Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Дәріс. Педагогиканың әдіснамалық негіздері
Жоспар: 1. Педагогика ғылымының әдіснамасы туралы түсінік 2. Педагогиканың философиялық негіздемелері 3. Педагогикалық зерттеудің әдістері 4. Ғылыми педагогикалық зерттеулердің құрылымы және логикасы
Педагогикалық теория дамуының ежелден –ақ маңызды факторы оның ғылымдық өрістеуіне әдіснамалық шарттар. Ғылым әдіснамасы бұл- табиғат пен қоғам құбылыстарын зерттеуге негіз болған, әрі сол құбылыстардың теориялық түсіндірмесіне шешімді ықпал етуші философиялық бастау идеялар жиынтығы. Ұзақ уақыт философияның бір бөлігі болған педагогика екі негізгі философиялық әдіснама: идеалистік және материалистік тұжырымдамаларға арқа сүйеп дамыды және қазір де дамып отыр. Ежелгі грек философия- педагогикалық ой-пікір саласында идеалистік бағытты ұстаған Сократ пен Плотон адам дамуының шешуші факторы бір табиғат екенін мойындаса, материалистік бағыттағы Гераклит, Демокрит және Эпикур адамның қалыптасуын басқаша түсіндірді, сыртқы ықпалдар мен тұрмыстық жағдайларға байланыстырды. Көп әдіснамалық алғышарттардың ішінде аса маңыздыларының бірі тәрбиенің барша табиғи және қоғамдық құбылыстар сияқты себепті-салдары байланысты сипатта екендігі. Осыдан материалистік бағытқа негізделген педагогика өз зерттеулерін тәрбие мен теориялық тұғырнамасына ықпал жасаушы өндірістік-экономикалық жәнетәлеуметтік –саяси факторларға байланыстыра жүргізеді. Материалистік тәрбие теориясының шешімі үшін ең маңызды идея- бұл адамның жеке тұлға болып дамуының көзі тіршілік иесінен сыртта, әрі оның қалыптасуы «әлеуметтік бағдарламаға» сәйкес, қоғамдық ықпалдың соның ішінде тәрбиенің нәтежиесінде іске асады. Сонымен қатар бұл әдіснама, адам дамуының көзі, одан тыс екенін айта отырып, оның қоғамдық тұлға болып қалыптасуында өзінің ішкі жан дүниелік белсенділігінің де маңызды рөл атқаратынын алға тартады. «Әдіснама» грек тілінен аударғанда «әдіс туралы ғылым» деген мағына береді. «әдіс» термині тікелей нақты бір нәрсеге деген жол ретінде анықталады. Яғни, методология мағынасы жағынан бір нәрсені тану туралы ғылым болады. Сондықтан методология – зерттеу процесі туралы іліам ретінде де түсіндіріледі. Бұл ілім жалпы методология, ғылыми ұғымның, теориялық негізі, ретінде дамуы мүмкін. Сонда бұл нақтылы фиолософиялық жүйемен байланысты. Ғылыми методологияны жетілдірудің бастамасын және негізін Гегель салды, ол өз назарын бірінші болып философиялық әдістің ерекшелік сипатына, оның нақтылы ғылымдар әдістерінен айырмашылығына және методолгияның олармен үйлесімсіздігі назар аударды. Гегель әдіс дегеніміз мазмұнның қозғалысы, құбылыстың мәнін ашып көрсету және оның мазмұнынан тыс жасалмайтындығын баса көрсетті. Материалистік диалектика объективті шындықты тану әдістері негізінде табиғат, қоғам және адам ойлауының заңдары жатқанын негізге алады. Таным әдісі табиғат пен қоғамның объективті заңдарын көрсеткенде ғана ғылыми бола алады. Сондықтан ғылыми танымның принциптері, оның категориялары мен ұғымдары адамның ақылымен жасалған кездейсоқ ережелерінің қосындысы емес, ол табиғат, адам және қоғам заңдылықтарының бейнесі болып табылады. Материалистік диалектика ғылыми ізденістің стратегиясын береді, бірақ ол нақтылы ғылымда пайда болатын сұрақтарға дайын жауап бермейді. Көптеген жағдайларда педагогикада негізгі идеялар, теориялық және тәжірибелік аспектілер өзара тығыз байланысты. Сондықтан педагогикада теориянеы жасау және зерттеудің теориялық деңгейін көтеру алдыңғы қатарлы тенденция болып отыр. Бұл тенденция педагогиканың методологиясы деген сұрақты қарастырғанда күмән жоқ, бұл сұаққа жауап бермей басқа сұраққа жауап беру мүмкін емес – ал, бұл дегеніміз педагогикалық зерттеулердің теориялық деңгейін күшейту деген сөз. Педагогикалық әдіснама мәні іртүрлі түсіндіріледі: әдіс туралы ғылым, философиялық қағидаларды тікелей ғылыми зерттеулерде қолдану ретінде; арнаулы зерттеу әдістерін жасауға арналған ғылыми пән ретінде. Бұл айтылған үш көзқарас педагогика методологиясының шекарасын мөлшерсіз кеңейтеді немесе тарылтады (Г.В.Воробьев). Қазіргі педагогика әдіснаманың пәні болып педагогикалық құбылыстармен оның нәтижесі – педагогикалық білімдер жүйесін (Ф.Ф.Королев) зерттеу процесі екендігі анықталған. Әдіснамалық білімдер жүйесіне: педагогика пәні, педагогиканың категориялары, педагогиканың ғылыми білімдер жүйесіндегі ролі, педагогиканың басқа ғылымдармен өзара байланыстылығы, педагогика ғылымдарының жүйесі, педагогикалық пәндердің жалпы және ерекшелік міндеттері жатады. Педагогикалық процесс - бұл оқытушылар мен оқушылардың білім беру жөнінде педагогикалық жабдықтарды оқытудағы тапсырманы шешу бағытында жұмсау мазмұның, оның коғам сұраныстарын қанағаттанарлықтай соцымен қатар жеке-жеке тұлға ретінде қалыптасуына да айтарлықтай әсер етуші өзара іс-әрекет. Педагогикалық процесс мақсат пен тапсырмаларды, мазмұн, әдістер, амал, форма; нәтижелерін танытады. Педагогикалық процестің өзі үш ішкі процестен тұрады: оқыту, тәрбиелеу, дамыту. Жоғары мектепте педагогикалық процеске ғылыми қызмет те косылады. Осылай оқыту процестерінде, тәрбиелеуде және ғылыми қызметте мына компоненттер анықталады: мақсаттары мен тапсырмалары, мазмұны, әдісі, жабдықтары, формалары, нәтижелері. Педагогика аймағындағы зерттеулер - бұл ғылыми қызметтің нәтижесі мен процесіне, білім беру заңдылықтары туралы жаңа ақпараттар алуға, оның құрылымы мен механизмдерінің, мазмұныңың, принциптері мен технологиясының заңдылықтарына бағытталған. Педагогикалық зерттеулерді іргелі, қолданбалы, өңдемелі деп бөлуге болады. Іргелі зерттеулер - бұл зерттеу жалпыланған концепция нәтижесіндегі педагогтардың теоретикалық және тәжірибелік жетістіктерінде немесе педагогикалық жүйенің моделінің болжау негізінде дамуын ұсынады. Қолданбалы зерттеулер - бұл зерттеулер педагогикалық процестің жеке тұстарын тереңдете оқуға, әрқилы педагогикалық тәжірибенің заңдылықтарын ашуға бағытталған. Өндемелі зерттеулер - белгілі жағдайларды ескере отырып, ғылыми-практикалық ұсынысқа бағытталған. Кез келген ғылыми зерттеу белгілі әдіснамалық параметрлердің анықтамасына сүйенеді: проблема, тақырып. объект, зерттеу кұралы, мақсат пен тапсырмалар, гипотеза және корғалатын жағдай. Зерттеудің сапа бағамының критерийлеріне актуалдылығы, жаңалығы, теоретикалық және практикалық маңыздылығы енеді. Педагогикалық зерттеулер негізінен 2 бөлімнен тұрады: методологиялық және процессуалды. Өзектілік қажеттілікке және зерттеуді дер кезінде өткізуге нұсқайды. Ғылыми проблема ғылым мүмкіндіктерімен шешілетін негізгі кайшылыстарды көрсетеді. Проблеманың шешілуі зерттеудін мақсатын кұрайды. Объект - бұл таным процесіне бағытталғанның өзі. Зерттеу құралы - бұл объектінің бір жағы мен бөлігі. Бұл теоретикалық көзқарас тұрғысындағы маңызды қасиеттері, объектінің ерекшеліктері болып табылады. Мақсатка, объектіге, пәнге сәйкес зерттеу тапсырмалары қалыптасады, олар болжам гипотезасын зерттеу барысында тексеруге бағытталған. Ғылыми жаңалық - бұл теоретикалық немесе практикалық жаңа шешімдер, білім беру заңдылықтары, құрылым, механизм, әдістер, модельдер, қағидалар, түсініктер, әрекеттер. Кез келген ғылым саласы әдіснамамен (методология, грек сөзі metodos - зерттеудің немесе танымның жолы, теория және 1оgos - сөз, ұғым, ілім дегенді білдіреді) байланысты. Ғылыми танымның сапасы да осы әдіснаманың даму деңгейімен тығыз байланысты. Педагогикалық және тарихи-педагогикалық зерттеулер жүргізу кезінде әдіснаманы қолдану мәселелері білім беру мен тәрбиелеу құбылыстарын оқытудағы маңызды компонент болып табылады. Тарихи-педагогикалық зерттеулер барысында әдіснамалық негіздерді өңдеу маңызды базаңы кұрайды. Әдіснама — бұл ғылыми таным әдістерін зерттеу мен өңдеуге бағытталған ғылыми-танымдык іс-әрекет теориясы. Ол гносеологияның құрамдас бөлігі болып табылады, мұнда таным тәсілі туралы ілім немесе зерттеу тәсілдерінің теориясы ретінде қызмет аткарады. Ғылыми-танымдык процесс үш компоненттен тұратыны белгілі: таным нысаны, таным субъектісі мен таным тәсілі. Жаңадан алынған білім көлемі мен тереңдігі зерттеу әдістерін тиімді әрі дұрыс таңдау мен қолдануға тікелей байланысты екені белгілі. Ғылыми әдісті анықтау қиындық тудырады, яғни бұл оның көптігімен, көптүрлілігімен ерекшеленеді. Ғылыми тәсіл — алға койылған зерттеу міндеттерін шешу үшін субъек және танылатын объект арасындағы өзара байланысты камтамасыз ететін тәсілдер, талаптар мен нормалар, ережелер мен амалдар, техникалық кұралдар мен жабдықтар жиынтығы. Басқа сөзбен айтар болсақ, ғылыми тәсіл теориялық тұрғыда негізделген танымдык нормативтік құрал болып табылады. Әдіснама - бұл теориялық және практикалық іс-әрекетті ұйымдастыру мен кұрудың бастапкы жетекші принциптері, тәсілдері мен кұралдарының жүйесі және соцдай-ақ осы жүйе туралы ілім. Бір сөзбен айтатын болсак, әдіснама - әлемді ғылыми тұрғыдан танудың әдістері туралы ілім. Педагогика ғылымының әдіснамасы дегеніміз - педагогикалық шындықты ұғыну мен өзгертудің принциптері, әдістері, формалары туралы ілім. Кез келген ғылымның әдіснамасы зерттеу міндеттері, зерттеу әдістерінің жиынтығы және талдауға алынатын объекті мен пән туралы зерттеу компоненттерінің жалпы сипатын білдіреді және зерттеу міндеттерін шешудегі іс-әрекеттін кезендері туралы қалыптастыруға негізделген.
Ә.Г. Юдин методологиялық білімнің 4 деңгейін көрсетеді (схемаға қараныздар). Осы жерде аныкталған деңгейге сәйкес негізгі методологиялық приптер берілген
Философиялық әдіснама. Э.Г. Юдиннің айтуы бойынша, бұл ең жоғарғы деңгей. Философиялық әдіснаманың мазмұның танымның жалпы принциптері (кұбылысты даму барысында зерттеу, теория мен практиканың бірлігі және т.б.) және тұтастай алғанда бүтін ғылымның категориялық қатары кұрайды. Бұған мазмұндықпен бірге, (ғылыми ойлаудың дүниетанымдық негіздері, әлемнің «философиялык бейнесі») формалды, яғни ғылыми ойлаудын жалпы формаларына, оның тарихи түрде айкындалған категориялық қатарына жататын алғышарттар да кіреді. Бұл деңгейде адамзат болмысының түбегейлі, маңызды жақтарын козғайтын «мәңгілік» проблемалар қарастырылады. Соцдықтан да педагогика мен педагогика тарихындағы философиялық талдаудың мәні білім беру мен тэрбие ісіндегі белгілі бір проблемаларға жауаптар мен шешімдер іздеуде емес, адамзаттың педагогикалық болмысы сферасындағы күрделі мәселелерді және олардың шығу тегін тауып, зерттеу. Осыған байланысты, тарихи-педагогикалық ғылымға катысты философиялық әдіснаманың бірқатар аса маңызды міндеттерін атап өтейік, олар – ғылыми педагогикалық зерттеудің өзінің басталу мүмкіндігінің алғышарттарының қалыптасуы ретінде қарастырылатын, зерттеушінің танымдық ұстанымдарының қалыптасуы, әрбір ғалым-педагогтың санасының зерттеу проблематикасына саналы түрде бағытталуына қол жеткізу, ғылыми рефлексия тетіктерін іске қосу, әрбір ғылыми теорияның нақты тарихи шекараларын айқындау, педагогика ғылымының дамуындағы шешуші де бетбұрысты жағдайларды анықтау және зерделеу, әлем бейнесіне әртүрлі көзқарастар тұрғысынан педагогика ғылымының эволюциясын парадигмалық тұрғыдан айкындаудың негізін салатын ғылым нәтижелерінін, оның ішінде әдіснамалық нәтижелердің дүниетанымдық интерпретациясын іске асыру, белгіленген ғылыми канондарға сәйкес тарихи зерттеулердің койылымын қамтамасыз ететін жалпы ғылыми зерттеу принциптері (жүйелілік, кұрылымдық, біртұтастылық, кешенділік, логикалық пен тарихилықтың бірлігі, даму процестерінің әркелкілігі және т.б.), процедуралары, әдістері мен формаларының деңгейі. Мұнда, сондай-ақ әдіснамалық функциялар атқаратын, яғни бір мезгілде ғылыми пәндердің (педагогика үшін мұндай аса маңызды жалпы ғылыми тұжырымдама - мәселен, адамның биоәлеуметтік табиғаты туралы тұжырымдама, психиканың дамуының мәдени-тарихи тұжырымдамасы, рухани кұндылықтардың материалдықтан үстемдігі туралы немесе коғамды ізгілендіру тұжырымдамасы, педагогикалық процестің педагогикалық жүйе болып табылатындығының тұжырымдамасы, әлеуметтену факторларының жүйесі тұжырымдамасы және т.б.) барлығына не болмаса бірнешеуінің жиынтығына ықпал ететін теориялар мен жалпы ғылыми тұжырымдамалар кіреді. Бұл деңгейге тағы да әдіснамалық міндеттердің (тұлғаның, шағын топтардың, ойлаудың, шғгармашылықтың, қарым-қатынастың дамуына қатысты кейбір теориялар мен тұжырымдамалар) кең көлемін шешумен байланыстырылатын формалды теориялар, тұжырымдамалар мен өңдемелер де жатады. Нақты ғылыми (жеке ғылыми) әдіснама - белгілі бір ғылым саласында немесе арнаулы ғылыми дисциплинада қолданылатын зерттеу принциптерінің, әдістерінің, тәсілдерінің және процедураларының жиынтығы. Осылайша, педагогика тарихының әдіснамасы тарихи-педагогикалық танымның бірқатар сәй-кестендірілген әдістері мен тәсілдерінің іске асырылуын қарастырады. Олар: ғылыми мәтіндермен, педагогикалық ой-пікірдің шығу және даму тарихын сипаттайтын дереккөздерімен жүргізілетін жұмыстардың ережелері мен шарттарын, педагогикалық фактілерді тандап алу мен оларды талдауға деген талаптарды, педагогикалық теория мен тәжірибенің генезисін айқындаушы бүкіл әлеуметтік факторлар жиынтығы мен ғылымішілік сипаттағы факторларға қойылатын талаптарды және т.б. ескеріп отырады. Бұл жерде, соцдай-ақ пәнаралық ғылымдарда, мысалы, азаматтық тарихта, психология тарихында, философия тарихында, әлеуметтану тарихында койылатын мәселелерді шешудің зерттеу тәжірибесі қол жеткізген жетістіктерді пайдалану да үлкен рөл атқарады. Зерттеудің әдісі мен техникасы, яғни ғылым канондарына сәйкестендірілген біртекті және шынайы зерттеу материалын алуды қамтамасыз ететін процедуралар мен ережелер жинағы, соцдай-ақ ол барлық ғылымның қатарына қосыла алатын бастапқы өңдеу процесі. Бұл жерде біз жоғары деңгейде өз мамандығына кірістірілген нормативтік сипаттағы, ғылыми іс-әрекетті тұтастай және кейбір кезеңдерінде бөлек-бөлек тікелей реттеп отыратын әдіснамалық біліммен істес боламыз. Бұл - зерттеудің басты проблемасының, мақсаты мен міндеттерінің койылуы, оның объектісі мен пәнінің айқындалуы, болжамының қалыптасуы, негізгі ұғымдарының түрлі операциялардан өтуі, теориялық талдау жасау, қорытындыларды рәсімдеу және т.б. Әдіснамалық білімнің деңгейлері арасында мазмұндықпен қатар функционалдық байланыстар да бар. Соцымен бір мезгілде олардың әрқайсысы ғылыми танымда өзіне ғана тән ерекше функцияларды атқарады. Олар өз ішінде мейлінше айқындалған өзара бағыныштылығы бар жүйені құрайды. Date: 2016-05-17; view: 12564; Нарушение авторских прав |