Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Ж. Математика 6-сынып





Сабақтың тақырыбы:

Координаталық түзу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Координаталық түзу жөніндегі оқушылардың білімін жетілдіру.

Дамытушылығы: Оқушылырдың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, есептер шығару.

Тәрбиелілігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, еңбекке баулу.

Көрнекілік:

Үлестірме материалдар. Картотека №12.

Сабақтың типі:

Аралас сабақ

Сабақтың түрі:

Практикалық (есептер шығару) жұмыс сабақ.

Қолданылған

әдебиеттер:

«Анықтама» А.В. Гусеев.

«Самастоятельные и контрольные работы по математике»6 кл А.П. Ершова.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушыларды түгендеу.

ә) оқушылардың сабақта жұмыс істеу дайындығын тексеру.

 

II. Үйге берілген есептерінің шығарылуын тексеру, қателіктер болса жою.

III. Оқушылардың өтілген материал бойынша білімін тексеру:

· Координаталық түзу дегеніміз не?

· Санақ басы саналатын 0 нүктесінің координатасы неге тең?

· Координаталық түзуде оң сандар қай бағытта кескінделеді?

· Координаталық түзуде теріс сандар қай бағытта кескінделеді?

IV Сабақтың мақсатын қою, хабарлау кезеңі:

1) Бала психологиясын зерттеу

2) Тақырыпты хабарлау

V. Жаңа білімді меңгеру, игеру, түсіндіру кезеңі:

Оң сандар жәненөл саны координаталық сәуле бойында нүктелермен кескінделеді.

 

Мұндай түзуді координаталық түзу деп атайды.

Координаталық түзуде: О нүктесі – санақ басы, ОА бірлік кесіндісі және оң бағыты көрсетілген.

0 (нөл) саны оң сандарға да, теріс сандарға да жатпайды.

VI Жаңа білімді бекіту (түсінгенін тексеру) кезеңі:

Сынып жұмысында: №297,№299,№301,№303,№304есептерді шығару.

№302

Бірлік кесінді ретінде дәптердің 5 тор көзінің ұзындығын алып, координаталық түзу сызыңдар. Оның бойынан:

F(-1,4), K(-2), N(0,2), P(-0,8), T(1,6) нүктелерін белгілеңдер.

№303

Координаталық түзуді (бірлік кесінді ретінде дәптердің бір тор көзінің ұзындығын алып) сызып, оның бойынан мына нүктелерді белгілеңдер:

Е(5), Р(-4), О(0), Т(9), П(-7), Н(7), Ц(2).

Егер нүктелерді дұрыс орналастырсаңдар, «жүзден бірдің» математикалық атауын оқисыңдар.

Жауабы: ПРОЦЕНТ

VII. Сабақты пысықтау, қорыту кезеңі.

VIII. Үй тапсырмасын хабарлау және орындау бойынша нұсқау беру. Бағалау.

 

1) Үйге №304, №308,№309.

2) Сабақты қорытындылау.

 

 

Математика 6-сынып

Күні: 19.10.2015 ж

 

Сабақтың тақырыбы:

Бүтін сандар жиыны. Рационал сандар жиыны

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға оң сан және теріс санның және 0 санымен, теріс сан мен теріс санды салыстыру білімдерін жетілдіру.

Оқушылырдың ойлау қаблеттерін дамыта отырып, есептер шығару.

Оқушыларды ұқыптылыққа,еңбекке баулу.

Көрнекілік:

Үлесітрме материалдар. Картотека №15.

Сабақтың типі: Оқу материалын бекіту сабағы

Сабақтың түрі: Практикалық (есептер шығару) жұмыс сабақ.

Қолданылған

әдебиеттер: «Өзіндік және бақылау жұмыстары»6сынып

А.П. Ершов

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі: а) оқушыларды түгендеу.

ә) оқушылардың сабақта жұмыс істеу дайындығын тексеру.

II. Үйге берілген: №323,№325,№327 есептерінің шығарылуын тексеру, қателіктер болса жою.

III. Оқушылардың өтілген материал бойынша білімін тексеру:

· Координаталық түзу дегеніміз не?

· Координаталық түзуде оң сандар қалай орналасады?

· Координаталық түзуде теріс сандар қалай орналасады?

· Қандай сандар қарама-қарсы сандар деп аталады?

· Бүтін сандар жиыны дегеніміз не?

· Рационал сандар жиыны дегеніміз не?

· Санның модулі дегеніміз не?

· Теріс санның модулі қандай сан?

IVСабақтың мақсатын қою кезеңі:

1) Бала психологиясын зерттеу

2) Тақырыпты хабарлау

VI. Бекіту кезеңі: Сынып жұмысында: №324,№326,№328,№330,№331,№332 есептерді шығару.

№324

-30; 5; -1/3; 9; -27; 13; -9; 4; -0,2; 0; 27; -13 рационал сандарынан:

1) бүтін оң сандарды;

2) қарама-қарсы сандарды;

3) бүтін теріс сандарды бөліп жазыңдар.

№326

Таңбалар ережесін пайдаланып, жақшаны ашып жазыңдар:

1) х=+(-1,9)=-1,9 3) х=+(+3/8)=3/8

2) х=-(+0,75)=-0,75 4) х=-(-2)=2

№328

Берілген сандарға қарама-қарсы сандарды және кері сандарды жазып, кестені толтырыңдар:

Берілген сандар     1/4 0,35 1 2/7 1,25  
Қарама-қарсы сандар -8 -1/4 -0,35 - 1 2/7 -1,25 -18
Кері сандар   1/8   0,35 7/9 4/5 1/18

 

№332

Мына теңдіктерден тура теңдікті теріп жазыңдар:

1) -(-3,7)=3,7 2) –(+8)=-8 3) – (-25) = - 25 дұрыс емес

4) –(+12,4)=-12.4

 

VIII. Оқушыларға үй тапсырмасын хабарлау және оны орындауға нұсқау беру кезеңі.

1) Үйге №335,№336,№337.

2) Сабақты қорытындылау.

Ж

Математика 6-сынып

Сабақтың тақырыбы:

ІІІ тарауды (рационал сандар тарауын) қайталауға есептер шығару.

Сабақтың мақсаты:

1) Білімділігі: Оқушыларға Рационал сандар жөніндегі салыстыру білімдерін жүйелеу, тиянақтау.

2) Дамытушылығы: Оқушылырдың ойлау қаблеттерін дамыта отырып, есептер шығару.

3) Тәрбиелілігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, еңбекке баулу.

Көрнекілігі:

Үлестірме материалдар. Кесте.

Сабақтың типі: Қайталау сабағы

Сабақтың әдісі: Практикалық (есептер шығару) жұмыс сабақ.

Қолданылған әдебиеттер:

«Самастоятельные и контрольные работы по математике»6 кл А.П. Ершова.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушыларды түгендеу.

ә) оқушылардың сабақта жұмыс істеу дайындығын тексеру.

 

II. Үйге берілген: №633,№635,№637. есептерінің шығарылуын тексеру, қателіктер болса жою.

III. Оқушылардың білімін жан-жақты тексеру кезеңі:

· Координаталық түзуде орналасқан екі санның үлкені кіші санның қай жағында кескінделеді?

· Қандай сандар 0-ден үлкен?

· Қандай сандар 0-ден кіші?

· Екі теріс санды қалай салыстырамыз?

 

IV. Сабақтың мақсатын қою, хабарлау кезеңі:

1) Бала психологиясын зерттеу

2) Тақырыпты хабарлау

 

V. Бекіту кезеңі:

Сынып жұмысында: №638,№639,№640,№ 641,№ 642,№643

есептерді шығару.

 

VI. Сабақты қорыту, пысықтау кезеңі:

Топтық және жұптық жұмыс ойнату.

 

 

«Фишка» ойыны

 

  -0,5 -3
-2,8    
  -23 -1,2

 

«Қоян қайда секіреді?» ойыны.

-1,5*(-4)     7/8*(-8)
-6 -2/3*6 -7,5*2  
  -8*(-0,5) 1,4*(-5) -7
1,2*(-5) -4 -15 -5/6*(-18)

 

«Кім жылдам?» эстафеталық ойыны

бөлгіш бөлінгіш -2 -6 -5
-18      
       
-36      

 

VІІ. Оқушыларға үй тапсырмасын және оны орындауға нұсқау беру кезеңі.

1) Үйге №644,№645,№646.

2) Бағалау.

