Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Дәріс. Дүниеге көзқарас - қалыптасушы тұлғаның негізі





Жоспар:

1. Оқушылардың дүнеиге көзқарасын қалыптастару - қазіргі мектептің негізгіт тәрбилелік міндеті.

2. Дүниеге көзқарастар маңызы, қызметтері. Дүниеге көзқарастың негізгі түрлері. Дүниеге көзқарастың мәні және оның ішкі құрылымы.

3. Оқушылардың ғылыми қөзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік беретін мектептегі білім беру мазмұнындағы білім мен идеялардың жүйесі.

4. Білімдерді терең жән берік игеру- ғылыми көзқарасты қалыптастырудың негізгі алғы шарты

 

 

Адамзаттың пайда болу тарихын түсіндіруде әр түрлі көзқарастардың бар екені мәлім.Мысалы,материалистер мұндай проблеманы ғылыми дүниетаным тұрғысынан дәлелдесе,ал дін ілімінің өкілдері Тәңірдің қалауымен деп тұжырымдайды.

Адам баласы өзін қоршаған ортаныңқұбылыстарын,оның пайда болуы мен даму себептерін шындық тұрғысында танып-білді.Ол ғылымда ашылған әр түрлі құбылыстардың заңдылықтарын ғылыми пәндер негізінде таниды.

Дүниетанымда адамның сенімі мен мұраты үлкен рөл атқарады.Сенім болмаған жерде өмір болмайды.

Ғылыми дүниетанымды қалыптастырудың жан-жақты дамыған тұлғаны дамытуда маңызы зор.Ғылыми дүниетаным адамға қоршаған ортаның құбылыстарын дұрыс қабылдауға және қорытуға,оларға объективті баға беруге көмектеседі.

Дүниетанымның қалыптасу процесі күрделі,көп қырлы процесс,сондықтан педагогика ғылымында бұл ұғымға деген әр түрлі көзқарастар қалыптасқан.

Дүниетанымның күнделікті тұрмыстық дүниетаным,діни дүниетаным,ғылыми дүниетаным және т.б түрлерін атауға болады.

Ғылыми дүниетаным қоғамдық сананың ең жоғарғы формасы.

Ғылыми дүниетаным әлемге деген ғылыми,философиялық,адамгершілік,эстетикалық көзқарастар жүйесі.Әлем өркениетінің жетістіктерін жинай отырып,ғылыми дүнеитаным адамды тұрмыс пен ойлаудың,табиғат пен қоғамның мәнді жақтары туралы әлемнің ғылыми бейнесімен қаруландырады.

Дүниетанымда ішкі мен сыртқының,объективті мен субъективтінің бірлігі көрінеді.

И.Ф.Харламов ғылыми дүниетанымның бағдар беру,ақпараттық және баға беру функцияларын атайды.Б.Т.Лихачевтің пікірі бойынша ғылыми дүниетаным ағартушылық, тәрбиелік,дамытушылық,ұйымдастырушылық және болжамдық функцияларды атқарады.

Ғылыми дүниетанымның ағартушылық функциясының мәні- ол қоғам және табиғат әлемін адамға түсінікті етеді,білімді сана қалыптастырады,әлеуметтік және саяси қате түсініктерден сақтайды.

Тұлғаның қабылдаған көзқарастары мен сенімдері онда белгілі бір моральдық қасиеттердің қалыптасуына,қоршаған шындыққа деген қарым-қатынас қалыптастыруға негіз болуы ғылыми дүниетанымның тәрбиелік функциясын іске асыруға мүмкіндік береді.

Ал дүниетанымның дамытушылық функциясының мәні- дүниетанымның мазмұнын иегруге арналған ішкі рухани жұмыстың тұлғаны белсенді ойлау іс-әрекетіне тартуында болып табылады.

Ғылыми дүниетанымның ұйымдастырушылық функциясы оқушыларды практикалық іс-әрекет жүйесіне тартудан көрінеді.


Ғылыми дүниетанымның болжамдық функциясы қоғам мен табиғаттың даму заңдылықтарын игеру негізінде іске асырылады.

Ғылыми дүниетаным тұлға қалыптасуында адамгершілік,эстетикалық және т.б. бағыттарда дамуының негізі,орталығы болып табылады.

Дүниетаным-адам санасының жоғарғы формасы,оның қоршаған дүниеге,яғни қоғамдық өмірге,табиғатқа,өзіне деген көзқарасы және сенімі.Сонымен қатар,ол адамдардың негізгі өмірлік позициясын,олардың сеімдерін,мұраты және іс-әрекеттерін қамтиды.

Ғылыми дүниетаным компоненттері.

И.Ф.Харламов ғылыми дүниетанымның құрылымдық компоненттерінің төрт түрін көрсетеді. Олар: ғылыми білімдер жүйесі, дүниеге көзқарас, сенім, адам мұраты.

Білім – ғылыми шындықтар жүйесі. Ол – объективтік дүниені бейнелейтін адамзаттың жинақтаған мол тәжірибесі.Білім арқылы жеке адам табиғаттың және қоғам құбылыстарының объективтік жақтарын зерттейді,түсінеді,ұғады.Ғылыми білім кез келген жағдайда адамның дүниетанымын анықтай бермейді.Білім адам үшін субъективті мән алуы,яғни оның көзқарастары,сенімдері,идеал құруының негізі болуы керек.Ғылыми білім тұлға дамуының және оның дүниетанымы қалыптасуының үлкен тірегі.Міне,осының

нәтижесінде білім әр адамның көзқарасына,сеніміне айналады.

Көзқарас – жеке адамның табиғижәне әлеуметтік құбылыстарын түсіндіру туралы паймдауы,ой тұжырымы. Ол – адамның шындық етінде қабылдаған идеяларынан, білімдерінен, теорияларынан, тұжырымдамалары және жорамалдарынан, құбылыстарға деген өзінің қарым-қатынасынан тұрады. Баланың өзі сенетін білімдері, ұғымдары, практикадан шығарған теориялық тұжырымдары,ұсыныстары. Бала олар арқылы табиғатта және қоғамда болып жатқан түрлі құбылыстарға баға беріп,өзінің мінез-құлқын,жүріс-тұрысын белгілі бір бағытқа салып отырады.

Сенім – көзқарастың жоғары сапалы жағдайы.Сенім деп тұлғаның ішкі позициясына айналған білімдерді айтуға болады.Сенім жеке адамның өмірлік позициясының беріктіігн анықтайды,мінез-құлқын сипаттайды,тұлғаның рухани әлемін анықтайды.Олар адамды қоғам өмірі талаптарына,қажеттіліктеріне сәйкес іс-әрекет жасауына бағыттайды.

Адам мұраты – жете түсінудің жоғары кемелі,адам баласының жоғары мұрат-мақсаттары,өмірлік ұмтылысы.







Date: 2016-05-17; view: 4472; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию