Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Азақстандағы меншік қатынастарын реттеу





Қазіргі қазақстандық заңнамаға сәйкес меншік иесі меншік объектісін иеленеді, пайдаланады және билік етеді. ҚР Азаматтық кодексі меншіктің жеке, мемлекеттік және аралас нысандарының құқықтық ауқымын анықтайды.

Мемлекеттік меншіктің ерекше қасиеті – меншікке абсолюттік құқық мемлекетте. Өндірісті басқаруды мемлекет тайғайындаған басшылар жүргізеді. Мемлекеттік кәсіпорындардың меншігі үлестерге бөлінбейді, осыдан мемлекеттік меншік унитарлы.

Муниципалды /жергілікті меншік иелері – жергілікті билік органдары (қалалық, аудандық т.б.)

Жеке меншік – бір тұлғаның қолында шоғырланған меншік құқықтары.

Ұжымдық меншік – жеке меншік құқықтары бар, біріккен топтар меншігі.

Республикамызда нарықтық қарым - қатынастарды қалыптастыру бағытында көптеген шаралар жүзеге асырылуда.Оның сан алуан, тәуелсіз және тең құқықты субъектілерінің болуы – нарықты қалыптастыру мен оның тиімді жұмыс істеуінің қажетті шартыЯғни бұл мемлекет меншігіндегі кәсіпорындардың негізгі мемлекеттік басқару органдарына тікелей бағынудан құтқарып,оларды акционерлік, кооперативтік және т б кәсіпорындарға айналдыруды қажет етті.

Мемлекеттік меншіктің бүкіл қоғамды түгел қамтитын сипатынан айыру, меншікті мемлекет иелігінен алу, акционерлік, кооперативтік және жеке меншікке негізделген кәсіпорындардың алуан түрлерін қалыптастыру адамдардың шаруашылық және еңбекке деген ынта-жігерінің арта түсуіне жол ашып, әлеуметтік қиындықтарды жеңілдетті.

Қазақстан Республикасының «Меншік туралы Заңының» біршама ерекшеліктері бар.Сөз болып отырған заң –алғаш рет республиканың өз меншігін айқындап берді.Сөйтіп біздің республикамызда да меншіктің алуан түрлілігіне тұңғыш рет заң жүзінде рұқсат берілді.Заңымыздың 45-бабында былай деп атап айтылған: «Қазақстан Республикасының экономикасы сан алуан меншік түрлеріне негізделеді. (Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында қалыптасқан меншіктің экономикалық түрлерін 1-кестеден көруге болады).

Бүгінде біз осы Қазақстан Республикасында меншіктің алуан түрлері мен формаларын қалыптастырған –«Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру» саясатының нақты қайтарымын көріп отырмыз.Соңғы жылдары мемлекеттік меншікті сатудан ғана емес,сонымен бірге оны білгірлерпен басқарудан да айтарлықтай қаржы табудың үрдісі байқала бастады.

Әлемдік тәжірибеде мемлекеттік меншік пен оның қызметтерін жеке секторға толық және жарым жартылай өткізіп берудің 22 түрлі тәсілі бар.

Жекешелендіру процесі ұзаққа созылатын процесс. Ал, Қазақстан Республикасындағыдай, дәл осындай әсіреқарқынды және жалпылық жекешелендіруді бұрынғы социалистік мемлекеттің ешбірі жүргізген жоқ. Тіпті дамыған нарықтық экономикасы бар елдердің өзінде жекешелендіру процесі жылдам іске аспайды. Мәселен, Жапонияда ол 10 жыл, Батыс Еуропа елдерінде 10 – 15 жыл бойы жүрді. Түркияда жекешелендіру 10 жылдам астам уақыт жүзеге асырылуда, Чилиде бұл процесс 1973 жылы басталып, әлі күнге дейін жалғасуда. Мексикада, Аргентинада, Бразилияда және постсоциалистік елдердің бәрінде жекешелендіру қзақ уақытқа созылуда.

Қазақстан Республикасындағы 10 жылдағы мемлекет қарамағынан алу және жекешелендіру процесін төрт кезеңге бөліп қарауға болады; олардың әрқайсысының өз

мақсаттары бар. Бұл процестердің басы Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде орнығу кезеңіне тұспа тұс келеді:

1-ші кезеңде (1991-1992жж болды.

2-кезең 1993-1995жж- бұл

3-кезең 1996-1998жж. ҚР

4 – ші кезең. 1999-2000 жылдар.

«Сонымен жекешелендіру де өз межесіне жетті.Ел не алып, мемлекетте не қалғаны да жұрттың көз алдында. Ырықтандыру жолында біз үлкен жетістіктерге жеттік» деп ашып айтты Президент Н Назарбаев өзінің «Қазақстан-2030» атты Жолдауында. Ендігі міндет- осы айтылған салаларды көтеруде болса керек.







Date: 2016-05-14; view: 1235; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию