Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Меншікті ұлттандыру, мемлекетсіздендіру және жекешелендіру





Меншік қашанда белгілі бір тарихи қалыптасқан формаларда пайда болып дамиды. Нақты бір өндіріс тәсіліне тән өндірістік қатынастар сипатына сәйкес, айрықша қасиеттеріне ие меншіктің тарихи типтері ажыратылып жүр.

Адамзат қоғамының тарихи дамуы барысында құрал жабдық меншіктерінің әр түрлі формалары белгілі. Алдымен олардың біріне бірі қарсы: жалпы және жеке меншік деп аталатын 2 формасы бар.

Жалпы меншік ұжым ретінде бірлескен адамдарға берілген құрал жабдықтар, яғни бұл олардың барлығына ортақ меншік деген сөз. Мұндай иеленушілік әр түрлі қоғамдарға тән. Ол рулық қоғамның даму кезеңінде: 1)Алғашқы қауымдық меншік,

2)Отбасы меншігі деп бөлінгені белгілі.

Меншіктің басты формасының бірі ұжымдық кәсіпорынның меншігі. Бұл меншік: мемлекеттік кәсіпорынның барлық мүлкі еңбек ұжымының меншігіне көшкен, жалға алынған мүлікті сатып алған немесе заңда көзделген басқа да тәсілдер арқылы ие болған мүлік жағдайында пайда болады. Сонымен бірге, ұжымдық кәсіпорынның мүлкі, оның ішінде өндірілген өнім, алынған табыс олардың ортақ игілігі болып табылады.

Ұжымдық меншіктің: кооперативтік меншік, шаруашылық қоғамы мен серіктестіктердің, акционерлік қоғамның, шаруашылық ассоцияцияларының бірлестіктерінің, қоғамдық ұйымдар мен қорлардың және діни ұйымдарының меншіктері деп аталатын бірнеше түрі болады.

Жеке меншік жеке адамдарының өндірістің заттық факторларына және оның нәтижесіне өз меншігі ретінде қарауы. Оның өз еңбегіне және өзгенің еңбегіне негізделген екі түрі бар.

Өз еңбегіне негізделген жеке меншіктің субъектілері жеке шаруа қожалығы, қолөнершілер және басқа адамдар. Бұлар өз еңбегімен өмір сүреді. Олар, бір жағынан, өз меншігінің иесі, екінші жағынан, тікелей жұмыскер болып табылады.

Өзге адамның еңбегіне негізделген жеке меншік өзгенің еңбегі есебінен баюға бейімделеді. Сөйтіп, негізгі өндіріс құрал жабдықтары аздаған адамдардың қолына түседі де, қоғамның басқа мүшелері бұл игіліктерден сырт қалады. Міне, тап осы жағдайда теңсіздік пайда болады: қоғам топтарға, қоғамдық топтарға бөлініп, олардың бір тобы өндіріс құрал жабдықтарын иемденсе, басқа топтары олардан айырылады.

Жекешелендіру баршаға берілген тең мүмкіндік.

Жекшелендіру нарықтық экономиканың құрамдас бөлігі. Оның мағынасы кең. Жалпы алып қарайтын болсақ, мемлекеттің экономикаға араласуын шектеп, өнім өндірушілердің шаруашылық және технологиялық бастамасына жол ашу, жеке сеторларды дамыту саясатын жүргізу дегенге саяды. Бір сөзбен айтқанда экономиканы мемлекет иелігінен алу. Бұл жердегі басты міндет меншікті әркімге жеке жеке таратып беру емес,ол жаңа нағыз меншік иелерін қалыптастыру, экономиканың нарық арналарына көшуін қамтамасыз ету. Жекешелендіру бағдарламасы сайып келгенде өндіріс көлемінің ұлғаюына, материалдық құндылықтардың молаюына, республиканы мекендейтін барлық халықтардың әл ауқатының жақсаруына қол жеткізетін болуға тиіс.

 

Date: 2016-05-14; view: 2871; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию