Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Леуметтік мәліметтер жинаудың әдіс-тәсілдері





 

Социологияда ақпарат алудың маңызды құралы, көзі және әдісі, құжаттары болып есептеледі. Социологияда құжат деп ақпаратты сақтау және жеткізу үшін адамның арнайы жасаған затын айтады. Құжаттарда жеке адамның, ұжымның, халықтың үлкен тобының және жалпы қоғамның қызмет процестері мен оның нәтижелері жөнінде мағлұматтар жинақталады. Сондықтан олар зерттеушілер үшін аса маңызды. Құжаттарды түріне қарап бес топқа бөледі:

а) ақпаратты белгілеу тәсіліне қарай бөлінген құжаттар, бұған жазба, баспа, кино бейнелеу таспасына түсірілген жазба, магнит таспасындағы жазбалар жатады;

б) мақсат міндетіне қарай бөлінген құжаттар, бұған зерттеу бағдарламасына сәйкес зерттеушілердің күшімен алған материалдар, басқа да мақсаттар үшін жасалған қолдағы құжаттар жатады;

в) арнайы құжаттығына орай бөлінген құжаттар, оларға жеке адамның күнделігі, хаттары, статистикалық материалдар, баспасөз мәліметтері т.б. жатады;

г) құжаттың түпнұсқасының статусына қарай бөлінгендер болады. Олар ресми және ресми емес болып бөлінеді. Ресми құжаттарға: мемлекеттік статистика мен мемлекеттік архив мәліметтері; ресми емес құжаттарға: жеке азаматтар жасаған құжаттар жатады;

д) ақпараттың алыну көзіне орай бөлінгендер: бастапқы құжаттар және екінші қатардағы құжаттар болып бөлінеді.

Бастапқы құжаттар тікелей бақылаудың немесе сұрақ-жауаптың негізінде алынған мәліметтер; екінші қатардағы құжаттар, яғни бастапқы құжаттарды сипаттаушы немесе қорытындылаушы.

Қазіргі заманда әлеуметтануда өзі кешенді қолданатын арсеналды көп түрлі бақылау әдістері бар. Негізгі әдістер: ақпарат жазба көзінің талдауы (құжаттар), бақылау, сұрау жүргізу әдістері.

Егер де құжаттардың талдауы қолданылатын болса, қандай құжатты көздер оқылатыны жөнінде нұсқалуы керек. Бұл жазба көздері, құжаттар болуы мүмкін. Әлеуметтануда осы әдіс көмегімен күрделі әлеуметтік мәселелер шешілгені жөнінде тамаша мысалдар бар. Сөз белгілі неміс әлеуметтану маманы М.Вебер хақында болмақ. Ол К.Маркстің экономикалық фактордың репиоритеті жөнінде ілімін теріске шығара отырып, қоғамның дамуында социомәдениеттік фактордың рөлі жөнінде гипотезаны жасады. Ол XVI ғасырда Д.Кальвин басқарған протестантизм тармағының басшыларының көптеген лұғат сөздерін анализ жасай отырып, протестантизм этикасы аянбай еңбектену мен сақтану, өзін-өзі шектеу, дені сау өмір секілді қайырымдармен бірлесіп, көп жағдайда рационализм, кәсіпкерлікке тән табысқа дейінгі мотивация типін алдын-ала анықтайтынын факт жүзінде көрсетуге тырысты. Бұның бәрі іскерлік табыс Батыс Европадағыдай бағалы құндылықтар жүйесіне кірмеген Үнді, Қытай діндерінің тарихымен қатар қойылып жасалады.

Ешқандай да идеалды әдіс болмайды. Олардың әрқайсысында өзінің жетістіктері мен жетіспеушіліктері, қолдану облысы бар. Әлеуметтік ақпарат жиынының аса маңызды әдістерінің бірі ретінде дәл шешімдер беретін бақылауды айта аламыз, өйткені анкета сұрақтарына жауаптармен емес, адамдарды шынды мінез-құлқымен жұмыс істейді. Тағы да бір маңызды кезең, бұл әдістің артықшылығы - зерттеуші белгілі бір дәрежеде өзі зерттейтін объектіге тәуелді емес, ол индивидтердің арман-тілегін немесе олардың сұрақтарға жауап бере алу мүмкіндігінен тәуелсіз фактілер жинай алады.

Бақылаулар бола алады:

- стандартизацияланған, яғни бақылау белгілі бағдарлама, тапсырма, гипотеза бар, бақылау индикаторлардың белгілі жүйесіне сай жүре отырып, бекітіледі. (Мысалы, студенттік топта бақылау жүргізу, шағын топтарды қалыптастыру, лидерді қалыптастыру т.б.).

- кең танымал болған, былайша айтқанда, қосылған, стандартталмаған бақылау болды. (Әлеуметтану маманы өз мәдениетін, дәстүрін зерттеп жүрген орта ішінде жұмыс жасап, тіршілік етеді). Зерттеуші ортаны анық сезеді, сүйсінулер, антисүйсінулер пайда болады, бұл жағдайда сұрақтарды анықтауға мүмкіндік береді.

Әлеуметтік ақпаратты жинаудың кең тараған әдісі ретінде сұрау жүргізуді айтамыз. Сұрау, біріншіден, зерттеушінің адам-респонденттердің белгілі бір жиынына сұрақтар мен ауызша немесе жазбаша сөз сөйлейді.

Социологияда кеңінен қолданылатын әдістің бірі сұхбаттасу, ол ақпаратты алу әдісі. Сұхбаттасуды қойылған сұрақтар нақты, мазмұнды, мақсатты, тұжырымды болуы шарт. Ол жұмыс, оқу т.б. қызмет орындарында жүргізіледі. Респондент болып кімдердің қатысуына қарай сұхбат топтық және жеке адамдық деп бөлінеді. Топтық сұхбат шағын топтарда жүргізіледі де топтың, жеке адамның ой-пікірі, ұстаған бағыты анықталады. Сұхбаттың бұқаралық түрі де бар. Оған телефонмен сұхбаттасуды жатқызуға болады. Телефондық сұхбаттың сұрақтары қысқа және тұжырымы барынша қарапайым болуы шарт.

Сұхбаттасу процесін шамамен бірнеше кезеңдерге бөлуге болады: бірінші кезеңде респондентпен байланыс орнатып, оны әңгімеге тарту жағымды көңіл күйді қалыптастыру керек. Зерттеуші өзін таныстырады, қай ұйымнан екенін айтады, сұхбаттың мақсаты мен міндетін түсіндіреді. Содан кейін барып алғашқы сұрақ жауапқа көшеді. Бұл екінші кезеңді қамтиды. Жауап беруші әңгімесін бөлмей, шыдамдылықпен тыңдағаны дұрыс. Үшінші кезеңде негізгі сұрақтар қойылады. Зерттеушінің респондентке айтқан мәселелермен келіспеу мүмкіндігі болады, сонымен бірге мүмкін жауап беруші сұрақтың мәнін түсінбеген болады. Ондай жағдайда сұрақты қайталап қою керек, басқаша сөздерді қолданып оны дұрыс немесе сұрақты түсіндіру керек. Кейбір адам өзінің ойын дұрыс жеткізе алмаудан болады. Мұндайда оның берген ақпаратының құнды екенін баса айтып және сұрақтарға бірлесе жауаптар іздеуді ұсынған жөн болады. Төртінші кезеңінде сұхбат қорытындалып, оның негізгі нәтижелері анықталады. Сұхбаттың соңында зерттеуші жауапшыға рахмет айтуы шарт.

Сұрыптау - өзіндік бір микромодель, онда адамдар категориясын анықтайтын ғылыми мақсаттарын шешу үшін және жалпы жиын үшін барлық қажет мәнділіктер сәйкес пропорцияда болуы керек. Біздің жағдайдың таңдауында пропорциялар келесі көрсеткіштер бойынша көрсетіліп, бақылануы керек:

- Қазақстан аймақтары бойынша;

- жасы (оқу курсы) бойынша;

- ЖОО типі (университеттер, техникалық ЖОО-ра, педагогикалық ЖОО-лар және т.б.).

Оқып - үйретілетін мәселеге байланысты басқа да көрсеткіштер қосылуы мүмкін.

Яғни, бұл сұрыптау студенттің 10 есе кішірейтілген өзіндік моделі болуы тиіс, яғни таңдау 10% болуы керек1).

Сұрау жүргізу - 2 негізгі түрде жүргізіледі: сұхбат пен анкеталық сұрау. Сұхбат стандартталған пішінде жүреді. Шынында бұл да анкета, тек қана сұхбат береді. Осылай ол сұралатын адамның реакциясына қарай өзі дәл түсіністікке ие болуы үшін сұрақты анықтайды. Осыған қоса, сұранатын адамның жауаптарының барлық нюансын ескерілуі қажет. Бұның бәрі сұхбаттың әлеуметтік ақпараттың дәлдігінің жоғары болу әдісі ретінде әсерлі болуына жағдай жасайды.

Сұрау жүргізу әдісі, ең бастысы жаппай анкеталық сұрау жүргізу әдісі - бұл әлеуметтік ақиқатты түсінудің қуатты аспабы. Онда, бір жағынан, типтік кездейсоқ емес әлеуметтік құбылыстардың бекітілуін, үлкен сандар заңын, ықтималдықты статистика ақпараттарын толық пайдалануға мүмкіндік беретін жаппайлық болады. Екінші жағынан, нәтижелердің математикалық дәлдігі мен мәнерлілігі, оларды қатар қою мүмкіндігі, әртүрлі статистикалық операциялар жүргізу. Осы жағдайда анкеталық сұрау жүргізу анонимдікті, сұралынатын адамның тәуелсіздігін сақтауға мүмкіндігін жасайды, зерттеушінің тура әсерін, қысымның мүмкіндігін шектейді.

Анкета құрылымы:

а) Кіріспелік бөлім (мұнда сұраудың кім жүргізіп жатқандығы, анкетаны толтыруға арналған нұсқаулар көрсетіледі).

б) Төлқұжат (респонденттердің әлеуметтік-демографиялық сипаттамасына арналған сұрақтар: жынысы, жасы, білімі, мамандығы, жанұялық жағдайы).

в) Негізгі бөлім.

г) Сұрақтардың бөлігі - қарапайым, байланыстық сұрақтар.

 

1) Капитонов Э.А. Социология ХХ века. История и технология. Ростов- на- Дону, 1996.

 

Олардың мақсаты - респондентті қызықтыру, мәселеге тарту. Сұрақтар шешімде қарапайым, ал жауаптар жеңіл болуы керек.

д) Негізгі сұрақтар. Олардың мазмұны зерттеулердің мақсаттары және шарттарымен анықталады. Күрделі сұрақтар, ойлауды, анализді, естің белсенділігін талап етеді.

3 бөлім - қорытынды сұрақтар.

Анкетаны толтыруға 35 + 10 минут кетеді, өйткені респонденттің ықыласы төмендейді.

Сұрақтарды жіктеу

Сұрақтар пішіні бойынша жабық, жартылай жабық және жартылай ашық.

болуы қажет

Таңдамалы сұрақтың бір түрі ретінде шкалалық сұрауды айта аламыз.

Мысалы: "Сіз өз клубыңыздың өткен жолғы жұмысын қалай бағалар едіңіз?".

өте жақсы – 5, жақсы – 4, орташа – 3, нашар – 2, өте нашар - 1

Ашық сұрақтар - респондентке ешқандай жауаптар нұсқалары берілмей, өз қалауынша жауап бере алатын сұрақтар. Мысалы: "Өз жұмысыңызда сізді не қызықтырады, тартады?"

Жартылай жабық сұрақтар - ұсынылған жауаптар санында "басқа" немесе "тағы не" позициялары болады.

Тура сұрақ - бұл респонденттен тура ақпарат алуға мүмкіндігін беретін сұрақ. Мысалы, "Сіз өз жұмысыңызға көңіліңіз бола ма?"

Жанама сұрақтар - қажетті ақпаратты тура емес, сұрақтар сериясы көмегімен алуға көмектесетін сұрақтар.

 
 

 

 

 

Анкета сұрақтарының сапасын әдістемелік ақпаратты жинауға арналған аз топта тексеріс анкетасын ұйымдастыру арқылы көз жеткізіп, бағалауға болады. Мұнда өңделген материалдың сапасы нақты анықталады. Анкетада сұрақтардың барлық түрлерін үйлестіріп, олардың ретін қадағалап, жауаптардың нұсқаларын мұқият ойластыру қажет.

Сұраудың негізгі түрлерінен басқа тағы да: экспертті сұрақ, социометриялық болады.

Аз топтардың құрылымдық талдау әдісі

Ақпарат жинаудың әдістерінің ішінде зерттеудің социометрия деп аталатын әдісін ескеруіміз қажет. Қазіргі замандағы социометриялық әдіс - жеке тұлғаны әлеуметтік топтың элементі ретінде зерттеудің әсерлі, перспективті, кең тараған әдістерінің бірі болып табылады. Бұл әдіс ұжымында, аз топтарда аз байланыс топтарының таңдау жағдайларында қалауды бекіту жолымен қарым-қатынасты зерттеу үшін қолданылады.

Негізгі қызметі: социометриялық әдістің көмегімен топтағы өзара қатынастар құрылымының суреттемесі, топтың мүшелері арасында эмоционалдық қатынастар сипатының сандық бағасы (өлшемі) беріліп, көрсетілген құрылымда орын қойылады.

Қолдану аясы: институтцианалдырылған немесе институтцианалдырылмаған аз топтарда, ұжымдарды оқып-үйренгенде қолданылады. Әсіресе, ұжымдарда жұмыс қалыптастыруға үшін қолдану өте маңызды болып табылады.

Үлкен өндірістік ұжымда бірнеше беиресми құрылымдардың пайда болатыны қарым-қатынастарды, аз топтардың сипаттамасын, осы топтағы психологиялық атмосфераны зерттеп, оқып үйретеді.

Кәсіпорындарда өткізілген социометриялық зерттеу әдісімен жиналған ақпарат кәсіпорынның әлеуметтік дамуының жоспарын құрастырғанда бағалы материал болып табылады, ол басқару жүйесін және т.б. сұрақтарды жақсартуға көмектеседі. Социометриялық сұраудың процедурасы 5 фазадан тұрады:

а) фазасы дайындық:

- мәселені анықтау, зерттеу мақсатын шешу;

- топтың, ұжымның мүшелері саныс жөнінде мәлімет пен олардың әлеуметтік-демографиялық сипаттамаларын алу;

б) социометриялық тынығу фазасы:

- топ мүшелерімен тіке байланысты орнату;

- социометриялық критерий мазмұнын анықтау;

в)фаза - сұрау

- респонденттердің инструктажы;

- социометриялық карточканы тарату;

- респонденттердің оларды толтыруы;

- карточкаларды жинау;

г) өңдеу фазасы:

- ақпаратты өңдеу;

д) соңғы фаза:

- шешімдерді алу;

- нұсқамаларды шешу;

Сұхбат пен анкетаның негізгі айырмашылығы алынатын мәліметтердің тереңдігінде. Анкета көмегімен зерттеуші ойлардың "беттік" қабатын алады, ал сұхбат ойлардың терең мотивтерін зерттеуге мүмкіндік береді. Нақты әлеуметтік зерттеулерде бұл екі әдіс бірін-бірі толықтырады. Сұраудың ерекше түрі - экспертті немесе оны экспертті бағалау әдісі деп атайды.

Экспертті сұраудың негізгі сатылары:

а) экспертті жинақтау;

б) сұрау жүргізу;

в) нәтижелерді өңдеу.

Ғылыми бақылаудың айрықша және аса күрделі формасын эксперимент деп атайды.

Эксперимент дегеніміз - зерттелінетін құбылысты жасанды түрде қолдан жасау (тудыру) арқылы бақылауды айтады. Мұның қиындығы сол, жасанды құбылыс табиғи құбылысқа дәл сәйкес келмейді, өйткені мұнда адамдардың өзара қатынасы, мінез-құлқы табиғи жағдайдағыдай болмайды. Оның үстіне, табиғат құбылыстарына қарағанда әлеуметтік құбылыстар әлдеқайда күрделі болғандықтан, әлеуметтік эксперимент жасау да оңай емес.

Жиналған мәліметтерді тәртіпке келтіру дегеніміз ғылыми қорытынды жасау. Бақылаулық әлеуметтік зерттеудің қорытынды сайысы мәліметтерді өңдеу, анализдеу мен интерпритациялау, бақылаулар негізіндегі жалпылаулар, шешімдермен нұсқауларды алуды қарастырады.

Мәліметтерді өңдеу келесі сәттерден тұрады:

1) ақпаратты сараптау мен кодтау. Бұл қадамның мақсаты - әлеуметтік зерттеу барысында алынған ақпаратты унификациялау мен формализациялау;

2) айнымалыларды жасау. Анкеталар негізінде жиналған ақпарат зерттеу барысында шешілуге тиіс сұрақтарға жауап береді, өйткені, операциянализациялау процесінде сұрақтар индикаторлар формасына ие болды. Ендігі кері процедураны жүргізу қажет, яғни мәліметтерді зерттеулер сұрағына жауап бере алатын формаға келтіру қажет;

3) статистикалық анализ-әлеуметтік мәліметтерді анализдеу процесіндегі кілтті қадам. Оның барысында әлеуметтану мамандарына жалпылаулар мен қорытындылар жасауына мүмкіндік беретін тәуелділіктермен заңдылықтар анықталады. Мұнда жиналған ақпаратты толық және жан-жақты талдауға мүмкіндік беретін әртүрлі математикалық әдістер пайдаланылады. Қазіргі заманғы әлеуметтануда ақпаратты математика-статистикалық өңдеу бағдарламалармен толықтырылған ЭВМ қолданылады.

Мәліметтерді өңдеу мен анализдеу ранжирлеу, шкалалау, корреляция және т.б. әдістерді кеңінен қолданады.

Ранжирлеу-зерттелетін объектілерді тәртіптеу негізінде қатыстық мәнділігін қалыптастыру процедурасы. Ранг дегеніміз - топтағы бағаланатын объектіміз, баға үшін маңызды қасиеттерге ие басқа да объектілердің реттік орнын сипаттайтын көрсеткіш. Зерттеу шешімдер, ұсыныстар мен кепілдемелердің қалыптасуымен аяқталады. Олар нақты, шындық сипатта болып, зерттеу материалдарына қажетті, негіздемелері құжаттық және статистикалық мәліметтермен болуы керек. «Қолданбалы зерттеулердің әдістемесі мен практикасының дамуы әлеуметтанудың ерекше үлесі болмай, ұжымдық жігердің аренасы болып бара жатқанды ғана нәр қылды». Әлеуметтанулық қызмет әлеуметтану мамандарын оқытып - үйретудің дамушы желісі бар мамандық болып бара жатыр. Олардың жұмысының стилінде өзгерді; дәстүрлі ілімдік жұмыс өрістік (бөлмедей емес) - әлеуметтік мәліметтерді жинаумен толықтырылады.

Бұл бір жағынан, зерттеулік және ұйымдастырушылық жұмыстың әлеуметтік білімдерімен, әдістерімен және ережелерімен игерген компонентті мамандыққа деген қажеттілікпен түсіндіріледі. Нәтижесінде әлеуметтануды инженерлік қызмет ретінде түсіну қалыптасады.

 

Date: 2016-05-16; view: 2841; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию