Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Онтология (болмыс) мәселелері
Фома Аквинскийдің болмыстық ілімінің қайнар көзі Аристотельдің «потенция» және «акт» деген ұғымдарына кетеді. Потенция (мүмкіндік) дегеніміз ол болуы да, болмауы да мүмкін, шайқалған, тұрақталынбаған, өзгеруге ашық, аяқталынбаған, кемеліне келмеген. «Таза потенциалдық» — ол материя, болмыстын ең әлсіз түрі. Ол тек өзгертіледі, сыртқы әсерлер қабылдайды. Актуальдықты (шындық) алатын болсақ - ол іске асқандық, өмірге кіргендік, аяқталғандык, кемеліне келгендік. Актуальдық – ол форма (бітім), сол арқылы заттар өзінің болмыстық дәрежесіне көтеріледі. Абсолютті актуальды - Құдай, қайсыбір бітімнің қайнар көзі. Олай болса, Құдай - болмыстың өзі де, ал Дүние - болмысқа ие ғана. Тек Құдайда болмыс пен мән-мағына бір-біріне сәйкес келеді, сондықтан ол -- таза акт (шындык), өзіне-өзі жеткілікті болмыс. Ал Дүниедегі жаратылғандардың бәрі өмір сүруге бағытталған ғана. Дүниедегі заттар бұл Дүниеде болуы да, болмауы да мүмкін, ол қажетті емес. «Олардың өмір сүруімен мән-мағынасы толығынан бір-біріне сәйкес келмегеннен кейін, оны бүкіл жаратылған дүниеге таратып, ол болуы да, болмауы да мүмкін еді, онда бұл Дүние мүмкіндік пен кездейсоқтықтан пайда болды», -деген пікір айтады. Фома Аквинскийдің бұл ұлы ойларын талай ғасырлар өткеннен кейін, XX ғасырда ғалымдар растады. Қазіргі Дүние жөніндегі түсініктер бойынша Дүние өзінің ішінде орасан зор потенцияны (мүмкіндікті) сақтайды, соның кішкентай ғана бөлігі кездейсоқтық арқылы іске асады (актуальділікке айналады), потенция-шындықтың толқыны, қай толқын дүниеге айналады, ол кездейсоқпен байланысты. Толық болмыс тек Құдайда ғана болса, жаратылған дүние болмыстыққа қатысады. Сондықтан болмысқа келген заттардың өзінің мән-мағынасын ашудағы, шындыққа айналдырудағы мүмкіндігі зор, олай болса Фома Аквинскийдің философиясы - оптимистік философия. Өйткені біздің бұл Дүниеге келуіміз де, келмеуіміз де мүмкін еді. Бірақ біз бағасы жоқ қымбатты сыйға - өмірге ие болып, көз алдымыздағы болмыстағы таңғажайып құбылыстарға шаттанып қараймыз, өзіміздің ішкі мүмкіндіктерімізді, табиғи дарындарымызды өмірге өткізуге, іске асыруға тырысамыз. «Адам ақыл-ой иесі болып жаратылғаннан кейін, ол әр заттың ішкі мақсатын, не үшін жаратылғанын біле алады. Сондықтан адамның іс-әрекетінің алдында не істейтінін түсіну жатыр. Жердегі заттар мен адамдар жаратылған Дүниеге жатқаннан кейін (Жаратушы біреу ғана, ол - Құдай), олар әртүрлі сатылық деңгейде болады, ал ақыл-ойға келер болсак, оның әртүрлі құндылықтарының ішінен өзіне керектерін таңдап алуына мүмкіншілігі бар. Ақыл-ойдың осы еріктігінде зұлымдыктың түп-тамыры жатыр», - дейді Фома Аквинский. Әрине, адам Құдайды, Дүниеде не істеу керектігін – бәрін біледі. Ерікті адам белгілі бір мақсатқа жету үшін өзін-өзі жетектейді. Ол садақшының жіберген оғы, адамдардың ойнайтын әуен құралы емес. Бірақ Дүниені түсіну мен соған сәйкес іс-әрекет ету - екі түрлі нәрсе. Адам күнәға батқанда, сол өзіне тән еріктіктің негізінде ақиқаттан алшақтап кетуі, тіпті оны ұмытып кетуі мүмкін. Фома Аквинский Дүниеде үш түрлі заңдар бар дейді. Олар: 1. мәңгілік заң (Lex аеtеrnа); 2. табиғи заң (Lех nаturalis); 3. адамдардың қабылдайтын заңдары (Lех һumаnа); Date: 2016-05-18; view: 873; Нарушение авторских прав |