 

 

Математика 6-сынып

Күні: 29.10.2015 ж

Сабақтың тақырыбы:

Бақылау жұмысы №4

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың Рационал сандар тарауынан білімдерін және оқу материалын игеру деңгейін анықтау және қолданылған әдіс-тәсілдердің тиімділігін тексеру.

Оқушылардың жауапкершілік сезімге тәрбиелеу.

Көрнекілік:

Бақылау жұмысы №4 «В» деңгейі.

Сабақтың типі:

Оқушылардың білімін тексеру және бағалау.

Сабақтың түрі:

Бақылау жұмысы.

Қолданылған

әдебиеттер:

« Математикадан тақырыптық үлгі жоспар және бақылау жұмыстарының жинағы.»

А.Т Алдамұратова

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушыларды түгендеу.

ә) оқушылардың сабақта жұмыс істеу дайындығын тексеру.

II. Сабақтың мақсатын қою кезеңі:

1) Бала психологиясын зерттеу

2) Тақырыпты хабарлау

ІІІ. Бекіту кезеңі:

Мұғалімнің кіріспе нұсқауы:

· Оқушыларды бақылау жұмысының тапсырмаларымен таныстырып,шығару жолына нұсқау беру.

· а) 1-нұсқа есептері, ә) 2-нұсқа есептері.

№ 4 бақылау жұмысы.

1. Координаталық түзу сызыңдар.

а) Координаталық түзу сызып, В(1) нүктесін белгілеңдер. В(1) нүктесінен оң бағытта 2 бірлік кесіндіге тең қашықтықта Д нүктесін, теріс бағытта 3 бірлік кесіндіге тең қашықтықта Е нүктесін белгілеңдер. Д және Е нүктелерін координатасымен жазыңдар.

б) Координаталық түзуде А(-2) нүктесін белгілеңдер. А(-2) нүктесінен оң бағытта 5 бірлік кесіндіге тең қашықтықта В нүктесін, теріс бағытта 3 бірлік кесіндіге тең қашықтықта С нүктесін белгілеңдер. В және С нүктелерін координатасымен жазыңдар.

2. Жұлдызшаның орнына теңдік тура болатындай таңбаны қойып жазыңдар.

3. Теңсіздікті қанағаттандыратын барлық бүтін сандарды табыңдар.

4. х-ті табыңдар.

5. Салыстырыңдар.

Бақылау жұмысының қорытындысын келесі сабақта қорытындылау.

IV. Үйге тапсырма беру кезеңі:

1) Үй жұмысына нұсқау беру

2) Бағалау

 

 

Тексерген: ----------------------------

Күні:--------------------- Сабақтың №--------------

Математика 6-сынып

Сабақтың тақырыбы:

Рационал сандар тарауы, бойынша пысықтау. Қатемен жұмысы.

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың бақылау жұмысында жіберілген қателіктері бойынша жұмыс жасай отырыпысықтау.Оқушылардың ойлау қаблеттерін дамыта отырып бақылау жұмысы №2 С деңгейіндегі есепті шығару.

Оқушылардың жауапкершілік сезімге тәрбиелеу.

Көрнекілік:

Бақылау жұмысы №2 «С» деңгейі.

Сабақтың типі:

Оқушылардың білімін, білігін және дағдысын жалпылау жүйелеу.

Сабақтың түрі:

Практикалық (есеп шығару) жұмыс сабақ.

Қолданылған әдебиеттер: « Математикадан тақырыптық үлгі жоспар және бақылау жұмыстарының жинағы.» А.Т Алдамұратова

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушыларды түгендеу.

ә) оқушылардың сабақта жұмыс істеу дайындығын тексеру.

II. Үйге берілген: №385,№387,№389,№392 есептерінің шығарылуын тексеру, қателіктер болса жою.

III. бақылау жұмысына талдау жасалынып, қатемен жұмыс жүргізу:

IV. Тарау бойынша пысықтау сұрақтары:

· Координаталық түзуде оң және теріс сандар қалай орналасқан?

· Қарама-қарсы сандар дегеніміз не??

· -(-)=?; –(+)=?; +(-)=?; +(+)=?;

· Санның модулі, теріс санның модулі неге тең?

· Теріс сандарды салыстыру. 0 санымен теріс сандарды салыстыру. 0 санымен оң сандарды салыстыру. Теріс сандар мен оң сандарды салыстыру.

VI Сынып жұмысында: Б.Ж №2 С деңгейін шығару.

VII Оқушыларға үй тапсырмасын және оны орындауға нұсқау беру кезеңі.

1) Үйге №398,№399,№400,№401. 2) Сабақты қортындылау

Математика 6-сынып. Тексерген: ----------------------------

Күні:--------------------- Сабақтың №--------------

 

Сабақтың тақырыбы:

Теріс сандарды қосу.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға екі теріс сандарды қосу, бірнеше теріс санды қосу жөнінде білім беру.

Білімді оқушылардың ойлау қаблеттерін дамыта отырып есептер шығаруда қолдана білуге үйрету.

Оқушыларды ұқыптылыққа,еңбекке баулу.

Көрнекілік: Үлесітрме материалдар. Картотека №16.

Сабақтың типі: Жаңа материалды оқыту.

Сабақтың түрі: Теориялық білім беру.

Қолданылған

әдебиеттер: «Анықтама» А.В. Гусеев.

«Самастоятельные и контрольные работы по математике»6 кл А.П. Ершова.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушыларды түгендеу.

ә) оқушылардың сабақта жұмыс істеу дайындығын тексеру.

II. Жаңа материалдарды игеру кезеңіне дайындық

Жаңа материалдың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

III. Жаңа материалдарды игеру кезеңі:

Есеп: Түсте ауаның температурасы -30С болды, ал кешке -40С-қа төмендеді. Кешке ауаның температурасы неше градус болды?

Шешуі: Ол үшін 30С-қа -40С-ты қосу керек, яғни -3+(-4)= -7.

Анықтама: Теріс сандарды қосу үшін:

· Қосылғыштардың модулдерін қосу керек;

· Шыққан санның алдына минус таңбасын қою керек;

Мысал:дар: -8+(-11)=-(8+11)= -19;

-0,3+(-0,9)=-(0,3+0,9)= -1,2;

-1/6+(-3/5)= -(1/6+3/5)= -23/30;

Анықтама: Екі теріс санның қосындысы теріс сан.

Қосудың ауыстырымдылық және терімділік заңдары рационал сандар үшінде дұрыс.

IV Жаңа материалды оқушылардың игеру деңгейін анықтау:

· Теріс сандарды қосу ережесі;

· Бірнеше теріс сандардың қосындысы қандай сан?

V. Жаңа материалды: № 402,№403,№404,№405,№406,№407 есептерін шығару арқылы бекіту.

VI. Оқушыларға үй тапсырмасын және оны орындауға нұсқау беру кезеңі.

1) Үйге №408-№413.

2) Сабақты қортындылау.

Математика 6-сынып Тексерген: ----------------------------

Теріс сандарды қосу.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға теріс сандарды қосу тақырыбы бойынша білімдерін жетілдіру, тиянақтау.

Оқушылырдың ойлау қаблеттерін дамыта отырып, есептер шығару.

Оқушыларды ұқыптылыққа,еңбекке баулу.

Көрнекілік:

Үлесітрме материалдар. Картотека №16.

Сабақтың типі:

Оқушылардың білімін, білігін және дағдысын жетілдіру.

Сабақтың түрі:

Практикалық (есептер шығару) жұмыс сабақ.

Қолданылған

әдебиеттер:

«Анықтама» А.В. Гусеев.

«Самастоятельные и контрольные работы по математике»6 кл А.П. Ершова.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушыларды түгендеу.

ә) оқушылардың сабақта жұмыс істеу дайындығын тексеру.

 

II. Үйге берілген: №408-№413 есептерінің шығарылуын тексеру, қателіктер болса жою.

III. Оқушылардың өтілген материал бойынша білімін тексеру:

· Теріс сандарды қосу ережесін тұжырымда;

· Екі теріс санның қосындысы қандай сан болады?

· Бірнеше теріс санның қосындысы қандай сан?

IV Сынып жұмысында: №414,№415,№416,№417,№417,№418,№421 (№415-№417 жұп нөмерлері) есептерді шығару.

V Оқушыларға үй тапсырмасын және оны орындауға нұсқау беру кезеңі. 1) Үйге №415-№417 тақ нөмерлері, №419,№420.

2) Сабақты қортындылау.

Date: 2016-06-09; view: 2593; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию