Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






ЕК 326-бабы. Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру материалдарын рәсімдеу және оларды есепке алу





 

1. Жазатайым оқиға туралы акт толтырылып, оған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің және ұйым бөлімшесінің басшылары, сондай-ақ ұйым қызметкерлерінің өкілдері қол қояды және оны жұмыс беруші бекітіп, ұйымның мөрімен расталады.

 

2. Улану жағдайларында жазатайым оқиға туралы актіге халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның өкілі де қол қояды.

Егер жұмыс беруші жеке тұлға болса, жазатайым оқиға туралы акт толтырылып, оған жұмыс беруші қол қояды және нотариалды түрде расталады.

 

3. Акт тергеп-тексеру материалдарына сәйкес ресімделуге тиіс. Егер өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру кезінде

 

комиссия зиянның туындауына немесе ұлғаюына өрескел абайсыздық себеп болғанын анықтаса, онда комиссия тараптардың аралас жауапкершілігін қолданып, қызметкер мен жұмыс берушінің кінәсін пайызбен айқындайды.

 

Егер жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның бір мүшесі комиссияның (көпшіліктің) қорытындысымен келіспейтін болса, ол өзінің дәлелді пікірін тергеп-тексеру материалына қосу үшін жазбаша түрде ұсынады. Ол арнайы тергеп-тексеру актісіне "ерекше пікірге қара" деген сілтеме жаза отырып, қол қояды.

 

4. Әрбір жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін жұмыс беруші үш күннен кешіктірмей зардап шеккен адамға немесе оның сенімді адамына жазатайым оқиға туралы актіні беруге міндетті, актінің бір данасы жұмыс берушімен

 

 


 

тиісті шарттық қатынастары бар сақтандыру ұйымына, ал екіншісі – мемлекеттік еңбек инспекциясына жіберіледі.

 

Улану жағдайында актінің көшірмесі халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органға да жіберіледі.

 

5. Тергеп-тексеру нәтижесімен келіспеген немесе жазатайым оқиға туралы акт уақтылы рәсімделмеген жағдайда, зардап шеккен адам немесе оның сенім білдірген адамы, ұйым қызметкерлерінің өкілі жұмыс берушіге жазбаша түрде жүгінуге құқылы, жұмыс беруші олардың өтінішін он күн ішінде қарап, тиісті шешім қабылдауға міндетті.

 

6. Тергеп-тексеру барысында жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру, рәсімдеу және тіркеу мәселелері бойынша жұмыс берушінің, қызметкердің және мемлекеттік еңбек инспекторының не қауіпті өнеркәсіп объектілерінде болған оқиғалар кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі мемлекеттік инспектордың арасында туындаған келіспеушіліктерді тиісті жоғары тұрған бас мемлекеттік еңбек инспекторы бағыныштылық тәртіппен қарайды және (немесе) сот тәртібімен қаралады.

 

Жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру мәселелері бойынша жоғары тұрған бас мемлекеттік еңбек инспекторының шешімі еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысанда қорытынды түрінде рәсімделеді.

 

7. Жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру актісі материалдарының көшірмелерін жұмыс беруші мемлекеттік бақылау органдарына жібереді. Оның үстіне, жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін мемлекеттік еңбек инспекторы арнайы тергеп-тексеру актісі материалдары көшірмелерінің бір данасын жеті күн ішінде жергілікті ішкі істер органына жібереді, ол заңнамаға сәйкес тиісті шешім қабылдап, қабылданған шешім туралы жиырма күннен кешіктірмей хабарлайды.


 

8. Актімен рәсімделген әрбір жазатайым оқиға өндірістегі жазатайым оқиғаларды және денсаулыққа келтірілген өзге де зақымдануларды тіркеу журналына жазылады және өндірістегі уақытша еңбекке қабілетсіздігі мен жарақаттану туралы статистикалық есепке енгізіледі, оған жұмыс беруші қол қойып,

 


 

белгіленген тәртіппен статистика органдарына ұсынады. Журнал еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша жүргізіледі.

9. Жұмыс беруші жазатайым оқиғалар туралы актілерге сәйкес статистика жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысанға сай мемлекеттік еңбек инспекциясының аумақтық органдарына ұйымда болған жазатайым оқиғалар туралы мәліметтерді тиісті кезеңдегі өсу қорытындысын көрсетіп, ай сайын беріп отыруға міндетті.

 

10. Жұмыс беруші немесе оның өкілі уақыт өте келе ауыр зардаптарға немесе кісі өліміне әкеп соққан жазатайым оқиғалар санатына ауысқан өндірістегі жазатайым оқиғалар туралы тиісті мемлекеттік еңбек инспекциясына, ал сақтандыру жағдайлары туралы – сақтандырушының атқарушы органына (сақтанушы тіркелген жердегі) хабарлайды.

 

11. Жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру материалдары ұйымда қырық бес жыл бойы сақталуға тиіс, ұйым таратылған жағдайда жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру материалдары міндетті түрде сол ұйым жұмыс істеген жердегі мемлекеттік мұрағатқа тапсырылуға тиіс.

 

12. Өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру материалдарында тергеп-тексеру актісімен қатар:

1) зардап шеккен адамның еңбекті қорғау жөнінде оқығаны және нұсқама алғаны, сондай-ақ алдын ала және мерзімдік медициналық тексерулерден өткені туралы мәліметтер;

 

2) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша жауап алу хаттамалары және оқиға куәгерлерінің, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуына жауапты лауазымды адамдардың түсініктемелері;

 

3) оқиға болған жердің жоспарлары, схемалары мен фотосуреттері;

4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын регламенттейтін нұсқаулықтардан, ережелерден, бұйрықтардан және басқа да актілерден үзінді көшірмелер, өндірістегі салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге жауапты лауазымды адамдардың міндеттері және басқалар;


 

 


 

5) зардап шеккен адамның денсаулығына келтірілген зақымның сипаты мен ауырлығы (өлімге әкеп соққан себеп) туралы медициналық қорытынды;

6) зертханалық және басқа зерттеулердің, эксперименттер-дің, сараптамалардың, талдаулардың нәтижелері және тағы сол сияқтылар;

 

7) бас мемлекеттік еңбек инспекторының қорытындысы (егер бар болса);

8) жұмыс берушіге келтірілген материалдық залал туралы мәліметтер;

9) жұмыс берушінің зардап шеккен адамға (отбасы мүшелеріне) оның денсаулығына келтірілген зиянды өтеу және жол берілген оқиғаға кінәлі лауазымды адамдарды жауапкершілікке тарту туралы бұйрығы;

10) қоса берілетін құжаттардың тізбесі болуға тиіс.

 

13. Зардап шеккен адам немесе қызметкерлердің өкілі жазатайым оқиғаны тергеп-тексерудің бүкіл материалдарымен танысуға және қажетті үзінді көшірмелер жасауға құқылы.

 







Date: 2016-05-13; view: 1142; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.009 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию