Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Еңбек қорғау бойынша заң шығарушылық және басқа нормативті актілерді сақтауды бақылау мен қадағалау
Конститутцияда азаматтардың басты құқығын сақтап қалу үшін денсаулығын сақтау құқығын бекітті, сонымен бірге жұмыскерлердің денсаулығын сақтау мен қауіпсіз еңбек шарттарына құқығы бар екендігі қарастырылған. Сонымен қатар, еңбек аясындағы – адамдық қатынастардың тағы бір маңызды құқығы бар. Тәжірибеде заңдылықты қамтамасыз ету шарттарында осы аймақтағы заңдардың сақталуын қадағалайтын және бақылайтын ұйым жүйелері қызмет етеді, олардың басты мақсаты – заңдардың бұзылып, бұрмалануына жол бермеу.
Бақылау органдары, өздерінің басқарушылық иегерлігімен, тек қана бақылаушы және қадағалаушы нысандардың тексерулеріне сәйкес тексеру жүргізе алады, сонымен қатар табылған бұзақылықтар мен қабылданған әкімшілік заңдық тапсырыстарын да бере алады. Әкімшілік тапсырмаларын орындамаған жағдайда, белгілі дәрежеде құқықтық жауапкершіліктерге тартылады: оның шешімдерінің күші жойылады, жұмыскердің құқығы қалпына келтіріліп, кінәлі лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылады.
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік еңбек инспекторы – Қазақстан Республикасының еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органының мемлекеттік еңбек инспекциясының басшысы 328 бабына сәйкес жүзеге асырады.
Мемлекеттік еңбек инспекцияларының бас мемлекеттік инспекторлары – еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік еңбек инспекциясының лауазымды адамдары, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың бас мемлекеттік еңбек инспекторы - еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік еңбек инспекциясының облыстық, республикалық маңызы бар қаладағы аумақтық бөлімшесінің басшысы, мекемелердегі, ұйымдардағы, өндірістердегі Мемлекеттік бақылау мен қадағалаушылар жекеменшік формасы мен қол астындағылардың формасына, сонымен қатар олардың бақылауындағы еңбектік техникалық
және құқықтық инспекциялары осы инспекциялардың нұсқауларына сәйкес болады.
Мемлекеттік еңбек инспекторының жұмысы кезіндегі қызметтік міндеттері заңмен қорғалады және Қазақстан Республикасының Конститутциясы, Қазақстан Республикасының заңды және өзге де нормативті құқықтық актілері басшылыққа алынады.
Ең жоғарғы бақылаудағы еңбек туралы заңдарды дәл және нақты орындалуын ҚР Бас прокуроры жүзеге асырады және одан төменгі лауазымда тұрған прокурордың барлығы бағынышты болады.
Заңдарда келесі бақылау мен қадағалау формалары бар: алдын ала, ағымды және келесі. Алдын ала бақылау мен қадағалаудың мақсаты сол, заңсыз шешімдерді қабылдауға рұқсат бермеу және ескерту болып табылады. Келесі бақылау мен қадағалау, еңбек заңнамасындағы бұзылған қателіктерді табу мен бұзылған құқықтарын қалпына келтіру.
Ағымды бақылау мен қадағалау күнделікті жүргізіледі, үрдіс кезінде ескертулер жасалуы мүмкін, сонымен қатар бұзылғандарын табу.
ҚР ЕК 328 бабына сәйкес мекемелерде, ұйымдарда, өндірістік кәсіпорындарда еңбек заңдылықтарын сақтау бойынша Мемлекеттік бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторлары жүргізеді.
Еңбек инспекциясы –заңға бағынышты барлық ұйымдармен жеке тұлғалардың еңбек қорғау және еңбегі туралы заңдардың барлығын сақтау мен қадағалауды жүзеге асыра отырып, барлық құқықтарын сақтайтын мемлекеттік орталықтандырылған бақылаушылары.
Еңбек инспекциясының басты шарты мемлекеттік еңбек инспекциясының қызметі қызметкерлердің құқықтары мен бостандықтарын сыйлау, сақтау және қорғау, заңдылық, әділдік, тәуелсіздік және жариялық принциптері негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік тау-кен және техникалық қадағалау департаменті (ТЖМ-не қарасты)және оның ұйымдарыөндіруші және қайта өңдеуші өндірістік салаларда, қауіптілігі жоғары нысандарды пайдалану кезінде, магистральді құбыр
өткізгіштерде, теміржол көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау кезіндегі жұмыстардың қауіпсіз жүргізілуін қадағалайтын орындарына қарасты болады. Date: 2016-05-13; view: 1339; Нарушение авторских прав |