Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Кенішті басты және қосымша желдеткіштермен желдету





 

Жерасты кеніштерін желдетудегі қауіпсіздік талаптары ҚР Үкіметінің қаулысымен 2 наурыз 2009 жылы қабылданған № 234 «Желдету қондырғыларына қойылатын қауіпсіздік талаптары» техникалық регламентінде келтірілген [4].

 

Кенішті желдету үстіңгі жақтағы орнатылған басты (кенішке түгелдей қызмет ететін немесе кеніштің қанаттарына) және қосымша желдеткіштермен (бір немесе бірнеше учаскелер топтарына қызмет ететін) жүзеге асырылады.

 

Желдету әдісі ауаны айдаушы, сорушы немесе ауаны айдаушы-сорушы әдістерімен жүргізіледі. Ауаны айдау арқылы желдету кезінде көмірдің өздігінен жануынан туындайтын өрттің пайда болу мүмкіндігі төмендейді. Сонымен бірге, ауаны сору арқылы ауаны тазартумен салыстырғанда айдау арқылы желдету кезінде желдетуші қондырғыларының желдету арналары қыс мезгілдерінде мұз баспайды және көмір шаңының қалдықтарымен толып қалмайды. Үстіңгі жақтағы орнатылған желдеткіш, үздіксіз жұмыс істеп тұруы қажет. Кенді және кенсіз кеніштерде желдеткіштің жұмыс режимі тау-кен техникалық инспекциясымен сәйкес кеніштің бас инженерімен бекітіледі. Желдеткіштердің үздіксіз жұмыс режимін қамтамасыз ету үшін келесі шарттарды сақтау қажет:

 

1) басты желдеткіш қондырғылары екі жеке тұрған желдеткіш агрегаттардан, сонымен бірге бір қосымша агрегаттан тұруы қажет; газ бойынша қауіпті емес жұмыс істеп тұрған кеніштерде резервті қозғалтқышымен бір желдеткішті агрегаттар қондырғысына рұқсат етіледі;

 

2) барлық кеніштердің басты желдеткіш қондырғылары электрлік қосалқы бекеттер мен электр бекеттерімен жалғанған екі электрлік күшті желілері болуы қажет. Газ жарылысы қауіпі жоқ кеніштерде және газ бойынша I категориялы кеніштерде басқа қондырғылардың тарату пункттерінен желдеткіштің қоректенуіне, егер желдеткіштің қосынды жүктемесін және басқа қондырғыларды қанағаттандыратын болса, рұқсат етіледі;

3) әрбір желдеткіштік қондырғыға машинист қызмет етеді. Машиниссіз жұмысқа, егер жеке жағдайларда желдеткіштің

 

 


 

және қашықтан басқару жұмыстарының кез келген ауытқуы туралы автоматты дабылдар болған кезде рұқсат етіледі;

 

4) желдеткіш қондырғыларды жүйелі түрде тексеруді кеніштің бас механигі немесе оның көмекшісі тағайындаған жұмыскер тексеруден өткізеді. Тексерулер нәтижесі «Желдеткіш қондырғыларды тексеру мен реверсирлеу жұмыстары» кітабына жазылады. 2 жылда бір рет арнайы ұйымдармен басты желдеткіштік қондырғыларға жөндеу жұмыстары мен ревизия жүргізіледі;

5) желдеткіштердің тоқтап қалуы мен олардың жұмыс режимінің өзгеруі, тек апаттық жағдайлардан басқа уақытта, тек қана директордың немесе кеніштің бас инженерінің, ТҚ учаскесінің басшысының жазбаша тапсырмасы бойынша ғана жүргізілуі мүмкін;

 

6) электр энергиясының берілуі тоқтаған жағдайда немесе ақаудың салдарынан кенеттен желдеткіш тоқтап қалған жағдайда, дереу диспетчер арқылы бас инженерге, бас механикке, ТҚ мен ЖТИ учаскесінің басшысына хабарлау қажет;

7) егер желдеткіштің тоқтап қалуы 30 минуттан көп болса, онда адамдар қазбалардан жылдам арада таза ауаға шығарылуы қажет. Жұмысты қалпына келтіру жұмыстары тек қазбаны

 

желдеткеннен кейін және тазарту жұмыстары және бақылаушылардың тексеру жұмыстарынан кейін ғана қалпына келтіріледі.

 

Басты желдеткіш қондырғылары реверсивті қондырғылармен жабдықталады. Реверсирлеу 10 минут аралығында жүргізілуі қажет, ал желдеткішті реверсирлегеннен кейінгі қазба бойынша өтетін ауа көлемі ережеге сай, қалыпты желдеткіштік ауа ағыны бағыты кезінде 60 % - дан кем болмауы қажет. Айына бір рет реверсивті қондырғылардың жұмысының дұрыстығы тексеріліп отырады. Жылына екі рет, сонымен бірге желдету тәсімінің бұзылуы мен желдеткіштерді ауыстыру кезінде, апаттың алдын алу жоспарымен сәйкес қазбаларда желдеткіштік ағындардың реверсирленуі тексеруден өткізілуі қажет.

 

 


 

Date: 2016-05-13; view: 1184; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию