіндегі философиясы өзінің гуманистік-адамгершілік бағытымен адамзаттың рухани қазынасында ерекше орын алады. Адамның өлшемі оның басқаларды сүю салмағымен анықталады. Августин айтқандай: сүй, сонда ғана не істегің келсе де, жасай бер! Date: 2016-05-18; view: 796; Нарушение авторских прав |