Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Дәріс. Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесінде
Жоспар: 1.1 Педагогика ғылымы жөнінде жалпы түсінік. 1.2 Педагогиканың даму кезеңдері. 1.3 Педагогиканың обьектісі, пәні және қызметтері 1.4 Педагогиканың категориялық аппараты. 1.5 Педагогикалық ғылымдардың жүйесі. Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы Адамзат дамуы барысында білімдлік педагогиканың саласы ең ежелгілерден, әрі қоғам дамуынан ажырап көрген емес. Педагогикалық білім өсіп келе жатқан әулетті тұрмысқа дайындауға немесе тәрбиеге бағышталған адамзат іс-әрекетінің ерекше бір саласына кіреді.Педагогика жөнінде сөз болғанда әдетте, бұл термин оқу-тәрбие, адамды қалыптастыру түсініктерімен баламалас қолданылады. Ал, тәрбиенің өзі жас әулетті тұрмысқа дайындау құралы ретінде, адамзат қоғамының іргетасы қалануымен бірге пайда болды. Міне, осыдан бастап, адамзат қоғамның белгілі кезеңінде, дәлірек құл иеленуші дәуірдің аяғына таман, өндіріс пен ғылым едәуір дамыған шақта ерекше қоғамдық қызметке айналды, арнайы тәрбиелік мекемелер пайда болды, кәсіби мамандыққа балаларды оқытып, тәрбиелейтін адамдар шыға бастады. Тәрбиенің кең өріс алып күрделенуі тәрбие қызметімен байланысты теориялық білімдердің ерекше саласының қарқынды мен дамуына жол ашты. Қоғам мен табиғат жөніндегі біршама білімдер секілді тәрбиелік білім де философия аясында нақтыланып, зерттелді. Бұл жағдай ежелгі грек дүниесімен басталып, XI ғасырдың аяғына дейін сақталды. Педагогика адам тәрбиесі туралы ғылым. Педагогика өзінің атауын гректің «paidagogas»(«пайд»- бала, «гогос»- жетектеймін) - баланы жетектеуші сөзінен алған. Ең алғашқысында бұл сөз құл қожасының баласын мектепке жетектеп апарушы дегенді білдірсе, кейін келе ол тәрбие туралы ғылым ретінде қалды. Тәрбие-қоғамның кейінгі ұрпақтарда өзін қайта көрсетумен байланысты атқаратын негізгі қызметтерінің бірі. Адамзат есейген сайын, мазмұны жағынан әлеуметтік тәжірибеде күрделене түседі. Сондықтан уақыт өткен сайын еңбектің қоғамдық бөлінісінде қоғамның «тәрбиенің» қызметін жүзеге асырумен байланысты кәсіби іс-әрекет бөлініп шықты. Өсіп келе жатқан балалардың әлеуметтік-тәжірибені игеруі үшін – делдал – ұстаз, мұғалім керек. Педагогика басқа ғылымдар сияқты, белгілі бір ақиқат саласындағы білімдерді жүйеге келтіреді. Ғылымдарды олардың нысанасы мен пәні бойынша ажыратуға болады. Нысана-ақиқатының нақтылы сол ғылым зерттеуге алатын саласы. Пән – бұл нақтылы ақиқаттың мәнін құрайтын негізі. Педагогика қоғамның тәрбиелік қызметін жүзеге асырумен байланысты ғылым. Демек, педагогикалық іс-әрекет объективтік шындықтың барлық жақтары, педагогиканың нысанасы болады. Ал педагогика пәні – индивидтің өткен ұрпақтарының әлеуметтік тәжірибені меңгеруі оқу және оқудан тыс уақыты бірлігіндегі біртұтас педагогикалық процесс болып табылады. Ұстаздар әлеуметтік тәжінрибенің мазмұны мен оқушылар арасындағы келістіруші делдал болып табылады, тұлғаның қалыптасуы олардың белсенді қайта өзгерткіш әрекетіне байланысты. Педагогиканы ғылым ретінде анықтау үшін бірнеше факторлар қатарын құру маңызды: 1. Педагогика пәнінің зерттеу пәні- тәрбие. 2. Обьектісі- бала болып табылады. 3. Ғылыми қоғамның тәжірибелік қажеттілігінің пайда болуы. 4. Педагогикалық білім беру мен тәрбиелеу заңдарын зерттейді, ол әр түрлі фактілерді жалпылайды, сұрақтарға жауап береді. 5. Педагогика ғылымы өз пәнін зерттеу үшін ғылыми зерттеу әдістерін қолданады (сауалнама, бақылау, тест, интервью, әңгіме т.б.). 6. Кез-келген ғылым сияқты педагогикада өз категориялары бар (оқыту, тәрбиелеу, білім беру) Педагогика пәнін және зерттейтін салаларын толық түсіну үшін ең алдымен негізгі педагогикалық ұғымдарды қарастырайық. Олар педагогикада- тәрбие, білім беру, оқыту болып табылады. Осы педагогикалық ұғымдар арқылы педагогикалық құбылыстарды, олардың өзара байланысын танимыз. Сонымен қатар педагогикада «мақсат», «құрал», «тәсіл», «даму», және «қалыптасу» сияқты ұғымдар да кездеседі. Бірақ олар барлық ғылымдарға ортақ ұғымдар. Біз оларға да оқу, тәрбие тақырыптарына байланысты тоқталамыз. Енді педагогикалық негізгі ұғымдарға жеке-жеке тоқталсақ: 1.Білім беру - оқытудың нәтижесі. Бұл сөз нақты бір жастың кезеңіне «мен» қасиетінің қалыптасуына сай қандай да бір тәрбиенің аяқталуын білдіреді. Білім беру ұғымын ең алғаш педагогикаға еңгізген Иоганн Генрих Песталоцци. Білім беру деп- табиғат және қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның еңгеруін және оны өмірде тиімді пайдалана білуін айтады. Халыққа білім беру ісінің негізі- жалпы орта білім. Білім беру барысында жеке адамның таным іс-әрекеттері дамиды, ой- өрісі кеңіп, еңбекке дұрыс көзқарасы және мәдени деңгейі артады. Қандай да болмасын жүйе (биологиялық, техникалық, әлеуметтік) жағдайының өзгеруі процесс деп аталады. «Ұстаздар - оқушылар» жүйесі жағдайының өзгеруі педагогикалық процесс деп аталады. Тек қана педагогикалық процестегі ұстаздар мен оқушылардың өзара әрекетінде тұлғаның қайта өзгеруі жүзеге асады. Педагогикалық шындық педагогиканың категориялары, ұғымдары жүйелері арқылы бейнелене алады. Өсіп келе жатқан ұрпақтың әлеуметтік тәжірибені меңгеруі білім алумен байланысты. «Білім беру» деген сөзді орыс тілінде «образование» түбірі – «образ» деген (бет-лицо, лицо-пішін) лексикалық мағынасы бойынша индивидтің дене және рухани қасиеттері қалыптасуын, индивидтің қоғамдық болмыстың нақтылы әлеуметтік – экономикалық және мәдени – тарихи жағдайларында дамуға, өзін жүзеге асыруға және өзін ынталандыруға қабілетті тұлғаға айналуын білдіреді. Сондықтан білім беру ұғым ретінде педагогикалық жетекші категория болады. Тұлғаға білім беру үшін оқыту қажет, ол оқыту ұстаздар мен оқушылардың өзара әрекет процесі, білім беру мен оқу орындарында оқылатын ғылымдар негіздер мазмұнын меңгеру барысындағы оқудың бірлігі. Сабақ берудің ролі оқылатын материалдарды ғылыми білім мазмұнында, іс-әрекеттер тәдсілдерін айқындай көрсету. Оқу материалдары мазмұны мен оқушылар арасындағы делдал ретінде ұстаз оқушыларды қажетті іс-әрекеттер тәсілдеріне үйретеді. Оқушылар іс-әрекеттер тәсілдерін меңгере отырып оқуға үйренеді, оқу пәнінің мазмұнымен саналы және белсенді жұмыс істейді, соның негізінде индивидтің әрікет күштері мен қабілеттері заттық формаға ауысады, оқушы тұлғасының өзгеруі жүзеге асады. 2.Тәрбие. Педагогикада тәрбие түсінігі кең және тар мағынада қолданылады. Тар мағынада тәрбие- мектептегі тәрбиелеу жұмысын, яғни мұғалім тарапынан мақсатқа бағытталған ұйымдастырылған процесті көрсетеді. Осы мағанадағы тәрбие бұл –оқушының ұйымдастырылған өмірлік іс-әрекетінің мақсатқа бағытталған процесі. Ал, кең мағанадағы тәрбие деп жеке тұлғаның қалыптасуы және дамуы барлық обьективті және субьективті факторлардың ықпалынан болатын әлеуметтік процесті айтады. 3. Оқыту бұл екі жақты процесс. Бұл оқушы мен оқытушының біріккен іс-әрекеті, оқытушы өз білімін береді және оқыту процесін басқарады, ал оқушы оқиды, яғни білімді меңгереді және оның негізінде дағдыларын іскерліктіигереді, өз қабілеттерін дамытады. Оқыту білім беру мен тәрбиенің ең маңызды құралы болып табылады. «оқыту» деп келешек ұрпаққа білімді жеткізуді, оның осы білімдерді меңгеруін және үздіксіз білім берудегі танымдық іс-әрекеттерді айтамыз. Оқыту бұл- оқып үйрену, оқу әрекеті. Индивидтің жеке тұлға және азамат ретінде дамуы әлеуметтік белсенділік пен анықталатын белгілі бір әлеуметтік ортада іс-әрекеттерін талап етеді. Сондықтан да әлеуметтену ең маңызды категорияға жатады, ол тұлғаның өзін-өзі сезінуі, «меннен» басқа «менге» қозғалысқа, әлеуметке енуі. Әлеуметтендірудің негізі белгілі бір білімдер, құндылықтар, мінез-құлық нормалары жүйесін меңгеру деген сөз, ол сол тұлғаға сол қоғамның толық жарамды мүшесі ретінде қызмет етуіне мүмкіндік береді. . Педагогика ғылымының дамуы және міңдеттері. Тәрбие процесі туралы білімнің бірте-бірте жиналуы жаңа ғылымның педагогиканың пайда болуына ықпал етті. Философиялық білім жүйесінен XII ғ. басында алғаш рет бөлініп шықты және оның негізін қалаған чех педагогы Я.А. Коменский /1592-1670/. Оның теориялық идеялары дүние жүзіне кең танымал да, әрі осы күнге дейін өз маңызын жойған жоқ. Коменскийдің әйгілі «Ұлы дидактика»- атты еңбегінде балаларды оқытудың негізгі теориялық мәселелерімен оларды ұйымдастырудың жолдары баяндаоды. Өз еңбектерінде Я.А. Коменский балалардың адамгершілік тәрбиесіне өте үлкен мән берді, ол «Аналар мектебі» атты кітабында отбасы тәрбиесіне байланысты өз көзқарастарын паш етті. Коменский ізімен батыс еуропалық педагогика тарихында елеулі еңбегімен көрінген ғылым өкілдері келіп шықты. Олардың ішінде ас көрнекті Англияда Джон Локк/1632-1704/, Францияда Жан-жак Руссо /1712-1781/, Швейцарияда Иоганн Генрих Песталоцци /1746-1827/, Германияда Иоганн Гербарт /1776-1841/ және Адольф Дистерверг /1790-1866/ т.б. болды. Педагогика ғылымын дамытуға үлкен үлес қосқан ірі ғалым педагог Н.К. Крупская. Н.К.Крупскаяның еңбектері 10 томдық педагогикалық шығармаларында жинақталған. Педагогикалық тақырыптарға жазылған құнды еңбектер педагогика ғылымының дамуына игі әсерін тигізді. Олар: «Советская педагогика за десять лет (1917-1927)», авторлары А.П. Пинкевич, А.Г. Калашниковтың редакциясымен дайындалған үш томдық «Педагогикалық энциклопедия» (1927-1928); И.А. Каировтың (Москва 1939) және П.Н. Груздеваның (Ленинград,1940) редакциясымен жазылған педагогика оқулықтары т.б. Ірі педагог Антон Семенович Макаренко (1888-1939) педагогика ғылымына үлкен үлес қосты. Ол оқу- тәрбие жұмысын жүргізудің жүйелі теориясы мен әдістемесін құрды. А.С. Макаренконың тәрбие мен оқу жайлы еңбектері, оның 1983-1986 жылдары жазылып баспадан шыққан сегіз томдық Педагогикалық шығармаларда жинақталған. Олар; «Ата-аналар үшін кітап», «Балаларды тәрбиелеу жайлы лекциялар», «Тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі», «Ұстаздық дастан», «Мұнара үстіндегі таулар»т.б. педагогикалық және әдеби тақырыптарға жазылған повесть, мақалалар, әңгімелер мен очерктер.Бұл еңбектерде Макаренко тәрбиенің мақсаттары мен міңдеттерін, әдістемесі мен негізгі принциптерін, балалар ұжымын, оқушыларға қойылатын бірыңғай талаптарды зерттеп жинақтады. Педагогика ғылымының дамуына қазақтың белгілі философтары, ағартушы педагогтары, психолгтары үлкен үлес қосты. Қазақстанда ағартушылық идеяларды көтергендердің бірі- Уәлиханов Шоқан Шыңғысұлы (1835-1865). Ағартушы ғалым қазақ даласындағы оқу мектеп ісін ғылыми негізде құрып, оқу білім табиғат сырларын ашуға бағытталуын, Туған халқының алдыңғы қатарлы мәдениетті елдер қатарында болуын армандады. Оның еңбектерінде білім жалпы халыққа бірдей ортақ деген идея басым болды. Шоқанның ағартушы-ғалым, демократ ретінде көздеген ой-пікірі, негізгі мақсаты- халыққа білім беру, оқыту оны реформа арқылы іске асыру еді. Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсарин (1841-1889). Бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ балаларын оқуға тартуға, дүние ғылымдарын үйретуге, оқу құралдарын жазуға жұмсады. Қазақ жерінде екі сыныпты қазақ –орыс мектебінің, тұнғыш мұғалімдер мектебінің (1888) ашылуынан, сол мектептерге арнап «Қазақ хрестоматиясы»(1889ж.) «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» (1889).Сонымен қатар кәсіптік мамандық алуына жол ашты. Торғай қолөнер, Қостанайда ауыл шаруашылығы училищелер, Ырғызда қазақ қыздарына арнап мектеп интернаттың ашылуына ықпал жасады. Қазақ халқының ұлы ойшыл-ақыны Абай Құнанбаевтың (1845-1904) поэтикалық шығармалары мен «ғалқия» сөздері педагогикалық ой- пікірлерге толы. Табиғаттың санадан тыс, тәуелсіз өмір сүруі, адам жаратылысының бірдей емес екендігі, ғылымның ақылмен, жан құмарлықпен алынатындығы, жастарды халқының әдет –ғұрпы, салт-санасы, дәстүрімен тәлім тәрбие алуға шақырды. Ағартушы педагог Ахмет Байтұрсынов (1873-1937) бай педагогикалық мұра қалдырды.А.Байтұрсынов бүкіл өмірін қазақ қоғамында білім ғылымның дамуына, мектеп ісінің кемелденуіне бағыштады.А.Байтұрсынов қазақша оқу құралын (1912) тұнғыш «Әліппе» құралын жазды. 1915 жылы «Тіл құрал» кітабы жарыққа шықты.Ол осы оқулықта қазақ грамматикасына қатыстыкатегориялардың әрқайсысына тұңғыш қазақша терминдерді ұсынды, фонетика, морфология, синтаксис салаларының қазақ тіліндегі негізін салды. Міржақып Дулатов (1885-1935), оқу-тәрбие мәселелерін ғылыми тұрғыдан қарап, жаңа бағдарлама арқылы білім алуға,ғылыми дидактикалық қағидаларға сәйкес сабақ беруге ерекше мән берді.Өзінің «Қирағат» кітабында 1924ж. «Есеп құралы» 1914ж. қазіргі кездегі математикадан оқу кітаптарын құрастырушылар үшін теңдесі жоқ үлгі болды. Тәлім-тәрбие ғылымына терең үңілгендердің бірі- Мағжан Жұмабаев (1893-1938). Оның «Педагогика» атты еңбегі адамның жан дүниесінің әр түрлі жақтарын сипаттайды.Сонымен қатар әдістемелік еңбектері: «Жазылшақ оқу құралдары һәм мектебіміз»1921ж. оқу құралдарын қандай етіп жазу қажеттігін баяндайды, «Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жолы» 1925ж. т.б. Педагогиканың негізгі міндеттерінің бірі ол- тәрбиелік жұмыстардың теориялық және әдістемелік проблемалары шешу, яғни педагогика адам дамы мен қалыптасуының мән-мағанасын зерттей отырып, арнайы ұйымдастырылған үрдіс сипатындағы тәрбиенің теориясы мен әдістерін анықтайды. Сонымен, педагогика тәрбие теориясы мен әдістемесін нақтылай отырып, жеке адам дамуының астарлы, тереңде жатқан тетіктерін және оның дайындығына қоғам тарапынан қойылған талаптар мен әлеуметтік сапаларға орай ұйымдастырылған қалыптастыру процесін зерттейді. Бұл педагогика зерттейтін негшзгі теориялық проблемаларды бөліп қарастыруға мүмкіндік береді. Оларға: 1. Жеке адамның арнайы ұйымдастырылған тәрбие жағдайында даму және қалптасуының мән –мағанасы мен заңдылықтарын зерттеу; 2. Тәрбиенің мақсатын анықтау; 3. Тәрбиенің мазмұның белгілеу; 4. Тәрбие тәсілдерін зерттеу. Date: 2016-05-17; view: 7188; Нарушение авторских прав |