Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Ндірістік жазатайым жағдайлар, оларды топтастыру және зерттеудің негізгі әдістерін қарастыру
Өндірістік кәсіпорындарда қызметкерлердің жұмыс атқаруы барысында болған жазатайым жағдайларды заңды негізде тергеп тексеру мәселелеріне тоқталмас бұрын жазатайым жағдай жайлы жалпы түсінік алу және оның пайда болуының негізгі себептерін қарастыру қажет.
Өндірістегі жазатайым жағдай – бұл жұмысшыға өзінің еңбек міндеттерін немесе жұмыс берушінің тапсырмаларын атқаруда зиянды немесе қауіпті фактордың әсер етуі. Жазатайым жағдайдың нәтижесі – жарақат, яғни организм ұлпаларының және оның функцияларының сыртқы әсер нәтижесінде зақымдалуы. Барлық жазатайым жағдайлар екі топқа бөлінеді: 1. Тұрмыста болған.
2. Еңбек қызметімен байланысты.
Еңбек қызметімен байланысты жазатайым жағдайлар: өндірістік кәсіпорында және өндірістік кәсіпорыннан тыс жерде болуы мүмкін. Өндірістік кәсіпорында болған жазатайым жағдайлар кәсіпорын көлігінде, кәсіпорын алаңында, өндіріс алаңынан тыс жерлерде (қызмет сапары кезінде, жұмыс берушінің тапсырмасын орындау кезінде) болуы мүмкін.
Өндірістік кәсіпорын алаңында болған жазатайым жағдайларды жұмыс орнында болған, жұмыс орнына жақын жерлерде болған, өндіріспен байланысты, өндіріспен байланысы жоқ деп бөледі.
Өндірістік кәсіпорыннан тыс жерде болған жазатайым жағдайларды төмендегідей бөледі: - жұмысқа бара жатқан немесе жұмыстан қайтып келе жатқан жолда болған; - мемлекеттік немесе қоғамдық тапсырмаларды орындау барысында болған; - кәсіподақ немесе қоғамдық ұйымдардың тапсырмаларын орындау барысында болған; - азаматтық міндеттерін орындауда, адам өмірін құтқаруда, заң тәртібін қорғауда болған жазатайым жағдайлар.
Өндірістік кәсіпорындарда болатын жазатайым жағдайлардың негізгі себептері ретінде әсер ету кезінде денсаулыққа зардап келтіретін өндіріспен байланысты бір немесе бірнеше факторлардың байланысын айтуға болады. Өндірісте болатын жазатайым жағдайлардың жалпылама қабылданған топтамасы жоқ, тек кең тараған кейбір себептерін ғана атап кетуге болады, олар: ұйымдастырушылық, техникалық, санитарлы-гигиеналық, экономикалық, психологиялық-физиологиялық және табиғи себептер.
Ұйымдастырушылық себептер қызметкерлердің еңбекті қорғау бойынша нұсқауламаларды жете білмейтіндігімен, оқыту жұмыстарының дер кезінде жүргізілмейтіндігімен сонымен қатар, жұмыс орындарын ұйымдастырудағы кемшіліктермен, қорғаныс құралдарының ақаулығымен, жұмыскерлердің білік-тілігінің жоқтығымен, тәртіпті сақтамайтындығымен байланысты.
Техникалық себептер негізінен машиналар мен механизмдердің құрылымдық кемшіліктерімен, бөлшектерінің тозуымен, материалдар сапасының төмендігімен, техникалық бақылау жұмыстарының жүргізілу жеткіліксіздігімен байланысты.
Санитарлық-гигиеналық себептерге өндірістік орта күйінің қолайсыздығы (жарықтандырылудың жеткіліксіздігі, шу мен дірілдің жоғары деңгейлері, зиянды сәулелену т.б.) жатады.
Экономикалық себептер жұмыс қарқындылығының төмендігімен, аса жүктемелердің көптен көп болуынан, еңбек ақысының кешіктіріліп берілуінен, тұрмыстық жағдайдағы жетіспеушіліктерден, т.б. осы секілді себептерден болады.
Психологиялық-физиологиялық факторлардың әсері адам организмінің физиологиялық және психологиялық ерекшелік-терінің қолданыстағы техникамен, жұмыс және демалыс режимдерімен сәйкессіздігімен, жұмыс позасының ыңғайсыз-дығымен байланысты.
Психологиялық себептер ұжымдағы қарым-қатынастың нашарлығы, жұмыспен қанағаттанбау сияқты себептермен байланысты болады.
Ал табиғи себептерге қызметкерлерге табиғи залалдардың (жер сілкіну, құйын және т.б.) әсер етуін жатқызуға болады.
Өндірістегі жазатайым жағдайлардың көрсеткіштері.
Өндірістік жазатайым жағдайлардың көрсеткіштерінің бірі болып өндірісте жарақат алушылардың саны (бір ай ішінде, кварталына, жылына) болып саналады. Демек бұл көрсеткіш арқылы жұмыскерлердің саны үнемі өзгеріп тұратын кәсіпорындардағы еңбекті қорғау бойынша жүргізілетін іс-шаралар тиімділігі жайлы салыстырмалы мәліметтер алу қиынға соғады. Сондықтан жарақаттану жиілігі көрсеткіші алынған және ол төмендегі теңдеу арқылы жұмыс атқаратын 1000 жұмыскерге есептеледі:
мұндағы Т – есептік уақыт аралығындағы жарақат саны (көбінесе бір жылға алынады);
Р –есептік уақыт аралығында жұмыс атқарған жұмысшы-лардың орташа саны. Жарақаттанудың едәуір нақтырақ көрсеткіші болып ауысымына 100 000 адамға шаққандағы жарақат саны саналады:
мұндағы С – белгілі уақыт аралығында жұмыс атқарған ауысымына/адам санының қосындысы.
Жарақат ауырлығының көрсеткіші алынған жарақат салдарынан жұмысқа жарамсыздықтың орташа ұзақтылығын бағалауға мүмкіндік береді және келесі теңдеумен анықталады.
мұндағы Д – жарақат алғандардың жалпы жұмысқа жарамсыздық күндерінің саны.
Бұл көрсеткіш тұрақты жұмысқа жарамсыздықты жоғалтуды (мүгедектікті) ескермейді, сондықтан жарақат ауырлығын толықтай сипаттамайды. Жұмысқа жарамсыздық көрсеткішін келесідей анықтайды:
Материалдық зардап келесі теңдеумен анықталады:
мұндағы М – есептік уақыт аралығындағы жазатайым жағдай нәтижесіндегі материалдық зардап, теңге.
Жазатайым жағдайлардың алдын алуға қажетті шығын көрсеткіші келесі теңдеумен анықталады:
мұндағы З – есептік уақыт аралығындағы жазатайым жағдайлар-дың алдын алуға қажетті шығын, теңге.
Жарақаттану себептерін зерттеу. Жарақаттану себептерінзерттеу әдістері келешекте олардың алдын алу үшін, барлық зиян, зардап келтіретін факторларды анықтауға мүмкіндік беруі керек. Жарақаттануды зерттеудің бірегей топтамасы жоқ. Жарақаттануды зерттеудің келесі әдістерін атап айтуға болады: статистикалық, топографиялық, топтық, монографиялық, экономикалық, психологиялық-физиологиялық және т.б.
Статистикалық әдіс жеке бір цехта,өндірістіккәсіпорында, немесе өндірістік салада жарақаттану бойынша бірнеше жылдар бойына жиналған статистикалық мәліметтерді зерттеуге негізделген. Бұл әдіс жарақаттану деңгейінің өзгеру заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік береді, демек аталған әдіс арқылы жарақаттану себептерінің тұрақсыздығын айқындау мүмкін емес.
Топографиялық әдісте барлық жарақаттану жағдайларынөндірістегі жабдықтардың орналасу жоспарына белгілейді, бұл жарақаттанудың жоғарғы деңгейімен сипатталатын жұмыс орындарын анықтау және оны алдағы уақытта жете зерттеу мүмкіндігін туғызады.
Топтық әдіс себептері,болған жағдайлары бойынша бірдейжазатайым жағдайлардың қайталануына негізделген. Бұл жарақаттанудың басым бөлігі тиесілі болатын мамандықтар мен жұмыс түрлерін, жеке жабдықтар мен қондырғылардың ақауларын анықтауға, сондай-ақ жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында оларды жетілдіру жолдарын белгілеп қоюға мүмкіндік береді.
Монографиялық әдіс жазатайым жағдай болған жалпыжағдайлар кешенін зерттеуге негізделген. Әдісті жүзеге асыру барысында технологиялық кешен, технологиялық үрдіс, агрегаттар құрылысы, жұмыс орыны, жабдықтар мен қондырғылар, еңбек шарттары, жеке қорғаныс құралдары және т.б. түгелдей зерттеледі. Бұл әдіс бойынша жазатайым жағдайға әкеліп соққан барлық жағдайлар терең тексеріліп, қарастырылады. Желілік модельдеу әдісін бірнеше факторлардың бірлесіпәсерлесуі негізінде болған жазатайым жағдайды талдауда қолданады. Желілік модель жарақаттың болған сәтінен бастап, оған себеп болған жағдайларға дейін құрылады, құбылыстар арасында логикалық байланыс белгіленеді. Бұл себептер түрлі сипаттарда болуы мүмкін: кезекті, параллель (бірнеше себеп), тармақталған.
Бақылау әдісі жазатайым болған алаңды,жарақаттануқауіпі бар аймақтарды қарау, өлшеулер жүргізу, суретке түсіру, физикалық-химиялық зерттеулер жүргізуге негізделген. Бұл әдіске жабдықтарды тексеруді, жарықтандыру, шаңдылық, шу мен діріл деңгейлерін зерттеу сияқты жұмыстарды жатқызады.
Сұрақ-жауап әдісі жұмыскерлерге жазбаша түрде сұрақберуге негізделген. Ол арқылы негізінен психологиялық-физиологиялық себептер анықталады. Ең маңыздысы сұрақ-жауап парақтарын өңдеу болып саналады.
Эксперттік бағалау әдісі еңбек өтілі жоғары кәсіпқоймамандардың тәжірибелік, шығармашылық ойларын тәжірибеге еңгізуге негізделген.
Экономикалық әдіс еңбекті қорғауға байланысты іс-шараларды еңгізу мен құрастыру жұмыстарына жұмсалатын экономикалық шығын тиімділігін анықтау мақсатында жазатайым жағдай нәтижесінде келтірілген экономикалық шығынды анықтауға негізделген. Дегенмен бұл әдіс жарақат себептерін анықтауға мүмкіндік бермейді.
Психологиялық-физиологиялық әдіс тұрақты түрде немесеуақытша әсер ететін жарақаттанудың физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік себептерін анықтауға мүмкіндік береді.
Date: 2016-05-13; view: 1810; Нарушение авторских прав |