Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Схоластикалық философия





(sсһоlаstіса - лат. сөзі, оқушы, ғалым)

Патристикалық философия христиан дінінің негізгі қағидаларын жүйеге келтіріп, XI ғасырға қарай діни философияның екінші сатысына өтуге жағдай жасады. Патристиканың мистикалық жағы жаңа жағдайда көп ойшылдарды қанағаттандырмай, Тертуллианның жоғарыда келтірген нақыл сөзі басқаға ауысады.

Құдайға сену бұрынғыдай бірінші орында болса да, қазір одан кейін білім қойыла бастайды. Негізгі мақсат - құдіретті аян арқылы берілген ұғымдардың мазмұнын анықтау, ақыл-ой елегінен өткізу, бір-бірімен үйлесімді түрде ұштастыру т.с.с.

Схоластиканың соңында (XV ғғ.) сенім мен ақыл-ойдың үйлесімді болуына күмән келтіріліп, бірте-бірте «екі ақиқат» ілімі тарала бастайды.

Бүкіл схоластика шынайы өмірмен байланысы жоқ, өткен ғасырлардан жеткен кітаптардағы ой-пікірлерді зерттеп, солардың ашылмаған сырын табуға бағытталған философия болды. Сондықтан жаңа заман келіп, «тәжірибелік білім» етек жайған кезде, «схоластика» деген ұғым теріс мағына алып, мазмұны жоқ, өмірден алшақ, бос сөз ретінде қаралып және бүгінгі өмірде де солай түсініледі.

Схоластиканың алғашқы кезде қойған мәселесі универсалиялардың табиғаты (unіvеrеаlіs - лат. сөзі, жалпы) жөнінде болды. Бүгінгі таңда универсалиялар деп біз филоофиядағы ең жалпы ұғымдарды айтамыз.

Универсалиялар жөніндегі ілім алғаш рет Плотиннің философиядағы «идеялар» теориясында кездеседі. Плотиннің ойынша, қайсыбір жалпы ұғымға сәйкес келетін идея бар, олар нағыз болмыс -«идеялар әлемін» кұрайды. Жердегі сезімдік заттар болмысын алсақ, олар көптікке жатады, жалпылық өзгеріске түсіп, бөлініп, жеке затта ешқашанда толығынан көрінбейді.

Аристотель танымдағы жалпылық жеке заттардың болмысын бейнелейді деген болатын. Қысқаша айтқанда, универсалия мәселесін Орта ғасырдағы философ Порфирий былайша қойды: «Тек пен түр өзінше өмір сүре ме, олай болса олар дене ме әлде денесіз бе? Егер тек қана ақыл-ойда болса, олар бөлек өмір сүреді, әлде олар сезімдік құбылыстарда ма?»

XI ғасырдың аяғы мен XII ғасырдың басында бұл мәселені шешуде үш ағым пайда болды. Олар номинализм, реализм және концептуализм.

Номинализм (nоmіnіs, - лат. сөзі, заттың аты) - схоластикадағы жалпы ұғымдардың болмыстық мағынасын мойындамайтын, олар тек қана ой-өрісте ғана деп санайтын ағым. Номиналистер: «Шын өмірде тек қана заттар өмір сүреді, универсалиялар — жалпы ұғымдар, тек қана заттардын аты, біздің аузымыздан шығатын дыбыстар ғана», - деген пікірге келеді. Осы тұрғыдан олар Құдайдың үш тұлғалығын да қатты сынға алды.

Реализм бағытына келер болсақ (rеаlіs - лат. сөзі, шынайы зат), олар номинализмге қарсы бағыталған. «Универсалиялар -жалпы ұғымдар, шынайы және адамдардың санасына тәуелсіз өмір сүреді», - деген пікірді ұстайды.

Схоластика философияның пісіп-жетілген кезінде өмір сүрген Орта ғасырдағы аса ұлы тұлғалалардың бірі - Фома Аквинский (1221-1274 жж.). Италия елінде бай ақсүйектердің отбасында дүниеге келген. Неаполь университетінде оқыған. 1256-59 жж. Париж университетінің теология кафедрасsy басқарған. Өмірінің соңында ел аралап, Европа университеттерінде лекциялар оқиды. 1323 ж. «әулие доктор» атағы беріліп, шіркеудің бесінші ғұламасы болып есептелген.


Өмірінің және өзінің жазған еңбектерінің түкке тұрғысыздығы Фомаға өлерінің алдында ашылса да, соған қарамастан ол кітаптарын жазуды қоймады. Өзінің көмекшісінің демалыңызшы деген тілегіне: «Жоқ, себебі менің осы уақытқа дейін жазғанымның бәрі қазір менің көз алдыма келген аянмен салыстырғанда күл сияқты», — деген жауабы аңыз болып қалған.

Фома Аквинскийдің негізгі еңбегі «Теология жинағы», «Табиғаттың бастамалары», «Мән мен өмір сүру жайлы» т.с.с.

Ортағасырлық схоластикада Фома Аквинский ең көлемді, жан-жақты Құдайдың болмысын дәлелдеулерін келтіреді. Олар -бесеу.

1.Қозғалыс арқылы дәлелдеу. «Бұл Дүниеде бірдеңе қозғалатынына ешкім күмән келтірмес», - дейді ойшыл. Мысалы, оттың актуальдық жылуы ағаштың потенциалдық жылуының актуальдық жылуына өтуіне, яғни оны өзгеріске, қозғалысқа әкеледі. Бірақ белгілі бір зат бір уақытта потенциалды және актуальды бір қатынаста бола алмайды. Актуальды ыстық зат потенциалды ыстық бола алмайды. Олай болса, бірдеңе бір уақытта қозғалушы және қозғалтушы бола алмайды, яғни заттың өзі -- өз козғалысынын қайнар көзі емес. Онда қайсыбір қозғалыс баска козғаушы күшті талап етеді, соңғы тағы да басқаны т.с.с. Бірақ оны шексіздікке кетіру мүмкін емес. Олай болса, біз бірінші өзі қозғалмайтын қозғаушы күшті қажет етеміз. Ол — Құдай.

2. Тудырушы себеп арқылы дәлелдеу. Сезімдік заттарға назар аударсак, біз тудырушы себептердің бірінін артынан бірі келіп отыратынын байқаймыз. Алайда бірде-бір өзін-өзі тудырған затты ешкім көрген жоқ. Олай болатын болса, зат өзінің алдында өзі Дүниеге келер еді, ол мүмкін емес.

Алайда тудырушы себептерді шексіз соза берсек, онда бірінші себеп болмас еді, ол жоқта салдарлар да жоқ болар еді. Ол ақыл-ойға сыймайды. Олай болса, алғашқы Дүниені тудырған себепті мойындау керек. Ол - Құдай.

3. Мүмкіндік пен қажеттілік арқылы дәлелдеу. Біз Дүниеде болулығы мүмкін және мүмкін емес заттарды күнбе-күн көреміз. Бүгін бар, ертең жоқ. Бірдеңе Дүниеге келіп, содан кейін кетеді. Мұндай заттардың мәңгілік болмысы жоқ. Бірдеңенің бейболмысқа өтуі мүмкін болса, ол ертелі-кеш оған өтеді. Олай болса, Дүние-дегінің бәрі де бір күні жоқ болуы мүмкін. Олай болса, біз шынайы, бейболмысқа өтпейтін мәңгі Құдайды қажет етеміз.


4. Сатылық арқылы дэлелдеу. Біз заттардың ішінен әртүрлі
сатыдағы кемеліне, игілігіне, сұлулығына келгендерді көреміз.
Дүниедегі заттарды біз бір-бірімен салыстыру арқылы бағалаймыз,
бірақ мұның өзі ең кемеліне келген, сұлу, игінің қажет екенін талап
етеді. Сұлулықтың, Ақиқаттың, Игіліктің соңғы себебі - ол Құдай.

5. Табиғаттағы тәртіп арқылы дәлелдеу.

Табиғаттағы ақыл-ойы жоқ заттардың болмысы белгілі бір мақсатқа лайықтылыққа бағытталған. Ал олардың санасы жоқ болса, олар белгілі-бір сананың, еріктің басшылығымен өмір сүреді деген ойға келеміз. Ол атылған оқты еске түсіреді, бірақ ол оқты жіберген садақшыны естен шығармауымыз керек. Олай болса, бүкіл Дүниеге мақсат берген саналының бар екенін мойындауьшыз керек. Ол - Құдай.







Date: 2016-05-18; view: 785; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию