Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Ақиқат және оған жету мәселесі
Августин философиясында ақиқат - жан-дүние мен Құдайды бір-бірімен қосатын ұғымдардың бірі. Таным үрдісі түйсіктерден басталады. Қоршаған заттар біздің сезімдерімізге өзінің әсерін тигізеді, ал жанымыз олардың бәрін белгілі бір тәртіпке келтіріп, заттың қабылдануына әкеледі. Ал ақыл-ойға келетін болсақ, ол диалектикалық жолмен жүреді. Мысалы, «Егер дүниеде 4 стихия болса, ол 5 емес; Егер күн біреу болса, ол екі емес; Бір жан-дүниені алсақ, ол өліп, сонымен қатар тірі болмайды. Бір адамды алсақ, ол масайрап, сонымен қатар бақытсыз бола алмайды». Августиннің айтуынша, сезімдік Дүние бізді тұрақтылыққа әкелмейді, ол өне бойы өзгереді. Адамның денесі де өзгерісте, ал ақыл-ой - тұрақты. Олай болса, «ақыл-ой» дегеніміз - жан-дүниенің жанары мен жүзі, сол арқылы ол ешқандай дененің көмегінсіз ақиқатты көре алады. Айнала қоршаған заттарды көру үшін күннің сәулесі керек; Сол сияқты ақиқатқа жету үшін ерекше сәуле түсү керек. Ол үшін Құдай идеясы керек. Онда танымның 3 бастауы бар. Ол - оның өмір сүріп жатқандығы, тануға-білуге болатындығы және соларды біліп-танылатын қылатындығы. Августиннің ойынша, Құдай мен ақиқат - тең. Бірақ олардың арасында, сонымен қатар айырмашылык та бар. Акиқат - Құдайдың ойы. Бұл арада бізге Платонның «Идеялар әлемі» есімізге келеді. Тек қана Августиннің идеялары Жаратушының дүниені тудырар алдындағы ойлары ретінде түсініледі. Сонымен Құдайда ойлау заттардан ерте, ал адамдарда заттардан кейін жүреді. Енді, міне, біз Августиннің Құдай ұғымына тікелей жетіп калдық. Дай мәселесі Августин христиан философиясында Құдай болмысының 3 дәлелдеуін ұсынадьі; Бірінші дәлелдеуде ол Дүниенің жетілгендігін ұсынады. Дүние қаншалықты әртүрлі және өзгерістс болғанменен, ол хаос емес, онда тәртіп, әсемдік бар. Дүние ешқандай сөзсіз-ақ бізге Жаратушыны, оның құдіретті күшін көрсетіп тұрғандай. Екіншіде бүкіл адамзаттың Құдайдың болмысы жөніндегі келісімі, оны мойындауы, көнуі жатыр. «Құдайдың Дүниедегі билігін, адамның ақылы болса, аңғармайтын адам жоқ. Егер біз аз-мәз табиғаты бүзылған адамдарды есептемесек, қалған бүкіл адамзат Құдайдың болмысын мойындайды». Үшінші дәлелдеу игіліктің баспалдақтық табиғатынан шығады. Ең соңында біз ең жоғарғы игілікке – Құдайға келіп тірелеміз. Расында да, Дүниеде тегіс дала бар. Соқпақтар, таулар бар. Дүниеде бір зат әсем, ал екіншісі одан да әсем, бір зат пайдалы, ал екінші зат одан да пайдалы. Ал олардың бәрін салыстырып анықтау үшін, біз еш нәрсемен салыстырылмайтын өзіне-өзі тең, таза игілікті қажет етеміз, ол - Құдай. Сонымен Болмыс, Игілік, Ақиқат - Құдайдың мән-мағыналық касиеттері. Олай болса, біз Августин Құдайдың үштік (троица) табиғатын қалай түсінетініне назарымызды аударайық. Штік мәселесі Христиан дінінің негізгі ерекшеліктерінің бірі - үштің сиқырлы мағынасын ашу (шамасы, пифагореизмнің жұрнағы болса керек). Құдай біреу болғаньшен, оның үш тұлғалық жақтары бар. Ол - Құдай-әке, Құдай-ұл және киелі рух. Құдайдың осы үш тұлғалық жағының біреуі де басқаларынан басым емес, сондықтан бір: Құдай - ол әке де, әл да, киелі рух та, бір-бірінен Болмыста бөлінбейді. Бірақ оларды бір-бірінен айыру керек. Августиннің айтуынша, «киелі рухты айырамыз, бірақ басқа Құдайдың жақтарынан беле алмаймыз. Ол мәңгілік игілік пен тұрақтықта. Бұл үш тұлға -бір Құдай. Әке болған жерде ұл бар, және ол ұл емес; ұлдың әкесі бар, бірақ ол әке емес. Егер ұл белгілі бір уақытта Дүниеге келсе, онда күндердің бір күнінде ол Балалық шағын тастар еді, бірақ Құдай-ұл - мәнгіліктен. Сондыктан Құдай-әке де, Құдай-ұл да –мәңгілікті, тұрақты». Құдай үш тұлғалық болғаннан кейін, жаратылған Дүниеден де оның іздерін табуға болады. Дүниедегі заттардың бірлігі, бітімі ясәне тәртібі бар. Ал адамның ақыл-ойына келер болсақ ол да бір мен үш: ақыл, таным, сүю. Сонымен біз айнадағы өзіміздің сәулемізді көргендей, Құдай біздің жан-дүниемізде, сондықтан Құдайды тану - жан-дүниені танумен, жан-дүниені тану - Құдай арқылы танумен тең. Date: 2016-05-18; view: 919; Нарушение авторских прав |