Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жазатайым жағдайларды жәнеқызметкерлер денсаулығының өзге де зақымдануларын тергеп-тексеру мен есепке алу





 

Жұмыс орындарында болған жазатайым оқиғалар адам денсаулығына, өміріне қандай да бір зардап келтіруі мүмкін. Қандай да бір жұмыс орнында болған өндіріске байланысты жазатайым оқиға міндетті түрде тергеп тексерілуі қажет. Жарақатқа немесе кәсіптік науқастануға шалдыққан қызметкерлердің уақытша жұмысқа қабілеттілігін жоғалтуы еңбекке жарамсыздық парағымен куәландырылады.

 

Кей жағдайларда өндірістік кәсіпорындарда болған жазатайым оқиға нәтижесінде жұмысшы денсаулығына айтарлықтай зардап тимейді, сол себептен болған жазатайым оқиғалар дер кезінде тергеп тексерілмей, сол қалпында қалып қояды. Демек, араға бірнеше күн салып, болған жазатайым оқиға нәтижесі байқала бастайды. Мұндай жағдайлар тәжірибеде көптен-көп кездеседі. Осындай жағдайларда Н-1 нысанындағы акті жасалады.

 

Өндірістегі болған жазатайым оқиғаларды тергеп тексерудің мақсаты – болған оқиғаның негізгі себептерін анықтау, жазатайым оқиғалардың алдын алу, сонымен қатар жұмыскерлер мен қызметкерлердің мүддесін қорғау болып саналады.

 

Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды және қызметкерлер денсаулығының өзге де зақымдануларын тергеп-тексеру мен есепке алу Еңбек Кодексінің 37-тарауында жете қарастырылған [2].

 

ЕК 322 - бабы. Тергеп-тексерудің жалпы жағдайлары және өндірістегі жазатайым оқиғаларды есепке алу:

1 Қызметкерлердің, сондай-ақ:

1) техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орындарында оқитын, кәсіптік тәжірибеден өтіп жүрген адамдардың;

 

2) әскери қызмет өткерумен байланысты емес жұмыстарды орындауға тартылған әскери қызметшілердің;

3) сот үкімі бойынша еңбекке тартылған адамдардың;

 

 


 

4) әскерилендірілген авариялық-құтқару бөлімдері, әскери-лендірілген күзет жеке құрамының, авариялардың, дүлей зілзаланың салдарларын жою жөніндегі, адам өмірін және мүлікті құтқару жөніндегі ерікті команда мүшелерінің еңбек қызметіне байланысты және еңбекке қабілетсіздігіне не өліміне әкеп соққан денсаулығының зақымдану жағдайлары осы Кодекске сәйкес тергеп-тексеруге және есепке алуға жатады.

 

2 Өндірістік жарақаттар мен қызметкердің денсаулығына еңбек міндеттерін атқарумен байланысты келтірілген өзге де зақымданулар не жұмыс берушінің мүддесі үшін өз бастамасы бойынша еңбекке қабілетсіздігіне не өлімге әкеп соққан басқа да әрекеттер жасау, егер олар:

 

1) жұмыс уақыты басталар алдында немесе аяқталғаннан кейін жұмыс орнын, өндіріс құрал-жабдықтарын, жеке қорғану құралдарын және басқаларын дайындау және ретке келтіру кезінде;

2) жұмыс орнындағы жұмыс уақыты ішінде немесе іссапар кезінде не жұмыс берушінің немесе ұйымның лауазымды адамының тапсырмасы бойынша еңбек немесе өзге де міндеттемелерді орындауға байланысты басқа жерде болғанда;

3) қауіпті және (немесе) зиянды өндірістік факторлар әсерінің нәтижесінде;

4) жұмысы қызмет көрсету объектілері арасында жүрумен байланысты қызметкер жұмыс уақытында жұмыс берушінің тапсырмасы бойынша жұмыс орнына бара жатқан жолда;


 

5) қызметкердің еңбек міндеттерін орындауы кезінде жұмыс берушінің көлігінде;

6) жеке көлігін қызмет бабында пайдалану құқығына жұмыс берушінің жазбаша келісімі болғанда өзінің жеке көлігінде;

 

7) жұмыс берушінің өкімі бойынша өз ұйымының немесе басқа ұйымның аумағында болған кезеңде, сондай-ақ жұмыс берушінің мүлкін қорғау не жұмыс берушінің мүддесі үшін өз бастамасы бойынша өзге де іс-әрекеттер жасау кезінде болса, өндірістегі жазатайым оқиғалар ретінде тергеп-тексеріледі және есепке алынады.

 

3 Тергеп-тексеру барысында жарақаттар мен зақымданулардың:

 

 


 

1) зардап шеккен адамның өз бастамасы бойынша жұмыстарды немесе өзге де іс-әрекеттерді функционалдық міндеттеріне кірмейтін және жұмыс берушінің мүддесімен байланысты емес, оның ішінде вахталық әдіспен жұмыс істеу кезінде ауысымаралық демалыс және түскі ас үзілісі кезеңінде, сондай-ақ алкогольдік ішімдікке мас болу, уытты және есірткі заттарды (олардың аналогтарын) пайдалану күйінде орындаған кезде;

2) өз денсаулығына қасақана (әдейі) зиян келтіру нәтижесінде немесе зардап шеккен адам қылмыс жасаған кезде;

 

3) зардап шеккен адам денсаулығының медициналық қорытындымен расталған, қауіпті және (немесе) зиянды өндірістік факторлардың әсерімен байланысты емес кенеттен нашарлауынан болғаны нақты анықталса, олар өндірістік жарақаттар және қызметкерлер денсаулығының өндірістегі өзге де зақымданулары ретінде рәсімделмейді.

 

4 Әрбір жазатайым оқиға туралы зардап шеккен адам немесе куәгер жұмыс берушіге немесе жұмыстарды ұйымдастырушыға дереу хабарлауға міндетті. Денсаулық сақтау ұйымдарының жауапты лауазымды адамдары қызметкерлердің өндірісте жарақат алуына немесе өзге де зақымдануына байланысты бастапқы өтініш жасауының әрбір жағдайы туралы жұмыс берушіні және мемлекеттік еңбек инспекциясының аумақтық бөлімшелерін, сондай-ақ қатерлі кәсіптік ауру (улану) жағдайлары туралы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органды хабардар етуге тиіс.

 

5 Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді ұйымдастыруға, рәсімдеуге және тіркеуге жұмыс беруші жауапты болады.

 

Жазатайым оқиға болған жағдайда жұмыс орнына жауапты тұлға зақымданушыға міндетті түрде алғашқы көмек көрсетуі қажет, болған оқиға жайлы тиісті денсаулық сақтау ұйымына (медициналық пунктке, жедел-жәрдем бөлімшесіне т.б.) хабарлауы қажет.

 







Date: 2016-05-13; view: 2243; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию