Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Экономикалық жүйе типтерінің сипаттамасы
Күнделікті экономиклық өмірде адамдар арасындағы қатынастар әрқашан да белгілі экономикалық жүйе ретінде қызмет жасайды. Экономикалық жүйе - бұл экономикалық процестердің жиынтығы. Ол қалыптасқан мүліктік қатынастар мен ұйымдық түрлер негізінде қогамда жүзеге асады. Әлемдік экономикалық әдебиеттерде экономикалық жүйені топтаудың кең таралған екі фактор негізінде жүргізіледі: 1. Меншік типтері бойынша; 2. Экономиканы ұйымдастыру типтері бойынша; Осындай әдістер негізінде экономикалық жүйені төмендегідей типтерге бөледі: а) дәстүрлі экономика; ә) әкімшілдік - әміршілдік экономика; б) еркін бәсекелестік (таза капитализм) нарықтық экономика; в) қазіргі нарықтық экономика (қазіргі капитализм) немесе аралас экономика. Енді осы типтерге толығырақ тоқталайық. а) дәстүрлі экономика тұйық, оқшау шаруашылыққа негізделелі. Ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырған дәстүр мен салт, қандай тауарды қалай, кім үшін өндіру арқылы анықталады. Экономиканың осы түрі бұрынғы заманға қарағанда, Азия, Латын Америкасы мен Африка елдерінде қазір өте сирек кездеседі. ә) еркін бәсекелестік нарықтық экономика ресурстарға жеке меншіктік және тауар өндірушінің еркін бәсекелік механизмімен сипатталады. «Тұлға өзінің барлық материалдық және рухани мүмкіндіктерін өз пайдалығы үшін қолдануға тырысады. Ол күнделікті өмірде қоғам үшін пайда келтіруді ойламайды. Адам тек өзінің мүддесін көздейді, бірақ бұл жағдайда көптеген басқа кездегідей, ол көрінбейтін қолмен, мақсатқа қарай бағыттайды және оның ойында бұл боғандай емес. Өзінің ойлаған мүддесін тіпті саналы түрде көздегенмен де, ол қоғам мүддесіне батымды – ақ жиі қызмет жасайды». Мұндай экономика ең идеалды экономика ретінде қарастырылады. Еркін (либералды) нарықтық экономиканың негізін қалаушы А.Смит болды. Ол нарықтық экономикаға барынша еркіндік беру қажет деп есептеді. Алайда еркін нарықтық экономиканың нақты қызмет атқаруы көрсеткеніндей, оның бөлінбес серігі – артық өндіру экономикалық дағдарысының үнемі туындауы болып келеді. Экономикалық дағдарыстар тарихын зерттеуі көрсеткендей, олар 1825 жылдан бастап үнемі әрбір 8 – 10 жылда қайталанып отырады. Дағдарыс кезінде саудада тоқырау басталады, нарыққа өтпейтін өнімдер мөлшері көбейіп кетеді, қолма – қол ақшалар айналымнан жойылады, зауыт пен фабрикалар тоқтатылады және жұмысшылар жұмыссыз қалады. Тоқырау жылдарға созылады және экономика бүлінеді. б) әкімшілдік - әміршілдік экономика. Нарықтық экономикадағы еркін бәсеке және оны тереңірек талдау құбылысы әкімшілдік - әміршілдік экономика теориясының пайда болуына ықпал етті. Әміршілдік экономика теориясының ұраны: «Қазіргі өндіргіш күштермен олардың ұғыну бейнесінде, тіпті табиғатымен қарау байқалады. Өндірістегі қоғамдық анархия өндірісті қоғамдық – жоспарлы реттеумен алмастырылады». в) қазіргі нарықтық экономика аралас экономика болуда. Аралас нарықтық экономика дегеніміз не? Американ экономисі Пол Самуэльсон былай деген: «Аралас экономика өмірдің нашарлауын жалпы сауықтырудың нақтыланған алып жүйесі болып табылады», әрі қарай ол: «Аралас экономика – бұл нарықпен, бұйрық, дәстүр элементтерімен бірге болатын экономика» - дейді. Аралас нарықтық экономика теориясының түп тұлғасы болып «конвергенция» теориясы (авторы – Нидерланд экономикалық мектебінің профессор – экономисі Ян Тинберген) және «жаңа индустриалды қоғам» теориясы (авторы – Гарвард институтының профессор – экономисі Джон Кеннет Гэлбрейт) жатады. Дж.Гэлбрейт «жаңа индустриалды қоғамды» аралас экономиканың ерекше бір типі ретінде қарастырып оның нақты және жоспарлы жүйеден тұратынын айтқан. Қазіргі уақытта жетілмеген (еркін емес) бәсеке жағдайында, нарықты реттеу дәуірінде меншік түрлерінің құрылымы кәдімгідей өзгерді: жеке меншік 30 – 35 % көлемін, корпоративті (ұжымдық) меншік көптеген бөлігін, яғни 50% – ын және мемлекеттік меншік 15 – 20% - ды құрайды. Мемлекеттік меншіктің үлесі көбінесе елдің экономикалық даму ерекшелігімен анықталады.
Экономикалық жүйені жіктеу критерилері:меншік нысаны, шаруашылық өнімді үйлестіру әдістері, технологиялық даму деңгейі, қоғамдық-экономикалық формациялар, өркениеттік әдіс. Күнделікті экономикалық өмірде адамдар арасындағы қатынастар әрқашанда белгілі бір экономикалық жүйе ретінде қызмет атқарады. Экономикалық жүйе – бұл экономикалық процестер жиынтығы. Әрбір елдің экономикалық жүйесі қалыптасады. Экономикалық жүйе бір біріне тәуелді әртүрлі компоненттерден тұрады. Экономикалық жүйе –бұл материалдық, рухани игіліктер мен қызметтерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыстың ерекше реттелген жүйесі. Экономикалық жүйенің қызмет етуі келесі экономикалық мәселелерді шешуге мақсатталады: - экономиканың әрекет ету қабілеттілігін қалыптастыру және қамтамасыз ету - экономикалық әрекет етудің барлық түрлерін шоғырландыру - әлеуметтік мақсаттарды іске асыру Экономикалық жүйенің дамуына ықпал ететін факторлар: - елдегі шаруашылық шешімдерін қабылдау бойынша шаралар жүйесі - меншік құрылымы - ақпаратпен қамтамасыз ететін механизмдер - мақсат қою мен адамдарды еңбекке тарту механизмдері. Жалпы экономикалық жүйе түсінігі – бұл қоғам қызметінің және оның субъектілерінің ұйымдық әдісі немесе әртүрлі проблемаларды шешу мақсатында өндіріс пен тұтынудың өзара ара қатынас әдісі. Экономикалық жүйе экономикалық шешімдер қабылданатын құрылымды құрайтын институттар, заңдар, әртүрлі қызметтер, адамдардың негізгі құндылықтары мен мүдделерін қамтиды. Экономикалық жүйенің негізгі элементтеріне идеология, шектеулік мәселелерін шешу әдістері, өндірістік қорлар мен өндірістік қатынастар, меншік түрлері, тиісті реттеу механизмі жатады. Экономикалық жүйелердің арасындағы басты айырмашылықтар: өндіріс құралдары кімнің меншігінде, капиталдық, табиғи, адам қорларын қалай пайдалану жөнінде кім шешім қабылдайды, өндірістің нәтижелерін кім бақылайды, т.б. Әртүрлі экономикалық жүйелерді түсіну және салыстыру үшін келесі үш сұраққа жауап беру керек: Не? Қалай? Кім үшін? Формациялық және өркениетті тұрғыдан экономикалық жүйелерді жіктеу. Қазіргі әлем әртүрлі экономикалық жүйелердің болуымен сипатталады және солардың әрбіреуі ұзақ тарихи даму процесі нәтижесінде қалыптасты. Экономикалық жүйелер әр алуан критерийлер бойынша жіктеледі. Экономикалық жүйелерді жіктеу әртүрлі тұжырымдарға негізделеді: I. Формациялық тұжырым маркстік теорияға тән болып келеді. Маркс үш деңгейлі жіктеуді қарастырады: 1. Алғашқы (архаикалық) формация алғашқы қауымдық және азиялық өндіріс тәсілдерін қамтиды. 2. Екінші ірі формация (құлдық, феодалдық, капитализм) жеке меншікке негізделеді. 3. Үшінші (коммунистік) жеке меншіктің жойылуына негізделеді және бірнеше өндіріс тәсілдерін қамтиды. Формациялық тұжырымға сәйкес қоғамның тарихи дамуы 5 қоғамдық-экономикалық формацияны қамтиды: алғашқы қауымдық, құлиеленушілік,феодалдық, капиталисттік, коммунисттік. Қоғамдық –экономикалық формация дегеніміз бұл белгілі бір өндіріс тәсілі негізінде дамитын қоғамның тарихи түрі. Формациялық тұжырымның өзінің артықшылықтары мен кемшіліктері бар.Бірақ формациялық теория көмегімен адамзат тарихы байланысқан жүйе ретінде ұсынылады. Бұл тұжырым Батыс Европа елдерінде қолданылады. ІІ. Өркениетті тұжырым дүниежүзілік тарихты өркениеттері ауысатын бірыңғай жүйе ретінде қарастырады. «Өркениет» сөзі латын тілінен аударғанда «азаматтық,қоғамдық» дегенді білдіреді. Өркениетті тұжырым бойынша қоғамдық дамуда 7 цивилизация бөлінеді: - неолиттық 35 жүзжылдыққа созылды - шығыс-құлиеленушілік 20-30 жүзжылдыққа созылды - антикалық 12-13 жүзжылдыққа созылды - ертефеодалды 7 жүзжылдыққа созылды - индустриалды дейінгі - 4,5 жүзжылдық - индустриалды – 2,3 жүзжылдық - постиндустриалды – 2 ғасыр. ІІІ. Қоғамның индустриалды даму дәрежесі тұжырымына сәйкес 3 экономикалық жүйе қарастырылады: индустриалды, постиндустриалды, неоиндустриалды.Неоиндустриалды басқаша ақпараттық қоғам деп аталады. ІV. Шарушылық іс-әрекетті ұйымдастыру тәсілі негізінде экономикалық жүйенің жіктелуі келесі белгілерді қамтиды: - өндіріс факторларына меншік формасы - негізгі экономикалық шешімдерді кім және қалай қабылдайды - экономикалық іс-әрекетті ұйымдастыру тәсілі - экономикалық іс-әрекетті жүргізуді ынталандыратын жағдайлар. Аталған критерийлер негізінде келесі жүйелер қарастырылады: дәстүрлі экономика, жоспарлы экономика, нарықтық экономика, аралас экономика
Date: 2016-05-14; view: 2800; Нарушение авторских прав |