Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Жұмыс уақыты режимі
Жұмыс уақыты режимі – жұмыс уақытының апталық ұзақтығымен қарастырылуы қажет (екі күндік демалысы бар бес күндік, бір күндік демалысы бар алты күндік, жылжымалы кесте бойынша демалыс күндері берілетін жұмыс аптасы), жеке категориялы жұмыскерлер үшін мөлшерсіз жұмыс күндері бар жұмыс түрі, күнделікті жұмыс ұзақтығымен (ауысым), жұмыстың басталуы мен аяқталуы, жұмыстағы үзіліс уақыты, жұмыс күндері мен жұмыс емес күндерінің ауысып отыруы ҚР Еңбек кодексімен, ұжымдық келісімшарттармен, келісімдермен, сәйкес ұйымның ішкі еңбек шарттарының ережелерімен немесе ұжымдық келісімшарттармен бекітіледі. Мекемелердегі қалыпты жұмыс аптасының ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы қажет.
Демалыс уақыты – ол жұмысшының еңбектік қызметтерін орындаудан бос аралығындағы уақыты немесе ол өзінің мүмкіндіктері бойынша пайдаланбайтын уақыты.
Демалыс уақытының түрлеріне жататындары: – бір күндік жұмыс аралығындағы үзілісі (ауысым); – күнделікті демалысы (ауысым аралығындағы);
– демалыс күндері (аптадағы үздіксіз демалыс);
– жұмыс емес мейрам күндері; кезектен тыс демалыс. Жұмыс күні аралығында жұмыскерге (ауысымда) демалуға
және тамақтануға 2 сағат берілуі қажет және 30 минуттан кем емес жұмыстан тыс уақыт берілуі тиіс. Үзіліс беру уақыты мен оның нақты ұзақтығы ұйымның ішкі еңбек тәртіптемесі ережелерімен бекітіледі немесе жұмыс беруші мен жұмысшының арасындағы келісімшарт бойынша бекітіледі.
Аптадағы үзіліссіз демалыстың ұзақтығы 42 сағаттан аспауы қажет.
Барлық жұмыскерлерге демалыс күндері беріледі (аптадағы үздіксіз демалыс). Бес күндік демалыс күндері кезінде
жұмыскерге аптасына екі күн демалыс беріледі, ал алты күндік жұмыс аптасында – бір күндік демалыс беріледі.
Жалпы демалыс күні ол – жексенбі күні. Бес күндік жұмыс аптасындағы екінші демалыс күні ұжымдық келісімшартпен немесе ұйымның ішкі еңбек тәртіптемесімен белгіленеді. Екі демалыс күні де ережеге сай, қатар болуы тиіс.
Өндірістік-техникалық және ұйымдық шарттар бойынша демалыс күндері жұмысты тоқтату мүмкіндігі жоқ ұйымдарда, демалыс күндері ұйымның ішкі еңбектік тәртіптемесінің ережесіне сәйкес, әртүрлі жұмыс топтарына әрқалай беріледі.
Демалыс күндері және мейрам күндері жұмыс істеуге тыйым салынады. Демалыс күндері мен мейрам күндері жұмыскерлерді жұмысқа шақыру жұмыскерлердің жазбаша келісімі бойынша жүргізіледі.
Жұмысшылар жыл сайын жұмыс орыны мен (қызметі қоса) 28 күнтізбелік күндерімен орташа еңбек ақысын сақтай отырып, кезекті демалысқа жіберіледі. Бірінші жылғы жұмыс істеу мерзімінде жұмыскердің кезекті демалысын пайдалану құқығы алты ай мерзімі өткеннен кейін күшіне енеді.Екі жақтыкелісімшарт бойынша жұмыскерге кезекті демалысы төленеді және алты ай мерзімі аяқталғанға дейін де төленеді.
Жұмыскердің өтініші бойынша төленетін демалыс уақыты алты ай аяқталғанға дейін, әйел азаматтарға берілуі тиіс – жүктілігі мен босану уақыты бойынша демалыстың алдында немесе тікелей содан кейін; 18 жасқа дейінгі жас мөлшеріндегі жұмысшыға; бала асырап алған жұмыскерге үш айға дейінгі мерзімде, және басқа ҚР Еңбек кодексінде қарастырылған жағдайларда берілуі тиіс [1,2].
Date: 2016-05-13; view: 2425; Нарушение авторских прав |