Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Ибн-Сина мен Ибн Рошд





Абу-Али Ибн-Сина (980-1037жж.) Бұхара төңірегінде дүниеге келіп, Хамаданда 1037 жылы қайтыс болды. Ұлты – тәжік. Еуропа халықтарына Авиценна деген атпен таныс. Негізгі еңбектерінің ішінде «Логика», «Риторика», «Поэтика», «Физика», «Жан жөнін-де», «Метафизика» т.с.с. атауға болады.

Авиценна дүниежүзілік ағарған қауымға өзінің шығармашылығының екі жағымен таныс.

Біріншіден, Ибн-Сина үлкен ғалым-дәрігер болған адам. Ол өзінің артына әртүрлі ауруларды жазатын шөптердің қосындыларынан жасалатын 1000 дәрінің рецептін қалдырған. Оның «Ғылым тізбегі» деген еңбегі Батыстағы Ортағасырлық университеттерде 400 жыл бойы негізгі оқулықтардың бірі болған.

Ал енді оның философиялық көзқарастарына келер болсақ, өзінің онтологиясында (Болмыс ілімінде) Ибн-Сина неоплатонизмнен қалған эманация идеясын кеңінен қолданып, Дүние Алланың -бірінші себептің (өзіне-өзі қажетті барлық) ағып-тасуынан пайда болды деген пікір айтады.

Сонымен өзіне-өзі жеткілікті, сонымен қатар өзіне сыймай тасып акқан алғашқы себеп сатылы түрде орналасқан ақыл-ой, жан-дүние, аспан әлемдерін тудырады. Оқырманның байқағанындай, Ибн-Синаның ілімі бүл жағынан алып қарағанда Әл-Фарабидін көзқарасына өте жақын. Тек ай астындағы әлемді Әл-Фараби 11 сатыда орналастырса, Ибн-Сина 10 сатыда деп есептейді.

Ибн-Синаның Болмыс ілімінде «өмір сүру» мен «мән-мағынаға» көп көңіл бөлінген. «Өмір сүру - нақтылы, мән-мағына -абстрактылы. Мысалы, нақтылы адам мен итті алсақ, олар өмір сүріп жатыр. Ал олардың мән-мағынасы - адамгершілік, хайуандық - ол абстрактылы, олар нақтылы адам мен иттің алдында өмір сүрген», — дейді ұлы ойшыл. Нақтылы адамдар, жануарлар т.с.с. Дүниеге келеді, кетеді, ал олардың мән-мағынасы – мәңгілік, өз-өзіне жеткілікті, болу я болмаумен, қажеттілік, я мүмкіндікпен байланысты емес.

«Дүниеде нақтылы өмір сүріп жатқан нәрселерді біз болуы мүмкін дейміз, өйткені олардың өз-өзіне негізделетін болмысы жоқ. Олар белгілі бір себеп, кездейсоқтықтың негізінде Дүниеге келеді, басқа жағдайда Дүниеге келмеуі де мүмкін еді. Ал қажетті барлықты алатын болсақ, ол бар және оның болмауы мүмкін емес, өйткені ол өзін негіздей растай алады. Ол, әрине, Алла-тағала, ол бүл Дүниедегі болуы мүмкін және болып жатқан нәрселерден бөлек», — деген пікірге келеді ұлы ойшыл.

Ибн-Сина өзінің онтологиялық ілімінде діндегі «Құдай жоқтан барды тудырды» деген пікірге қарсы шығады. Егер Дүние жоқтан пайда болса, онда Дүниенің пайда болуының іс-әрекеттік себебі Құдайдың жаратуға дейін іс-әрекеттік себебі болмаған екен ғой деген ойға әкеледі, онда Құдайдың ол қасиеті қажетті емес, оның терең мән-мағынасынан шықпайды. Олай болса, ол өзгереді, ал оның өзі оның кемеліне келмеген, жетілмегендігінің көрінісі Құдайдың абсолютті жетілген алғашқы себептігіне кайшы келеді.

Ибн-Сина Құдайды діндегі сияқты табиғатқа оның жаратушысы ретінде қарсы қоймайды. Құдай Дүниедегі барлықтың алғашкы себебі болғаннаы кейін, материалдық Дүние Құдайсыз, ал Құдай бұл Дүниесіз өмір сүре алмайды деген пікірге келеді. Сонымен Ибн-Синаның болмыстық көзқарасы пантеизмге өте жақын болды.


Ибн-Синаның дүниетану іліміне келер болсақ, ол адамның жан дүниесінде потенциалды акыл-ой бар дейді. Яғни адамның өз алдында жатқам дүниенің мән-мағынасын аша алатын мүмкіндігі бар. Бірақ ол - өте күрделі. Таным түйсіктердің қабылдауы арқылы басталады, оны ол сезімдік тәжірибе дейді. Жалпылыққа адам заттардьщ қасиеттерін салыстыру аркылы жетеді.

Ақикат дегеніміз - заттардың ішкі мән-мағынасы. Әр заттың ақиқаты оның өмір сұруінің ерекшелігінде, ал оның өзі сол заттың өзіндігін құрайды. Ақикатка жетудің бірде-бір кажетті кұралы – ол логика. Логика заңдары арқылы біз жалқылық пен жалпылықты ойлай аламыз. Жалпы жеке заттардың мән-мағынасын құрап, жалқымен бірге өмір сүреді.

Ибн-Синаның әлеуметтік-саяси көзқарастарына келер болсак, ол әділеттік мәселесіне көп көңіл беліп, оны қайсыбір қоғамдағы тұрақтылықтың негізі деп есептеді. Егер коғамды басқару әділетсіз жолмен жүріп жатса, онда халықтың оған қарсы қарулы көтерілісі заңды деген пікір айтады. Бүгінгі философияда Ибн-Сина араб ілімін ислам кағидаларына косып, оны христиан дініне жақындатқаны, оның негізгі өшпес еңбегі деп есептейтін кезқарас та бар.

Шығыс философиясының келесі ұлы тұлғасы - Ибн-Рошд (1126-1198 жж.). Латынша аты - Аверроэс. Өмірге Испаниядағы Кордова қаласында келеді. Жас кезінде мұсылман құқын, араб әдебиеті мен поэзиясын, соңынан дәрігерлік ғылымды, математика мен физиканы оқиды. Содан кейін философиямен айналыса бастайды.

Ибн-Рошд көп жылдар Севилья мен Кордовада кадилық (соттың) қызмет атқарады. Өмірінің кейбір кезеңдерінде өзінің көзқарастарына бола діни қуғындауға ұшырайды. Ибн-Рошд ғылыми еңбектерінің көпшілігін Аристотельдің еңбектеріне түсініктемелер жасауға арнайды. Еуропа философиясында «Ұлы комментатор» (түсініктемеші) деген атаққа ие болған.

Негізгі еңбектері: «Терістеуді теріске шығару», «Аспандағы денелердің қозғалысы жөнінде», «Алғашқы қозғаушы жөнінде», «Жан-дүние ғылымы жөнінде» т.с.с. Соңынан оған Данте «Білетіндердің ұстазы»деген ат береді.

Өзінің философиядағы көзқарастарында Ибн-Рошд Дүниенің мәңгілігі мен шексіздігі жөнінде айтады. Әрине, ол - өз заманының туындысы болды, сондықтан ол Құдайды мойындады. Құдай-шындықтың мәңгілік қайнар көзі болса, материя - Дүниенің мүмкіндігінің мәңгілік кайнар көзі, өйткені «егер Жаратушы мәңгілік болса, онда жаратылған Дүние де – мәңгілік». Құдай - қажетті барлық, ол Дүниенің мүмкіндігі материяға бітім беріп, оны шындыққа айналдырады. Дүниедегі еш нәрсе пайда болып, я құрымайды, ол өзгеру арқылы басқа затқа айналады. Материя заттын ішкі мүмкіндігін кұраса, бітім (форма) оның сырткы іске асуына, өмірге келуіне әкеледі.


Ибн-Рошд Аристотель философиясынын негізгі кағидасының бірі - «материя ешкашан бітімсіз, ал бітім материясыз өмір сүре алмайды» деген ойын толығынан колдап, оны әрі қарай тереңдетеді. Егер материя мен бітімді біз ажырата алмасақ, онда мүмкіндік пен шындық та -- бірегей, олардың айырмашылығы салыстырмалы ғана. Дүние мәңгілік болғаннан кейін, қайсыбір мүмкіндік ертелі-кеш шындыкқа айналуға тиіс.

Ибн-Рошдтың таным ілімінде ақыл-ой негізгі орын алады. Әрине, Құранда да Дүние жөніндегі белгілі қағидалар берілген. Бірақ олар калың бұқараға бағышталғаннан кейін, соларға түсінікті болуы үшін тұрпайы түрде көрсетілген.

Ал философияны алатын болсак, ол - ақыл-ойы терең, білімді адамдардың айналысатын нәрсесі. Бүл пэннің негізінде зерделі дәлелдемелер жатыр.

Философия мен дін адамды ақиқатқа жетуге үйретеді. Онда олардың алдына қойған мақсаттары - бір. Бірақ кейбір мәселелер бойынша қайшылықтар пайда болуы мүмкін. Олай болған жағдайда діннің қағидаларын философиялық ой елегінен өткізуіміз керек, өйткені ақиқат біреу және ол зерделі.

Өзінің таным ілімінде Ибн-Рошд бүкіл адамзатты құрайтын жеке адамдардың ақыл-ойының бірегейлігін, потенциалдык интеллект құрайтынын айтады. Расында да, адамдар шектелген, Дүниеге уақытша келген пенде ретінде универсалияларды, потенциалдық ақыл-ой болмаса жасай алмас еді. Жеке адамның танымдық мүмкіндіктері шындыққа айналуы үшін, оған дүниежүзілік белсенді ақыл-ой (Құдай) түрткі болуы керек. Ол потенциалды ақыл-ойға тікелей емес, оның сезіміне, қиялы мен елестетуге әсерін тигізіп, мән-мағынаның ашылуына, оның шындыкқа айналуына әкеледі. Сол сәтте жеке адамның ашқан ғылымдағы жаңалығы адамзаттың потенциалдық интеллектінің ажырамас бөлігіне айналуына, оның бірте-бірте Құдайдың белсенді актуальды интеллектіне жақындап, соңында қосылуына жеткізеді.


Сонымен Ибн-Рошдтың потенциалдық интеллекті - ол қазіргі философиядағы қоғамдық сана деген үғымға жақын.

Ойшыл: «Адам - өтпелі пенде, оның денесімен бірге жан
дүниесі де келмеске кетеді», - дейді. «Бірақ адамзаттың потенциалдық интеллекті мәңгілік, ол Құдайдың ақыл-ойымен қосылуға тырысады, ал ол орындалған кезде дүниежүзілік адамзат тарихы сонымен аяқталады», - деген көзқараста болған.

Бұл тұжырымнан екі қорытынды шығуы мүмкін. Жеке адам мәңгілік болмаса да, адамзаттың рухы потенциалдьың интеллект ретінде өмір сүргеннен кейін, адам мистикалык-аскетикалық өмір салтын ұстауы керек.

Екінші қорытынды оған қарсы: егер адамның өмірі біреу-ақ болса, онда неше түрлі қызықтардан ләззат алып, осы Дүниеде бақытқа жетіп, ойнап-күлу керек.







Date: 2016-05-18; view: 873; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.009 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию