Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Еңбек қорғау қызметін ұйымдастыру
Ұйымдардағы жұмыскерлердің жалпы санына байланысты, жұмыс беруші еңбек қорғау қызметін құру туралы шешім қабылдауы қажет (еңбек қорғау бойынша маманды жұмысқа қабылдау), бір инженерлі – техникалық жұмыскерге еңбек қорғау бойынша маманның міндеттерін жүктеуі қажет. [2].
Еңбек қорғау қызметінің жұмыскерлерінің шарттары, міндеттік қызметтері және құқықтары ҚР Еңбек Министрлігінің бұйрығымен бекітілген өндірістердегі, мекемелердегі және ұйымдардағы еңбек қорғау қызметінің жұмыстарын ұйымдастыру бойынша Ұсыныстарымен бекітіледі.
Еңбек қорғау бойынша маманның қызметіне, ережеге сай, еңбек қорғау бойынша мамандығын немесе инженер мамандығын игергендігі туралы кәсіби біліктілігі бар мамандарға рұқсат беріледі, сонымен бірге осы мамандық бойынша басқа өндірістерде үш жылдан кем емес мерзімде қызмет істеген, тәжірибесі бар мамандарға рұқсат етіледі.
Еңбек қорғау бойынша инженер мамандығы жоқ, инженерлік-техникалық жұмыскерлерді қызметке тағайындамас бұрын, алдын ала «Еңбек қорғау маманы» мамандығын игеретін кадрларды қайта дайындайтын, жоғары кәсіби оқу бөлімшелеріне жіберіледі.
Еңбек қорғау талаптарын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында, әрбір ұйымдарда олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз ететін, 50-ден аса жұмысшысы бар ұйымдарда еңбек қорғау қызметі құрылады немесе осы еңбек қорғау аймағында жұмыс тәжірибесі бар немесе арнайы дайындықтан өткен кәсіпқой маман еңгізіледі. Жұмыскерлер саны 50 болатын және саны одан төмен ұйымдарда еңбек қорғау қызметін құру туралы жұмыскерлердің шешімі бойынша, жұмыс беруші осы аталып отырған мамандықты енгізеді немесе осы ұйымның әрекет ету ерекшелігіне байланысты қарастырады. Ұйымдарда еңбек қорғау қызметінің құрылымы мен еңбек қорғау қызметі жұмыскерлерінің саны еңбек қорғау
мәселелерінің шешілуіне орай, атқарушы қызметтердің ұсынысына сәйкес жұмыс берушімен анықталады.
Еңбек қорғау бойынша комитет (комиссия) еңбек қорғау бойынша ұжымдық келісімшарттардың бөлімдерін жасайды, еңбек қорғау талаптарын қамтамасыз ету бойынша жұмыскерлер мен жұмысшылардың бірге әрекет етуі, кәсіби аурулар мен өндірістік жарақаттардың алдын алу шараларын жасайды, сонымен бірге жұмысшы орындарында еңбек қорғау мен шарттарына тексерулер жүргізеді және өткізілген тексерулер нәтижесін жұмыскерлерге хабарлайды.
Date: 2016-05-13; view: 1679; Нарушение авторских прав |